Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Пән туралы ақпарат

Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі TZhTA 3301 Кредит саны   3-курс, 5-семестр
Қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті 5В012100, 5В011700 Педагогика және мәңгілік ел кафедрасы (406 каб.) Филология институты
Оқыту формасы: күндізгі Оқыту тілі: қазақ тілі
Сәрсенбі, бейсенбі 900-10 лекция (1-10 топтар), семинар дүйсенбі,сәрсенбі, бейсенбі 900-12 50
І а.б. - 15 қазан; ІІ а.б. – 15 желтоқсан, емтихан – желтоқсан
ОСӨЖ – сейсенбі 1400 – 18 00сағ., жұма 1400 – 18 00сағ.
Иманбаева С.Т. - п.ғ.д., профессор, ХПБҒА-ның академигі Кафедра тел. : 2911981; 8-701-400-63-57; 8-7775817880 [email protected]
Оқытушы қолы Кафедра меңгерушісі Жампеисова К.К.
         

Пәннің қысқаша сипаттамасы.

Оқытудың мақсаты, міндеті, тұлғалық нәтижелелері – «білу», «менгеру» және т.б. терминдердегі пәндік және жалпы мәдени құзіреттер. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесінің біртұтас жүйесімен студенттерді қаруландыру, оқушыға тәрбие үрдісінің субьектісі ретінде қарау, оның шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, оқушының жеке басына тән қасиеттерін өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі дамытуын, өзіне сындарлы көзқарас қалыптастыруына бағдар беру.

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсының мақсаты:тәрбиелік іс - әрекетті ұйымдастыру, жүзеге асыру, оқыту мен тәрбиені біртұтас үдеріс ретінде қарап тәрбиенің дәстүрлі және қазіргі жаңа технологиялары бойынша болашақ мұғалімдердің теориялық білімді меңгеруі және сынып жетекшісі қызметін жүзеге асыруға байланысты білімді менгерту болып табылады.

Курстың міндеттері: студенттерде оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының әдістемесі мен технологиясы саласында кәсіби-педагогикалық құзыреттілікті меңгеруді мақсат етіп ұстануды дамыту;

- тәрбие теориясы бойынша білімдерін кеңейту және тереңдету;

- студенттерде жалпыпедагогикалық және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру: мақсаттылық, жобалаушылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтілік, диагностикалық, аналитикалық және т.б;

- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі сынып жетекші іс-әрекетінің ерекшелігі жайында студенттерді теориялық және практикалық біліммен қамтамасыз ету;

- мектептің тұтас педагогикалық үрдісіндегі тәрбие жұмысын басқаруды, тәрбиенің қазіргі жаңа технологияларын қолдануды, ұйымдастыру, жоспарлау дағдысы мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастыру;

- студенттерді саналы түрде педагогикалық мүмкіндіктерін көтеруге ынталандыру;

- педагогикалық білімін, біліктілігін, дағдысын және креативтілігін терендету.

- «Тәрбие жұмысының әдістемесі» курсын оқыту барысында студент:

-тәрбие жұмысының мақсаты, міндеті, мәні; мектеп пен қоғамның тәрбие жүйесі; сынып жетекші іс-әрекетінің бағыттары мен жүйесі; балалар ұйымының ерекшелігі; тәрбие жұмысының формасы, әдістері, құралдары; тәрбие жұмысының технологиясы мен ұжымдық шығармашылық ісі; - оқушылардың тәрбие деңгейінің диагностикасы туралыбілімдерді меңгеруі керек:

Курсты оқу барысында студентте келесі біліктілік пен дағдыларқалыптасуы керек:

-тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру; - сыныптағы тәрбие жұмысын жоспарлау; - оқушылар ұжымын қалыптастыру мен оны диагностикалау; - ұжымдық шығармашылық іс технологиясы мен жаңа тәрбие технологияларын пайдалану; - қиын балалармен жұмыс және диагностикалау;- ата-аналар жиналысын даярлау және өткізу; - дарынды балалармен жұмыс; - мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы;- мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы.

