Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы. Дене дамуы денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі ретінде.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Гигиена- 1 және эпидемиология» кафедрасы

Дәріс кешені

Пәні аты: «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы»

Мамандық: 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс: 4

Жыл.

Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде талқыланды.

Хаттама № «_____» ____________ 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., профессор м.а. ________________ Долтаева Б.З.

Кредит

№1

Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні, міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістері. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бойынша дәрігерлер жұмысының мазмұны мен әдістері.

2.Мақсаты:балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәні,міндеттері, мақсаттары, зерттеу әдістеріне кіріспе. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының бойынша дәрігерлер жұмысының мазмұны мен әдістерінетүсінік беру.

3. Дәрістер тезистері:

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы санитарлық-эпедемиологиялық қызметтің құрамына кіреді және гигиена ғылымының өз алдына жеке бөлім болып табылады. Қазіргі кезде медицинаның бұл саласы неден тұрады? Осы салада жетекшілік етіп жүрген екі маманның анықтамасын келтірейік,олар еліміздегі медициналық жоғарғы оқу орыңдары үшін шығарылған екі негізгі оқулықтардың авторлары:

1.«Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ғылыми пән және денсаулық сақтау жүйесінің практикалық саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын нығайтуға бағытталғанпрофилактикалық шараларды негіздеп және оны жүзеге асыруға арналған» АР.Сухарев,1986ж.

2. «Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы ұйымдастырылған бағалар ұжымына қажетті салауаттаңдыру шаралы мен гигиеналық ұсыныстарды ғылыми өңдеу жұмыстарымен айналысады» В.Н.Кардашенко, 1988 ж.

Біздіңше, бірінші анықтама дұрысырақ болып саналады, өйткені онда пән ғылыми тұрғыданғана емес, практикалық іс-әрекет жағынан да сипатталады. Сонымен қатар, ұсыныстар мен шаралар «ұйымдасқан» ұжымдардан басқа, ұйымдастырылмаған ата-аналардың бақылауындағы балалар мен жасөспірімдерге де арналған..

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі ерекшелігі сонда, ол ересек адамдар ағзасынан сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да айырмашылығы бар, өсіп-даму процесінің әртүрлі кезеңдеріне байланысты, толық қалыптасып бітпеген балалар мен жасөспірімдер ағзасын оқытады. Басқа сөзбен ашқанда, гигиенаның бұл саласынөсіп келе жатқан жас ұрпақтардың жас мөлшерлерінің гигиенасы деп қарауға да балады.

Соңдықтан, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы өсіп келе жатқан ағзаның ерекшештгерін ескере отырып, өзінің құрамына көптеген қосалқы пәндердің бөлімдерін енгізеді (тамақтану гигиенасы, коммуналдық гигиена, еңбек гигиенасы, эпидемиология, әлеуметтік гигиена). Бұл пән өзінің мақсаты мен міндетіне сәйкес төмеңдегідей бөлімдерден тұрады:

1. Өсіп келе жатқан «ұрпақтардың денсаулығы»: өсу және даму заңдылықтары;

әртүрлі жағдайлардың әсері (биологиялық-әлеуметтік, қоршаған орта);

ауру-сырқауларға анализ жасау және себебін анықтау;

- денсаулық сақтау шараларын дайындау. Бұл бөлім пәннің негізгі бөлімі болып табылады.

2. Күн тәртібінің гигиеналық негіздері: жүйке жүйесінің ерекшеліктері; қажудың физиологиясы және оның даму ерекшеліктері;

- күн тәртібін құрастыру.

3. Оқу гигиенасы:

баланың мектепге оқуға функциоиалдық дайыңдығы;

- оқу басталарды үйреніп-дағдылану;

сабақты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар; оқу сабақтарының тәртібі;

- дұрыс демалуды ұйымдасгыру;

-емдеу-салауаттандыру мекемелеріңдегі оқу жағдайы.

4. Еңбек пен өндіріс орыңдарының гигиенасы: еңбектік іс-әрекеттің негізін жасау;

-еңбектің денсаулыққа әсері;

-еңбектік іс-әрекеттердің регламенгациясы; балаларға қойылатын гигиеналық талаптар;

- техника қауіпсіздігінің сұрақты; медициналық бағалау; оқушыларды мамандыққа беймдеу.

