Тақырып: Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Г. Синбаева

АЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Пәні бойынша дәрістер курсы

«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығы үшін

Петропавл қ.

2014 ж.

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан

Мемлекеттік университеті

«5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»мамандығы

Г. Синбаева

АЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Пәні бойынша дәрістер курсы

Петропавл қ. 2014 ж.

Пікір жазушы

Габдулина М.Г., «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті, п.ғ.к.

Әзірлеген:

Синбаева Г.К.,аға оқытушы, ғылым магистрі

Дәрістер курсында студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық теориялық негіздері, қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқыудың әдістемелік жүйесі, пән бойынша базалық нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу әдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, одарды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру, қазақ тілін оқытудың жолдарын игерту мәселелері қарастырылады.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың сапа менеджменті жүйесіISO9001:2008 талаптарының үйлесімділігіне сертификатталды.

тақырып: Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары - student2.ru

Дәрістік кешен

ЛЕКЦИЯ КЕШЕНІ

Тақырып: Қазақ тілін оқытудың ұстанымдары

Қазақ тілін оқытудың жалпы мәселелері.Қазақ тілінің әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі – тарихи жағынан дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Әдістеменің зерттейтін обьектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика, логика, педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Қазақ тілі сыры мен қыры көп, өз ішінде түрлі-түрлі салаларға бөлінетін күрделі де бай тіл. Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы фонетика, лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис және пунктуация, тіл дамыту, тіл мәдениеті сияқты салаларға бөлініп оқытылады.

Қазақ мектептеріндегі жұмыстың нәрлі, нәтижелі болуы ана тілін оқытуды ұйымдастырудың дәрежесіне, оның дұрыс жолға қойылуына байланысты. Өйткені, ана тілі тек пән ретінде оқытылып қана қоймайды, өзге пәндердің бәрінен де білім беруге және мектептегі бүкіл тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізуге негізгі құрал ретінде қызмет атқарады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2004 жылғы19 наурызындағы халыққа жолдауында «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандаттар деңгейіне көтерілуге тиіс. Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз», - делінген. Заман талабына сай мектептерде білім мазмұны мен оның құрылымдық жүйесін жақсарту – кезек күттірмес шаралардың бірі.

Мектеп балаларды дұрыс сөйлеуге, ана тілінің сөздері мен тиісті тәсілдерін саналы түрде дұрыс жұмсауға үйретеді. Мектеп оқушылардың сөздік қорына көп жаңа сөздер, жаңа формалар қосады. Оларды қайда, қалай қолдану керектігін үйретеді. Мектептегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі – жаңа қоғамды құрушы жастардың тәрбиешісі. Мұғалімнің өзі оқытатын пән саласындағы ғылымды жетік білуі – қарапайым да, қажетті талап.

Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Қазақ тілін дамытатын да, оның қанатын кең жаюға көмектесетін де бүгінгі студент. Себебі, ол жоғары оқу ордасында бүгінгі жаңалықтарды терең меңгеріп, ертеңгі күні мектепте жүзеге асыруы қажет. Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту Тұжырымдамасында педагогикалық мамандарды дайындау мен білім сапасына қатысты нақты мақсат-міндеттер мен ұстанымдар көрсетілген. Бұл құжатта: «Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады» («ҚР. 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы»), - деп көрсетілген.

Жалпы қазақ тілінде сөйлеп, жазуды үйрету – қоғамда қазақ тілінің мәртебесін жоғары дәрежеге көтерудің алғы шарты. Сондықтан қазақ тілі қатынас құралы ретінде мектепте жүйелі білім беру арқылы ғана оқушыларды дұрыс сөйлеуге, адамдармен әдепті түрде қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейді.

Бұл тұрғыда қазақ тілін оқыту әдістемесінің атқаратын міндетінің аса зор екенін айта кетуіміз қажет.

