Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары

СОӨЖ өткізу түрі. 1) Курстың тақырыптық жоспарына (2.1 пункт) сәйкес сағат көлемінде студенттермен әңгімелесу, пікір сайыс, консультация түрінде өткізіледі, лекциялық материалдар бекітіледі. Оқулықпен, түпдеректермен топ және жекеленген студенттермен жұмыс істеу.

Берілген есептерді студенттер өз бетімен орнында отырып, қажет жағдайда тақтаға шығып шығаруы қажет.

Әдістемелік нұсқаулар: 2) Тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттерден басқа, лекция материалдарын алдын-ала пысықтау, лабораториялық жұмыстарды зерттеп, әр типті есептер шығаруға машықтану қажет.

Ескерту. 1) СОӨЖ өткізу түрі; 2) Әдістемелік нұсқаулар оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтарда негізінен қойылатын талаптар болғандықтан, келесі тақырыптарда бұл пункттерді қайталауды жөн көрмедік.

1 – тақырып:Кіріспе. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері пәні. Атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі стехиометриялық заңдары.

Тапсырма.

1. Химиядағы ғылыми-техникалық прогресс. Химияның және химиялық технологияның дамуындағы жаңа бағыттар. Химия және экология, халық шаруашылығын химияландыру проблемалары. Химия өнеркәсібінің экономикалық ерекшеліктері.

2. Атом-молекулалық ілім. Объективті болмыс процесінің өмір сүру формалары. Материя және сәулелену. Атом, молекула, жай және күрделі зат. Атомдық және молекулалық масса, оларды анықтау әдістері.

3. Еселік және көлемдік қатынас заңы, эквивалент заңы, құрам тұрақтылық заңы (бертоллидтер, дальтонидтер). Интерметаллидтер.

4. Газдардың молекула-кинетикалық теориясы. Авогадро, Бойль-Мариотт, Гей-Люссак заңдары. Клапейрон-Менделеев, Ван-дер-Ваальс теңдеулері.

5. Масса және энергия сақталу заңдары. Масса мен энергияның байланысы.

6. Халықаралық өлшемдер бірлігі (СИ).

7. Бейорганикалық қосылыстардың қазіргі кезеңдегі номенклатурасы. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

Тақырып бойынша жазбаша бақылау жұмысының үлгісі:

Билет №1

1. 1,168 г қалайы оксидін сутегімен тотықсыздандырғанда 0,279 г су түзілген. Қалайы эквивалентінің молярлық массасын табыңдар.

2. Оксидтегі металл мен оттегінің массалық үлестері 78,7 % және 21,3 %. Металдың меншікті жылу сыйымдылығы 0,2090 Дж/г·град. Металдың Ar нақты мәнін есептеп шығару керек.

3. Қалыпты жағдайда қандай көлем (мл есебімен) алады: а) 0,85 г аммиак, ә) 1,4 г этилен, б) 128 мг сутегі иодиді, в) 17 мг фосфин (РН3)?

4. 3,90 г алюминий мен оның оксидінің қоспасын натрий гидроксидінің ерітіндісімен өңдеген кезде 840 мл (қ.ж.) газ бөлінген. Қоспадағы алюминийдің және оксидтің массалық үлесін анықтау керек.

5. 2,94 г кальций хлориді кристаллогидратын қыздырғанда 1,45 г су бөлінген. Осы кристаллогидраттың формуласын шығару керек.

Еселік қатынас заңы. Заңның қолданылуындағы шектеулер және қазіргі кездегі анықтамасы, оны атом-молекулалық теория тұрғысынан түсіндіру.

Негізгі әдебиет: [1-3]

Қосымша әдебиет: [5-12]

2 – тақырып:Атом құрылысы және Д.И. Менделеевтің элементтердің периодтық жүйесі.

Тапсырма.

1. Д.И. Менделеевтің периодтық заңы, элементтердің пеиодтық системасы. Периодтық заңның жалпы ғылыми және философиялық маңызы.

2. Периодтық системаның қысқа және ұзын периодты түрлері. Элементтің периодтық системадағы орны оның басты сипаттамасы ретінде.

3. Атом құрылысы. Томсон, Резерфорд, Бор, Зоммерфольд модельдері.

4. Бөлшектік /корпускулалық/ - толқындық екі жақтық. Де Бройль гипотезасы. Гейзенбергтің анықталмағыштық принципі. Микробөлшек қозғалысын сипаттау (Шредингер теңдеуі).

5. Атом құрылысы туралы квантты-механикалық түсінік. Квант сандары. s-, p-, d-, f- атомдық орбитальдары. d- және f- сығылу.

6. Элементтер атомдарының электрондық құрылымы. Паули принципі. Хунд ережесі. Клечковский ережесі.

7. Элементтердің қасиеттері атомдық массаның, ядро зарядының және атомның электрондық құрылымының функциясы ретінде.

Тақырып бойынша тестілік бақылау жұмысының үлгісі:

13 – вариант

1. Лантанның ең көп тараған изотопы атомының ядросындағы нейтрон саны қанша?

А) 196, Б) 139, В) 82, Г) 57, Д) –.

2. Лантан атомының ядросындағы протон саны қанша?

А) 196, Б) 139, В) 82, Г) 57, Д) -.

3. Электрондары неше бас энергетикалық деңгейде орналасқан?

А) 9, Б) 8, В) 7, Г) 6, Д) 5.

4. Лантан атомының n = 4 деңгейінде неше электрон болады?

А) 18, Б) 19, В) 32, Г) 27, Д) 29.

5. n = 4 деңгейде неше деңгейше болады?

А) 1, Б) 2, В) 3, Г) 4, Д) 5.

6. Лантан атомының 4f деңгейшесінде қанша электрон бар?