3. Пән пререквизиттері «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»,«Адамзат тарихындағы мектептер мен педагогикалық ой-пікірдің дамуы», «Өзін - өзі тану», «Этнопедагогика».

4. Пән постреквизиттеріпедагогикалық және әдістемелік пәндер мен педагогикалық практика.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар.

Пән тақырыптарының аталуы апта Аудиториялық сабақтар Сабақ түрі Барлығы
Дәріс (сағ.) Пр/сем./зертх./ студ саб (сағ.) ОСӨЖ (сағ.) СӨЖ (сағ.)
1. Тәрбие үдерісі -тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі 1.Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы 2.Тәрбие үдерісінің мәні, мақсаты, міндеттері 3.Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі       Тәрбие үдерісінің мәні, мақсаты, міндеттері   ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын талқылау   ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасындағы тәрбиенің 12 бағытына талдау жасау    
2. Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі 1. «Тәрбие жүйесі» ұғымы 2.Сыныптың тәрбие жүйесі 3.Тәрбие жұмысының бағыттары     Мектептегі тәрбие жүйесі.     Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруды талқылау. Сыныптағы тәрбие жұмысын ұйымдастыруды жоспарлау
3. Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау 1.Педагогикалық қолдаудың мәні 2.Тұлғаның өзіндік даму үдерістерін қолдау 3.Педагогикалық қолдаудың әдістері мен тәсілдері     Тәрбие әдістері, тәсілдері, құралдары. Тәрбиенің заңдылықтары.   Тәрбие әдістері бойынша треннинг өткізу. М.Жұмабаевтың «Педагогикасындағы» тәрбие әдістеріне талдау жасау.
4. Тәрбие технологиясы – тәрбие жұмысындағы кәсіптік шеберліктің элементі 1.«Педагогикалық технология», «тәрбие технологиясы» ұғымдары 2. Тәрбие технологияларының жіктемесі 3. Инновациялық тәрбие технологиялары   1 сағат Тәрбие технологиясы. Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы.   Дәстүрлі және жаңашыл тәрбие технология ларына салыстырмалы талдау жасау   Ақпарт көздерінің тұлғаның құндылықтарын қалыптастырудағы маңызына талдау жасау.
5. Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау 1.Тәрбие жұмыстарын жоспарлау 2.Сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері   Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру   Сыныпта ғы тәрбие жұмысын жоспарлау Әр сыныпқа арналған тәрбие жоспарын жасау
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс- әрекетінің жүйесі 1.Сынып жетекшісінің атқаратын қызметтері 2.Сынып сағаттарын, т.б. іс шараларды өткізуге қойылатын талаптар 3.Педагогикалық рефлексия   Сынып сағаттарын қйымдастырудың жолдары Треннинг Тәрбие сағаттары мен сынып сағаттары ның ерекшелітері Сынып сағаттарынына қойылатын талаптар Диспут
Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері 1.Оқушылар ұжымы және оның ерекшеліктері 2.Ұжымының даму кезеңдері   Ұжым ның қалыптасуы. Ұжым арасындағы қарым қатынас Ұжым, топ, т.б. қалыптасуы Сыныптың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру жоспарын құру
Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмысы 1.«Қиын балалар», «девиантты балалар» ұғымдары 2. Мектептен тыс ұйымдармен өзара әрекеттестік   Сынып жетекшісінің қиын балалар мен жұмыстар жүйесінің психологиялық -педагогикалық негіздері «Қиын бала деген кім?» эссе Қиын балалармен жұмыс атқаруда мектеп -әлеуметтік орта -отбасының арасындағы байланыс Тренниг
Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі 1.«Интеллект», «Қабілеттілік», «Дарындылық» ұғымдары   ҚР «Интеллектуалды ұлт – 2020» ұлттық бағдарламасының негізгі бағыттары Дарынды балалар мен жүргізі летін жұмыстар. ҚР дарынды балаларға арналған мемлекеттік құжаттарына талдау жасау .«Интеллект», «Қабілеттілік», «Дарындылық» ұғымдарын талдау Дарынды балаларға арналған білім мекемелері нің ерекшеліктеріне талдау жасау. Глосаррий құру.
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс - әрекеті 1.«Құндылық», «құндылық қатынас», «салауатты өмір салты» ұғымдары 2. Еңбек күн тәртібі мен демалысты ұйымдастыру әдістемесі   Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша педагогикалық іс әрекеттерінің бағыттары Еңбек күн тәртібі және демалысты ұйымдастырудың жолдары Дөңгелек стол Сынып жетекшісінің оқушылар дың салауатты өмір салтын ұйымдастырудың жоспарын дайындау, талқылау
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі 1.Кәсіптік бағдар жұмыстарының мақсаты, мазмұны, міндеттері 2. 12 жылдық мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстарының ерекшеліктері   Оқушы лармен кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастырудың жоспарлық бағдарламасы   Дөңгелек стол Эксперименттік 12 жылдық мектептерде кәсіптік бағдар жұмыстары
Ата-аналармен педагогикалық әрекеттестік технологиясы 1.Отбасы оқушыларды тәрбиелеу және дамыту ортасы 2. Ата аналармен жүргізілетін педагогикалық жұмыстар   Ата - ана және мектеп арасындағы атқарылатын қызметтер Мектеп пен ата аналар арасындағы жұмысты жоспарлау Жағдаяттар және оларды талдау Ата - аналар комитетінің жұмысы Іскерлік ойындар
Балалар мен жастардың ынтасын дамытудағы тәрбие жұмыстары 1. Балалар бірлестігі тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты 2. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері   Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндет тері «Жас қыран», «Атамекен», «Болашақ», т.б. қоғамдық ұйымдардың мазмұнына салыстырмалы талдау Мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмыстары на талдау жасау Тәрбие сағатының үлгісін дайындау
Тәрбие жұмыстарының нәтижесі мен тиімділігінің диагностикасы 1.Мұғалімінің психодиагностикалық мәдениеті 2. Сынып ұжымының диагностикасы       Диспут   Оқушылар дың тәрбиелік деңгейлерін айқындау диагностикасы Мұғалім мәдениетті лігі Эссе жазу
Тәрбие үдерісін ғылыми әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандыру 1.Сынып жетекшісінің өздігінен білім алуы 2. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу   Сынып жетекшісінің пән сабақтары мен сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруы мен білімін жетілдіруі Сынып жетекшісінің өздігінен білім алу жолдары Сынып жетекшілерінің ақпарат құралдарын дағы озық тәжірибелерін жинақтау, талдау
Барлығы

