Педагогикалық шеберлік психологиялық-педагогикалық проблема ретінде
Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді.
Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор.
Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді. Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінің кұрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандықтан, оның мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Тек жанашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің маңдай алды азаматтары, өз ісінің шеберлері К. Нұрғалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжүнісов, еліміздің бір туар тұлғалары Р. Нұртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірақ, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыққа жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.
Педагогикалық шеберлік ұғымына қатысты педагогикада әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бұл ұғымды әр педагогтар өздерінше қарастырады. Жаңа дәуір педагогы А.Дистервег педагогикалық шеберлікті шынайы оқыту, істі білу, өз ісін, және оқушыларды жақсы көру, педагогикалық қабілеттерден құралады дейді.
Педагогикалық шеберлік – кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік ұйымдастыруды жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттер кешені. (И.А.Зязюнь)
Педагогикалық шеберлік - қоғамның әлеуметтік мәдениеттік құндылықтарын шығармашылық тұрғыда меңгерудегі жеке тұлғаның рухани-адамгершіліктік, интеллектуалдық дайындығын бейнелейтін және кәсіби іс-әрекетте білім, іскерлік, дағдылардың шығармашылық тұрғыда қолдана алудағы практикалық дайындығын қамтитын жеке тұлғалық қасиеттері. (И.П.Андриади).
А.И. Щербаков педагогикалық шеберлікті – ғылыми білім, іскерлік, дағдылардың, әдістемелік өнер және мұғалімнің тұлғалық сапаларының синтезі деп көрсетеді.
А.И.Щербаков педагогикалық шеберліктің қалыптасуына тұлғаның өзінің толық мәнді қалыптасуы да әсер етеді деп көрсетеді. «Педагогикалық шеберліктің қалыптасуының алғышарты мен негіздері жалпы тұлғаның өзіндік қалыптасуы»,- деп жазып кетеді.
Н.В. Кузьмина шеберлік деп маманға ситуацияны сәтті зерттеуге мүмкіндік беретін кәсіби білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, осы ситуациядан шыға отырып, кәсіби міндеттерді құрастыруы, оларды ғылым мен өндіріс мақсаттарына сәйкес шеше алуы деп көрсетеді. Ол шеберліктің құрылымы кәсіби білім, іскерлік, дағыдалар және оларды меңгеруі деп анықтайды.
Ю.П.Азаров педагогикалық шеберлік негіздері балаларды тәрбиелеу заңдылықтарын білу деп көрсетеді. Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері «сезімдер мен техниканың өзара әсерлесуі педагогтың тұлғаға образды эмоциянальды ықпалына әкеледі. Бұл біртұтастық – шеберліктің күші. Сезім мен техниканың арасындағы қашықтағы шекті жеңу шеберлікке жету жолы»,- деп пайымдайды.
В.А.Сластенин бірқатар кәсіби іскерліктердің жоғары деңгейлі дамуы шеберлікті береді дейді. «Теориялық білімдер және оларға негізделген іскерліктер – барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық шеберліктің объективті мазмұны және ең бастысы»,- дейді. Мұғалімнің шеберлігі - педагогикалық процестің жоғары тиімділігін анықтайттын тұлғаның тұлғалық-іскерлік сапалары мен қасиеттерінің синтезі.
Н.Н.Тарасевич «Педагогикалық шеберліктің мәні - кәсіби іс-әрекеттің жоғары деңгейіне қажетті мұғалімнің тұлғалық сапаларының кешені деп қарастырады. Педагогикалық шеберліктің құрылымы мұғалім тұлғасының педагогикалық бағыттылығы, кәсіби білімдер (педагогикалық шеберліктің қалыптасуының фундаменті), педагогикалық іс-әрекетке қажетті қабілеттер, педагогикалық техника.
В.Г.Куценко «Педагогикалық шеберлікті біртұтас әлеуметтік-психологиялық тұтастық ретінде қарастырады, ол белгілі бір, өзара байланысқан және өзара мәндескен компонентерден тұрады, өз кезегінде ол жүйенің арнайы құрамадас бөлігі».
Педагогикалық шеберліктің мәні – әлеуметтік-психологиялық тұтастық, яғни ол педагог тұлғасына қатысты.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы психологиялық –этикалық эрудиция, тұлғаға қажетті сапалар жатады.
Педагогикалық шеберлік кәсіби іс-әрекетті ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлға сапаларының кешені. (Н.А.Морева). Педагогикалық шеберлік оқытушының кәсіби бағыттылығына тікелей тәуелді кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығынан құралады. Педагогикалық шеберлік мұғалім тұлғасының белгілі бір сапаларының жиынтығы, олар мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығының жоғары деңге йімен, әр түрлі педагогикалық ситуацияларда жылдам шешім таба алуына негізделеді.
Педагогикалық шеберлік негіздері – педагогикалық техника. Педагогикалық шеберлікті «мақсаттар ағашы» ретінде қарастыруға болады, олардың әрбіреуін шешу (мақсаттарды) жиынтығы педагог өнерін дамытады.
