Тақырыбы: Мектеп биология пәнін құрудың мазмұны, жүйесі және принциптері.

Жоспар:

1. Биология пәніннің жүйесі және түсініктері.

2. Биология пәніннің қағидалары.

Кілт сөздер:Бағдарлама, педагогикалық жүйе, оқулық, заттық көрнекілік, бейнелеу көрнекілік.

Қазіргі кезде биология ғылымының дамуы мен жетістіктері арқасында адамзат жаңа ғасыр биология ғасырында өмір сүріп отыр. Биология ғылымы ауыл шаруашылығында, медецинада, өндірістің әртүрлі салаларында да қатысы зор. Сондықтан да орта мектепте оған үлкен мән беріледі.

Жаратылыс ғылымында болған ревалюция алғашқыда физикада атомның бөлінуі жөнінде болса, ол жағдай химияда, сонан соң биологияда болып отыр. Биология ғылымы кейінгі он жылда айтарлықтай үлкен табыстарға жетті. Басқа ғылымдардың жетістіктерін, тексеру методтарын пайдалана отырып (физика, химия, математика т. б.) әртүрлі мамандықтардағы ғылымдар ғылымының көптеген проблемаларын шешті. Мысалыға, электрондық микроскоп, спектроскоп, рентгендік структуралық анализ арқылы клетканың құрлысын малекулярлық жағдайға дейін және ғылымның жаңа түрі биохимиялық, биофизикалық тексеру методтары арқылы зат алмасу құбылысының механизімдерін, белоктың энергетикасы мен синтезін тексеруге мүкіншілік туды.

Сонымен бастауыш мектептің өлі табиғат туралы білімінің негізінде 5-класта ботаника пәнінің програмассы құрылған.

Ботаника пәнің оқудан кейін, зоология пәнің оқу (жануарлардың өмір сүруіне өсімдіктердің маңызы зор болғандықтан) өзара байланысты. Оқушыларға өсімдіктердің жағдайлары мен тіршілігі туралы түсіндіруден гөрі,жануарлардың тәртібі, олардың өмірді түсіну процестерің түсіндіру қиынға соғады.

Ал, зоология курсын оқудан кейін, оқушыларға адам анатомиясы мен физиологиясы жәнегигиенасын оқыту дұрыс. Себебі, кейбір процестерді және организмнің құрылысын салыстыруға болады. Ондай салыстыру әдісімен түсіндіру оқушылардың материалды жақсы түсінуіне және олардың ой-өрісінің дамуына үлкен себеп болады.

Жалпы биология орта мектепте жастардың биология пәнінен алатын білімінің қорытындысы болып табылады және бұлай жүгізілуі педагогикалық тактіде өте дұрыс. Совет мектептерінде биология пәнәі былай ретімен, жүйесімен жүргізудің негізгі принципі, материалдың біртіндеп күрделенуіне байланысты. Бұл пәндер (ботаника, зоология, анатомия мен физиология және гигиена) өзара бір-бірімен тығыз байланысады, оны бір-бірінен бөлуге болмайды.

Орта мектептегі биология пәнінің мазмұны, жоғары оқу орындарына жүргізілетін биология пәндерінің мазмұнындай күрделі болмауы керек. Орта мектепте ғылымның элементарлық негізі берілуі тиіс. Мысалыға: 5-класта өсімдіктердің тіршілігі, өсімдіктердің өміріндегі химиялық құбылыссыз, 5-7-кластардағы өсімдіктер мен жануарлардың филогениясы схематикалық түрде берілгені жөн, ал 10-класта біртіндеп күрделене түседі.

Ал, программалық материалды толықтыру мәселелерімен күнделікті ғылымның жетістіктерін таласты мәселелер сияқты мұғалім сабақтан тыс уақытта оқушыларға айқын беру керек.

Мектептегі биология пәнінің мазмұның оқушыларға түсінікті принцип бойынша откізілуі тиіс. Түсінуі дайындалуын олардың ойлау және психологиялық даму процесіне сай болу керек. Егерде материял жүйелі түрде түсінікті болса, онда оқушылардың сол ғылымды оқуға деген қызығуы, ынтасы артады, миына зақым келмейді, логикалық ойлауға ынталанады және басқа. Қорытынды жасайды, практикада оның табады. Материалдың түсініктілік принципі ғылыми принципке байланысты. Мысалы, егерде 5-кластың програмасындағы ботаника пәнінен клетка және өсімдіктердің клеткалық құрылысы – деген тақырыпты оқушылардың түсінуіне қиын деп алып қарасақ, онда ғылыми принципін бұл курс жояды. Себебі, онсыз өсімдіктердің орталарын, олардың функцияларын, өсу процесін, тозандануы сияқты материалдарды өте алмаймыз.