6. Оқытуға арналған әдебиеттер (10 әдебиеттен артық емес)

Негізгі әдебиеттер:

  1. Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004.
  2. Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы. – 2009, - 260 бет.

3. Майғаранова Ш., Иманбаева С.Т. т.б. Тұлғалық бағдарлы тәрбие технологиясы. Оқу- әдістемелік құрал. Алматы: 2010. -169 б.

  1. Тажбаева С.Г. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2013.
  2. Классному руководителю //Под ред. М.И.Рожкова. –М.,1999.-с.63-100.
  3. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. –А.,2004.
  4. Пірәлиев С., Иманбаева С.Т., Төлеубекова Р.К., Шолпанқұлова Г., Нұрғалиева Д. Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. 2014. – 229 б.
  5. Методика воспитательной работы: уч. пособие для студ. высш. уч. заведений // Л.А.Байкова, др. Под ред. В.А.Сластенина. – М., 2005.
  6. Пірәлиев С., Иманбаева С.Т., Төлеубекова Р.К., Шолпанқұлова Г., Нұрғалиева Д. Ұлттық тәрбие. Оқу құралы. Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. 2014. – 229 б.
  7. Педагогическиое мастерство и педагогические технологии//Под ред. Л.К.Гербенкиной, Л.А.Байкова –М., 2000.

Осымша әдебиеттер

1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1998. – 112 б.

