Дәріс 7. Психологиялық-педагогикалық түзету іс-шараларының ұйымдастыру негіздері
Жоспар:
1.Мектептегі психологиялық – педагогикалық кеңес беру беру жұмысы арқылы мінез-құлықты түзету
2. Ауытқушы мінез-құлықтың түрлеріне қатысты әлеуметтік-психологиялық араласудың жалпы стратегиялары.
Дәріс тезистері:
Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі оқу-тәрбиелеу үрдісінде және түзету педагогикалық іс-шарасында ең басты тұлға болып табылады. Ол айрықша педагогикалық ықыласты қажет ететін оқушылармен түзету педагогикалық үдерісін ұйымдастырады, нақты мазмұнын анықтайды және жүзеге асырады. Ол оқушылар мен ата-аналар арасында байланыс орнатады, қарым-қатынасты түзетеді, балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен мінез-құлқындағы кемшіліктердің алдын алуға және жеңуге бағытталған нақты әдістер мен амалдарды іріктейді және қолданады.
Алайда, ғылыми зерттеулер мен мектептердегі педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, кез келген мұғалім түзетуші педагогикалық ықпалдардың толық әдіс-тәсілдерін қолдана алмайды. 40-тан 70%-ға дейін мұғалімдер дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылық бар балалардың әртүрлі санаттарымен тәрбиелеу және түзету жұмыстарын ұйымдастыруда қиыншылықтарға кездеседі.
Мұғалімнің кәсіби – педагогикалық әрекеті көпаспектілігімен және көпфункционалдылығымен ерекшеленеді. Мұғалім балалардың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеу барысында дефектолог, педагог-реабилитолог, әлеуметтік-педагог қызметтерін атқарады.
Мұғалімнің түзету педагогикалық әрекеті біріңғай педагогикалық үрдістің құрамды бөлігі боп табылады, ал мұғалім – оның белсенді қатысушысы. Сондықтан, оқу тәрбие үрдісі барысында баланың дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтын алдын алу және жеңу міндеттерін жүзеге асыру үшін мұғалім педагогикалық үдерістің қатысушысы ғана болып қоймай, оны жүзеге асыруға педагогикалық, физикалық және интелектуалды, адамгершілік, ең бастысы-кәсіби тұрғыдан дайын болу қажет.
Бір сөзбен айтқанда, жалпы білім беретін мектептердің әр мұғалімі қарапайым оқушылармен кәсіби – педагогикалық әрекетке дайын болуымен қатар, дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылыға бар балалармен де түзету педагогикалық жұмыс жүргізуге дайын болуы керек.
Педагогикалық әрекетке дайындық интегралды үлгі ретінде де, мұғалімнің жеке тұлғасының ерекше жай күйі ретінде де көрініс табады, бұл оның бірнеше компонеттерінің өзара әсері кезінде көрінеді: мотивациялық – құндылықтылық, танымдық, операциялық-тәжірибелік, эмоционалды – еріктік және рефлекстік.Мінез-құлықты түзету ауытқушы мінез-құлықты тұлғаға психологиялық ықпал етудің ең адекватты және тиімді формаларының бірі болып мақұлданған. Ол тікелей мінез-құлықты өзгертуге бағытталған және айқын тәжірибелік сипатта болады. Бихевиоризмнің пайда болғаннан бері және бүгінгі таңға дейін тұлғаның мінез-құлқы көбінесе сыртқы әрекеттермен байланыстырылады. Қазіргі таңда ол классикалық мінез-құлық теориясы, необихевиоризм, танымдық әдіс, әлеуметтік ілім теориясы, нейропсихология, копинг-теория секілді бірнеше бағыттың синтезі болып табылады.
Психологиялық білімдерді еңгізу заңды түрде «мінез-құлық» ұғымының тереңдеуіне әкелді. Мінез-құлық бірнеше деңгейлерге бөлінеді: мінез-құлыққа түрткі болатын мотивация; мінез-құлықпен бірге жүретін эмоционалды үдерістер; мінез-құлықтың өзін өзі түзетуі; ақпаратты танымдық тұрғыдан өңдеу; сырттай бақыланатын көріністер мен мінез-құлықтар.Ауытқушы мінез-құлықтың негізгі мынадай жүйелері белгілі:
Девиантты мотивация – бұл құндылықтар, қажеттіліктер, наным-сенімдер, жеке тұлғалық ой пікірлер-белгілі бір адам үшін маңыды болып табылатындар мен оны нормативке қайшы белсенділікке итермелейтіндердің барлығы.
Эмоционалды мәселелер және өзін-өзі реттеудің олармен тығыз байланысты қиындықтары. Жағымсыз-девиантты әлеуметтік тәжірибе – бұл дезадаптивтік мінез-құлықтық стереотиптер, конгнитивтік бұрмалау мен жетіспеушілік, әлеуметтік жағдайлармен бекітілетін, тұлғаның девианттылығын құрайтын, индивид тәжірибесінде жағымды дағдылардың жоқтығы. Девиантті мінез-құлық кезіндегі психологиялық араласудың басты міндеттерін төмендегідей тұжырымдауға болады:
а) әлеуметтік бейімделуге немесе сауығуға мотивация қалыптастыру;
ә) тұлғалық өзгерістерге ынталандыру;
б) ауытқушы мінез-құлықтың нақты формаларын түзету;
в) тұлғалық өзгерістер немесе сауығу үшін әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдайлар жасау.
