Л басқарудың барлық қойылған талаптарына, сапасына, басшылық қызметтеріне сай түрі қалай аталады?

A) жалпы

B) жеке

C) көпке жағымды серіктестік

D) директивалық

E) барлық жауаптар дұрыс емес

12-ТАҚЫРЫП. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ІС-ҚИМЫЛ СТИЛІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

Дәрістің мән мәтіні

Мақсаты: Мемлекеттік басқарушылық қызметтің стилін және оған тән белгілерін қарастыру. Басқарушылық іс-қимылды бөлу және регламенттеуді түсіну. Басқарушылық процестердің ұйымдасушылығын күшейту мәселерін анықтау. Басқарушылық іс-қимыл стилін жетілдіру резервтері туралы түсінікті қалыптастыру.

Дәріс сабағының жоспары:

1. Басқарушылық қызмет стилі және оған тән өсіңкілік белгілері.

2. Басқарушылық іс-қимылды бөлу және регламенттеу.

3. Басқарушылық процестердің ұйымдастырушылығын күшейту.

4. Басқарушылық іс-қимыл стилін жетілдіру резервтері.

Негізгі түсініктер: мемлекеттік басқару стилі, басқарушылық нормасы, басқарушылық әсер, тәжірибе, басқарушылық әсер, стиль.

Тақырыптың мазмұны

1.Мемлекеттік басқаруды ұтымды ету факторларының ішінде оның стилі: басқарушылық элементтер мен адамзат әлеуетінің ойластырылған, келісілген өзара әрекеті ерекше орын алады. Негізінен, өзінің қызмет ету стилі арқылы басқарушылық жүйе түрлі қоғамдық қатынастарға, процестер мен өзара байланыстарға ықпал етіп, өзінің мақсатты, ұйымдастырушы және реттеуші әлеуеттерін іске асырады.

Мемлекеттік басқару стилі — күрделі, көп элементті жүйелі құбылыс. Ол мемлекеттік басқарудың әлеуметтік, ұйымдық, нормативтік, ақпараттық және техникалық параметрлерінің синтезіне негізделген. Сонымен қатар, стиль қоғамның ерекше басқарушылық саласында объективті және субъективті бірлігін білдіреді деуге болады. Дәл осы стиль арқылы басқару тек ғылым мен өнер ретінде емес, сонымен қатар силлогизм мен интуиция ретінде, тек тәжірибе емес, сонымен қатар, эвристикалық сезім ретінде сипатталады. Стиль белгілі құрылымдарға сүйене отырып, басқарудың қатысушыларына толық көлемде өзінің шығармашылық мәнін ашуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік басқару стилі дегеніміз басқарушылық істердің ұтымды және демократиялық әрекетін қамтамасыз етіп, соған сәйкес қағидаларға негізделген мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының күнделікті қызмет ету тәсілдері, әдістері мен формаларының нақты қолданылатын жүйесін білдіреді. Қоғамның өзге салаларындағы жұмыс стилінен айырмашылығы, ең алдымен, лауазымды тұлғалар мен сәйкес органдардың әлеуметтік белсенділігінен тұрады, олар: а) мемлекеттік-биліктік өкілеттікті қолданумен не оларға сүйенумен байланысты; б) айтарлықтай толық та нақты реттелген және бекітілген формалар мен процедураларда жүзеге асады; в) басқарушылық әрекеттерді қалыптастыру мен жүзеге асыруды өзінің мақсаты етіп қояды.

Ілгеріде айтылғандай, адам басқарудағы басты, негізгі тұлға болып табылады, бірақ қоғамға жетекшілік ететін лауазымдағы қандай да бір адамның ниеті жақсы қасиеттеріне ғана сүйене алмайды. Ол осы адамның қажетті бағыттағы және әлеуметтік танылған формалар, әдістер мен ресми белгіленген тәртіптердегі іс-әрекетін қамтамасыз ететін кепілдіктеріне, сенімді механизмдері мен реттеуіштеріне ие болуы керек.

Сондықтан, өз қасиеті бойынша мемлекеттік басқару стилі қандай болса да, ол келесі қажетті элементтерден құралуы керек:

а) мемлекеттік басқару субъектілерінің басқарушылық жүйесіндегі ирерархияда белгілі орын мен құқықтық мәртебеге ие болатын мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мақсатты, функционалды ұйымдық сипаты;

б) басқару органдары мен лауазымды тұлғалар іс-әрекетінің заңды түрде бекітілген және тәжірибе жүзінде қолданылатын формалары, әдістері мен ресми белгіленген тәртіптері;

в) басқарудың әлеуметтік-психологиялық механизмдері қалыптасатын лауазымды тұлғалардың нақты байқалатын жалпы мәдени, кәсіби және тұлғалық қасиеттері.

Мемлекеттік басқару стилі, негізінен, саяси тәртіпке жақын, себебі саяси тәртіп билік мүдделеріне қызмет көрсетеді, ал басқару стилі мемлекеттік басқаруға оған қажетті ұтымдылық пен тиімділікті береді.

Күмәнді естілсе де, басқару билікке қарағанда неғұрлым әлеуметтендірілген. Қарапайым адамдар кедейшілікте жүргенде, соңғысы өзінің дәулеттілігіне қанағаттанады. Бірақ, мұндай жағдайда басқару жоқ, себебі биліктің жүзеге асыратынын басқару деп атауға болмайды. Ол нақты қоғамдық даму болғанда ғана әрекет етеді.

Мемлекеттік басқару стилі аталған элементтерге назар аудара отырып, құрылады. Осыған байланысты, ғылыми әдебиетте айтылған басқарудың бірнеше стильдерін бөліп қарастыруға болады:

1. Директивалық (әкімшілік-директивті, автократиялық, авторитарлы) – биліктің шамадан тыс орталықтануымен, гипертрофиялық формалардағы бір тұлғалықпен айрықшаланатын стиль.