Методикалық тексеру клетканың құрлысы және өсімдіктердің клеткалық құрылысын - өтуде түсінікті етіп өткізетін әдістерді пайдаланса, оқушы онай түсінуге болатындығы. Бұл жөнінде практикалық сабақта толық өтеміз.

Кейбір түсіндіруге қиын материялдарды түсіндіру үшін методикалық эксперимент және психологиялық тексеру жолдарымен түсіндіруге болады. Мұндай тексеру жолдары объекті түрде оқушының алған білімін және шын жағдайда өткізілейін деп отырған материял түсініксізбе екендігін, жоқ оның санасының төмен екендігін және оқыту методикасының дұрыс еместігін анықтайды. Мектептегі биология пәнінің мазмұны басқа пәндер мазмұны сияқты оқыту процесінің салыстырып оқыту әдісінде басты және негізгі орын алады. Егерде мұндай жағдайда оқушылардың жас ерекшелігін , оның дайындығын, материалдың қиынды және оңайлығын есептеген жағдайда сабақтың мазмұнын сабақтың әдістердің анықтайды. Оқулық материялының түсініктілік принципі көрнекілік принципімен тығыз байланысты. Биология пәнің беруде мектепте көрнекіліктің екі түрін пайдалана ды:

1) Заттық (предметную) көрнекілік.

2) Салынған көрнекілік (изобразительную).

Заттық көрнекілікке нақтылы заттың өзі жатады: Мысалыға өсімдіктің, жануардың тірі кесіндегісі, кеппешөп, коллекция, склет, тәжірибе кезіндегі көрсетілген құбылыстар. Ал, салынған көрнекілікке кестелер, суреттер, модельдер, муляж, диапозитивтер,кинофильмдер және т.б.

Егерде оқушыларға сабақта көрнекілік болмаса, оқушы толық, нақтылы білім алмайды. Олардың түсінуі формальді болады және кейбір жағдайда догматикалық болуы да мүмкін. (Ушинскийдің сөзін айту).

Көрнекілік материалды түсіну оңай және оның білімінің өте нақтылы білім болуына көмектеседі.

Оқушылардың білімінің жан-жақты болуына мұғалімнің сөзі және оқулықтың мазмұны үлкен әсер тигізеді.

Бастауыш мектептегі жаратылыстану пәнінің бағдарламасы:

Оқушылар мектепке алғашқы келгенде, тек ғана кейбір заттың және табиғаттың құбылысының элементарлық жағдайын біліп келеді.

Ал, олардың систематикалық түрде затпен және табиғаттың құбылысымен 1- сыныптан бастап танысады. 1-3- сыныпта жаратылыстану пәні жеке жүрілмейді. Табиғат жөнінде білімді олар, ана тілі сабақтарын оқу арқылы, олар суреттерден табиғаттың құбылысын, жыл мезгілдерінің ауысу кезендерін, даладағы, бақтағы, егістіктердегі жұмыстармен танысады. Сонымен қатар, олар бөлме өсімдіктерімен оны күтумен, үй жануарлары, оларды күту сияқты материялдар түрімен танысады. Сабаққа байланысты табиғатқа экскурсияға шығады. Табиғаттың мерзімдік құбылыстарына өсімдік эвалюциясына өміріне байланысты тірі табиғат бұрышында, мекендеген участоктарында бақылаулар жүргізіледі. Күрделі емес тәжірибелерді мекен жанында участоктерінде жасайды.Сүйтіп өсімдіктердің белгілі уақытқа дейін өмір сүретіндігі, оларға күтім болмаса өліп қалатындығы сияқты құбылыстарға қөздерін жеткізеді. 1-3- сыныптарда оқушылардың бақылау жұмыс істеу қаблеттіліктері жай тәжірибелер мен қортындылар арқылы артады.

4-сыныпта жеке пән ретінде Табиғаттану пәні-жүргізіледі. Аптасына бұл пәнге 3 сағат беріледі. Бұл курс екі пәннің жиынтығынан тұрады: жаратылыстану және география.