5. Коммуналдық гигиена:

- балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің жобасымен құрылысының гигиеналық негіздері;

- жылу және жарық тәртібі;

- жоспарлау аспектілері;

- оқу және өндірістік құралдар;

- балалар ойыншықтарына, оқу және еңбек құралдарына қойылатын гигиеналық тапаптар.

6. Тамақтану гигиенасы:

-тағам рациондарының мөлшері;

-тамақтану тәртібі;

7.Дене шынықтыру тәрбиесінің гигиеналық негіздері:

денсаулыққа әсері;

-дене шынықтыру тәрбиесін ұйымдастыру;

қимыл-қозғалыс белсендігінің мөлшерлеу;

-дене шынықтыру тәрбиесімен айналысудағы медициналық топтар.

8.Гигиенаға тәрбиелеу:

-мектепке дейінгі мекемелердегі гигиеналық негіздер;

-мектептерде гигиенаға оқыту;

-балалар мен жасөспірімдердің жеке бас гигиенасы;

-темекі мен маскүнемдіктің зияны;

-жыныстық тәрбие.

9. Өсіп келе жатқан ұрпақтарға медициналық қызмет

- медициналық қызметтің негіздерін дайындау;

- емдеу-салауаттандыру шаралары;

- індетке қарсы шалар;

- балалар мекемелеріндегі санитарлық-гигиеналық тәртіп.

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы көптеген ғылымдармен байланысты: педиатрия, физиология, педагогика, психология, соның ішінде физиология және педиатрия ғылымдарынан байланысты арнайы қарастырылады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының педиатрия ғылымымен көптеген ортақ мәселері бар. Негізінен ол дені сау, дамуы үйлесімді келер ұрпақты тәрбиелеуге келіп тіреледі. Балалар гигиенасы мен педиатрия ғылымының арасындағы елеулі айырмашылықтардың ең басшысы біріншіден,педиатрия, ғылым ретінде жекеленген немесе әрбір балалармен жұмыс істейді, педиатрлар әр балаға диагноз қойып, емдеу жөнінде салауаттандыру шараларын қолданады. Ал, гигиена белгілі топ немесе жаппай балалар контитенттерімен айналысады (бала бақша, мектеп, демалыс орындары, сауықтандыратын пансионаттар және т.б.). Яғни, денсаулықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық деп атайтын топ жағдайын анықтайды және салауаттандыру шараларын жеке бір балаға емес, негізгі белгілері (жынысы, жасы, денсаулық жағдайына байланысты) бойынша топтастырылған, бірыңғайланған балалар ұжымдарына арналып жасалынады.

Гигиенаның жекелеген жағдайлары әртүрлі континенттерде өте ерте кездердің өзінде белгілі болса да, өз алдында бөлек ғылыми пән болып дамығанына 150 жылдай ғана уақыт өтті деп есептелінеді. Ресейдің ең алғашқы гигиена кафедрасы 1871 жылы Петербург қаласындағы Әскери медициналық Академия базасында құрылды. Кафедраның ірге тасып қалаушы А. Л. Доброславин (1842-1889жж) өзінің мектеп гигиенасы деген бөлімі бар ең алғашқы гигиена оқулығы шықты (1889ж).

Екінші осындай кафедра еліміздегі мектеп гигиенасының негізін салушы болып есептелінетін Ф.Ф. Эрисманның (1842-1915ж) басқарумен Мәскеу университетінде ұйымдастырылады.

Ағзаның бір бүтін еместігіне қарамастан онтогенез үдерісінде жеке мүшелер мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды). П.К. Анохиннің гетерохронизм туралы теориясы бойынша ағзаның өмір сүруін қамтамассыз ететін мүшелер мен жүйелер басқалырына қарағанда тезірек жетіледі, яғни, олар ағзаның қазіргі жағдайында немесе жақын болашақта өмір сүруі үшін ең қажетті мүшелер мен жүйелер болып табылады. Басқа құрылыстар мен қызметтердің дамуы біраз тоқтап тұрады. Осындай біртіндеп, бірінен кейн екіншісінің құрылуын системогенез деп атайды.

Гигиеналық көзқарас тұрғысынан осы жағдайлардың бәрі міндетті түрде есепке алынуы керек. Мысалы: ерте жастан бастап балаларды көп оқыту, олардың ағзаларына физикалық жүктеме түсіруде гигиеналық шектеу қажет екені де осылай түсіндіріледі. Сондықтан, балалардың іс-әрекетінің барлығы да ағзаның дайындығына байланысты мөлшерленуі керек. Бұл ереже қоршаған ортаның жағдайларының тигізетін әсерінің дәрежелеріне де қатысты.