2. Демократиялық (алқалық, кооперативтік, корпоративті) – бағыныштыларға өздерінің біліктілігі мен атқаратын қызметтеріне сәйкес дербестікті ұсынатын стиль.

3. Либералды – оны іс-әрекеттің келісімсіздігі, қабылданатын шешімдердің салдарлары үшін жауапкершілікке ие болмау айрықшалайды.

4. Анархиялық – барлығы өз бетімен жіберіліп, әрбір адам өздері не жасағысы келетінін жүзеге асыратын басқару стилі.

5. Серіктестер стилі, онда жетекшілер мен лауазымды тұлғалар істен іске жармасып, түрлі шараларды жүзеге асырады.

6. Еріктілік стилі, оған бұйрықтар, теріс психологиялық ықпал тән.

7. Жалпы — нормативтік стиль, яғни қоғам қолдайтын жалпымен танылған стиль.

8. Жеке – басқарушылық іс-әрекеттің нақты шарттарына сәйкес және жетекшілер мен лауазымды тұлғалардың нақты шарттарына сәйкес қолданылатын жалпы стилі. Жеке жұмыс стиліне тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті ықпал етеді, ол оны белгілі әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде сипаттайды.

Әрине, бірде бір басқару стилі таза күйінде байқалмайды. Көбінесе қандай да бір стильдің басым болуы орын алғанда олардың үйлесім табуы да болады. Оның жүйесі мен ішкі жүйесінен қалыптасатын басқару стилінің қасиеті басқарушылық процестердегі тұлғалардың қасиеттеріне тікелей тәуелділікте болады.

Тарихи тәжірибе мемлекеттік басқарудың демократиялық стилі мақсатты да бағдарлы, ұзақ мерзімге бағдарланған екендігін көрсетеді. Ол басқарушылық процестерді тұрақтандырып, солар арқылы ұтымды да тиімді қоғамдық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік басқарудың демократиялық стилінің қасиеттері арасынан төмендегілерді атап өтуге болады:

а) азаматтар мен мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терең де органикалық өзара байланыстары, бұл адамдардың өмірлік әрекеттерінің мақсаттарын, мүдделері мен қажеттіліктерін, басқарушылық объектілерді тануға, олардың түсінігінде басқарушылық шешімдер мен әрекеттердің дамуына, мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінде шығармашылықтың, белсенділіктің ынталандырылуына ықпал етеді;

б) басқарушылық процестердегі ғылыми таным үшін және оларға қажетті мақсаттылықты, іскерлікті берудің кең мүмкіндіктері. Мемлекеттік басқару стилінің ғылымилығы мынаны қарастырады: мемлекеттік аппаратта қоғамдық, табиғи және техникалық ғылымдар жетістіктерін кеңінен пайдалану; аппарат іс-әрекетінде ғылыммен бекітілген қоғамдық әрекеттің объективті заңдылықтарын ұстану; аппарат тарапынан ғылыми-техникалық прогрестің дамуына және оның жетістіктерін тәжірибеге енгізуге жан-жақты ықпал ету; ғылыми негізделген ережелер және ұсыныстармен аппарат іс-әрекетінің деңгейін өлшеу. Сонымен қатар, ғылымилықтың өзі негізделген мақсаттылық пен іскерлік үшін жағдай жасайды;

в) мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесінде жетекшілер мен бағынушылар арасында, басқарылатын құрылымдар мүшелері мен басқарылатын объектілер арасында шыншыл қатынастарды орнатады және қолдайды.

2.Мемлекеттік басқару стилі басқару ғылымын, өнері мен тәжірибесін игеру дәрежесін көрнекі түрде ашатынын да айта кету керек.

Мемлекеттік басқару стилінің жетілдірілуі тәжірибелік аспектіде әдетте екі жағдайды кешенді талдау, бағалау мен үйлестіруден басталады:мемлекеттікбилік пен жергілікті өзін-басқару органдарында шоғырландырылған адамзат әлеуеті менбасқарушылық ресурстары бар мемлекеттік басқару мақсаттарының үйлесуі. Мұндағы ең бастысы: басқару мен басқарушылық әлеуеттің нақты жағдайын анықтау. Мемлекеттік басқару стилі елес ретінде түсіндірілмес үшін, ол объективті негіздемеге сүйеніп, шынайылықпен айрықшалануы керек.

Институционалдық сипатқа, сонымен қатар адамзаттық сипатқа ие сатылас және деңгейлес иерархиялық басқарушылық жүйесі бойынша жиынтық басқарушылық әлеуетті бөлудің өзекті мәселесі әрекет етеді.

Соңғы онжылдықтарда әлемдік басқарушылық санада басқарушылық процестердегі адамдардың өзара қатынастарына қатысты болып табылатын бірнеше теориялар қалыптасты.

Өткен ғасырдың 60 жылдарында Мичиган уни­верситетінің (АҚШ) профессоры Д. Макгрегор адамдардың типтеріне негізделген басқаруды ұйымдастырудың екі тұжырымдамасын негіздеген болатын: ол жоғарыда қарастырылған «X» теориясы және «Y» теориясы.

«Z» теориясы аталмыш теорияларды үйлестіруге талпынды, ол қабылданған шешім үшін бір тұлға жауапты болатын шешімді алқалы түрде қабылдаудан туындайды; онда бәрі бір-бірімен байланыс жасайды; әрбір адамның өз қалауы бойынша әрекет етіп, дербес түрде жұмыс істеу қабілеттігі.

Соңғы жылдары басқарушылық сана түрлі басқарушылық ресурстарды тәжірибеге енгізуде біршама алға жылжыды деуге болады. Олардың ішінде жаңа бюрократия теориясы (Дж.Г. Марч, Г.А. Сай­мон), менеджментке қатысты ортақ жүйелер теориясы (Ф. Каст, Дж. Розенцвейг), ұйымдық модельдер пікір алуандығы (А. Уолкер, А.Этциони, Дж. Пфеффер), анықсыздықпен жұмыс (Дж.Д. Томпсон, Дж. Гэлбрейт).

