Арнайы педагогтың басшылығын қажет ету қағидасы
Барлық оқу үрдісін мақсатты бағытталған, ұйымдастыра отырып, бақылайтын сурдопедагогтың іс - әрекеті арқылы жүзеге асады. Есту қабілеті зақымдалған баланың дамуының ерекшеліктері, педагогтан оқу – танымдық процесті ұйымдастыруда түзету мен өзіндік үрдіс – тәсілдерді қолдануды талап етеді. Сол себепті оқыту процесін тиімді ұйымдастыруда есту қабілеті зақымдалған балалардың даму заңдылықтарының ерекшеліктерін жете білетін, осы ерекшеліктерін ескере отырып түзету педагогикалық көмекті ұйымдастырып, басқаруда сурдопедагогикалық рөлі ерекше.
Жоғарыда қарастырылған қағидалармен қатар есту қабілеті зақымдалған балалардың дамуы мен оқыту ерекшеліктеріне байланысты бірқатар спецификалық қағидаларды қарастырайық.
1. Сөйлеу тілінің қалыптасуы және дамуымен бірлесе отырып білім беру мазмұнын меңгеру қағидасы есту қабілеті зақымдалған балаларға көрсетілетін педагогикалық көмектің негізгі бағыттарына мыналар жатады: ситуативті сөйлеу тілін дамыту және сөйлеу тілін қолдануға ынталандыру: ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру (қабылдау және шығару); сөйлеу тілдің лексикалық негізін құру, оны байыту және белсендендіру; монолог құруға үйрету және т.б.
2. Естіп қабылдауын және ауызша сөйлеу тілін бірге дамыту қағидасы естіп – сөйлеу жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осы жүйенің қалыптасуы негізіне сөйлеу ақпараттарын қабылдаудың дифференциалды тәсілі (есту – көру) арқылы және есту арқылы және жауап ретінде дыбыс шығару. Осы кезде пайда болатын сенсорлы тітіркендіргіштің кешені ауызша сөйлеу тілімен сөйлеу тілін естіп қабылдауын қалыптастыру және дамытудың негізін құрайтын есту – көру – кинестикалық жүйенің құрылуын қамтамасыз етеді.
Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды арнайы білім беру саласында қолдаудың медициналық медициналық – психологиялық – педагогикалық негіздері
Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға кешенді психологиялық- педгогикалық және медициналық - әлеуметтік қолдау көрсетуде психологиялық – медициналық – педагогикалық комиссияның іс - әрекеті, ерте және үйде көмек көрсету қызметі, арнайы (түзету) білім беру мекемелерінің іс - әрекеті маңызды болып табылады.
Медициналық қолдау аясына терең медициналық тексеру, жеке денсаулықты нығайту терапиясы, білім беру ортасында тұлғаның денсаулық жағдайын медициналық бақылау кіреді. Отоларинголог – дәрігердің естудің жағдайын тексеруі маңызды болып табылады.
Кешенді медициналық шаралар негізінде педгогтарға, ата – аналарға, есту қабілеті зақымдалған тұлғаларға арналып нұсқаулар беріліп, медициналық сипаттағы емдеу – түзету шараларын анықталады.
Психологиялық қолдау көрсету есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың білім беру ортасына толық бейімделуіне қажетті кешенді психологиялық – педагогикалық жағдай жүйесін құруға бағытталған. Негізгі бағыттары:
- бұзылудың психологиялық құрылымын анықтауға бағытталған психологиялық диагностика;
- жеке психотүзету бағдарламасын құру;
- оқытудағы қиындықтарды жеңуге арналған психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін ұсыныстар дайындау;
- нақты психологиялық көмек (жеке тұлғаның жалпы және эмоциональды дамуын түзету, сенсорлы – перцептивті және зият іс - әрекетін қалыптастыру; жүріс – тұрысын психологиялық түзету).
Психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру оқушыларды білім беру ортасына тиімді бейімдеуге бағытталған шараларды өткізу жатады. Сонымен қатар мұғалімдер мен сурдопедагогтарға арналған психологиялық көмек көрсету жатады. Есту қабілеті зақымдалған балаларға психологиялық қолдау көрсету психикалық функцияларын, қасиеттерімен сапаларын қалыптастыру арқылы жақыннан даму аймағының кеңеюін және үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық қолдау көрсету балаларға көрсетілетін түзету – педагогикалық оңалту – қалпына келтіру көмектің ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Ол үшін естудің жағдайын (электроакустикалық аппаратсыз), естіп қабылдауын және есту мүмкіндігін (электроакустикалық аппаратураны қолдану арқылы) педагогикалық тексеру; жанындағы адамды түсініп, оған түсінікті жеткізе білу; дыбыс айтуыдың талдау сипаттамасы; оқудың басында жалпы және сөйлеу тілінің даму деңгейі: (сөздік көлемі, синтаксистік құрылымдарды байланыстырып сөйлеуді меңгеруі); қарым – қатынастың арнайы құралдарын меңгеруі және т.б. қажет.
Есту қабілеті зақымдалған балалармен жасөспірімдерді педагогикалық қолдауды сурдопедагогтар, арнайы мектептің оқытушылары жүзеге асырылады.
Әлеуметтік қолдау көрсету есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды білім алу құқығын жүзеге асыруды және олардың қоғаммен және білім беру мекемелерімен құқықтық қатынастарын реттеуге кепілдік беріп, өздерін толыққанды, заңды түрде қорғалған қоғам мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қолдау көрсетудің маңызды аспектісіне жеке оңалту бағдарламасын құру болып табылады. Жеке оңалту бағдарламасының есту қабілеті зақымдалған тұлғалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып көрсетілетін медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік шаралар енгізелген. Жеке оңалту бағдарламасының мақсаты есту қабілеті зақымдалған балаларды еститіндер қоғамына интеграциялау болып табылады.