2. Пидкасистый П.И. Педагогика. Аударғандар: Г.К.Ахметова, Ш.Т.Таубаева. Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 336 бет.

3. Шуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии. –М.: 1998.

4. Кукушкин В.С. Теория и методика воспитательной работы. – Ростов н/Д.: МарТ. 2002. – 320 с.

5. Воронов В.В. Технология воспитания. – М., 2000

6. Березин Н.А. Проблемы педагогического общения. М. 1989г.

7. Шнибекова Э.А., Урунбасарова Э. Педагогическая этика. Алматы. 1988г.

8. Құдайқұлов С.М., Құдайқұлов М.Ә. Творчестволық және бәсекелестік қабілетттілік. Алматы, «Школа XXI века», 2006. -82 б.

9. Гуткина А.Д. Планирование и организация воспитательной работы в школе. –М., 2001.

10. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. «Педагогика және психология» сериясы. Алматы: ҚАЗақпарат. 24-том (12 000 термин). 2014. – 508 б.

Құжаттар:

1. Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы. Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрық.Астана. -2009. – 29 б.

2. Қазақстан Республикасы білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасы. 2000. Астана: Ақмола полиграфиясы. -30 бет.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы №1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.

4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Білім бағдарламасы.-Алматы, 2003. –45 б.

5. Қазақстан Республикасы Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасы. /Айқын. 2008.

Бағалау критерийі

Жұмыс түрі Баға (max балл) Саны Қосындысы
1. Сабаққа қатысуы 0,5
2. Дәрістер конспектісі 0,5
3. Жазбаша бақылау жұмыстарын орындау 0,5
4. СӨЖ тапсырмаларын орындау
5. СОӨЖ тапсырмаларын орындау
  Барлығы:    

Студенттердің білімін бағалау көрсеткіштері:студент дәріс сабақтарына, СОӨЖ сабақтарына толық қатысып, СОӨЖ және СӨЖ бойынша барлық тапсырмаларды орындаған жағдайда ең жоғары балл; тапсырманы орындауға шығармашылық үшін көтермелеу балын, толық орындалмаған жазба жұмыстары, тапсырмалардың орындалмауы, босатқан сабақтары, тапсырмаларды белгіленген мерзімде тапсырмағандары үшін айып балдарын алуы мүмкін.

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті % - дық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4.0 95-100 Өте жақсы
А - 3.67 90-94
В + 3.33 85-89   Жақсы
В 3.0 80-84
В - 2.67 75-79
С + 2.33 70-74   Қанағаттанарлы
С 2.0 65-69
С - 1.67 60-64
D + 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F 0-49 Қанағаттанарсыз

8. Оқытушы талабы.

Дәріс және семинар сабақтарына, СОӨЖ-ге қатынасу деканаттың сабақ кестесіне сай жүзеге асырылады: сабаққа дайындықпен, кешікпей келу (кешіккен студент сабаққа жіберілмейді);- дәріс пен семинарларда ұялы телефонды сөндіру;сабақ барысында орынсыз сөйлесуге, газет-журналдар оқуға, сабақтан себепсіз қалуға болмайды (ауырған жағдайда медициналық анықтамасы болуы керек), себепсіз қалған сабақтарды өтеу(отработка);семинар сұрақтары бойынша қысқаша текст дайындау және талқылауға белсенді қатысу, интерактивтік тақтамен еркін жұмыс істей білуі;берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен, уақытымен, оқытушының талабымен орындау, егерде берілген тапсырмалар дұрыс орындалмаса студенттің қорытынды бағасы төмендетіледі;студент жұмысы сабақтағы белсенді іс-әрекетін ескере отырып, рейтингтік жүйемен бағаланады және ағымды, аралық, қорытынды бақылау мәліметтері бойынша қалыптасады; ағымды бақылауда сабаққа қатысу, практикалық сабақтарда сұрақтарды белсенді талдау, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмаларын орындау ескеріледі; аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, берілген тапсырмаларды тексеру және бағалау түрінде өтілуі мүмкін.

Наши рекомендации