Адам басқаруды ұтымды етудің негізгі көздері жүзеге асырылатын координаталық тор болып қала береді, онда:

1. Адам ресурсы шектеусіз және қалпына келтіріледі.

2. Адам алуан түрлі, ауыспалы және әмбебап.

3. Адамның жақсылығы мен жамандығы, жағымды және жағымсыз жақтары көршілес болып, түрлі үйлесімде түрлі жағдайларда көрініс табады.

Сондықтан, басқарылатын жүйе шеңберінде басқарушылық әрекетті бөлуге және мемлекеттік басқарудың белгілі стилінің қалыптасуына абстрактылы бағдарлар тұрғысынан қарап, демократия, еркіндік пен орталықсыздандыру басқару игілігін білдіреді деуге болмайды.

Басқарушылық әрекетті дұрыс бөлудің маңызды шарты оның мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары біліктілігінің өкілеттігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағдарлануы болып табылады. Мұнда орган ішінде ғана емес, сонымен қатар одан тыс түрде басқарушылық әрекеттің бөліну түрлері ескеріледі, өйткені барлық ұйымдастырушы құрылымдар өкілеттігін жүзеге асыруда белгілі қызығушылық болады. Төменгі буындағы органның өз өкілеттігіне жауапкершілікпен қарамауына жоғарыда тұрған органның немқұрайлықпен қарауынан болады. Мемлекеттік басқаруда барлығы өзара байланысты, және бір органдардың әлсіз әрекеті басқаларына міндетті түрде ықпал етеді.

Басқарушылық әрекетті бөлу арқылы ақпаратты қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету деңгейі, жаңашылдығымен, басқарушылық технологиялардың жағдайымен байланысты. Мұнда мыналар маңызды: құжаттаудың типтік үлгілері; сәйкес құбылыстардың саны мен сапасын бара-бар сипаттайтын көрсеткіштердің біріздендірілген жүйесі; аталмыш процестерге араластырылған барлық құрылымдық буындар, бөлімшелер мен органдар арқылы қажетті ақпаратты жедел де нақты беру үшін ұйымдық және техникалық жағдайлар жасау; қызмет орындарының компьютерлермен жарақтануы; талданатын бағдарламалық объектілерді қарастырудың біртекті әдістері, ресми белгіленген тәртіптері мен операцияларын қолдану; басқарылатын объектілердің дамуын болжамдау, бағдарламалау мен жоспарлау әдістемесінің өзектілігі.

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өз нышандары, құндылықтары, дәстүрлері бар басқару философиясы мен әдістемесінің болуы басқарушылық әрекетте зор маңызға ие болады. Мұндай фило­софия мен әдістеме адамдарды ірі мемлекеттік мәселелерді шешуге ынталандырып, біріктіруі мүмкін. Ал жағымсыз филосо­фия мен әдістемеде басқарушылық әрекет бөлінбейді, керісінше оның құлдырауы орын алады. Мұндай жағдайда тіпті басқарудың авторитарлы стилі де көмектеспейді.

Ұйымдық және функционалдық құрылымды құқықтық реттеуге қарағанда органдардың өкілеттігі, формалары мен ресми белгіленген тәртіптерінің объектісі мемлекеттік биліктің сәйкес органы шеңберіндегі басқару қызметкерлері құрамының тұлғалық және ұжымдық әрекеті болып табылады. Мемлекеттік басқару стилін құқықтық реттеудің мақсаты мемлекеттік лауазымдарды атқару әдістері, құралдары, тәсілдері мен операцияларын бекітуден тұрады. Басқарушылық әрекетті құқықтық реттеуге байланысты: нені, қандай көлемде және қандай формада реттеу керек деген сияқты тәжірибелік мәселелер туындайды. Көптеген ғылыми пайымдаулар мен тәжірибелік ұсыныстарда кейде нәтиженің барлық қадамын реттеуге деген ұмтылыс байқалады. Алайда, мұндай талаптар, қажетті нәтижеге әкелмеген және әкелмейді де. Басқарушылық әрекет аса маңызды, ол ауыспалы және болжанбайтын жағдайларға тәуелді болып табылады. Мемлекеттік органдарда көбінесе бір жұмыскер екіншісін алмастырады немесе өз лауазымына сәйкес келмейтін қызметті атарады.

Мұндай жағдайларда белгілі лауазымды атқаруға тиесілі мәселелер кешеніне назар аудару керек. Онда кез келген уақытта қандай да бір қызметкердің іс-әрекеті нәтижелерін пайдаланып, қандай да бір қызметтерді жалғастыруға мүмкіндік беріп, мәселелерді бір қызметкерден екіншісіне қарастыруға беруге болады. Нәтижесінде жетекші үшін де, басқарушылық ұжым үшін де икемділік жағдай туындайды. Сонымен қатар, басқарушылық әрекеттің құқықтық реттелуі осы әрекетке формальды тыйым салулармен шектелмей, керісінше, басқарушылық мәселелерді шешу үшін шығармашылықты дамытып, дербестікті ашу нығайтатындай жағдай жасауы қажет.

3.Тұрақты процесс ретінде мемлекеттік басқару стилін жетілдіру көптеген мәселелердің алға қойылып, талдануы мен шешілуін талап етеді. Бірақ егер оларды жалпылайтын болсақ, онда осы процестегі бастысы – басқарушылық іс-әрекеттің негізін құрайтынның барлығы ұйымдастыру екеніне көз жеткізуге болады. Басқарылатын және басқарушы жүйелердің ұйымдасушылығы (заттық, атрибутивтік және функционалдық аспекті бойынша), ең алдымен, мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы мен тиімділігіне ықпал етеді.

Жоғарыда қандай да бір дәрежеде айтылып кеткен ұйымдастыру жағдайларын мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органындағы мемлекеттік лауазым мен жұмыс орнынан бастап қарастырып көреміз.

