Сондықтан осындай оқушылардың даму ерекшеліктері жазуының бұзылуын түзетуде арнайы жаттығулар қолдануды қажет етеді.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
Шымкент - 2012
Құрастырушылар:С.Дүйсенбі, З.Тұрсынбаева, В.Аманова
“Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін
түзету және дамыту жаттығулары”
Пікір жазғандар:
1. Ергешбаева Ш.Н. – ББЖЖТ,ПКБА және ҚДО-ның директордың орынбасары, п.ғ.к.
2. Қалыбекова С.Қ. – ОҚМУ-нің “Психология және
дефектология” кафедрасының аға оқытушысы
Бұл әдістемелік құрал мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізетін дефектолог-логопед, психолог, тәрбиеші, ата-аналарға арналған.
Жинақта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған артикуляциялық, психологиялық, сергіту жаттығулардың әдіс-тәсілдері, тренинг және ойындарды жүргізу ережелері көрсетілген.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңын жүзеге асыруға, арнайы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық - психологиялық көмек көрсету мақсатында төмендегі әдістемелік құрал ұсынылып отыр.
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеумен айналысатын мамандар үшін «ерекше балаларды» қоғамға біріктіру жүйесінің ары қарай дамуының ғылыми іргетасының қалануы өзекті мәселенің бірі болып саналады.
Мүмкіншілігі шектеулі жеке тұлғаларды әлеуметтік бейімдеудің алғашқы сатыларының аспектілері қызығушылық тудыратыны анық. Себебі, қазіргі таңда оларға деген қоғамның көзқарасы өзгерген сайын, әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылуда. Мұндай ілгерілеу процестері мүгедек бараларды қоғамға және білім ордасына біріктіру, яғни интеграциялау қажеттілігімен сипатталады.
Әдістемелік құралда ұсынылған психологиялық – логопедиялық жаттығуларды мамандар өз тәжірибелерінде пайдаланса, нәтижесінде тіл кемістігі бар балалардың оқу бағдарламасын толық меңгеріп кетуіне септігін тигізері хақ.
Сонымен қатар мұғалім үнемі баланың психологиялық жағдайын ескеріп отыруы тиіс. Мысалыға айтар болсақ, тіл ойлаумен тығыз байланысты. Өйткені адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана дамып, тек тіл арқылы пайдаланылады. Сондықтан тіл- ойлаудың басты құралы деп саналады.
Сол себептен, тілінде кемістігі бар балалардың таным процестерін, эмоциональдық бұзылуларын, сөйлеудің бұзылуын, оқу және жазудағы бұзылуларды психологиялық- логопедиялық түзету үлкен жетістіктерге жеткізеді деген сенімдеміз.
Бұл жаттығулар мүмкіншілігі шектеулі балалардың сөйлеу процесін, даму деңгейін түзетуге арналған әдістемелік құрал болып табылады.
Сөйлеу тілі дамымаған, соның ішінде жалпы тіл кемістігі бар балалардың өз ерекшеліктері бар. Жалпы педагогикалық ғылым ретінде логопедия “жалпы кемістігі” ұғымына мына тұрғыда қарайды. Яғни есте сақтау қабілеті мен интеллектуалды дамуының алғы шарттары қалыптасқанмен сөйлеу компонентерінің бұзылуының салдарынан болған кемшілік.
Осындай кемшілігі бар балалар дыбыстың талдауды және синтезді меңгергенде фонемаларды ажырату тен жеткіліксіз қабылдау барысында фонетико – фонематикалық жетіспеушілік көлемінде қиындықтарға кездеседі.
Сондықтан осындай оқушылардың даму ерекшеліктері жазуының бұзылуын түзетуде арнайы жаттығулар қолдануды қажет етеді.
Сынылған жаттығулар арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздің мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйреніп, өз нәтижесін береді.
Жаттығу “Затты аяқтап сал”
Мазмұны:Жаттығудыңшарты бойынша біз сызықша жүргізу арқылы“өзіңнен әрі”(ұзын-қысқа), “өзіңе қарай” сонан соң жарты дөңгелек жасаймыз. “Бұл не?” яғни осы сұрақты ашу арқылы қандай заттар екенін тануымыз керек. Жұлдызша, саңырауқұлақ бейнелері жасалынады.
Жаттығу “Сиқырлы жіптер”
Мазмұны: Бір түсті жіптерді бояуға ала отырып, түрлі-түсті жіптер жасалынады.Бұл жіптерді қағаз парақтарына орналастырады (желпігіш зигзаг) тек қана жіптің ұшы қағаз сыртында қалады. Одан кейін жіп қойылған парақ екінші альбом парағымен жабылады. Жіптерді бала біртіндеп шығарып алу керек. Түсті дақтарды алған соң, бала зат бейнесіне ұқсатып бөлшектерді аяқтау керек.
Желпігіш зигзагы жасалады.
Жаттығу “Сүйеніш нүктелер арқылы сурет салу”
Мазмұны:Бұл жаттығуда алдын-ала бір заттың суретін салады. Ол үшін барлық ойыншылар бөлме ішінде тыныштық сақтаулары қажет. Ойыншылар нүктелерді жалпы сызықпен жүргізіп, өз қалауы бойынша бояйды. Бұлт, күн,шырша бейнесі жасалады.