Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеу. 4 страница

Бұрын заңды ұстана білетін, білгір маман, өз ісінің шебері атанған адам­дардың өздері дақ түскен мінез-құлқымен өзінің бұрынғы жұмыс орнына да орналаса алмайды. Оған себеп көптеген өндірістік орындар тоқырап жабы­лып қалған, жабылмағаны жеке меншікке көшкен. Мұндайда өз қамын ғана ойлайтын шаруашылық қожайыны түрмеден шыққан адамды қайтсін.

Міне, осы сияқты босатылған адамдардың құқықтарын реттеуді жетілдіру мен олардың әлеуметтік бейімделу мәселесін тік көтеруді қажет етеді. Мұн­дай жағдайлардың орын алуы қазіргі қолданыстағы ҚР-ның құқық жүйесінде жазасын өтеп шыққан адамдардың еңбек етуге, ден­саулығын сақтауға, әлеуметтік қамсыздандырылуға байланысты конститу­циялық құқығы дер кезіне және толығымен жүзеге асырылуын, жалпы алғанда гуманизм мен әлеуметтік әділеттілік қағидаларына жауап беретіндей дәрежесінде реттелмеуі басты себеп болып отыр.

Қабылданған ҚР-ның Қылмыстық-атқару кодексі жа­засын тізіп қана көрсетеді, бірақ оның атқарылуына қандай кепілдік беріле­тіні айтылмайды. Осыған байланысты ішкі істер органдарының қызметкер­леріне. Жазасын өтеп шыққан адамдарға әлеуметтік бейімделу кезінде көмек көрсету туралы мемлекет тарапынан белгілі бір шаралар қарастыратын заң жобасын жасап және оны қабылдауды ұсынуда.

Мұндай заң бірқатар шет мемлекеттерде бар. Мысалы, Жапонияда бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды еңбекке орналас­тыру және тұрмыстық жайғастыру мәселесімен осы елдең Әділет министр­лігі «Қамаудан шыққандарға қамқорлық туралы» Заңының негізінде айналы­сады. Заңда жазасын өтеп шыққандарды жұмысқа орналастыру, емдеу, бос уақыттағы демалысын ұйымдастыру, босатылғаннан кейінгі алты ай бойы материалдық көмек беру сияқты қалпына келтіру мәселелері қарастырылған. Англия мен тағы басқа бірқатар елдерде сотталғандарды әсіресе шартты-мерзімінен босатуға дайындық кезеңінде ұстайтын ашық үлгідегі түзеу меке­мелер құрылып, қызмет көрсетеді. Ондағы сотталғандарға жартылай еркіндік берілген, оларға мекемеден тысқары шығып тұруға рұқсат беріледі. Сонымен бірге сотталғандардың алдағы бостандықты өмір салтына үйрене беруі үшін ұстау режимі бірсыдырғы жеңілдетілген. Мұндай мекемелер Германия, Че­хия, Словакия елдерінің бас бостандығынан айыру орындарында да бар.

АҚШ-та жаза мерзімін өтегендер мен шарттымерзімінен бұрын босату құқығына ие болғандар еркін өмірге етіп үйрете беруі үшін арнайы ұйымдас­тырылған қоғамдық түзеу орталығына орналастырылады. Мұндай орталықта болған кезде сотталғандар өздеріне жұмыс іздей бастайды, туған-туыстары­мен және өзге де тамыр-таныстарымен байланыс орната бастайды. Босатыл­ған алғашқы кезеңде жұмысқа орналасқанға дейін күніне екі рет тегін тамақ беріледі, ал жұмысқа орналасқандар бастапқы күндері тегін тамақтандыры­лады. Орталық қызметкерлері жұмыс күні бойы сотталып шыққандардың жұмыс-тұрысы мен тәртібіне үнемі бақылау жасап отырады. Орталықта болу мерзімі-алты ай. Швецияда, мысалы, бас бостандығынан босап шыққандарды ақтау орталықтары құрылған. Онда арзан бағаға өзінің жұмысқа орналасу мен тұрмысын жайғастыру мәселесі шешілгенше тұрған жай мен тамақ алып тұруға болады. Осындай шведтің ақтау орталықтарына ұқсас мекемелер ре­сейдің Санк-Петербург, Самара, Ярославль, сондай-ақ өзбектің Бұхара қала­ларында да ашылды. Эксперимент ретінде осындай орталық Оңтүстік Қазақ­стан облысының ішкі істер басқармасында да құрылған болатын, бірақ ол заң жүзінде ешқандай реттеліп, бекітілмеген соң эксперимент эксперимент түрін­де қала берді.