Ауытқушы мінез-құлықтың түрлеріне қатысты әлеуметтік-психологиялық араласудың жалпы стратегиялары.
Делинквентті мінез-құлық. Құқыққа қайшы және қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайында әлеуметтік-психологиялық ықпалдың негізгі стратегиясы қоғамдық жазалау жағдайын ұйымдастыру болып табылады. Делинквентті мінез-құлық кезінде психологиялық-әлеуметтік жұмыстың басты формалары кеңес беру, психотерапия, соттық-психологиялық сараптама, саногенді орта қалыптастыру болып табылады.
Бас бостандығынан айыру орындары жағдайларында психотерапия – пенитенциарлық психотерапия – интервенцияның нашар жетілдірілген формасы болғанымен, маңызды болып табылады.
Әлеуметтік ықпалдың делинквентті мінез-құлық үшін ең барабар тәсілдер қоғамдық жазалау және әртүрлі түрленудірудегі мінез-құлықтық терапия болып табылады.
Аддективті мінез-құлық. Аутодеструктивті мінез-құлыққа араласу ерекшелігі аддикция түрі мен тәуелділік дәрежесіне байланысты болады.
Әр түрлі елдердің тәжірибелерін бағалай отырып, тәуелді мінез-құлықты тұлғаға әсер етудің ғаламдық әлеуметтік стратегияларын 3 топқа бөлуге болады: біріншіден, жазалау саясаты; екіншіден, қауіпті азайту саясаты – прагматикалық әдіс; үшіншіден, қайтадан әлеуметтендіру саясаты.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ). Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктері.
Кең мағынада ӘПТ топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық тәжірибені білдіреді. Бұл білім берудің, қарым-қатынас, әрекет, тұлғалық даму мен түзету саласындағы дағдылар мен іскерліктерді үйретудің арнайы формаларын қолдану.
Жұмыстың мақсаттарын әр алуан, бірақ бағыттары мен мазмұны бойынша әртүрлі тренингтік топтарды біріктіретін, жалпы мақсаттарды бөлуге болады:
а) топқа қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу және оларды шешуге көмек көрсету;
ә) субьектілік көңіл күйді жақсарту және психикалық саулықты беріктендіру;
б) психологиялық заңдылықтарды, адамдармен үйлесімді қарым-қатынас үшін тұлғааралық өзара әсердің тетіктері мен тиімді тәсілдерін зерттеу;
в) ішкі және сыртқы мінез-құлықтық өзгерістерге негізделген эмоционалдық ауытқулардың алдын алу немесе түзету үшін қатысушылардың өзін өзі жете түсінуі мен өзін өзі бағалауын дамыту;
г) тұлғалық даму үдерісіне, шығармашылық мүмкіндікті жүзеге асыруға, тіршілік әрекетіне, бақыт пен табысты сенуге көмектесу.
Тренинг – бұл тұлғаны жетілдіруге арналған арнайы ұйымдастырылған оқыту формасы, тренинг кезінде төмендегі міндеттер шешімін табады:
Әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру;
Өзін-өзі тану және т.б. қабілетті дамыту;
Өзінің маңыздылығы, құндылығы туралы түсінігін дамыту, жағымды Мен – концепциясын қалыптастыру.
Балалармен өткізілген ӘПТ тобының міндеті – өзін-өзі көрсетуге, қабылдау мен өзін-өзі түсінуге үйрену не үшін қажет екендігін түсінуге көмектесу.
Топтық тренингтің артықшылықтары:
Шектеуге қарсы әрекет етеді, тұлғааралық мәселелерді шешуге көмектеседі, өз-өзіне тұйықталып қалуға және өз қиындықтарымен жалғыз қалуға жол бермейді, басқалардың мәселелерін анықтайды.
Топ қоғамды кішкентай түрде бейнелейді, әріптестердің қысымы секілді жасырын факторладрды анықтайды, шынайы өмірдегі өзара қарым-қатынас және өзара байланыс жүйесін үлгілейді.
Өзіне құсастардан, шынайы, баға жетпес байланыс алуға мүмкіндік, өз бейнеңді сенің қайғы-мұныңды өте жақсы түсінетін басқа адамдардың көзінен көру, өйткені олар да сондай мәселелерді басынан өткеріп жатыр;
Топтағы өзара әрекеттестік әркімнің психологиялық мәселелерін анықтауға көмектесетін жағдай туғызады.
Психологтың міндетті-қысымға бақылаудан шығуына және топтағы жемісті қарым-қатынасты бұзуға мүмкіндік бермеу, топ өзін-өзі ашу, өзін-өзі талдау және өзін-өзі түсіну үдерістерін жеңілдетеді.