Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі

Жоспары:

1. Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесі

2. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері, жұмыс бағыттары, қызметі

Сынып жетекшісі – ол кім? Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, негістіріп өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер-педагог, ал өсіп келе жатқан бала үшін:

- жалпы адамзаттың мәдениетті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухпни жалғастырушы;

- сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;

- оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесін қажетті өзгерістер енгізуі; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік, экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші.

Сыныпта қолайлы, жайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы:

- Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиесін күштердің (мектеп,- отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Сынып жетекшісінің негізі мақсаты қоғамның талаптарымең тікелей байланыста, ал әр оқушыны дамыту, оның ерекшеліктерін сақтау, оынң потенциалды қабілеттерін ашу, интеллектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау.

Сынып жетекшісінің міндеттерін айқындағанда, мына идеяларды негізге алдық:

- Ең «қиын» деген оқушының өзі де жақсы болып, түзеліп кетеді, бірақ оған айналасындағы адамдардың сенімі, сыйластығы, сүйіспеншілігі, көнегі қажет:

- Тәрбиелейтін тәрбие сағаты, ақыл айту, оқушының қателіктерін бетке басу емес, тәрбиелейтін бірігіп атқаратын әрекет, ынтымақтастық қатынастар, бір-біріне деген жьшы сезімдер.

2. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері.Тәрбиеші – өз шәкіртінің көмекшісі, қорғаушысы. Тәрбиеші - педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект- тәрбиешілік жеке дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру бастапқы міндет. Себебі ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады. Ұғымды ұйымдастыру жеке дамыту — сынып жетекшісінің назарындағы екінші обьектісі мен міндеттері.

Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, орта түсінуіне жағдай жасау-сынып жетекшісінің тәрбиесін ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайдалануы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналармен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен.

Бірінші топ міндеттері. Олар әлеуметтік міндеттер деп атауға болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен жеке басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттерді — диагностикалық - әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс, ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшелікгерін, дара қасиеттерін білуін керек.

Үшінші топ міндеттерді адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық мен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарда оқушының адамгершілігін шешім қабылдай алуына мүмкіндік береді.

Төртінші топ міндеттерді жеке дара практикалық сыныптағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдарды тандап алуы; өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетудегі және педагогикалық көзқараста болады.

Осы бастапқы міндеттерді ескере отырп, сынып жетекшісінің негізгі қызметтері айқындалады:

Сынып жетекшісінің ең басты міндетті қызметтері:

- диагностикалық

- коммуникативтік

- тәрбиелік

- жобалаушылық

- ұйымдастырушылық – әрекеттік

- дамытушылық

- әдістемелік

- ынталандырушылық

- бағалаушылық

- қорғаушылық, қамқоршылық :

- түзетушілік

Сынып жетекшісінің жұмыс бағыттары:

1. Оқушының жеке дамуын бақылау, оның еркін дамып,қабулеттерінің ашылуына оптималды жағдай жасау:

2. Оқушының ынтасын, қабілетін, зерттеу, (кәсіби) бағдар беру:

3. Оқушылардың қоғамдық-құнды қатынастарға жетелейтін әрекеттерінің барлық түрлерін (жеке дара, топтық, ұжымдық) ұйымдастыру.

4. 0қушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.

5. Әр оқушыны әлеуметендіруге мүмкіндік беретін сынып ұжымын тәрбиесін орта ретінде қалыптастыру.

6. Барлық тәрбиелік күштердің өзара ынмақтастығы мен байланыстарын ұйымдастыру.

7. Сыныпта оқу тәрбиесі процесін ұйымдастыру.

8. Сынып оқушыларының сыныптың және жалпы мектеп жымының тәрбиесін іс-шараларына тарту және басқа ұжымдармен байланыс орнату.

9. Оқушыларды, олардың тұрмыс жағдайларын зерттеу.

10. Оқушылардың дамуындағы жеке мінез-құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету, күрделі жағдайларда басшыларды құлақтандыру.

11. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде оқушыларға көмек көрсету.

12. Оқушылардың әлеуметтік және занды құқықтарын қорғау.

13. Тәрбие жұмысының нәтижелігін көрсететін іс-қағаздар жүргізу оқушылардың жеке құжаттары сынып журналы, оқушылардың күнделігі).

14. Мектептің тәрбие жұмысына ұстаздарды, ата-аналарды, ъілым, өенр саласындағы мамандарды тарту.

15. Үнемі тәрбие теориясына, практикасына, педагогика және психология мәселелеріне байланысты өзінің мамандығын жетілдіру.

16. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орната алуы керек.

17. Тәрбиелік мақсаттарды көре білуі және оны қоя білуі.

Сынып жетекшісі әрекетінің құрамы мынадай бағыттардан тұрады: диагностикалық, жобалаушылық, құрастырушылық, коммуникативтік, (қарым-қатынастық), ұйымдастырушылық сонымен қатар сынып жетекшісінің өзіндік жеке дара мәдени әлеуметтік кеңістігі де болады.

Сынып жетекшісіне қандан қасиеттер қабілеттер тән болуы керек? Сынып жетекшісінің профессиограммасы қандай? Профессиограмма - кәсіби маңызды сапалар жиынтығын, қабілеттерін, білімін, дағды, икемдерін құрайтын мамандардың сипаттамасы. Сынып жетекшісінің тұлғасы даму барысында, өзінің жан-жақтылығымен, үйлесімділігімен және біртұтастығымен ерекшеленеді.

Тәрбиешіге мына қасиеттер өте қажетті:

- адамдарға сүйіспеншілік, олармен қатынаса алу, сенім, түсінушілік, төзімділік, қайрымдылық, тілектестік, қарым-қатынастағы адалдық, шыншылдық.

- Жоғары деңгейлі мәдениетін, кең көзқарастың, жарқындық, әзіл-оспақты түсіне білу, тапқырлық.

- Мінезінің табандылығы және батылдығы, өзіне сенушілігі, жігерлілігі, қайсарлығы.

- Эмоциялық өмірінің алуан түрлі болуы (жақсы эмоциялар, сезімдер адамды оптимисттік көңіл-күйге бағыттасып оның жігері белсенділігін дамытады).

- Барлық психикалық қасиеттерінің жоғары деңгейде дамуы: қабыддауы, қимылы, есі т.б.

Сынып жетекшісінің білімдері үш компоненттен тұратын белгілі жүйені кұрауға тиіс:

- Тұлғаның және балалар ұжымының даму ерекшеліктері туралы білімі;

- Психологиялық - педагогикалық білімдері;

- Жалпы білімдері (адамның тұрмыс-тіршілігінің әр саласына қатысты білімдер).

Сынып жетекшісінің икемдері мен дағдылары: диагностика, жобалаушылық, практикалық, бағалаушылық, рефлексивтік.

Әдебиеттер:

1. Зверев В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности аттестуемых учителей. Москва, 1998.

2. Коломинский Я.Л. Психология детского коллектива: система личностных отношений. Минск,1984.

3. Фридман Л.М., пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Иучение личности учащегося и ученических коллективов. Москва, 1988.

4. Караковский В.А., Новиков Л.И., Селиванова Н.А. Воспитание? Воспитание… Воспитание.

5. Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы. Ростов на-Дону, 2002 г.

Дәріс

Наши рекомендации