Осыларға қарап мынадай қорытынды жасауға болады; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан адамдарды әлеуметтік жағынан бейімдеу мәселесін тек қана ішкі істер органдарының күшімен жеке қою мүмкін емес, мұндай іске жұмыс бағыттарын жария етіп қана қоймай, оның жүзеге асырылуына кепілдік беретіндей, босатылғандардың құқығын толық мәнде жүзеге асыруды қамтамасыз ететіндей көмек көрсетіп, осы салада қыз­мет ететін лауазымды адамдардың жұмысын жақсарту үшін бүкіл қоғам бо­лып, жалпы мемлекет болып мүдделі болу керек.

Мұндай орталықтардың қажет екендігі жөнінде Қазақстан Республикасын­дағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасында да айтылған, бі­рақ бұл жөніндегі ережелер, жинақталған тәжірибенің бар екендігіне қара­мастан жүзеге асырылмай қалды. Шындағына келгенде, әлеуметтік бейім­делудің өте қажет екендігі босатылғандардың көбісінің ауруға шалдығуына, мүгедекке айналуына, зейнеткерлік жасқа жетулеріне байланысты өткірлене түсуде. Бүгінде Қазақстан жеріндегі түзеу мекемелерінде бостандықтағы адамдардың денсаулығына айтарлықтай дәрежеде қауіп төндіретін 15 мың­нан аса құрт ауруымен (туберкулез) айыратын сотталып шыққан адамдар бар. Осындай бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандардың көпшілігі арнайы дәрігерлік көмекті қажет етеді, әлеуметтік пайдалы байла­ныстары – туған-туыстарынан ажырасып, айырылып қалғандар қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлеріне орналастыруды қажет етеді, алайда мұндай мекемелердегі орындардың толықтығынан олардың көбісі орналаса алмайды. Соның салдарынан қаңғыбастыққа салынып, қайыр сұрап қорда­ларда, вокзалдар мен бекеттерде, шатырлар мен жертөлелерде, жылу құбыр­ларының құдықтарында түнеп күн кешуге мәжбүр болады. Олар сонымен бірге айналысындағы адамдарға жұқпалы ауру тарататындай қауіп төндіреді.

Міне, осындай мазасыздандырып отырған мәселе қылмыстылықтың өсуі­нің басты себептерінің бірі. Ал онымен әзірше полициядан басқа ешбір қызмет айналысып отырған жоқ. Мемлекеттік басқа субъектілер мұндай маңызды мәселеге көңіл аудармағандықтан осы бағыттағы көптеген істер орындалусыз, шешусіз күйінде қалуда.

Босатылғандардың еңбекке орналасуы мен тұрмысын жайғастыру мәсе­лелерін дер кезінде және толық көлемінде шешуге қатысты жазаны атқару органдарының ойлаған істерін жүзеге асыра алмай отырғандығының көпте­ген себептері бар. Солардың ең негізгі деген, қажет деген үшеуіне тоқталып өтейік:

1) ішкі істердің аумақтық органдары түзеу мекемелерінің хабарлары мен хабарламаларына, босатылғандардың ауданға немесе қалаға келіп, онсыз да қиюы кетіп отырған қылмыстық жағдайды күрделілендіре түседі деген се­бептермен онша көңіл аударғылары келмейді. Осы жөнінде түзеу мекеме­лерінің салған сұраулары мен тапсырыстарына жергілікті ішкі істер орган­дары «Тұрғын-жай құқығын жоғалтқан», «Туған-туыстары жоқ», «Құрт ау­руымен ауырады» деген және басқа да сылтаулармен босатылғандарды қа­былдаудан бас тартып жатады.

2) өздерінің өндірістік орындарындағы еңбек тәртібінің, тұрмыстық хал-ахуалдың бұзылу қаупінен сескенген кәсіпорындар мен ұйымдардың бас­шылары өздеріне артық жауапкершілік пен қосымша міндетті алғылары кел­мейді.