Педагогикалық шеберлік педагогтың кәсіби іс-әрекетінде байқалады. Педагогикалық шеберлік – ол қозғалыстағы жүйе, себебі онда қоғамда жеке тұлғаның объективті және субъективті жағдайлары жеке тұлғаның ерекшеліктері бейнеленеді.
Педагогикалық шеберлік негізі бұл адамның жеке басының таланты мен осы талантты дамытуға бағытталған қажырлы еңбегі болып табылады. Әрбір маман шебер болып туа бермейді, бірақ еңбектену барысында шебер болуға болады. Мұғалім мамандығының басты ерекшелігі оның үнемі үлгі-өнге бола білуінде. Сондықтан нағыз мұғалім болуы үшін үнемі шеберлікке ұмытылып отыру керек. Шебер мұғалім атанудың алғашқы қадамы -жоғары оқу орынында басталады, студент өзінің пәнін жетік білуі керек, яғни теориялық материалды терең меңгеруге және оны нақты практикада орындай алуға дағдылануы қажет.
Педагогикалық шеберлік неге негізделеді, оның компоненттері қандай?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерінің бірі білім, іскерлік, дағдылар – олар өз кезегінде шеберліктің негіздері болады.
Білім, іскерлік, дағдылардың кәсіби-педагогикалық мазмұнының құрамдас бөліктері:
1. Кәсіби педагогикалық білім
2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру тәжірибесі;
3. Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық тәжірибесі.
4. Педагогтың қалыптасқан тұлғалық сапаларының болуы.
Көріп отырғанымыздай педагогикалық шеберлікті зерттеушілер арасында ортақ пікірдің жоқтығын байқауға болады. Бір авторлар - педагог тұлғасының сапалық ерекшеліктері десе, екіншілері - білім, іскерлік, дағдылар, үшіншілері – сапалық ерекшеліктер мен білім, іскерлік, дағдылардың жиынтығы, төртіншілері – тұлға сапалары мен кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру деңгейі деп қарастырады.
Келесі бір авторлар педагогикалық шеберліктің құрылымы төмендегідей компоненттерден құралады деп көрсетеді
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық– қызығушылығы, құныдылықтар жүйесі, идеалы;
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық - тәрбиешілердің, мүғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.
Л.Н.Толстой былай деген болатын:
"Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мүғалім". Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар мыналар:
өзін шебер педагог ретінде танып білу.
педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.
балаларға, балалар ұжымына деген сүйіспеншілік- ынтымақтастық бейімділігінін болуы.
педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік стратегиясының, тактикасының болуы
-Кәсіби білім – педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, арнайы, жалпы базалық білімідері;
Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі - кәсіптік білім. Мүѓалімнің кәсіптік білгірлігі - біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшелігі оның комплекстігінде: оған білім мазмүны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принциптері жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстігі ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип-тәртіпті қальштастырады.
Кәсіптік білім - теориялық, технологиялық, єдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көребіледі.
-Педагогикалық қабілеттер – коммуникативті, перцептивті, эмоциональды тұрақтылық, жоспарлау, жабалау, креативті, аналитикалық және т.б. іскерліктер
- Педагогикалық техника – мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерлігі (жест, мимка, понтолмимика, поза т.б.) және өзара әрекеттесу іскерлігі (педагогикалық қарым-қатынас орната алуы, кері байланысқа түсе алуы т.б.).
Педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы. (А.П.Черняевская)
Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:
1) Өзін-өзі басқару іскерліктері;
2) Ұжыммен жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері.
1) Өзін-өзі басқару іскерліктері құралады:
- өз денесін басқара алу (физикалық денсаулық, мимика, понтомимиканы бақылай алу, төзімділік );
- эмоциональды жағдайын басқара алу (жағымды эмоциональды көңіл-күй, эмоцияларды білдіре алу т.б.);
- әлеуметтік перцепцтивті қабілеттер (зейін, әлеуметтік сезімталдық – басқалардың көңіл-күйін сезіне алу және олардың себептерін білу және қабылдау);
- сөйлеу техникасы (дауысты қою, дем алу, сөйлеу темпі мен тембірін басқара алу, дикция)
2) Ұжыммен және жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері құралады:
- дидактикалық іскерліктер;
- ұйымдастырушылық іскерліктер;
- коммуникативті іскерліктер;
- талап қою іскерліктері;
- бағалау іскерліктері;
- конструктивті іскерліктері;
- педагогикалық қарым-қатынасты басқару іскерліктері
Педагогикалық техника - мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерліктері мен өзара әрекеттесу іскерліктерінің жиынтығы.
Мұғалім шеберлігін зерттеу барысында әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық өзара әсер ету тәсілдерінің алар орны ерекше екенін байқалады. Мұғалімнің өзара әсер ету тәсілдерін педагогикада педагогикалық техника қарастырады. Мұғалім өзіне әрқашанда оушыларды белсенді танымдық жұмысқа жұмылдыра алу іскерлігін, ұжыммен, жекелеген оқушымен жұмыс жасай алу іскерліктерін, өз көңіл-күйін, мимикасын, дауысын, қозғалысын басқар алу іскерліктерін меңгере алу іскерліктерін меңгере алу қажет.