Қазақ тілі әдістемесінің ғылыми негізі Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірден басталды. Қазақстанда педагогика тарихы, сондай-ақ, қазақ тілін оқыту мәселелері Ы.Алтынсарин есімімен байланысты. «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек қана осы мектептерде» деген болатын. Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» оқулықтарын жазды. 1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту әдістемесіне арналған мақалалар ғана болды. Онан кейінгі осы жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі» деген жинақ шықты. 1936 жылы С.Жиенбаевтың «Грамматика талдауыш», 1938 жылы «Үлкендерге хат танытудың методикасы», 1941 жылы «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы», 1941 жылы «Қазақ тілі методикасы», 1942 жылы «Грамматикалық таблицалар» т.б. еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін оқыту жөнінде Қ.Басымов, Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйықбаев, Ә.Хасенов, Ш.Әуелбаев, Х.Арғынов, Б.Құлмағамбетова, Б.Кәтенбаева, Ф.Оразбаева, Р.Қадашева т.б. еңбектерінің алатын орны ерекше.

Тақырып: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің

Теориялық негіздері

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тіл білімдік негізі. Пәндерді оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Сол сияқты қазақ тілін оқыту әдістемесі де қазақ тіл біліміне негізделеді. Қазақ тілі барлық тілдер сияқты қоғамда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Ол Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болғандықтан, оны мекендейтін түрлі халықтардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы болғаны көзделеді. Сондықтан қазіргі заманда қазақ тілін Қазақстандағы басқа ұлттарға да оқыту әдістемесінің маңызы артып отыр. Қазақ тілінің - бай сөздік қоры, өзіндік дыбыс құрамы бар, сөзжасам, жүйесі мен грамматикалық құрылысы бар. Барлық ұлтқа қазақ тілін оқыту тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын оқыту негізінде жүзеге асырылады. Қазақ тілін оқытуда тілдің барлық саласынан оқушыға білім беріледі. Тілдің бұл әр жүйесінен оқытудың өзіндік ерекшеліктері мен жолдары, тәсілдері болады. Мәселен, тілдің фонетикасын оқыту мен лексикасын оқыту бір емес.

Олай болса, қазақ тілін оқыту әдістемесі қазақ тіл білімінің оқытылатын тіл салаларына байланысты белгіленеді. Яғни оқу бағдарламасы бойынша оқушыларға ұсынылатын қазақ тілінің қандай саласы болмасын фонетика, лексика мен фразеология, орфография мен орфоэпия, грамматика қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі болып табылады. Қазақ тілінің дыбыстық құрамын оқытпай, қазақ тілін үйрену мүмкін емес. Қазақ тілінің дыбыстық құрамын оқытқанда, қазақ тілінің дыбыстарын оқушыға білгізумен бірге, ол дыбыстардың айтылуы да, жазылуы да үйретіледі. Ал ол фонетика, емле, орфоэпия салаларының жүйесінен оқушыға білім беру деген сөз. Әсіресе, қазақ тілінің дыбыстың ерекшелігі бар дыбыстардың айтылуына ерекше мән беріледі. Қазақ тілінің салалары бір-бірімен тығыз байланысты, оқытуда ол ескерілуге тиіс. Мысалға, грамматиканы өткенде, морфология мен синтаксистің байланысы ескеріледі. Айталық, септік жалғауларын оқытқанда, оларды сөз тіркесімен байланыссыз оқыту мүмкін емес. Тәуелдік жалғауын оқытқанда, оның ілік септіктегі сөзбен сөз тіркесін жасайтынын байланыстыра оқыту сөйлеуге үйретуді жеңілдетеді. Қазақ тілін оқушының ана тілінің ерекшелігін негізге ала отырып оқыту мұғалімнің екі тілге ортақ мәселелерге уақытты азырақ бөліп, олардың айырмашылығына жататын мәселелерге көбірек көңіл бөліп, оларды қандай типте, қалай оқыту жолдарын іздеуге, таңдауға көмектеседі.

2. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негізі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі жалпы дидактиканың теориясына негізделеді. Өйткені дидактика – барлық ғылымды оқыту жөніндегі әдістер жайлы теорияның жиынтығы. Яғни дидактика білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістерін ұйымдастыру формаларын, яғни, нені оқыту, қалай оқыту жайын зерттейді. Демек, дидактика білім мазмұнын анықтау, оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, оқытудың ең тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу мәселелерін шешіп отырады. Осы мәселелер жөнінде өзінің принциптерін белгілейді. Дидактикалық принципте, оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағидада, оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру формасына және әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде мұғалім дидактикалық принциптер мен методикалық заңдылықтарға сүйенеді. Оқушыларға қазақ тілінен тиянақты білім беруде сүйенетін жалпы дидактикалық принциптер мыналар: ғылыми принцип, жүйелі принцип, көрнекілік принцип, саналылық пен белсенділік принципі, теорияны практикамен байланыстыру принципі, жеңілден ауырға принципі, жеке оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру принципі. Тілден мәлімет беруде мұғалім бұл принциптерді бір-бірімен ұштастырып отырады.

1) Ғылыми принцип. Қазақ тілінен білім мен практикалық дағды беруде жиі іске асырылатын принциптің бірі – ғылыми принцип. Оқушыларға берілетін білімнің барлығы лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдік фактілердің тіл білімінде әбден қорытылған, шешілген мәселелері ғана мектеп оқушыларына жеткізіледі. Яғни қазақ тілін оқытуда дидактиканың ғылымының принципін жүзеге асыру үшін, үйретуге тиісті тілдік материал қазақ тіл білімінің соңғы жетістіктеріне негізделуге тиісті. Тілдік материал оқушыларға әдістеме тұрғысынан әбден ойластырған ғылыми жүйеде беріледі.

2) Жүйелі принцип. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен берілетін теориялық мағлұматтар белгілі бір орын тәртібі бойынша өтілуі қажет. Қазақ тілінен әрбір тақырыбы методикалық жүйе арқылы талданады.Тілдік тақырыптардың өтілу тәртібін сақтай отырып, өтілетін материал мен жаңа материал байланыстырылады. Осының нәтижесінде тілдік материалдар бірін-бірі толықтырып, аясын кеңейтіп отырады. К.Д.Ушинский жүйелілік қана өз білімізді толық меңгеруімізге мүмкіндік береді деп санаған. Яғни тілдік мәліметтер оқушының білетін біліміне сүйене отырып, жалғастық принципі бойынша оқытылуға тиісті..

3) Көрнекілік принципі. Оқушыларға қазақ тілі материалдарын анық, дәл түсіндіруде іске асырылатын принциптің бірі – көрнекілік принципі. Бұл принцип тілді оқытуда, оқушылардың дыбыс жүйесіндегі білімі мен дағдыларын, әрі қарай нығайту үшін, және оны жете меңерту үшін ерекше қызмет атқарады. К.Д.Ушинский «таныс емес сөзді бес сөзді қаншама қайталап қиналатын оқушы сурет арқылы көрсетілген 20 сөзді ілезде үйреніп алады» деп бекер айтпаған. Он рет қайталап айтқанмен, бір рет нақтылай көрсеткеннің пайдасы бар екеніне ешкім де таласпайды. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабағында көрнекілікті өте ұтымды қолданылуы қажет.

4) Саналылық пен белсенділік принципі.Тілдік фактілерге байланысты мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгере білуі тиіс. Қазақ тілі объектілерін саналы түрде меңгерту үшін әр түрлі жұмыс түрлерін іске асырған жөн. Мұғалім күнделікті сабаққа мұқият дайындық жүргізіп, әр түрлі методикалық әдебиеттерді пайдаланып отырса, оқушылардың оқу материалдарын сапалы да берік меңгеруіне негіз қаланады.5) Теорияны практикамен байланыстыру принципі. Бұл принцип оқушының қазақ тілінен алған теориялық мәліметін сөйлеуде қолдануға жаттықтыруды көздейді. Оқушылар осы алған білімдерін кеңейте отырып, оны күнделік өмір қажетіне жаратады. Оқушыларға диалогтық сөйлемді меңгертумен бірге монологтық сөйлеу де үйретіледі. Сонымен бірге ауызша және жазбаша тілін дамытуға, жылдам әрі саналы, мәнерлеп оқуға, әр түрлі баяндамалар жасауға және іс-қағаздарының алуан түрлерін жазуға дағдыландырады.