Қылмыстық жазаларын өтеп шыққан адамдарды еңбекке орналастыру мен тұрмыстық жайғастырудағы, еңбек ұжымдарына бекітудегі, олардың тәртібін бақылап отырудағы жіберілген елеулі кемшіліктер босатылғандардың қаңғы­бастыққа салынуының, арамтамақтық күн кешуінің, қайтадан жаңа қылмыс жасауының басты себептері болып саналады. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққандардың мұндай тәртібі мен мінез-құлық­тары жалпы сипат алғаны жасырын емес және ол қоғамдық өмірдің түрлі саласына жағымсыз сипат беріп, кері әсер етеді, жалпы қоғамға эко­номи­калық және моральдық жағынан елеулі түрде нұқсан келтіретіні рас.

Кезінде, жазушы Михаил Алпатов өзінің «Маздақ жанады» деген кіта­бында «... өмірдегі ең қиын нәрсе – құпия сақтау, өкпені ұмыту және бос уа­қытыңды дұрыс пайдалану», деген екен. Еріксіз бостандық пен бос уақытты дұрыс әрі ұтымды пайдалана алмау, қоғамдық өндірістегі қолы бостық – қылмыстылықтың ең маңызды факторы. Бас бостандығынан айыру орын­дарында болып келу жағдайды қиындыты түседі, соны салдарынан елде ішін­де өзін өзі керексіз, далада қалған сияқты сезінеді, еңбек ұжымына етене ара­ласып, үйренісіп кетуде де біраз қиыншылықтар көреді. Мұның себептері жеткілікті: тұрмыстық жағынан жайғастырылмауы, кәсіби шеберліктің тө­мендігі, айналасындағылардың оны түсінбеушілігі және басқалар.

3) Босатылғандардың еңбекке орналастыру жағдайының қанағаттанды­рылмауының негізгі себептерінің қатарына оның тұрғын-жай алып және төл­құжат тіркеуіне тіркеле алмауы жатқызуға болады. Сотталған адам тұрғын-үй алуға құқылы болғанымен әлі күнге дейін бұл мәселе тиісті шешімін таба алмай келеді. Түрлі рақымшылық пен кешірім жасауларға да қарамастан, бұл мәселе сол күйінде қалып отыр. Осындай санаттағы жасы жеткен адамдарды интернат үйлеріне орналастырудың өзі де қиынға түсуде. Оған себеп, орын­ның жетіспеушілігі ғана емес, түрмеде отырып шыққандардың осындай ме­кемелердегі ішкі тәртіп ережелерін бұзып, басқа тұрғындардың мазасын алып, тып-тыныш ахуалға нұқсан келтіру қорқынышы.

Бас бостандығынан айыру түріндеге жазасын өтеп шыққан адамдарға кө­мектің тиімділігін арттыу мақсатында 1973 жылытүзеу мекемелерінің шта­тына босатылғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы деген қызмет лауазымы енгізілді. Аға инспектор еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелерін шешумен бірге босатылғандардың әлеуметтік пайдалы байланыстарын қалпына келтіру, жұмыс пен тұрмысқа лайықты қарым-қатынасын, отбасы тіршілігіне араласуын, бостандықта адал еңбек етуін ұйымдастыруға, босатылғаннан кейін тағы да қылмыс жасаудың алдын алу мен ескертуге бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырып, көмектеседі.

Өзінің жұмыс жүргізуін аға инспектор ҚР қыл­мыстық-атқару заңнамалары, ҚР ІІМ еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелері жөніндегі бұйрықтары негізінде ұйымдастырады.

Аға инспектор қызметінің құқықтық базасын ҚР ІІМ 1993 жылғы 5-наурыздағы «ҚР ІІМ-нің бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық жазаны атқаруды ұйымдастыру жөніндегі Уа­қытша нұсқауын бекіту мен қолданысқа енгізу туралы» бұйрығы құрайды. Осы бұйрықтағы талаптарға сәйкес аға инспектер қызметін жоғара немесе орта арнулы білімі бар мамандар атқара алады делінген. Ол оның жұмысына басшылық жасайтын мекеме бастығына тікелей бағынады.