А) 0, Б) 1, В) 7, Г) 9, Д) 11.

7. Лантан атомының 5d деңгейшесінде қанша электрон бар?

А) 0, Б) 1, В) 3, Г) 9, Д) 11.

8. Лантан атомының n = 5 деңгейдегі құрылымы қандай?

А) 5s25p6, Б) 5s25p65d1, В) 5s25p65d3, Г) 5s25p25d6, Д) 5s5p35d55f2.

9. Лантан атомының n = 6 деңгейдегі құрылымы қандай?

А) 6s2, Б) 6s26p6, В) 6s6p2, Г) 6s26p66d1, Д) 6s26p36d4.

10. Лантан атомына қандай валенттік күй көбірек тән?

А) 1, Б) 2, В) 3, Г) 5, Д) 7.

Негізгі әдебиет: [1-3]

Қосымша әдебиет: [5-12]

3 – тақырып:Химиялық байланыс және валенттілік.

Тапсырма.

1. Химиялық байланыс. Химиялық байланыстың негізгі түрлері. Атомдық радиус, байланыс ұзындығы, байланыс энергиясы. Иондану энергиясы, электрон тартқыштық, электртерістік.

2. Коваленттік байланыс. Полюсті және полюссіз байланыс. Коваленттік байланыстың қанымдылығы және бағыттылығы. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы /Гейтлер-Лондон/ механизмдері.

3. Иондық байланыс. Полинг бойынша байланыстың иондық дәрежесі.

4. Химиялық байланыс теориясы. Льюистік құрылымдар, әдістің жетімсіздіктері.

5. Валенттік байланыс әдісі. Гибридтену. СН4, NН3, Н2О молекулаларындағы гибридтік орбитальдардың түзілуі.

6. σ- және p- байланыстары.

7. Молекулалық орбитальдар (АОСК – МО) әдісі. Гомоядролы молекулалық орбитальдардың электрондармен толтырылу процесі.

8. МО әдісі бойынша гетероядролық молекулалардың электрондық құрылымы.

9. МО әдісі тұрғысынан парамагниттік және диамагниттік /О2 және S2 мысалдары арқылы/.

10. Ван-дер-Ваальс күштері. Лездік және индукцияланған дипольдер.

11. Полюсті молекулалар. Сутектік байланыс. Молекула ішіндегі және молекулааралық сутектік байланыс.

12. Металдық байланыс. Металдардағы электрондық зоналар. Молекулалық және иондық кристалдар. Октеттер ережесі.

13. Көпцентрлі байланыс.

14. Валенттілік, оның қазіргі кезеңдегі түсіндірілуі. Тотығу дәрежесі.

Негізгі әдебиет: [1-3]

Қосымша әдебиет: [5-12]

4 – тақырып: Комплексті қосылыстар.

Тапсырма.

1. Комплексті қосылыстар химиясы. Координациялық сан. Олардың ерекшелік қасиеттері. Тұрақсыз /лабильные/ және инертті комплекстер. Номенклатурасы.

2. Құрылымдық, геометриялық және оптикалық изомерия.

3. Комплексті қосылыстардағы электростатикалық теория және валенттік байланыс теориясы.

4. Кристалдық өріс теориясы және лигандтар өрісі теориясы.

5. Комплексті қосылыстардың диссоциациялануы. Тұрақтылық константасы.

Негізгі әдебиет: [1-3]

Қосымша әдебиет: [5-12]

1 – коллоквиум /аралық бақылау/: 1 – 4 тақырыптар тест бойынша алынады (7 – 8 аптада). Теориялық сұрақтарды СОӨЖ сабақтарындағы тапсырмалардан қарау керек. Осы тақырыптарға типтік және мысал есептер, схемалар беріледі. Әдебиеттер тақырыптар соңында берілген.

5 – тақырып: Химиялық кинетика және химиялық тепе-теңдік.

Тапсырма.

1. Химиялық кинетика. Молекулалық соқтығысулар. Стериялық фактор.

2. Химиялық реакцияның жылдамдығы. Жылдамдықтың константасы. Реакцияның реті және молекулалығы.

3. Реакция жылдамдығының константасын анықтайтын факторлар. Активтену энергиясы, активтену энтропиясы.

4. Активті соқтығысулар және ауыспалы күй теориялары.

5. Химиялық тепе-теңдік қасиеттері, тепе-теңдік константасы.

6. Химиялық тепе-теңдікке әсер етуші факторлар. Ле-Шателье принципі. Тепе-теңдік күйіне температураның, қысымның, катализатордың әсері.

Негізгі әдебиет: [1-3]

Қосымша әдебиет: [5-12]

6 – тақырып: Термохимия заңдары және термодинамика элементтері.

Тапсырма.

1. Химиялық термодинамика. Химиялық түрлену кезінде система ішкі энергиясының өзгеруі.

2. Түзілу энтальпиясы. Гесс заңы және оның салдарлары.

3. Гиббс энергиясы. Гиббс энергиясының мәні бойынша реакцияның жүру бағытын бағалау.

4. Энтропия. Фазалық түрлену және химиялық реакция кезінде система энтропиясының өзгеруі.

5. Жылу сыйымдылығы. Жылу сыйымдылықтың температураға тәуелділігі.

Негізгі әдебиет: [1-3]

Қосымша әдебиет: [5-12]

2 – коллоквиум /аралық бақылау/: 5 – 9 тақырыптар тест бойынша алынады (14 – 15 аптада). Теориялық сұрақтарды СОӨЖ сабақтарындағы тапсырмалардан қарау керек. Осы тақырыптарға типтік есептер, ТТР -ның схемалары беріледі. Әдебиеттер тақырыптар соңында берілген.

Наши рекомендации