Педагогикалық техникалық қарым-қатынас жасау формасы - мүғалімнің іштей ұйымдастырылған сөз әрекеттерімен сырттай ұйымдастырылған ым-ишара, дене қимылы әрекеттерімен ұштасып отырады.
Негізінен педагогикалық техника екі топ компоненттерінің сөйлесуімен жүзеге асырылады.
Бірінші топ компоненттеріне жататындар: өз дене құрылыс пітімін қимыл-қозғалысын басқара білу, келбет-пішінін, қас-қабағы, көңіл-күй сезімімен мақұлдауын, не құптамауын білдіру, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен дикция-сымен қатынасты үйлестіре білу, әлеуметтік байқағыштық, өз қиялын басқара білу.
Екінші топ компоненттеріне жататындар: оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастыра білушілік, конструктивтік техникасының болуы. Жеке адамға, ұжымға ықпал ете білу коммуникативтік білгірлік, шығармашылық жұмыс ұйымдастыра білу.
Сондықтан педагогикалық техника дегеніміз - сөз және сөйлеудің басқада құралдары арқылы: адамның келбет-пішіні, дене қимылы басқада да ұйымдастыру формалалары арқылы іс-әрекет қатынасын жүзеге асыру жолдары болып табылады.
А.С.Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыњды, жүрек сезіміңді ұққандықтан ғана қабылдамайды сені көргендіктен, сені естігендіктен де қабылдайды". Демек, мүғалімнің іс-әрекет техникасы - оны ішкі рухани ой-сезім мәдениетінің көрінуімен бірге эстетикалық әсерлілігімен сырттай көзге түсуінің бірігуі, яки сөйлеу және сөйлеуден тыс қатынас формаларының бірігуі.
Мұғалімдердің негізгі міндеттері аталған педагогикалық техникалық іскерлік қатынас формаларын қолдана білу, әдетте мектепке жаңа келген жас мұғалімдердің уақытша сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі - педагогикалық техникалық іскерлік қатынастарды толық меңгермегендіктерінен болады. Мысалы, сөйлегенде сөйлеу мәнерінің болмауы, дауыс ырғағының біркелкі болмауы, дене қимыл-қозѓалысын дұрыс бағыттай алмауы, жүрсе - ұзақ жүріп кетуі; тұрса ұзақ тұрып қалуы, сөйлегенде дене қимылын, мимикасын қатыстыра алмаушылық, кейде жылдам сөйлеп, кейде тым баяу сөйлеушілік, дауыс ырғағы дикциясының дұрыс үйлеспеуі т.б. Осы сияқты кемшіліктер - оқушыға нәтижелі әсер ете білу өнерінің төмендігін көрсетіп, сабақтың тартымды болып өтуіне кері әсерін тигізеді.
Өз сезімін (эмоциясын) басқару. Эмоциялар психикалық сфераға қатысты адам эмоциясы өте күрделі процесс әрі объективтік шындықтың бейнеленуі ретінде қабылданады. Ол әрдайым адамның белсенді қызметімен байланысты туындап жүзеге асады. Соңғы кезде сезім мәдениеті проблемасының маңызы артты. Бұл өзінің эмоциясын, кез-келген ситуацияда мінез-құлқын басқара білу және басқа адамның орнына қоя білу. Басқа адамныњ сезімін бағалау және құрметтеу. Педагогикалық қызметте әрбір баланың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі сенімсіз балаларға айрықша көңіл аударып, оқушылардың нерв жүйесінің жеткілікті қалыптаспаѓанын ескере отырьш, олардың көңіл-күйінің, белсенділігінің жоғары болуына мүмкіндік туғызу керек. Адамгершілік сезімді қалыптастыру жеке жағымды қасиеттерге тәрбиелеумен бірге өзін-өзі тәрбиелеумен ұштасады. Әр адам жағымды эмоциялардың қажеттігін түсініп, әркім өзінің мінез-құлқын, әрекетін бақылай білуді үйрену керек. Жағымды эмоцияны тәрбиелеуде мұғалімнің, ата-ананың, ересектердің достардың сөздерінің алатын орны ерекше. Сөз жеке адамға әсер ететін қуатты фактор. Адамдарға сөзбен ықпал ете білуді үйрену, сергектік,ықыластылықќа байланысты. Ықыласты, сезімтал сергек адам өзіне де, басқа адамѓа да эмоциялық әсер етіп, балаларды қуанышты көңілді сезімге тәрбиелей алады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып басқаруда мұғалімдердің ең алдымен өз эмоциясын дұрыс басқарып, одан кейін оқушыларды жаѓымды эмоцияға тәрбиелеудің үлкен маңызы бар. Тәжірибеде кейбір педагогтар оқушылар алдында кей уақыттарда өз эмоциялық сезімін басқара алмаушылығы, бет әлпетінен бұлшық еттерінің ұнамсыз рең беруі байқалады. Мұндай жағдай әсіресе жұмысын жаңа бас-таған жас мұғалімдер арасында жиі кездеседі. Олар оқушылардан басқа адамдармен де алғашқы кездесіп сөйлесуінде де абыржушылық, қысылушылық байқалып бет реңінен сезіліп тұрады. Бүл олардың тәжірибесінің аздығынан. Сондықтан педагогтар әсіресе жұмысын жаңа бастаған жас мұѓалімдер өзін-өзі басқаруға, өз сезімін өзі меңгеруге дағдыланып дайындық жасау керек. Ол үшін өзін-өзі жат-тықтыру жұмысымен шүғылданѓаны жөн. Ондай жаттығудың түрі өзін-өзі дайындаѓаны жөн болады, бұл жаттығу өзін-өзі реттеу жаттығуы. Мысалы:
Сіз әрқашанда ұстамды, байыптысыз ба?