Сотталғандарды босатуға дайындық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу кезінде аға инспектор:

а) сотталағандар арасында босатылғандарды еңбекке және тұрмыстық ор­наластыру, оларға әкімшілік қадағлау жасау туралы заңдылықтары бойынша түсіндіру шараларын жүргізеді;

б) сотталғандар арасында түзеу мекемелері қызметкерлерінің, сот, про­куратура, полиция, кәсіпорын, құрылыс, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің күшімен еңбекке және тұрмыстық орналастыру, олардың одан арғы өміріне арналған әңгімелер, тақырыптық кештер, кеңестер өткізуді ұйымдастыру;

в) мекеме аумағының ішінде кәсіпорындардың жұмыс күшін қажет ете­тіндігі, олардағы еңбек пен тұрмыс жағдайы, жұмысқа қабылдау шарттары туралы ақпараттар мен хабарландыру стендісін жабдықтап және оны тұрақ­ты түрде жаңартып отырады;

г) мекеме әкімшілігін, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдарды босатыл­ғандардың еңбекке және тұрмыстық орналастыру мәселелеріне көмектесуге жұмылдырады;

д) сотталғандарды босатуға дайындық жұмысында бұқаралық ақпарат құ­ралдарын, бұрын сотталып шыққан адамдардың хаттарын, сондай-ақ босаты­латындардың жақын-туыстарының хат-хабарларын пайдаланады;

е) ішкі істер органдарына жеркілікті әкімият басшылары арқылы сот­тал­ғандарға тұрғын-жай мен жұмыс беру мәселелсін шешу жөніндегі мекеме бастығының қол қойған хатын әзірлеп және жөнелтеді;

ж) босатылғандарға дер кезінде босату туралы құжаттарын, жолақысын, баратын жеріне жететіндей азық-түлік немесе ақша алуына, маусымдық киім мен аяқкиіммен қамтамасыз етілуіне, түскен кезде тапсырған жеке заттары мен құжаттарын алып беруге көмектеседі. Апарып салу үшін біреудің көме­гін қажет ететін 16 жасқа толмай кәмелетке жетпегендерді және басқаларды күні бұрын анықтайды;

з) қызметтік міндеттеріне байланысты қарастырылған басқа да шараларды орындайды.

Өзінің жұмысын аға инспектор өзі жасаған және мекеме бастығы бекітіп, қол қойған жоспар бойынша жүргізеді.

Дайындық жұмыстарын жүргізгенде аға инспектор мыналарға: кәмелетке толмағандарға; бұрынғы тұрғын орындарына оралудан бас тартқан қарттар мен мүгедектерге; сотталғанға дейін тұрғын және жұмыс орны болмағандар­ға; үш реттен артық сотталып, бас бостандығынан айыру жазасын өтеудің ұзақ мерзімінде болған аса қауіпті қылмыс жасауды қайталаушыларға; әкім­шілік қадалағауға алуға жататындарға; түзу жолға түсе алмағандарға немесе қылмыстық жолдан шығуға уәде бере алмағандарға баса назар аударады.

Аға инспектор ҚР-ның қылмыстық-атқару заңнама­ларын жақсы біліп және оның талаптарын өзінің жұмысы барысында қатаң сақтауы тиіс. Ол сотталғандардың жеке іс-қағаздарымен және оған қатысы бар басқа да материалдармен танысуға, өзінің құзырына сәйкес сотталған­дарға қатысты мәселелерді қарау мен шешуге қатысуға, әкімішілік атынан ішкі істер органдарында, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда өкілеттік етуге құқылы.

Аға инспектор еңбекке орналастыруды және тұрмыстық жайғастыруды қажет ететін сотталғандардың есебін жүргізетін журнал ашуға, таяудағы үш айдың ішінде босатылатын сотталғандардың тізімін жүргізуге, олармен өткі­зілетін шаралардың есебін жүргізетін журнал ашуға міндетті.

Өзінің жұмыс нәтижесі туралы мерзімді түрде мекеме бастығы өткізетін жедел кеңестерде есеп беріп отырады, сондай-ақ кемшіліктер мен оларды жою жөніндегі атқарылған шаралардың есебін жүргізеді.

Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қылмыстылықты түбірімен жою болса, осыған байланысты құқық қорғау органдарының да бірінші дәре­жедегі міндеттері жұмыстың барлық буындарында, әсіресе босатылғандар­дың бостандық жағдайына әлеуметтік бейімделуінің бастапқы кезеңінде қай­таланылатын қылмыстармен күрес жүргізу мәселесінде күштерін белсендірек біріктіре түсу болып табылады. Осындай міндеттерді жүзеге асыруда соттал­ғандарды бостандыққа шығаруға дайындау мен оларды жазасын өтеп шық­қаннан кейін орналастыру мәселесімен айналысатын түзеу мекемелелері мен ішкі істер органдарына ең басты орын беріледі. Олар қылмыстардың қайта­лануы себептері мен жағдайына әсер ететіндей алдын алудың арнайы кө­лемді шараларын жүзеге асырады. Бұған олардың қарауындағы тәрбиелік және алдын алу шараларынан бастап, қудалау сипатындағы шараларға дейін барлық күрес жолдары мен құралдары қолданылады. Жұмыс тиімділігінің кепілі жазасын өтеп шыққандар мен түзеу жолына түспегендердің қайталап қылмыс пен құқық бұзушылықтар жасауын қысқарту жолында дер кезінде шара қолдануы мен сотталғандармен тәрбиелеу және алдын ала жұмыстарын нәтижелі жүргізудегі барлық қызмет түрлері мен ішкі істер органдарының өзара әрекеттестігі болып табылады.

Түзеу мекемелері мен ішкі істер органдарының босатылатындар мен бо­сатылғандардың әлеуметтік бейімделу кезеңіндегі алдын ала ескерту қызме­тіне олардың енді қайталап қылмыс жасамас үшін әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс жүргізуді жатқызуға болады. Мұндай қызмет мынадай жұмыс жүр­гізумен көрінеді: бұрынғы тәрбиелік ықпалды бекіте түсу; әбден түзелу жо­лы­на түсіру; босатылғандардың жұмысқа орналасуы мен тұрмыстық жайға­суына, кәсіби біліктілігі мен шеберлігін, білімін, мәдениетін көтеруге көмек­тесу;жаңа жағдайға үйренулеріне,формальды және формальды емес жаңаша топтарға кірігуіне, жаңаша ілеуметтік пайдалы қарым-қатынастар мен байла­ныстарға кіруіне көмектесу; жазадан босатылғандардың тәртібіне, өмір сал­ты мен қарым-қатынастарына тиімді әлеуметтік бақылау жүргізу; босатыл­ғандардың бойындағы жаман пиғылды дағдыларынан арылту.

Кішігірім құқық бұзушылықтарға жол беріліп, енді жаңадан қылмыс жа­сауға анық қауіп төнген шақтағы кейінірек тікелей өткізілетін алдын алу шараларымен салыстырғанда ерте басталатын алдын алу шаралары еңбекпен түзеу мекемелерінің қызметімен тығыз байланыста болады. Сөйтіп, ішкі іс­тер органдарының жаңа жағдайдағы жұмыстары сол байырғы тәрбиелік ық­пал ету жолымен жүргізіліп келеді. Кейінгі кездері бас бостандығынан айыру орындарынан болсатылғандар арасындағы қылмысты ескерту мәселелерін шешуде түзеу мекемелері мен ішкі істер органдарының рөлі айтарлықтай өсті. Олардың өзара бірлескен қимыл-әрекеттері мына төмендегі бағыттарда кең тарала түсті:

а) өзара мүдделі ақпараттар алмасу;

б) босатылғандардың еңбекке орналасуы мен тұрмыстық жайғастыру, әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру сияқты өміріне қажетті ең негізгі деген мәселелерін алдын ала шешу;

в) колонияларда өткізілетін босатылуға тиіс сотталғандарды дайындау ша­раларына ішкі істер органдары қызметкерлерінің тікелей қатысуы;

г) жазасын өтеген адамдардың өмір салтын тексеру жұмыстары;

д) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандармен ішкі істер органдары қызметкерлерінің жүргізетін шараларына түзеу мекемелері қыз­меткерлерінің қатысуы;

е) қылмыстардың қайталанып жасалу себебі мен жағдайларын зерттеу.