Лауазым өкілеттікті жүзеге асыру бойынша кез келген орган ұжымының іс-әрекет құрылымындағы орны мен мәнін нақты анықтауды талап етеді. Ол үшін оның өзі іс-әрекеттің ішкі мазмұны тұрғысынан (өкілеттік көлемі, қызметтері, іс-әрекет формалары мен әдістері, ынталар мен санкциялар), сондай-ақ өзге лауазымдармен сыртқы өзара байланыстар тұрғысынан (бағыну желілері, ынтымақтастық, ақпараттық, техникалық және өзге де қызмет көрсету) ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар, органдағы әрбір іс-әрекет праксеологиялық (кабинет, үстел, орындық, интерьердің өзге заттары, жарық, таза ауаның болуы және т.б.) және эргономикалық (теле­фондар, бағынушылармен байланыс жасау торабы, жұмыстың техникалық құралдары, керекті құралдары бар компьютер) қатынастағы рәсімдеуді қажет етеді.

Қазіргі таңда лауазымдарды жетілдіру немесе құру процесі іс-әрекеттің дербестігі, шығармашылығы, жауаптылығы үшін кең мүмкіндіктерін ашатындай, белгілі лауазымға ие әрбір адамның жан-жақтан ашылуына ықпал ететіндей түрде жүруі тиіс. Поляк ғалымы С. Ковалевский былай дейді: егер лауазымды тұлғаның сәйкес құрылған мәселелері мен өкілеттіктері жолымен қандай да бір шамада өзін-өзі көрсету шарттары жасалса, онда осы арқылы мотивацияның қуатты факторы шоғырланады. Және әрі қарай: келесі жағдайлар орын алғанда басқарушылық іс-әрекет өзін-өзі көрсете білу қағидасын қамтамасыз ете алады, яғни басқарушылық іс-әрекет:

1) атқарушының қабілеттіктеріне сәйкес келгенде;

2) дербес болғанда;

3)біліктілікке сәйкес келгенде;

4) өзін-өзі бақылау үшін қолайлы жағдайлар жасағанда;

5) атқару әдістерін қамтамасыз етуге ықпал еткенде;

6) кешенді, алуан түрлі болғанда;

7) түсінікті, қажетті де пайдалы болғанда;

8) қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға көрнекі түрде ықпал еткенде жүзеге асады.

Келесі мәселе лауазым топтарын ұйымдастырудан, басқаша айтқанда, органдардың буындары мен құрылымдық бөлімшелерін ұйымдастырудан тұрады. Дәстүрлі түрде лауазым мен буынды қалыптастыру негізі (құрылымдық бөлімше) мамандану қағидасына жүктеледі. Жалпы алғанда бұл, негізделген, бірақ белгілі әлеуметтік-психологиялық шектерге дейін негізделген. Басқарудың кешенділігіне қатысты ұлғаймалы талаптарды ескере отырып, бүгінгі күні өз мазмұны бойынша лауазым ғана емес, сондай-ақ шешілетін мәселелерге байланысты құрылымдық буын да алуан түрлі болуы керек деген мәселе алға қойылады. Бұл жерде басқарушылық қызметтердің деңгейлес шоғырлануы туралы сөз қозғалып отыр. Мұндай шоғырлану мынадай артықшылықтарға ие: басқарушылық іс-әрекетті мазмұнды да қызықты етеді, ақпаратпен, біліммен, тәжірибемен өзара алмасуға ықпал етеді, жұмыста болмағандардың алмастырылуын қамтамасыз етеді, өзара бақылаудың ықпалын күшейтеді, ақпараттың сенімділігін арттырады, жетекшілер мен атқарушылар арасындағы алшақтықты қысқартады, тұлғааралық байланыстарды жақсартып, мемлекеттік басқару стилін жетілдіруге қатысты көптеген мәселелердің оң шешілуіне ықпал етеді. Дегенмен де, деңгейлес бөлу қағидасын таңдау басқару мен басқарушылық процестердің мәнін түсіндіруге әкеледі, себебі жетекшіде бағынушылар неғұрлы аз болса, ол соғұрлым оларға қамқор болып, дербестік пен жауапкершіліктен босатады, сондай-ақ буында сыртқы, басқарушылық қызметтер неғұрлым азырақ жүзеге асырылады. Ол жетекші мен атқарушылық құрам арасындағы орган аппаратының қуаттылығын бөлу дұрыстығын көрсетеді, себебі органда басқарушылық лауазымдар неғұрлым көп болса, соғұрлым оны атқаратын тораптары көп болады (өйткені, тәртіп бойынша, жетекшілер істерді тікелей орындауға ұмтылмайды). Бұл жерде органды ұйымдастыруда демократизм деңгейі де орын алады: сатылас құрылым неғұрлым күрделі болса, бірінші жетекші мен атқарушылық құрам арасындағы алшақтық соғұрлым үлкен болады.

Әрине, құрылымдық буынды, органның өзін деңгейлес бөлуде (егер ол үлкен болмаса) маңызды шектеу – басқарушылық нормасы орын алады. Соңғысының өлшемдері мынадай:

а) орташа жетекші ие болатын интеллектуалдық қасиеттердің нақты көлемі, ол жадында сақтап, өңдеуге қабілетті ақпарат саны мен жиілігінен байқалады;

б) басқарылатын буын саласына енетін мәселелердің білікті түрде шешілуіне кепілдік беруі тиіс.

Отандық және шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, басқарушылық нормасы орташа алғанда: жеті бағынушыға бір жетекшіні (1:7) құрайды деуге болады, мұнда басқарушылық процестердің күрделілігіне байланысты түрлі вариациялар болуы мүмкін (5: 9).