6) Жеңілден ауырға принципі. Бұл принципті кейде түсінуге қолайлылық принципі деп те атаймыз. Бұл принцип оқушылардың жас ерекшеліктерін, білім дәрежесі мен сынып түрлерін ескере отырып, мұғалімнің түсіндіруі, оқулық тілі және оның баяндалу желісі сияқты үш түрлі ерекшеліктері басшылыққа алынады. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімнің анықтамалары мен ережелері, терминдері мен өзіндік белгілері, жасалу жолдары мектеп оқушыларының қабылдау, ойлау сияқты психикалық қасиеттеріне лайықты түсіндіріледі. Жаттығулар да, мәтіндер де, тіл білімінен берілетін мәліметтер де барған сайын күрделініп отыратын сөзсіз.

7) Оқушылардың психологиялық ерекшелігін ескеру принципі.Оқушыларға қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағдылар беруде олардың психологиялық қасиеттері, оқуға бейімділігі, икемділігі мен дайындау дәрежесі ескеріледі.

3. Қазақ тілін оқытудың психологиялық негізі. Қазіргі кезеңдегі психология ғылымы бойынша психологиялық процестер әрекет арқылы дамиды деп саналады. Бұл көзқарасты алғаш психолог Л.С.Выготский ұсынған. Кейін бұл ғылыми қағиданы оның оқушылары А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия т.б. дамытты. Тіл – адамдардың қарым-қатынасының құралы болғандықтан, осы қызметін атқаруда ол – әрекеттің ерекше түрі болып саналады. Тілдің қарым-қатынас қызметі байланыстырып сөйлеумен тікелей қатысты. Ал байланыстырып сөйлеуге үйрету тілдік материалдарды оқыту, оқушының сөздік қорын молайту, тілдің грамматикалық құрылысын, яғни грамматиканы оқыту арқылы жүзеге асады. Психологияда тіл адамдардың қарым-қатынастарында қолданылатын таңбалардың жүйесі болып танылады. Ол таңбалар – дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөздердің түрленуі, бір-бірімен байланысады. Әрбір сабақтың мазмұнына қарай оқыту әдіс-тәсілдерін таңдауда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Демек, оқушы оқу материалын терең түсініп, саналы меңгеру үшін, оның ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтай білуі қажет. Оқушыда тілдік таңбаларды орынды, дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру керек.

Психолог С.Л.Рубенштейн: «Дағды саналы түрде автоматтандырылған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматтанған тәсілі ретінде қызмет атқарады» - дейді.

Тіл меңгеруде ес процесінің атқаратын қызметі ерекше. Психологтар естің екі түрін ажыратады: ұзақ сақталатын ес және аз сатқталатын ес. Тілді меңгеруде және сөйлеу үшін екеуінің де маңызы зор. Сөйлеуге қажетті тілдік тұлғалар алдымен аз сақталатын ес арқылы қабылданады, кейін барып, жаттығулар, қайталаулар арқылы ұзақ сақталатын ес арқылы есте жақсы сақталады. Тілді үйренуде оқушының қабылдау процесінің қызметі ерекше. Психологтар қабылдаудың мынадай түрлерін белгіленеді: көру, сезу, есту. Тіл үйретуде есту және сөйлеу қабылдаудың орны бөлек.

Мектепте оқу-тәрбие процесінде ең қажетті нәрсенің бірі - әр мұғалімнің психологиялық жағынан дайындығы. Қазақ тілі мұғалімі сабақты психологиялық жағынан тартымды етіп құру үшін, төмендегі жағдайларды ескеруі шарт.

- Сабақтың тақырыбының нақтылығы, түсініктілігі, оны мұғалімнің түсіндіру шеберлігі.

- Мұғалімнің білім деңгейінің тереңділігіне оқушының сенімі.

- Оқушылардың мұғалімге деген жақсы көзқарасы, мұғалімнің оқушылар алдындағы абыройы.

- Мұғалімнің сабақ кезінде оқушының зейінін билетіп өзіне, сабаққа аудара білуі.

- Мұғалімнің сабақта оқушыларды іске ұйымдастыру қабілеті, оқушының бәрінің іспен шұғылдануын қамтамасыз етуі.

Наши рекомендации