4. Иллюстрациялы материалдар:слайдтар

5.Әдебиет:

Азақ тілінде

Негізгі:

1. Кучма, В. Р.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

1.Бөлешов М.Ә.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:оқулық-Эверо,2015

2.ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

3.Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

4.Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

5.Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6.Қорытынды сұрақтары:

1.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаттары мен міндеттерін атаңыз?

2.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәнінің тексеру әдісін айтыңыз.

3.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы дәрігердің негізгі міндетін айтыңыз.

4.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы дәрігеріне нені міндетейді?

5.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы дәрігерінің құқығы қандай?

№2

Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы. Дене дамуы денсаулықтың негізгі көрсеткішінің бірі ретінде.

2. Мақсаты:Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына түсінік беру, дене дамуымен танысу, балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының оқу әдісі мен бағалау көрсеткіштерімен танысу.

3. Дәріс тезисі:

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі мақсаты-өсіп келе жатқан өркендердің денсаулығын сақтау және оны нығайту болып табылатындықтан «денсаулық» деген терминнің өзін анықтап алуымыз керек.Бүгінгі күндері адамдардың денсаулығына баға беру, бұл түсініктің біркелкі, дәлелденген анықтамасы болмағандықтан едәуір қиындық туғызады.

Денсаулық дегеніміз не? Осы күнге дейін жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының (1958ж) жарлығы бойынша денсаулық деп – ауру-сырқаулар мен физикалық ауытқулардың бар-жоғы ғана емес,сонымен қатар адамдардың толық физикалық, рухани және әлеуметтік қолайлы жағдайларын түсінеміз.Мұндай анықтаманы дұрыс деп айтуға келмейді,өйткені осы анықтамадағы көрсеткіштердің барлығы бірдей денсаулықтың белгісі бола алмайды. Мысалы, әлеуметтік жағдайларға кірістің мөлшері, коммуникалдық қолайлы жағдай және автокөліктері бар болуы т.б. жатады. Адамдардың денсаулығы оның тұрмыс жағдайының хал-ахуалының жақсы болуына байланысты, бірақ, мұндай факторлар еш уақытта денсаулықтың белгісі бола алмайды. Қоғамдық гигиенистер адамдар денсаулығының белгілеріне 3 топтағы көрсеткіштерді жатқызады:

1.Демографиялық көрсеткіштер (туып көбеюшілік, өлім-жетім, халықтың

табиғи өсіп-өнуі, адам өмірінің орташа ұзақтығы және т.б.).

2.Физикалық даму.

3.Ауру-сырқаулық және мүгедектік.

Ауру-сырқаулық және дене даму денсаулық көрсеткіші ретінде талас туғызбайды.

Ең дұрысырақ мәліметтер медициналық терең зерттеу жүргізу кезінде ғана алынады. Оның негізгі мақсаты- емдеу және салауаттандыру шараларын қажет ететін адамдарды анықтау және медицина кадрларының қажеттілігін білу. Жалпы алғанда, тексерудің қорытындысы, барлық өсіп келе жатқан жасөспірімдердің денсаулық жағдайына сипаттама береді.

1.Тексеру кезінде созылмалы ауру-сырқаулардың бар-жоғы маман дәрігерлердің тексеруі арқылы анықталады.

2.Ағзаның негізгі жүйелерінің қызмет жағдайы клиникалық тәсілдер арқылы қажет болған жағдайда, функционалдық сынамаларды пайдалану арқылы анықталады.

3.Ағзаңнң сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсыласу мүмкіндігі өткен жылғы жедел аурулардың санына байланысты анықталады.

4.Физикалық даму деңгейі және оның үйлесімділігі.

5.Физикалық даму антропометрлік өлшеулер жүргізіп, стандарттар және бағалау таблицаларын қолдану арқылы анықталады.

6.Психикалық даму деңгейін психоневрологиялық тексеру кезінде анықтайды.

«Денсаулық» сөзінің мағынасы, түсінігі ете кең. Әр ғалым әртүрлі сипаттама анықтама береді. БДДГ-ның анықтамасы бойынша: «Денсаулық - ауру мен оның өзгерістерінін болмауы ғана емес, сонымен қатар толық физикалық, рухани, әлеуметтік қамтамасыз етумен сипатталатын жағдай».