Тағы бір мәселе, жетекші лауазымының орындалуын ұйымдық қамтамасыз ету болып табылады. Жетекші іс-әрекетін ұйымдастыру, ол басқаратын органның, бөлімше немесе буынның белгілі қызмет ету стилін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сол себептен осындай туындайтын мәселелерді талдауға ғылыми әдебиетте ерекше назар аударылады. Жекелей алғанда, көптеген адамдар жетекші лауазымы: басқарушылық іс-әрекет стратегиясын үнемі қамтамасыз ету, оны қатаң көзделген мақсаттарға жеткізу; шұғыл істерді қарастыру мен шешуге уақытты дұрыс бөлу; мәселелер симптомдары емес, олардың өзін айқындауға ықпал ету; ресурстарды бөлу барысында еркін епті іс-қимылды жүзеге асыруға жағдай жасау; мәселелер мен тапсырмаларды дұрыс бөліп, бағынушылар әрекеттерін қадағалау; қоршаған ортамен кең байланыстарға түсіп, одан қажетті ақпарат алу; биліктің қайнар көзі мен өзектілігіне байланысты туындайтын мәселелерді негізді түрде топтастыру түрінде ұйымдастырылуы керек деп есептейді.

Жетекші лауазымының дұрыс орындалуы әлеуметтік-психологиялық негіздемелер бойынша да маңызды: күні бойы жұмыс қабілеттігін сақтауға, көңіл-күйді сақтауға, байланыс жасау процесінде жұмысқа деген сенімділікті жоғалтпауға, мәселелерді дұрыс түсініп, ұжымда қажетті микроахуал орнатуға мүмкіндік береді. Жетекші үнемі белгілі бір рух беретін жағдайда болуы керек, себебі оның барлық іс-әрекеті – бұл адамдармен байланыс жасау, ал оның көңіл-күйі сәйкесінше оларға да беріледі. Американдық авторлар адамдарды басқару барысында жетекшілерге мынадай ережелерден ұстануды ұсынады: бағынушылардың өзін-өзі сыйлау сезімін қолдау; назарды тұлғаға емес, мәселеге аудару; нығайту әдісін пайдалану, яғни адамның тапсырмаларды жақсы орындауына жақсы реакция туғызу; қол астындағыларды белсенді, қызығушылықпен тыңдау; айқын талаптар қойып, жұмыскерлерге сенімділік беру.

Басқарушылық процестердің күрделілігі, оларды үнемі реттеу қажеттілігі, мемлекеттік басқару формалары мен әдістерінің демократизмі басқарушылық тәжірибеде кеңестерді кеңінен қолдануға итермелейді, олардың мақсаты – ақпарат жинау, алмасу, синтездеу, идеялар беру, түрлі ғылыми-техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді талқылау, ұжымдық шешімдерді қабылдау, бағынушылардың алдына мәселелер қою.

Кеңестің нәтижелілігі:сәйкес кеңестің өкілеттігімен байланысты әкімшілік-құқықтық (ол не істей алады?), дайындық сипаты мен өткізу тәртібінен тұратын ұйымдық-функционалдық (ол дайын ба және оның мүмкіндіктері пайдаланылған ба?), әлеуметтік-психологиялық (қатысушылар аталмыш кеңеске қызығушылық таныта ма?), физиологиялық (қатысушылар өздерін қалай сезінеді, олардың ақпарат беруге немесе қабылдауға қабілеттіктері?), техникалық (жазу құралдарына ие болып, ақпаратты бекіту) бірнеше шарттармен анықталады. Әрине, барлық шарттар бірдей деңгейде сақталған жағдайда кеңес күткендегідей нәтижеге әкеледі. Сондықтан кеңеске дайындалу барысында талқылаудан нені күтетінін нақты анықтау қажет.

Кеңестер тиімділігін арттырумен айналысатын зерттеушілер:кеңесті жиі және ұсақ мәселелер бойынша өткізбеу(бұл тұрақты қатысушыларға тиімсіз әсер етеді); кеңеске екі-үш сұрақ ғана шығару; кеңеске талқыланатын мәселеге тікелей қатысты тұлғаларды ғана шақыру (кеңесте жай отырғандар емес, қатысушылар қажет); талқылауға қатыса алу мүмкіндігін арттыру үшін қатысушылар шеңберін шектеу; кеңестің күн тәртібімен қатысушыларды алдын-ала (олардың дайындалуы үшін) таныстыру; кеңесті барлық қатысушыларды тарта отырып, пікір-талас, еркін пікір-талас, «ой талқысы» түрінде өткізу (түске дейінгі өткізілген және екі-үш сағаттан аспайтын кеңестер неғұрлым өнімдірек болып табылады); кеңестерді хаттамалап, талқылау қорытындыларын шығарып, жалпымен қабылданған көзқарасты іске асыру әрекеттерін бекітумен аяқтау керек дегенді ұсынады.

Кеңестерді және осындай ұйымдық шараларды өткізу барысында (отырыстар, конференциялар, симпозиумдар, коллоквиу­мдар) олардың мақсатқа сәйкес келу мәселесіне ерекше назар аударылады. Өкінішке орай, басқару тәжірибесінде осы мәселені ешкім алға шығармайды: кез келген жетекші үшін кеңесті шақыру ең оңай іс, себебі осылайша ол өзінің белсенділігін көрсетеді; адамдарды жұмыстан айырумен, олардың орын ауыстыруымен, қонақүйлерде тұруларымен байланысты кеңестердің экономикалық жақтарын ешкім есептемейді; ал әлеуметтік-психологиялық шығындарға ешкім тіпті бастарын да ауыртпайды; кеңестерде туындайтын және басқарылатын процестерге ықпал ететін нақты басқарушылық серпін беру жағы айқындалмайды және бағаланбайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару стилін одан әрі қарай жетілдіру мақсаттылық, үнемділік, басқарушылық тиімділік, тұрғысынан әр кеңестің талданып, бағалануын қарастырады.