Сіздің көңіл-күйіңіз біркелкі ме?
Үйде, аудиторияда, қызмет үстінде сіздің зейініңіз бірқалыпты шоғырланған ба?
Сіз өз сезіміңізді өзіңіз басқара аласыз ба?
Сіз жақын адамдарыңызбен, жолдастарыңызбен ықылас, қошеметті қалайсыз ба?
Сіз оқыѓан материалды тез меңгере аласыз ба?
Сізде алшақтауды қажет ететін қандай қолайсыз дағды бар?
Сіздің кейбір жағдайларда дұрыс істемеген жұмыстарының болды ма?
Міне, осы сұрақтарға "ИӘ", "ЖОҚ" деген сөздермен жауап беру керек. Егер "ИӘ" деген жауап басым, көп болса, сіз өз сезіміңізді басқара алғаныңыз. Егер "ЖОҚ" деген жауап көп болса сіз өз сезіміңізді басқара алмағаныңыз. Егер "ИӘ", "ЖОҚ" деген жауап бірдей болып келген жағдайда сіз өз сезіміңізді басқару үшін, көп жұмыстар істеулеріңіз қажет.
Педагогтың оқу-тәрбие процессі үстінде, аудиторияда, сынып оқушылары алдында өз дене бітімін, қозғалыс-қимылын дұрыс бағыттап ұстап білуі педагогикалық шеберлік тәсілдерін жүзеге асыруға байланысты. Дене бітімін бір қалыпты сымбатты, тұрақты ұстаған мұғалімнің өз ісіне сенімді, ойы тиянақты, айтатын сөзін абыржымай тиянақты мазмұнды бере алатындығын сипаттайды. Өз күшіне, өз біліміне, өз іс-әрекеттеріне сенімділігін білдіреді.
Сондықтан да мұғалім сабақ үстінде дене бітімін тік дұрыс, сымбатты ұстау керек. Әрі-бері орынсыз қозѓалып жүре бергеннен сақтану керек және бір жерде ұзақ тұрып қалуға да болмайды. Сабақ үстінде қақырыну, түкіріну, сіңбіру, өте мәдениетсіздікті байқатады, олар мұғалім үшін өте жат. Отырғанда да екі аяқ арасының аса алшақ болуы дүрыс емес. Мұғалімнің қимылы психологиялық мәнерде болу керек. Қолайлы көңілді кездерде қолыңды кеудеңе келтіріп қошемет көрсету, сыныпќа кіруде, шығуда қолданылуы көңілге жайлы тиеді. Дене қимыл-келбетін ұстай білуге жаттығу үшін физкультура спортпен шұғылданған жөн. Сол сияқты өзін-өзі қабырғада тұрып жаттықтыру және өзіне-өзі оқушы көзімен қарау керек. Мысалы, сөйлер алдында бір қадам ілгері басу оқушылардың зейінін өзіне тартатын болса, бір қадам кейін шегіну азѓана тыныстауды демалыс қалпын ұйғарады.
Келбет - бет пішінді байқатады. Мұғалімнің келбеті -көзқарасы, қас-қабақ қағысы, көзқарасы адамның ішкі сезім, ой дүниесінен көп хабарлар етеді. Келбет өзіңнің ойыңды, сезіміңді көңіл күйіңді білдіретін өнер.
Оқушы сенің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойыңды, мақұлдауыњды, не мақұлдамауыңды, қолдамауыњды, не қолдауыңды танып біледі. "Көз -көңілдің ажары" деген мақал осы сияқты жайыттарды аңғартады. Күлімдеп сөйлеу, көздің кішіреюі дене қимылымен жымдасып, қуанышты жағдайды, қошеметтеуді білдірсе, көзді бадырайта қарау, қабақты керу, бет бұлшық етін бедрейту қоштамауды, мақұлдамауды, істің дұрыстығына шүбә келтіруді көрсетеді.
Мұғалім сыныпта сабақ үстінде оқушыларды тегістей көзбен шолып карауға, барлығын көз алдына ұстауға дағдылану керек. Көзбен сынып оқушыларымен байланыс жасап отыру керек. Көзбен оқушыны бейсауат іспен шұғылдануға мүмкіндік бермейтіндей етіп өзіңе көзбен тартып отыру керек.
Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді. Дене қозғалыстарына жест, поза, понтомимика, мимика және т.б. жатады.
Понтомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды.
Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді.
Бейнелеуші жестер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды. Мұғалімнің сабақ барысында қол қозғалысымен әр түрлі бейнелерді жасауы.
Психологиялық жестер – сезімді білдіреді. Мысалы, құптау, ишара білдіру, келіспеу және т.б. білдіретін жестер. Мұғалімнің қарым-қатынасы барысында бейнелеуші жестерден қарағанда псхологиялық жестер көбірек болуы тиіс. Олар берілетін ақпараттың мәнділігіне, ұғынықтылығына әсер етеді. Жест әрқашанда өз орынымен, белгілі бір нормадан шықпауы керек. Қарым-қатынасқа түскенде тым көп қол сермеуді қолдану оқушы зейінінің ауытқуына әкеліп соқтырады және де эстетикалық жағынан да әдемі болып көрінбейді.Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері. Мұғалімнің бет әлпеті тек мимикаларды білдіріп қана қоймай, сонымен бірге оларды жасыра да алуы керек.
Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды.
Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.
Мұғалімнің сыртқы бейнесі.Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын. Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы
Оқушылар өздерінің мұғалімдерінің қаталдығын, талапкершілдігін кешіре алады, бірақ өз ісін нашар білетіндерді ешқашан кешіре алмайды. Олар педагогтың нақты білім, білігін, бойындағы өнерін, шебер қолдарын, жұмысқа деген жігерін, айқын ойын, тәрбие жөнінен біліктілігін өте жоғары бағалайды. Макаренко А. С. былай деген еді: «Мен тәжірибе арқылы мынадай шешімге келдім, сұрақты тек біліктілікке негізделген шеберлік арқылы ғана шешуге болады».
Педагогикалық өмірбаян әр мұғалімнің даралығын көрсетеді. Кез-келген мұғалім бірден шебер болып кете алмайды. Кейбіреуі, өкінішке орай, орташа мұғалімнің қатарында қала береді. Ал кейбіреулерінде шеберлікке жетуіне жылдар кетеді. Шебер, өзгертуші, жасампаз болу үшін мұғалім педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен механизмдерін игеруі қажет. Бұл педагогикалық жүйеде ойлауға, әрекет етуге мүмкіндік береді, яғни, педагогикалық құбылыстарды өздігінен талдауға, оларды құрамдас бөліктерге бөлуге, әр бөлігін ой елегінен өткізуге, оқыту және тәрбиелеу теориясында қарастырылып отырған құбылыстың логикасына сәйкес идеяларды, қорытындыларды, қағидаларды табуға, құбылысты дұрыс диагностикалауға, оның қандай педагогикалық-психологиялық санатқа жататынын анықтауға, негізгі педагогикалық міндетті (проблеманы ) және оны ұтымды шешудің тәсілдерін табуға көмектеседі. Кәсіптік біліктілікті игеру, жетілдіру және педагогикалық қызметтің құрылымын және онымен байланысты теориялық білімдер жүйесі мен практикалық білік, дағдыларды нақты көз алдымызға елестетуіміз керек.
Педагогикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай (Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков және басқалары), оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің педагогикалық қызметінің өзара байланысты төмендегі түрлері бар:
1. диагностикалық;
2. бағдарлы-прогностикалық;
3. конструкторлық-жобалау;
4. ұйымдастырушылық;
5.ақпараттық-түсіндіруші;
6. коммуникативтік-ынталандырушы;
7. талдау-бағалау;
8.зерттеуші-шығармашылық;
Кәсіптік шеберлікке мұғалім өз қызметінде тек теорияға сүйенген кезде ғана жете алады. Әрине, бұл жолда оған көптеген қиындықтар тосқауыл болады. Ең алдымен, ғылыми теория- бұл жалпы заңдардың, қағидалардың, ережелердің ретке келтірілген жиынтығы, ал тәжірибеде қолдану үшін теориялық ойлаудың кейбір дағдыларының болуын талап етеді, алайда, бұл дағды барлық мұғалімдердің бойынан бірдей табыла бермейді. Екіншіден, педагогикалық қызмет-бұл білімдер топтамасына (синтезіне) сүйенген (философиядан, педагогикадан, психологиядан, әдістемеден және т. б.) толық үрдіс, алайда, мұғалімнің білімдері «сөрелер» бойынша бөлінген, яғни, жинақталған білік деңгейіне жеткізілмеген, бұл педагогикалық үрдісті басқару үшін қажет. Бұл өз кезегінде төмендегідей жағдайға әкеледі: мұғалімдер көп жағдайда, педагогикалық білікті теорияның ықпалымен игермейді, оған тәуелсіз, педагогикалық қызмет жөніндегі, тұрмыстық, ғылымға дейінгі түсініктер негізінде игереді.