С. М. Громбах балалар мен жасөспірімдердін денсаулығының 4 белгілерін атап көрсетті:

1. тексеру барысында созылмалы аурулары болмауы;

2. физикалық және жүйке жүйесінің даму дәрежесі;

3. ағза жүйелерінін жұмыс қабілеті;

4. қолайсыз әсерлерге ағзаның қарсы тұру қабілетінін деңгейі.

Денсаулықты негізінен сапалық жағынан және мүмкіндігінше сандық жағынан бағалау керек. Ең бастысы денсаулыққа баға беру кешенді түрде жүргізілу керек. 4 негізгі белгіні пайдалана отырып, денсаулыққа кешенді баға беріледі. Жасөпірімдердің денсаулығына кешенді баға берілген соң, төменде көрсетілген 5 денсаулық тобының біреуіне жатқызады:

1 топ-организмнің дамуы мен негізгі қызметтері қалыпты жағдайдағы дені сау балалар;

2 топ-денсаулықтарында функционалдық немесе кейбір аздаған морфологиялық ауытқулары бар, негізінен дені сау адамдар;

3 топ –аурулары компенсация жағдайындағы науқас адамдар;

4 топ-аурулары субкомпенсация жағдайындағы және

5 топ –аурулары декомпенсация жағдайындағы балалар.

Мұндай топтастыру белгілі дәрежеде шартты түрде болғанымен, қандайда бір факторлардың әсер етуін зерттеуге ғана емес, сонымен қатар салауаттандыру шараларының тиімділігін бағалауда да, балалардың санитарлық жағдайын сипаттауға да мүмкіндік береді.

Дені сау балалар мен науқас балалардың арасындағы шекара болып саналатын, денсаулықтың 2-ші тобын бөліп көрсетудің практикада үлкен маңызы бар. Бұл топқа жатқызылған балаларға емдеу-салауаттандыру шараларын жүргібесе, аздаған функционалдық ауытқулары ауру-сырқаулыққа айналып кетуі мүмкін («қауіп-қатер» тобы).

Балаларды денсаулықтың 1 және 2 тобына бөлу басқаларына қарағанда оңайырақ:

1-топ ешқандай ауытқулары жоқ (физикалық, психикалық, функционалдық), дені сау балалар.

2-топ созылмалы ауруы жоқ, бірақ, кейбір функционалдық және морфологиялық өзгерістері бар балалар. Бұлар реконвалесценттер (ауырып жазылғандар), дене салмағы азайған және жиі ауыратын балалар.

3-5 топтар-патологиялық үдерістерінің даму дәрежесіне қарай бөлінеді.

Денсаулықты тексеруге қатысатын әрбір маман, өз саласынан денсаулық тобын анықтап, қорытынды жазады. Осы қорытындылар бойынша дәрігер педиатр десаулықтың ең соңғы бағасын беріп, денсаулықтың жалпы, қай топқа жататынын анықтайды. Мұнда, кейбір ерекшеліктерге көңіл аудару қажет:

Егер балада бірнеше ауру-сырқау бар болса, онда соңғы қорытынды ең күшті ауруға байланысты қойылады.

Егер баланың үшінші топқа жататын бірнеше ауру-сырқауы болса, онда науқас баланы төртінші топқа бөледі. Орташа алғанда денсаулық топтары бойынша балаларды төмендегідей бөлүге болады:

1 топ-10-17% 2 топ -40-52%

3 топ -30-35% 4 топ -0,15-1,5%

Дене дамуы денсаулықтың бастауыш көрсеткіштерінің бірі. Денсаулықтың басқа да көрсеткіштері дене дамуы денгейіне тәуелді, Ф.ФЭрисман балалардың физиологиялық дамуынын көп бөлігін зерттеген алғашқы ғалым деп есептелінеді. 1879 жылы әр түрлі жастагы балалар мен жас өспірімдер арасында антропометриялық тексерулер жүргізіп, болашақ ұрпақтардың дене дамуы жөнінде алғашқы мәліметтер алды. XX ғасырдың алғашқы жартысыңда (1926 жылы) А.В.Мольков атындағы алғашқы антропометриялық бөлім ашылды. Өлшеу әдістері бірқалыпқа келтірілді, болашақ ұрпақтардың дене дамуын зерттеу басталды және балалардың дене дамуының алғашқы өлшемдері қалыптасты. Бұл жұмыстар тәжірибесі денсаулық сақтаушылардын балалар мен арнайы балалар тобының өсуі мен дамуында дәрігерлік бақылау ісін жеңілдетгі. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы, морфологиялық және функционалдық жағдайының қасиеттері мен сапасы, сондай-ақ биологиялық дамуының дегейі - олардың биологиялық жасын көрсетеді.