Басқарушылық іс-әрекеттің ұйымдастырушылығының күшеюі көбінесе аталмыш процесте талданып, жалпыланып, бағаланып, таралып, пайдаланыланылуына тәуелді болады. Тәжірибе — басқарудың ұлы жетістігі. Бір жағынан, ол түрлі басқарушылық элементтер ісінде пайдалану, тәжірибе жүзінде байқап, тексеру нәтижесі болып табылады. Тек тәжірибе ғана қандай да бір элементтердің іс-жүзінде қалайша қолданылып, басқарушылық мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асыру барысында нені беретінін көрсете алады. Екінші жағынан, шығармашылық ой тудыратын, бастамашыл, дарынды лауазымды тұлғалар өз лауазымын атқаруы барысында үнемі жаңа, әмбебап, стандартты емес бір нәрселер әкеледі. Сапалы басқарушылық іс-әрекет үлгілерін үнемі іздестіріп, оның жоғары қайтарымдылығының құпияларын талдап, оларды басқару дәстүрлерінде, дағдыларында бекітіп, елге белсенді көрсете білу керек.

XXI ғасырдың басында басқарудың алуан түрлері мен әлеуметтік типтерінің үлкен ұлттық, сондай-ақ әлемдік тәжірибесі жинақталды. Монархиялық басқару формалары, диктаторлық саяси тәртіптер, соғыстар мен дағдарыстардың да кезеңдері бастан кешірілді. 60-қа жуық соғыстан кейінгі жылдары демократияның артықшылықтары мен әлсіз жақтарына деген түсіністік тереңдеп, оны жүзеге асыру мен тиімділігін арттыру механизмдері ойластырылып келеді. Тәжірибеде көптеген басқарушылық технологиялар енгізіліп, сынақтардан өткізілуде. Басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық тәсілдері, басқару қызметкерлері құрамын іріктеу мен дамытудың ресми белгіленген тәртіптері де белгілі. Компьютерлендіру басқарушылық ақпаратпен жұмысты белсенді алға жылжуда. Қажетті басқарушылық нәтижелерге қол жеткізуді ынталандыру мен оған деген жауапкершіліктің рөлі де түсінікті. Кейде бір нәрсе: осының барлығын меңгеруге деген ынтызарлық пен ерік-жігер жетіспейтін сияқты. Басқару тәжірибесін игеру мемлекеттік басқару стилінің міндетті атрибутына айналуы керек. Себебі болашақта адамзат пен барлық елдерді одан да күрделі мәселелер күтіп тұр. Басқарушылылқ процестердің жоғары ұйымдастырушылығынсыз оған бет алу мүмкін емес.

4.Жауапкершілік жалпы әлеуметтік құбылыс, экономикалық өнеге, мәдени, психология және аспектілерді қамтиды. Қоғамдық қатынас ретінде өте қиын құрылым және бір адаммен екінші адам, адамдар мен ұжым және қоғам арасындағы өзара байланысы және өзара әсері арқылы ашылады.

Жалпы түрде, жауапкершілік өзара байланысты жақтардың ынтасы және еркіндікті қамтамасыз етуі, ол қоғам мен мемлекеттің кепілдік беруі арқылы іске асады. Ол сондай-ақ:

а) өз міндетін саналы түсіну;

б) тәртіпті бағалау;

в) жазалау шаралары негізінде қалыптасып, бірінен кейін бірі жүзеге асырылады.

Жауапкершіліктің бастау элементі адамдардың, ұжымның, органдардың, қоғамдық жүйенің басқа компоненттерінің мойындалған көзқарастары және құндылықтар, принциптер, қоғамдық дамудың нормасы және пайдалылығының шешімдері оған әсер етеді. Үйлесімді бағаның нәтижесі оң болуы мүмкін. Сондықтан, жауапкершілікті тек санкция деп қарауға болмайды, оның түрлері, жаза әлде жазалау. Бұлар кең және әлеуметтік тұрғыдан маңыздырақ.

Жауаптылық қатынасты ішкі және сыртқы екі жағдайды бөліп қарастыруға болады. Ішкі және сыртқы. Азаматтар бірінші жағдайда (адамдар топтары, мемлекеттік органдар ұжымы т.с.с.) құрайды.

Сыртқы жауапкершілікке басқа адамдар, ұжым және қоғамдық институттар ықпалы арқылы әсер етеді.

Адамдардың көрінуі арқылы оны адамдар қатынасына қолдануға болады. Мемлекеттік басқару институты (мақсат, функция, құрылымдар, процесс элементтері т.с.с.) жауап беруге қабілетсіз, ол өзі әсер етпейді, тек адам арқылы ғана.

Жауапкершілік адамның ақыл ойына әсер етеді.

Азаматтар жауапкершілік арқылы қоғамның қажеттілігіне байланысты қоғамдық қатынастарды белгілі дәрежеде және сапада ұстап тұру керек.

Оның пәні, мысалы, заңдық жауапкершілік, материалдық, моралдық, саяси және заңдық жеке және ұжымдық жауапкершілік т.с.с жауапкершіліктің басты элементі болып саналады.

Басқару қызметімен айналысатын жеке адамдардың бойынан ынталандыру мен жауапкершілік қасиеттерінің үнемі табылуы, осы процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізі болып саналады.

Басқару қызметімен айналысатын адамдардың еңбегін бекітілген нормалар арқылы өлшеу мүмкін емес, себебі, бұл үрдісте жұмсалатын күш-жігер интеллектуалдық шығармашылық коммуникациялық сипатта болады. Бірақ аталмыш қызмет ой мен істің бір жерден шығуын сипаттайтын , нақты тәжірибе жүзінде іске асатын жасампаздық, шығармашылық қызмет.

Басқару қызметін ұйымдастыруда ұжымдық (алқалық) нысан кеңінен қолданылуы тиіс.

Мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резервтерінің әрбір басқарушылық элементі (мақсаттар, қызметтер, құрылымдар, формалар мен әдістер) мен әрбір басқарушылық құрамдас бөлігі (органдардың жүйесі мен ішкі жүйесі, жекелеген органдар, кез келген лауазымды тұлға) қамтылатындығы күмәнсіз. Бұл жағдайда біз неғұрлым айқын болып табылатын және тәжірибеге оңай енгізілетін мемлекеттік басқару стилінің кейбір резервтері (даму бағыттары) туралы ғана сөз қозғайтын боламыз.