Осы айтылғандарға байланысты олардың өзара әрекеттестігінің мынадай негізгі бағыттарын көрсетуге болады:

1) аймақтағы қайталанатын қылмыстылықты ескертудің жалпы шаралары кешенінде түзеу мекемелері мен аймақтық ішкі істер органдары шараларын билік органдарының жоспар­лауы;

2) олардың қызметін қала мен аудан әкімшіліктерінің үйлестіруі мен басшылық жасауы;

3) түзеу мекемелері мен ішкі істер бөлімшелерінің Мәслихаттың түрлі комиссиясының жұмыстарына қатысуы;

4) босатылғандарды еңбекке орналастыру мен тұрмыстық жай­ғастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

Түзеу мекемелері мен аймақтық ішкі істер органдарының өзара әрекет­тестігі мен ынтымақтастығы қылмыстылықпен күрестің, қылмыстың қайта­лануының көпфакторлы себептері мен шарттарына жұмыла ықпал ету қажет­тілігінің жалпы мақсатына негізделген. Мұндай өзара әрекеттестіктер осы құқық қорғау органдары өкілдерінің жеке қа­рым-қатынастары мен олардың жұмыстарын үйлестіру мүмкін болған жағдайда белгілі бір әкімшілік аймақ шеңберінде жүзеге асырылады. Бұған, мысалы, сотталғандарды босатуға дайындық пен түзеу жұмыстарының нәтижелерін орнықтыру жөніндегі келі­сілген және бірлескен қызмет (босатылғаннан кейінгі олардың өмір салтын тексеру, түрлі бағыттағы алдын алу шараларын өткізу, еңбекке орналастыру мен тұрмыстық жайғастыруға, әлеуметтік-пайдалы байланыстырын қалпына келтіруге көмектесу) арқылы қол жеткізуге болады.

Өзара әрекеттестік қарым-қатынастар нақты бір жалпы міндеттерді ше­шуге негізделген. Олай болса, бас бостандығынан айыру орындарынан боса­тылғандар арасында ішкі іс­тер органдары түзеу мекемелерінің өзара әрекет­тестігін үйлестіруші органдар қолдайтын және қамтамасыз ететін, қайталана­тын қылмыстарды арнаулы-криминалистикалық ескерту жүйесіндегі жалпы міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, нормативтік актілер мен қылмыстың алдын алуды ғылыми түрде басқаруға негізделген әкімшілік жағынан бір-біріне бағынышты емес ішкі істер органдарының келісілген не­месе бірлескен қызметі деп айтуға болады. Түзеу мекемелеріндегі бас бостан­дығынан айыру орындарынан босатылатын және босатылғандарды әлеумет­тік бейімделуін басқару мәселесімен (еңбекке орналастыру мен тұрмыстық жайғастыру; әлеуметтік пайдалы байланыстарын ретке келтіру, босатылған­нан кейінгі алдын алу жұмыстарын жүргізу және т.б.) айналысуға әдетте, тәрбие аппаратының қызметкерлері; бастықтың тәрбие жөніндегі орынбаса­ры; босатылғандарды еңбекке және тұрыстық орналастыру жөніндегі аға ин­спектор; отряд бастығы, жедел-ескерту жұмыстарымен режимдік және жедел бөлімнің қызметкерлері айналысады. Мысалы, бастықтың тәрбие жөніндегі орынбасары мекеме әкімшілігімен құқық қорғау органдары өкілдерінің сот­талғандарды босатуға дайындау мектебіндегі жұмыстарын үйлестіреді. Боса­тылғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекто­ры босатылатындардың әлеуметтік пайдалы байланыстарын қалпына келтіру мәселелерімен, осы санаттағы адамдар жұмысқа орналасатын еңбек ұжымы­ның өкілдерімен сөйлеседі, босатылғандармен хат алмасып тұрады, олардың бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі өмір салтын тексереді.

Аумақтық ішкі істер органдарында мұндай субъектілер болып: ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары; қылмыстық-атқару инспекциясы­ның қызметкерлері; учаскелік инспекторлар; қылмысты іздестіру аппараты мен төлқұжат бөлімінің қызметкерлері саналады. Қайталанатын қылмыс­тар­дың алдын алудың көптеген мәселелерін шешу осы лауазымды адамдар­дың жалпы шараларды орындау жолындағы белсенділігіне, бірауыздылығы мен мүдделілігіне байланысты.

Наши рекомендации