Азіргі білім жүйесі жағдайындағы мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасы және оның педагогикалық шеберлікке тәуелділігі
Педагогикалық қызметтің әр қадамын шығармашыл, қайталанбайтын және үнемі жаңа болуын талап етуге болмайды. Бірақ педагогикалық нормативтердің кері әсері де үлкен. Репертуарлық, жанама, педагогикалық теорияға деген жек көрініштілік, педагогикалық ойлаудың догмалылығы, педагогикалық ұстанымға жоғарыдан түскен нұсқау, өзгенің іс-тәжірибесін қабылдау-міне, келеңсіз құбылыстардың толық емес реті, бұл диалектикалық табиғатты білмей нормативтерді игеру деген сөз. Мұғалім қызметінде педагогикалық ғылымнан тартылған жіптер өзара түйіседі, ең соңында, барлық алыңған білімдер іске асады.
Педагогикалық қызметтің дамуының жоғары деңгейін, педагогикалық технологияны игергенін сипаттай отырып, педагогикалық шеберлік педагог тұлғасын, оның тәжірибесін, азаматтық және кәсіптік ұстанымын сипаттайды. Мұғалімнің шеберлігі- бұл тұлғаның тұлғалық- іскерлік сапасы мен ерекшеліктерінің синтезі, ол педагогикалық үрдістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
Балалармен қарым-қатынас жасау – бұл толассыз шығармашылық. Бір сабақтын өзін ғана сәл еске түіріңізші. Мұнда балалармен дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, проблемелар туындайды десеңізші. Осының барлығы қас-қағым сәтте ойластырылуы тиіс. Міне сондықтанда педагогикалық қарым-қатынас - әрине, шығармашылық. Оның өзі қалайша нақты көрінеді.
Біріншіден, сіздер өздеріңіз жақсы сезіп отырғандай, қарым-қатынас шығармашылығы ақпаратты бере білуде көрінеді: оны әңгімелесушіге дәл бағыттап, айқын бейнелі сөзді таба білуде. Сабақта ақпаратты сұрыптаудың, құрудың және оны берудің осындай шығармашылығы болмасын делік – сонда бірден оның тартымдылығы жоғалып, іш пыстыра бастайды.
Ал балалармен өзара қатынасты ұйымдастыруда шығармашылық қалай көрінеді? Тек шығармашылық ғана өзара қатынсаты сапқа тұрғызудың, дамытудың күрделі өнерінде аса маңызды бола түседі. Өйткені біздің балалармен іскерлік әрекетіміз өзара қатынастың «көп қабатты сарайын» тұрғызудан басталады. Тек өзра қатынса қана көп жағдайда балалардың біздің пәнге, мектепке, сыныпқа деген көзқарасына ықпал ететінін ұмытпаған жөн.
Балалармен қарым-қатынас жасаудың психологиялық дәл жолын қалай табуға болады, қарым-қатынса арқылы нысаналы педагогиклық ықпалды қалай ұйымдастыруға болады?
Балалармен әңгімелескенде әрекет ету жүйесін стандартсыз құруды үйрен – оның жеке басының жай-күйін, жалпы психологиялық жағдайын, ең ақырында, өзінің жеке педагогикалық дербестілік ерекшелігіңді ескер.
Педагогтың қарым-қатынас жасау шағармашылығындағы тағы бір жағдай – бұл шығармашылығының өздігінен-реттелетін процесі: өзінің психологиялық күінді меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңу, өзінің шығармашылық сезімінді шабыттандыру, әр қашан шат көнілді, әрі оптимист бола білу. Педагогтың көңіл-күйі топқа бірден әсер ететінің сіздер, сірә, байқаған боларсыздар. Осыны есте сақтаңыздар, өзіңе билік жүргізе білуді үйреніңіздер.
Педагогикалық қарым-қатынас қандай функцияларды жүзеге асырады? Қарым-қатынас жасаудың алуан түрлі барлық функцияларын ақпарат беруге, қарым-қатынса пен өзара түсінісу процесінде басқа адамның жеке басын тани білуге арналған міндеттерге жатқызуға болады.
Практикадағы студенттерде және жас педагогтарда байқалатын ең көп тараған қателіктер қандай? Мәселе сонда, олар қарым-қатынасты тұтастай ұйымдастыра алмайды да, оның белгілі бір функциясын ғана жүзеге асыруы мүмкін. Мәселен, сабақтағы өзара әрекеттің аса маңызды және өте мәнді функциясы – ақпарат формасын жете ұйымдастыруға көңіл бөледі. Міне сондықтанда жас педагогтар сабақты жоспарлағанда ең алдымен ақпаратты беру жүйесін ойластырады да, жоғарыда аталған басқадай қарым-қатынас функцияларын ескермейді. Соның салдарынан: сабақ конспектісі, көрнекі материалдар әзір болып, педагог жақсы даярланып, материалды толық игергенімен сабақ ойдағыдай өтпейді. Мұндай жағдайда біз топпен байланыс жоқ дейміз. Өте дұрыс, бірақ дәлірек айтқанда – педагогикалық қарым-қатынастың тұтас процесі жоқ. Танымдық ақпарат болғанымен, ол өзара қарым-қатынаспен нығайтылмағандықтан, мұның өзі жеке адамдар арасында өзара әсер туғызбайды.