Ең алдымен, бұл басқарушылық іс-әрекетті басқарушылық әсерге бағдарлау.Басқарудың шынайылығы, сәйкес процестерге басқарушылық әсер ету барысында ғана байқалады. Егер процесті қолдайтын (не субъектілерде, оның құрамдас бөліктерінде, не басқарылатын объектілерде) басқарушылық әсер болса, онда басқару да болады. Егер басқарушылық әсер болмаса, процеске дейін жетпесе, оған қатысты болмаса, онда қабылданған шешімдердің басымдылығына және көптеген ұйымдық шараларға қарамастан, басқару да болмайды. Осылайша, басқарушылық іс-әрекет басқарушылық әсерлерге қатысты қызмет көрсетуші мәнге ие болады, оларды жүзеге асырып, қалыптастырады. Басқарушылық әсер – бұл басқарушылық іс-әрекетті объективтендіру, тек солар арқылы ғана соңғысы талданып, бағалана алады.

Басқару алдында үнемі тұратын басты да ең күрделі мәселелер: басқарушылық процестің қарқындылығы және жоғары әсермен алға жылжуы үшін не істеу керек, оның іштей реттелуі сыртқы басқарумен қалайша үйлесуі керек, басқарушылық әрекеттердің тиімді қызмет етуі үшін ол жеткілікті ме (көлемі, тығыздылығы бойынша) деген сұрақтар болып саналады. Басқарушылық процестердің тиісті түрде қызмет етуі үшін (шығармашылық, адамдардың ұдайы өндіру процесі) көптеген немесе шексіз басқарушылық әсерлердің қажеті жоқ. Басқарылатын процестерге келесілер қажет: сәйкес нақты іс-әрекет түрлерімен байланысты бара-бар ұйымдық формалар; адамдар талаптарына жауап беретін және олардың іс-әрекетін белсендендіретін нақты бекітілген мақсаттар; сыртқы іс-әрекетті дұрыс реттейтін және жеке бастама мен өзіндік іс-әрекет үшін кең мүмкіндік беретін нормалар, нормативтер (қоғам үшін, өзге де процестер үшін); ресурстық және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; белгілі мүдделерді қанағаттандыратын ынталар және жауапкершілік шаралары; іс-әрекетті бақылау мен нәтижелерді бағалаудың де­мократиялық ресми бекітілген тәртіптері.

Әрі қарай: қалыптастырылған басқарушылық әсер шұғыл жүзеге асырылуы керек, яғни басқарушылық процеске дейін жеткізіліп, оның ұйымдастырылуы мен қызмет етуі үшін енгізілуі керек. Осы сәтті ерекше есепке алу қажет, себебі басқарушы жүйе – бұл ие­рархиялық құрылым, онда берілетін немесе атқарушылық буындар жоғарыда тұрған буындардан берілген басқарушылық әрекеттерді үнемі қабылдай бермейді, және оны басқарушылық процестерге дейін үнемі жеткізе бермейді. Және көбінесе жоғарғы немесе федералды атқарушы органдармен қалыптастырылған әлеуетті басқарушылық әсерлер басқарушылық жүйеде тұрып қалып, басқарушылық процестерге нақты ықпал етпейді.

Егер өзекті басқарушылық әсерлерді қалыптастыру, барлық басқарушылық іс-әрекет бағдарланған алғашқы мақсат болып табылса, онда осындай басқарушылық әсерлерді әрбір сәйкес басқарушылық процеске жеткізіп, енгізу оның екінші мақсаты болып табылады.

Осылайша, бұл жерде мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резерві ретіндегі басқарушылық іс-әрекеттің өнімділігі жайлы айтылып отыр. Басқарушылық іс-әрекетте еңбектің нормалануы мүмкін емес, өйткені ондағы барлық еңбек интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникациялық сипатқа ие, бірақ бұл – ой мен істің ортақтығымен сипатталатын ерекше тәжірибелік шығармашылық. Әрбір орган бойынша, әрбір лауазым бойынша: «ой (идея) — әрекет — реакция (басқарылатын процестер) — нәтиже (объективті)», еңбек ету жүйесін құрған жөн, ол, біріншіден, деңгейдің артуына ықпал етіп, екіншіден, сәйкес лауазымды тұлғалардың қызметтік әрекеттерінің шығармашылық және тәжірибелік жағын талдап, бағалауға мүмкіндік берер еді.

Өнімділік басқарушылық іс-әрекеттің қолданылатын формасынан, әдістері мен ресми бекітілген тәртібінен, лауазымды тұлғалардың қабілеттігінен, дарындылығы мен білімінен келетін қайтарымдылықты сипаттайды.

Өнімділікті талдау бірнеше өзара ауыспалы құбылыстарды салыстырып, бағалауды қамтамасыз етеді:

а) басқару мақсаттарының қоғамдық өмірдің мақсаттарымен және заңдылықтарымен байланысы; біріншісінің екіншісімен сәйкес келмеуі басқарушылық әрекеттің өнімділігін шұғыл төмендетеді;

б) басқарушылық әрекеттерде бейнеленіп, сипатталған әмбебап модельдер арасындағы тәуелділік — осы арқылы басқарушылық ойдың өзектілігі мен негізділігі, оның қоғамдық сұрауларға барабарлығы анықталады;

в) біріншіден, жоғарыдағы мақсаттарда қолданылатын құралдар мен механизмдердің, екіншіден, басқарудың объективті нәтижелерінің және бір бағыттылығының тиімділігі;

г) лауазымды тұлғалардың жалпы мәдениеттік, іскерлік және тұлғалық қасиеттерінің басқарушылық іс-әрекетте қалыптасқан таптаурындықтарға сәйкес келуі;

д) жарияланған бостандық пен басқарушылық іс-әрекеттің дербестігі мен осы мүмкіндіктерді тәжірибеде қолданудың нақты шарттары арасындағы диапазон;

е) басқару қызметкерлері құрамының шығармашылық белсенділігінің шынайылығы.