1-3- сыныпта бөлімдеріне сүйене отырып, оқушыларға табиғат туралы түсініктерін бір системаға келтіреді және олардың білімін кеңітеді. 4- сыныпта табиғаттану пәнін жүргізудің мәні зор. Оларға материалистік тұрғыда табиғатты түсінуге және атеистік тәрбие беруге, табиғатты, отанды сүйуге үйретеді. Барлық кластарда да жаратылыстану пәнінде санитарлық-гигиеналық мәселелер орын алады. Орта мектептегі мектеп жоспары бойынша бүкіл оқу жылына, бір жылда биологияға 356 сағат беріледі, яғни аптасына барлық кластарда 2 сағаттан.

Ботаника курсы мектепте 12-13 жастағы оқушыларға ботаника ғылымы туралы білім береді. Ботаника курсын оқығанда оқушылар элементарлық формада өсімдіктердің құрылысы, тіршілік ететін орны, эвалюциясы және өсімдіктердің әртүрлігі, шаруашылықта маңызы, оларды қорғау туралы танысады.

Ботаника пәнінін оқытудың негізгі міндеті мұғалім ботаниканы оқушыларды табиғаттағы құбылыстарды диалектикалық материалистік тұрғыдан түсінуге, идеализм көріністерін танып білуге үйретуге лайықтап оқытуға міндетті.

5-ші сыныпта оқушылар өсімдіктің құрылысымен гүлді өсімдіктердің негізгі отандарының функциясымен және тұқымымен, вегатативтік көбею жолдары мен танысады. Ал, 6-сыныпта өсімдіктердің системасы және қортынды тақырыптарында экологиялық тақырыптар өтіледі. Онда оқушылары өсімдіктердің бірлесіп өмір сүруімен таныстырады.

Ботаника курсында басқа курстар сияқты экскурсия, демонстрация, кластан тыс жұмыстар, лабораториялық сабақ, мектеп жанында участоктерде жұмыс істеу, өлке тану кружогін ұйымдастыру жұмыстары болады. Ботаника курсына 120 сағат берілген. Оның 70 сағаты 5-ші сыныпта, қалған 50 сағатың 6- сыныпта өтіледі.

2. Принциптер (латын сөзі, қазақша негіз деген сөз). Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Коменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.

3. Оқытудық ғылымилығы. Ғылыми таным дегеніміз - құбылыстың мәніне өту, сырттай суреттеумен шектелмей, оның ішкі құрылымын тану. Мысалы, ағаштың сыртқы түрінен оның ішкі құрылымын, көбеюін, зат алмасуын білу. Ғылымилық принципі оқушыларға ғылымда ашылған білімдерді меңгертуді талап етеді, сондьщтан оқу жоспарлары мен бағдарламаларына ғылыми білімдер енгізіледі. Оларды меңгерту үшін пәнаралық байланыстарды қолдану керек.

4. Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.

5. Саналылық және белсенділік принципі. Өз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, өз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушының танымдық іс-әрекетін басқару, мұғалімнің әдіс-құралдары көмектеседі. Оқушының өзінің танымдық белсенділігі оқытура аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.

6. Теория мен тәжірибенің байланысы. Бұл принцип классикалық философияның өмір, тәжірибе таным көзі деген ережесіне сүйенеді.
Өмір және тәжірибе балаларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке өзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудық өмірмен, теорияның тәжірибемен байланысы-ның жақсы болуы білім мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.

7. Көрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - көру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.

8. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.

9. Түсініктілік принципі. Бала өзінің ойлау қабілетіне, жинақтаған білімінің, іскерлігінің, ойлау тәсілдерінің көлеміне қарай түсінеді. Аталған принципті жүзеге асыру үшін өуелі оқай, белгілі, қарапайым материалдар, содан кейін қиын, бел-гісіз, күрделі оқу материалдары оқылады.

10). Ынталандыру принципі. Бұл принциптің маңызы өте зор. Оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен нысандарына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардьщ оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті, қуанышты болады.

11. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі - оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына ңолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктерді жасау керек.

12. Мәселелік принцип - оқу процесінің мазмұны, әдістері, ұйымдастыру нысандары мәселелі сипатта болуын талап етеді. Мәселелі оқыту білімді дайын түрде бермей, оқушылардан ізденуін, дербестігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталады. Мәселелік принцип - оқушылардың ойлау процесінің психологиясына негізделеді. Өйткені ойлаудық басталуы мәселенің болуына байланысты, басқаша айтқанда, ойлау-мәселелік сұрақ немесе міндеттен басталады.

13. Интеграциялау принципі. Бұл - жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда ескеретін маңызды принцип. Интеграция - әр түрлі пәндердегі негізгі принциптер мен заңдылықтарды өзара тығыз диалектикалық бірлікте қарастыруды көздейді.

Ші дәріс

Наши рекомендации