Тақырыбы: Биология пәні бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар (жаппай).

Жоспар:

1. Биология кештерінің мақсаты мені міндеті.

2. Биологиялық кештердің түрлері.

3. «Брейн-Ринг» өткізу ережесі

4. Білім кеші.

5. Тапқырлар сайыс кеші

Кілт сөздер:биологиялық кеш, брейн-ринг, терездегі суреттер.

1 Биология кештерінің мақсаты мені міндеті.

Мектептегі оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына сабақ, факультативтік сабақтар, топсеруендер, сыныптан тыс жұмыстар: пәндік кештер, дөңгелек үстел, дидактикалық ойындар және т.б. жатады. Осылардың ішіндегі ең негізгісі – сабақ. Биологияны оқытудың білім мен тәрбие беру, оқушыларды дамыту міндеттері, ең алдымен, сабақта шешіледі, содан соң басқа формаларында жетілдіріледі және тереңдетіледі.

Шынында да, сыныптан тыс жұмыстары барысының нақтылы мақсаттары мен міндеттері, мазмұны жүзеге асатыны, оларды жүзеге асыру үшін оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістері пайдаланылатыны талас тудырмайды.

Биология курсы жеке сабақтарға жіктеліп оқытылады, олардың жалпы саны – 303, VIII класта – 105 сабақ, IX класта – 85 сабақ, X класта – 68, XI класта – 68 сабақ өткізіледі. Бұлар біртұтас сабақтар жүйесін құрайды, бұл жүйеде әр сабақтың өз орны, өзіндік атқаратын қызметі бар. Осы бағдарламаға сәйкес биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады.

Биология курсы арқылы өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар арқылы биология ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау мынандай негіздерге сай анықталды: ғылымилығы; жүйелілігі; түсініктілігі; саналылығы.

Биология кештерінің мақсаты мені міндеті

«Биология» пәнінің жалпы білім беруде алатын өз арны бар: табиғат заңдылықтарын, дүниенің ғылыми бейнесін түсініп, адам өз іс-әрекетінде тиімді пайдалануда, табиғатпен өзара қарым-қатынасын дұрыс қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Биология білім кештерінің мазмұны тіршіліктің құндылығын, экологиялық мәселелердің маңыздылығын жете түсінуге, оқушылардың өмірге деген көз қарастарын жан-жақты дамыту, оқытудың теориялық бағытын, практика жүзінде іске асыру, салуатты өмір сүрдің қажеттілігін табиғат байлық қорларын тийымды пайдаланып, қоршаған ортамызды аялай білуге үйрету және оқушыларға өмір сүру қажеттілігін терең сезініп, қабылдауына мүмкіндік береді.

Кештердің міндеттері:

Мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі - мектеп қабырғасынан оқушылардың экологиялық біліктілігін қалыптастыру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру. Оқушылардың пәнге қызығушылығын (қалыптастыру) артыру, биологиялық білімін көтеру. Сол үшін мектепте биологиялық кештер ұйымдастырудың маңызы зор.

Кештердің мақсаты:

Оқушылардың сабақта алған білімдерін жан-жақты қосымша ізденістермен басқа пәндермен байланыстыра оқығанын бекіту. Кеш барасында оқушылардың тәрбиелігі, ұқыптылығы, дарыдылығы (оқушылардың) қызығушылығын оятуға – үлкен мүмкіншіліктердің бірі.

Кештердің барысында міндетті түрде басқа пәндерді де байланыстыра алады. Мысалға: әдебиет, география, экология, бейнелеу өнер, музыка.

Мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі – мектеп қабырғасынан оқушылардың экологиялық біліктілігін қалыптастыру. Оқушыладың пәнге қызығуын арттыру, экологиялық білімін көтеру мақсатында биологиялық кештер ұйымдастырудың маңызы зор. Мектепте өткізген биология кештерінін жоспарын ұсынып отырамын.

Кеш эмоциональды өте қызықты тәрбие жұмыстардың бірі. Өткізілетін кештер тек тыңдаушы, көрермендерді ғана емес қатысушылардың қызығушылығына әрің қарай үлкен әсер етеді.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін алдын-ала жоспары, әрі әр сыныпта жеке-жеке таныстырылады. Кешті ұйымдастыру кезінде оқушылар ізденіс үстінде болады, материалдар жинастырып, қызықты сұрақтар құрастырады, костюмдер дайындайды т.б. қызу жұмыстар жүріп жатады. Алдын – ала оқушыларға әрбір сынып жеке-жеке орынға ие болатыны осы кеште ерекше көзге түскен балаларға «Жас биолог» атағы берілетіні ескеріледі.

Бұл оқушыларды онан әрі қызықтырып тыңғылықты дайындауына көмектеседі. Кеш жоспар бойынша ұйымдастырады. Кешті салтанатты түрде 3 топқа бөліп өткізуге болады.

1-шығармашылық топ,

2-суретшілер тобы,

3-қолөнершілер тобы.