Өмір осы барлық өзара ауыспалы құбылыстардың неғұрлым көбірек тәжірибелік маңызға ие болып, жоғары нәтижелілікке жетуін талап етеді. Ол үшін басқарушылық іс-әрекеттегі шығармашылық, ізденушілік, тәжірибелік жақтарын қарама-қайшы қоймау аса маңызды болып саналады. Егер біз тәжірибені үнемі саралайтын болсақ, онда оны жетілдіре аламыз, керісінше, тәжірибеге сүйенбей, барлық керемет деген ойлар, идеялар мен теориялар нәтижесіз пайымдаулар болып қала береді.

Мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резерві ретінде ұжымдылық зор мүмкіндікке ие болады, мұнда ол мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының қалыптасу қағидасы ретінде ғана емес, сонымен қатар басқарушылық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қатысады. Басқарушылық ақпараттың күрделену жағдайында, басқарушылық процестері динамизмінің күшеюі жағдайында, шешілетін мәселелердің жүйелі өзара байланыстылығы жағдайында, басқарушылық іс-әрекеттің тімділігі оның тиімділінің алғышарты болып табылады. Себебі білім, ептілік пен тәжірибе, тиісті ықпалдасу, көптеген мақсаттарды, себептер мен салдарларды жан жақты есепке алу ғана тиімді басқарушылық шешімді дайындап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ендеше, басқарушылық кадрлардың барлық санаттарын ұжымдық әрекетке, өз ойын дұрыс білдіріп, өзгелердің ойын сыйлап, «ой талқысынан» өткізуге үйретіп, ұжым болып қабылданған шешімдерге сыйластықпен қарауға үйрету қажет. Басқарушылық іс-әрекеттің ұжымдылығын еркін қатынастармен, шексіз отырыстармен, бір-бірімен дауласумен, өзге де жағымсыз құбылыстармен шатастыруға болмайды. Ол субординация шеңберінде жүзеге асырылып, оны нығайтуға бағытталған.

ҚОРЫТЫНДЫ

1.Мемлекеттік басқару стилі — күрделі, көп элементті жүйелі құбылыс. Ол мемлекеттік басқарудың әлеуметтік, ұйымдық, нормативтік, ақпараттық және техникалық параметрлерінің синтезіне негізделген. Сонымен қатар, стиль қоғамның ерекше басқарушылық саласында объективті және субъективті бірлігін білдіреді деуге болады. Дәл осы стиль арқылы басқару тек ғылым мен өнер ретінде емес, сонымен қатар силлогизм мен интуиция ретінде, тек тәжірибе емес, сонымен қатар, эвристикалық сезім ретінде сипатталады. Стиль белгілі құрылымдарға сүйене отырып, басқарудың қатысушыларына толық көлемде өзінің шығармашылық мәнін ашуға мүмкіндік береді.

2. Мемлекеттік басқару стилі аталған элементтерге назар аудара отырып, құрылады. Осыған байланысты, ғылыми әдебиетте айтылған басқарудың бірнеше стильдерін бөліп қарастыруға болады:

- Директивалық (әкімшілік-директивті, автократиялық, авторитарлы) – биліктің шамадан тыс орталықтануымен, гипертрофиялық формалардағы бір тұлғалықпен айрықшаланатын стиль.

- Демократиялық (алқалық, кооперативтік, корпоративті) – бағыныштыларға өздерінің біліктілігі мен атқаратын қызметтеріне сәйкес дербестікті ұсынатын стиль.

- Либералды – оны іс-әрекеттің келісімсіздігі, қабылданатын шешімдердің салдарлары үшін жауапкершілікке ие болмау айрықшалайды.

- Анархиялық – барлығы өз бетімен жіберіліп, әрбір адам өздері не жасағысы келетінін жүзеге асыратын басқару стилі.

- Серіктестер стилі, онда жетекшілер мен лауазымды тұлғалар істен іске жармасып, түрлі шараларды жүзеге асырады.

- Еріктілік стилі, оған бұйрықтар, теріс психологиялық ықпал тән.

- Жалпы — нормативтік стиль, яғни қоғам қолдайтын жалпымен танылған стиль.

- Жеке – басқарушылық іс-әрекеттің нақты шарттарына сәйкес және жетекшілер мен лауазымды тұлғалардың нақты шарттарына сәйкес қолданылатын жалпы стилі. Жеке жұмыс стиліне тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті ықпал етеді, ол оны белгілі әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде сипаттайды.

3. Мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резервтерінің әрбір басқарушылық элементі (мақсаттар, қызметтер, құрылымдар, формалар мен әдістер) мен әрбір басқарушылық құрамдас бөлігі (органдардың жүйесі мен ішкі жүйесі, жекелеген органдар, кез келген лауазымды тұлға) қамтылатындығы күмәнсіз.

4. Мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резерві ретінде ұжымдылық зор мүмкіндікке ие болады, мұнда ол мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының қалыптасу қағидасы ретінде ғана емес, сонымен қатар басқарушылық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қатысады. Басқарушылық ақпараттың күрделену жағдайында, басқарушылық процестері динамизмінің күшеюі жағдайында, шешілетін мәселелердің жүйелі өзара байланыстылығы жағдайында, басқарушылық іс-әрекеттің тімділігі оның тиімділінің алғышарты болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ

5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.

6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыз № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.

15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

Қосымша әдебиеттер:

20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября

21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен //Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.

23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30

25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

Семинар сабағының жоспары:

Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

Мақсаты:тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

1. «Басқару стиліне» анықтама беріңіз

2. Мемлекеттік басқарудың стилін жете зейін қойып қарастырыңыз

3. Мемлекеттік басқарудың стилі: элементтері және қасиеті

4. Басқару қызметі стилінің резервін жетілдіру жолдарын зерттеңіз.

СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:

Наши рекомендации