Мәселен, оқыту процесін ұйымдастыру кезіндегі қарым-қатынас функциясын толығырақ талдап көрелік. Қазіргі кезде оқыту барысындағы өзара әрекетте қарым-қатынастың ақпараттық функциясы туралы жиі айтылып жүр. Оны жүзеге асырудың алуан түрлі әдісі жайлы көптеген теориялық және қолданбалы еңбектер жарық көрді. Дегенмен қарым-қатынас функциясы едәуір ауқымды.
Қарым-қатынасты оқытудың оқу функциясын жүзеге асыру балыйша қамтамасыз етіледі:
- педагогтың балалармен нағыз психологиялық байланысы;
- педагогтың балалармен оқыту процесін оқу әрекетіне айналдыру;
- оқытудың қолайлы жағдайларын қалыптастыру;
- ұжымдық танымдық ізденіс пен бірлесіп ойластырудың психолгиялық жағдайының пайда болуы;
- оқу процесінде жеке адамның өз бетінше жүзеге асыруы және өзінің шығармашылық ойын айқындауы тиіс.
Қарым-қатынасты оқытудың тәрбиелік функциясын оқу былайша қамтамасыз етіледі:
- оқу процесінде педагог пен балалардың психологиялық байланысы негізінде тәрбие қарым-қатынасы жүйесін орнату;
- оқу әрекетін ойдағыдай қамтамасыз ететін педагогикалық қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру;
- жеке адамның тұтастай танымдық бағытталушылығын қалыптастыру;
- оқу әрекеті процесінде (танымдық, жас ерекшелік, эмоциялық, дидактикалық т.б.) психологиялық кедергілерді жеңу;
- балаларға тұтастай комплексті тәрбие ықпалын жүзеге асырудың мүмкіндігі;
- балалар ұжымындағы өзара қарым-құатынасты ойдағыдай қалыптастыру.
Қарым-қатынасты оқытудың дамушы функциясы былайша жүзеге асырылады:
оқу әрекетінде жеке адамның жан-жақты тұтастай дамуының әлеуметтік-психологиялық негізін орнату;
жеке адамның дамуының қозғаушы күші ретінде көрінетін қарама-қайшылықтың диалектикалық жүйесін орнату;
жеке адамның өз ойын жасырмай айтуына және өзінше дамуына ықпал ететін, әрі мүмкіндік беретін психологиялық жағдай орнату;
қарым-қатынас процесінде жеке адамның дамуына бөгет жасайтын әлеуметтік-психологиялық факторларды меңгеру.
Байқап отырғанымыздай, қарым-қатынастың педагогикалық репертуары әр алуан екен, бірақ мұны педагогтар әрдайым ескере бермейді.
Педагогикалық кызмет пайда болуы объективті негізге ие. Егер жас ұрпақ атадан тарап келе жатқан шығармашылықты пайдаланбағанда қоғам әрі қарай дами алмас еді. «Педагог» деген сөздің этимологиясы да қызық. Қазіргі сөздіктерде тәрбиеші біреудің тәрбиесімен айналысатын және оның дамуы мен өмір жағдайларына жауап беретін адам ретінде қаралады. «Мұғалім» сөзі кештеу пайда болған сияқты, себебі белгілі бір білім мен іскерлікті игеруге бағытталған адамдардың арнайы іс-әрекетін ұйымдастыру қажет болды. Бұндай іс-әрекет оқыту деген түсінікке ие болды.
Ежелгі Вавилонда, Египетте, Сирияда мұғалімдер ең алғашқыда жрецтер болды, ал Ежелгі Грецияда – мұғалімдер өте ақылды, талантты азаматтардан алынды: педономдар, педотрибтар, дидаскалдар, педагогтар. Ежелгі Римде император мұғалім ретінде мемлекеттік лауазымдағы адамдарды, ғылымды жақсы білген, саяхатшыларды, көп көргендерді қойды, яғни бұндай адамдар басқа халықтың тілін, салт-дәстүрін білетін адамдар. Ежелгі қытай жазбаларында біздің эрамызға дейінгі XX ғасырларда елде халық ағарту ісімен айналысатын министрлік болғаны айтылады.
Педагогикалық кәсіптің пайда болу кезеңінен бастап оларға тәрбиелік функция үлкен мүмкіндіктер берді.
Мектеп алдында тұрған міндеттер қоғамның кезеңдеріне байланысты ауысып отырды. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат оқыту мен тәрбие егіз екенін айтады. Көрнекті мұғалімдер әр халықта әр кезеңде болған. Ұлы мұғалім ретінде қытайлықтар Конфуцийды айтады.
Чех педагог-гуманисті Ян Амос Коменский педагогиканы алғашқылардың бірі болып теориялық білімнің жеке бір саласы ретінде дамыта бастады. Мектепке арнап көптеген оқулықтар мен 260-тан астам педагогикалық шығарма жазды. Бүгін де әр мұғалім сабақ, сынып, демалыс, оқыту деген сөздерді қолданғанда чех педагогының есімін еске алады. Ян Амос Коменский мұғалім кәсібіне жаңа көзқарасын дәлелдейді. Бұл мамандықты бақташымен, архитектормен, скульптормен, полководецпен салыстырады .
Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци өзінің барлық жинаған байлығын балалар үйін салуға жұмсады. Ол барлық өмірін жетім, тастанды балаларға арнады.