Баланың өмірінің әрбір кезеңіндегі дене дамуы - бұл ағзасының биологиялық дамуда жеткен жасы мен жұмысқа қабілеттілігін сипаттайтын морфофункционалдық қасиеттерінің жиынтығы. Дене дамуы термині жағдайдың сол уақыттағы сипатын емес даму динамикасын бейнелейді. Бұл көзқарас бойынша дене даму дегенді бала ағзасының, дене өлшемдерінің, дене құрылысының, сыртқы келбетінің, бұлшықет күшінің және еңбек қабілетілігінің жасына сай болуымен түсіндіреді. Бой өсуінің тежелуі, немесе, бой ұзындығы мен салмақ қатынастарының өзгеруі айқын көрінгенмен, көптеген созылмалы аурулардың бастапқы кезеңінде,өзіне тэн белгілері мен арнаулы симптомдары білінбейді. Яғни, морфологиялық аурулары бар балалар да, патологиялық өзгерістер жиі анықталады. Дене салмағының жетіспеушілігі мен ауру дамуының арасында төзу корреляциялық байланыс бар. Осындай балалардың өмірлерінің алғашқы жылында, басқа балаларға қарағанда өлім саны 4 есе көп.

Дене дамуының көрсеткіштері көптеген үдерістердің диагностикасында қолданылуы мүмкін. Сондықтан медициналық зерттеулерде, жеке адамның және ұжымның дене дамуын бағалауға үлкен мән беріледі.

4. Иллюстрациялы материалдар:слайдтар

5.Әдебиет:

Азақ тілінде

Негізгі:

1. Кучма, В. Р.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы: оқулық. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 464 бет.

2. Приз, В. Н.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және сырқаттанушылығын бағалау: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2013

қосымша:

1.Бөлешов М.Ә.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы:оқулық-Эверо,2015

2.ЕрмановаС.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.-Ақ-нұр,2014

3.Ордабеков, С. О. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы: оқу құралы - Қарағанды : ЖК "Ақ Нұр", 2012.

4.Бөлешов М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.- Алматы: Эверо, 2010.

5.Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

6.Қорытынды сұрақтары:

1.Дене дамуы дегеніміз не?

2.Дене дамуының көрсеткіштерін атаңыз.

3.балалар

№3

1.Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде оқу-тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық қағидалары. Күн тәртібінің физиологиялық негізі.

2. Мақсаты:Балалар мен жасөспірімдер мекемелерінде оқу-тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық қағидалары және күн тәртібінің физиологиялық негізімен студенттерді таныстыру.

3.Дәріс тезисі:

Күн тәртібінің бұл бөлімі екі көріністен тұрады: мектепте сабақ оқу және үйде, үйге берген тапсырманы орындау. Жас мөлшеріне байланысты сабақ жүктемесі сапасы бойынша да, уақыт жағынан да ұлғайтылады. Яғни, бала бақшаның «естиярлар тобында балаларға сабақ ойын түрінде өткізілуі керек және ұзақтығы 20-30 минутқа ұзартылады. Сабақтың мазмұны қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға , сөз сөйлеуін қалыптастыруға, белгілі дағдыларды меңгеруге бағытталуы керек.

Мектептегі сабақтардың және үзілістердің ұзақтығы жалпы орта білім беру мектептерінің ережелерімен бекітілген. Сонымен қатар, сабаққа дайындалу уақыты да мөлшерленген, баланың жасына байланысты сабаққа дайындалу уақыты да мөлшерленген, баланың жасына байланысты сабаққа дайындалу уақыты 3-4 сағат мөлшерінде болады. Рационалдық оқу тәртібінің негізгі заңдылықтары-оқу жүктемесінің мазмұны да, ұзақтығын да жас мөлшеріне байланысты ақырындап өсіріп отыру.

Наши рекомендации