Әрбір сынып оқушылары өздерінің құрастырған газеттерін іліп, оны жан-жақты түсіндіріп, қорғап шықты. Кеш өтетін биоогия кабинетін безендірудің маңызы да ерекше. Талғаммен, әдейі безендірудің өзіндік құпиялары бар.

Біріншіден, шамадан аспау керек, әшекейдің тым көптігі кері әсер етеді. Уақытыңызды, күшіңізді, қаржыңызды ысырап етпей, қиял мен тапқырлыққа ерік беріңіз. Кейбір әшекей – өрнектерді өз қорыңызға қалдыруға болады.

Мысалы, әріптер жазылған жалаушалардан кез келген құттықтау тілек сөз құрастырылады. Есінде болсын: мерекелердің безендірілуі бірін-бірі қайталамауы керек. Екінші ереже қабырғаларды бүлдірмеу. Шеге, батырма, желім, жабысқақ заттардың ізі қалып қояды.

Қабырға бірдеңе орнатқыңыз келсе, төбеге таман ұзынша (келсе, төбеген таман) ағаш немесе темір бекітіп, соған әр мереке сайын жаңа бір нәрсені жіп арқылы іліп отыруға болады, тіпті болмаса, елусіз ғана шеге қағып, соған іліңіз.

Үшіншіден, күтпеген қызықты нэрселер көп болсын.

Мысалы төмендегідей.

Есіктегі қызықтар – плакаттар, фотомонтаждар, шақырулар, жарнамалар, мерекенің бағдарламасы, тақырыбқа байланысты нақыл сөздер жазады.

Мысалға: табиғатқа байланысты нақыл сөздер. «Табиғаттың бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңалысу тек қана адамда болады», «Өлкенің көркі мал болар, өзеннің көркі тал болар», «Бір түп ағаш отырғызған адамды бекер өмір сүрді деуге болмайды».

Терездегі суреттер. Олар акварельдік бояумен, гуашыіен, тушьпен, бормен салынады. Гүлдер, күліп түрған күн, көбілектер, күзді жапырақтар, қар қиыршықтары бейнеленген трафареттік қағаздар әзірлеуге болады. Түрлі-түсті мамдары жалаушыларды, ауе шарларын іліп, оларға күліп тұрған бет-бейнелер салу, құттықтау жазу, шарларға қалпақ кигізіп, орамал тарту қиын емес. Балаларға тағы бір қатты ұнайтыны ғажайып айна. Мұндай айнаға қараған қонақтар өздерін ғарышкердің бейнесінде көре алады. Айнаның бетіне толығымен сурет салынып, беттің деңгейінген орны ғана қалдырыла.

Кештің жарнамасын. Айқын әрі қаларлықтай жасау керек. Жарманамың бейнелеу тілі борынша шартты. Ешбір әшекей, өрнек керек емес. Қонақтар өзін не күтетін бірден түсінетіндей болсын. Мәселен, қуыршақ театры туралы болса, жарнамаға куыршақ суреті, фокус көрсетілетін болса, сиқырлы таяқша ұстаған көзбояцшының бейнесі жеткілікті. Жарнамаға — керегі – әдетпен тыс әрі тартымды бояу.

Кештің бағдарламасын міндетті жарнамаға ұқсас, бірақ бейнеден гөрі сөз басым, көбінесе «Тек бізде ғана!», «Көруге асығыңыздар», «Ғажайып кеш» т.с.с. болып келеді.

Кешті ұйымдастыру мен дайындап өткізу кезінде ата-аналармен байланыс жасаудың маңызы зор, олар сізге ықыласпен қол ұшын бере алады.

Ата-аналар осы өткізілетін шарағы жауапкершілікпен, қызығушылықпен үлесін қосады оларға қарап оқушылардың эмоционалды қызығушылығы артады.

Биологиялық кештерге бірнеше 5-10 минуттық баяндама қосады. Өте қысқа әрі нақты баяндамаларды өте жеңіл эрі тыңдауға қалайлы етіп жазып оқу. Баяндамаға қосымша иллюстративті материалдар даярлау: «зертеу жұмыстар», оқушылар өздері (жазған немесе) зертеген, суреттер, сызбанұсқалар, коллекциялар, диопозитивтер және кинофильмдер.

Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, кештерді әдебиет пәнімен байланыстыра отырып жыр кейін, география мен тарих пәндерінен байланыстыра отырып саяхат кештерін өткізуге болады.

Танымдық кеш

Мектепте сабақтан тыс жүргізілетін танымдық кештердің орны ерекше. Сондай игі шаралардьщ бірі оқушыларда өмір салтын қалыптастыруға, денсаулық үшін күреске бағытталады. Мектепте өткізілген «Денсаулық – өз қалымызда» тақырыбына кеш «XXI ғасыр көшбасшысы» түрінде белгіленеді. Оған қатысушы оқушылар белгіленген 6 турдан өтіп, өзара бақ сынасты. Сыннан сүрінбей өтіп, дұрыс жауап берген оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» аттағын иемнеді. Төменде осы өткізілген танымдық кештің қойылған сұрақтарын үсынады. Әр сыныптан 9-11 сынып арасынан бір-бір оқушыдан аламыз.

Наши рекомендации