Ресейдің ұлы педагогтарының бірі – орыс мұғалімдерінің атасы – Константин Дмитриевич Ушинский. «Ана тілі» еңбегі 167 рет басылып шықты. Константин Дмитриевич Ушинскийдің педагогикалық шығармалары қазіргі күнге дейін ғылыми құндылығы бар .
Антон Семенович Макаренко есімі кең таралған. А.С Макаренконың балалар ұжымы туралы теориясы тәрбиеде үлкен маңызға ие. Ол, тәрбиешінің еңбегі ең қиын еңбек, жауапкершілігі мол және көп күш-жігерді, қабілетті талап етеді дейді.
Адамның белгілі бір мамандыққа қабілеті оның іс-әрекетінің ерекшелігінен және ойлауынан көрінеді. Е.А.Климовтың ұсынған жіктелуі бойынша педагогикалық кәсіп - пәні басқа адам болып табылатын мамандық тобына жатады. Бірақ педагогикалық мамандықты ең алдымен оның қайраткерлерінің көзқарастары мен жауапкершілігі тарапынан таңдайды. Осыған байланысты педагогикалық мамандық жеке топ болып жіктеледі. Оның басқа мамандықтардан негізгі ерекшелігі жеке тұлғаны қалыптастыру, оның интеллектуалды, эмоционалды, дене тәрбиесін басқарып, рухани әлемін қалыптастыру.
Педагогикалық мамандықтың негізгі мазмұны адамдармен өзара қарым-қатынасты құрайды. Педагог мамандығының негізгі міндеті – қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.
Іс-әрекет ретінде оқыту мен тәрбиенің ерекшелігі әлеуметтік басқару жағынан екі құралдан тұрады. Біріншісі, егер жетекшіде басқа адамдармен қатынас орнай алмаса, онда ең негізгі басқару функциясы жоқ дейміз. Екіншісі, бұл мамандық адамнан арнайы белгілі бір салада білім, дағды, іскерлікті талап етеді. Педагог оқушылардың іс-әрекетін жақсы біліп, процестің дамуына дұрыс басшылық жасай алу керек. Осыған сәйкес, педагог мамандығы екі – адамгершілік және арнайы дайындықты қажет етеді. Мұғалім мамандығында қарым-қатынасқа түсе алу негізгі сапалардың бірі. Мұғалімдердің тәжірибесіне зерттеуді жүргізген В.А.Кан-Калик қарым-қатынаста өте жиі кездесетін қиындықтарды атап өтеді. Олардың өзі педагогикалық міндеттерді шешуге қиындық келтіретінін айтады: бағдардың сәйкес келмеуі, сыныптың қорқуы, қатынастың болмауы, педагогикалық қателерден қорқу және т.б.
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі ол гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаттамалардан тұрады.
Гуманистік функция. Педагогикалық мамандықта тарихи екі әлеуметтік функция бар – адаптивті және гуманистік. Адаптивті функция оқушының немесе тәрбиеленушінің қазіргі әлеуметтік мәдени ситуацияның нақты талаптарына бейімделуі, ал гуманистік – жеке бастың дамуымен, шығармашылық даралығымен байланысты.
XIX ғ.ортасының ғалымы, көрнекті педагог, неміс мұғалімдерінің атасы Фридрих Адольф Вильгельм Дистервег тәрбиенің мақсаты – шындыққа, жақсылыққа, сұлулыққа құлшылық ету деген. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мұғалімнің ерекше ролін атап көрсетеді.
Ұлы орыс жазушысы және педагогы Лев Николаевич Толстой педагогикалық мамандықта алдымен гуманистік бастаманы көреді, оның өзі балаларға деген сүйіспеншіліктен тұратынын айтады. Л.Н.Толстой баланың бостандығын оқыту мен тәрбиенің негізгі принципіне жатқызады. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жақсару қажет дейді [9].
XX ғ. 50-60 жылдарында гуманистік тәрбиенің теориясы мен практикасына ерекше еңбек сіңірген – Василий Александрович Сухомлинский – Полтавщинадағы Павлыш орта мектебінің директоры. Мұғалімнің негізгі табысы – оның рухани жан байлығы, сезімі, эмоционалды мәдениетінің деңгейі деп атап көрсетеді .
Батыс педагогикасы мен психологиясындағы қазіргі гуманистік бағыттың негізін салушылардың бірі – Карл Роджерс. Белгілі бір жағдайға бейімделмеген оқушыны тәрбиелеуде мұғалім оның өміріне қиындықтар келтіреді. Ал қоғамның бейімделген мүшесін тәрбиелеуде өзін өзгертуге арналған қажеттілікті қалыптастырмайды.
Ұжымдық сипаттамасы. «Адам-адам» тобының басқа мамандықтарында нәтиже бір маман иесінің іс-әрекет жемісі болып табылса, мысалы, дәрігер, сатушы, кітапханашы, ал педагогикалық мамандықта – тәрбиеленушіге әсер етушілердің педагогтың, отбасының және т.б. еңбектерін атап көрсету өте қиын.