Сынып ұжымының тәрбиелік мүмкіндіктерін диагностикалау

Балалар ұжымы жеке тұлғаны мақсатты түрде тәрбиелеу, әлеуметтендірудің маңызды факторы. Оның жеке тұлғаға деген ықпалы ұжымның мақсаттары мен міндеттері ұжым мүшелері тарапынан қандай деңгейде сезіледі, сонымен қатар ұжымдық мақсаттар мен міндеттер жеке ретінде қандай деңгейде сезіледі. Жеке тұлғалық және әлеуметтіктің біртілі ұжымдық пайдалы қызмет барысында туындап ұжымда толық көрініс алады. Ұжымдылық ол топтағы ынтымақтастық сезімдер, өз өзін топтың бір бөлігі ретінде сезіну, топпен қоғамның пайдасына қызмет етуге деген дайындық. Мектеп ұжымында ұжымдылықты қалыптастыру алуан түрлі құралармен іске асырады: оқу барысында серіктестіктерді, өзара көмекті ұйымдастыру, ортақ еңбек, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру, мәдени көпшілік шараларда, спорт мероприятияларында оқушылар жұмысын ұйымдастыру, т.с.с Сонымен оқу тәрбие ұжымы ол арнайы ұйымдасқан топ, оның мүшелері ортақ мақсаттарды, құндылықтарды үшін ортақ екендігін сезеді.

Ұжым әлеуметтік арнайы ұйымдастырылған оқушылар бірлестігі ретінде бір уақытта пайда болмайды. Ұжымды қалыптастыру арнайыкезеңдерден және сатылардан өтіп бірақ ұйымдасады. Алған рет ұжымды қалыптастыру сатыларын ғылыми түрдеанықтап неіздегендірдің бірі А. С. Макаренко болды. Ол тәрбие ұжымын дамытуда педагогтың міндетті талаптарынан ұжымның талаптары тұсында жеке тұлғаның еркін талаптарының қалыптасу процессі жатады деп атаған. Қазіргі кезде ұжымды дамыту барысында кезеңдерді зерттеумен көптеген зерттеушілер айналысады. Л.И.Новикова бойынша ұжым дамуының үш кезеңі бар: біріншіден, ұжымның қалыптасу кезеңі, екіншіден, ұжым оқушыларды тәрбиелеу құралына айналуы, үшіншіден, кез келген ұжым тәрбиеленушінің әлеуметтік тәжірибесін коррекциялау және шығармашылық жеке тұлғалық ерекшеліктерді дамыту.
Соңғы жылдары ұжым деп жоғары ыңтымақтастық деңгейі, интегративті қызмет, ұжымдық бағыты бар адамдар тобын ғана атайтын болды (Я. Л. Коломинский, А. В. Петровский, Л.И.Уманский) Топтың аса негізгі және маңызды қасиеті оның әлеуметтік психологиялық жетілгендік деңгейі. Сол сияқты жетілгендіктің жоғары деңгейі топты жаңа әлеуметтік құрылым ретіндегі ұжымдық топқа айналдырады.

А.С.Макаренконың ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір үясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағыдай міндеттер тұрады.

А.С.Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер:

• ұжым алдындағы айқын мақсат;

• ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

• ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;

• өз арасында міндеттер белгілеуі;

• белгіленген міндеттерді орындауы;

• қатаң тәртіптің болуы;

• өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым-қатынастың болуы.

Оқыту процесінде ұжымдық іс-әрекет жолдарын қалыптастыру маңызы. Ең алдымен ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жәнінде түсінік бере кететін болсақ дилатиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез келген нәрсені, құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық қарым-қатынаста болатын жақтардың бірлігі болып табылады.

Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесіңде соңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Олай болса, дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де карама-қайшылық.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқьпу процесінің қарама-қайшьшықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Тәжірибелі мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықгарды таза интуитивті түрде туғызады. Олар бұл қарамақайшылықтарды оқушыларға білімді меңгерту барысыңдағы қиыншылық ретіңде қабылдайды. Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейінің арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге, ол қарама-қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптсауының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.

Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерінің құрылымы мына бөліктерді қамтиды:

Ø іс-әрекеттің мақсаты - не үшін қолданылады, соңғы нәтижесі қандай болу керек;

Ø іс-әрекеттің мазмұны - негізгі пәндік бағыттары;

Ø іс-әрекеттің маңызы - әлеуметтік пайдалы бағыттылығы және мотивтері,жеке тұлғаның және ұжымның дамуындағы маңызы;

Ø іс-әрекетті ұйымдастыру - ұйымдастыру формасы, уақытты бөлу, іс-әрекет үрдісінің бірізділігі, мерзімін белгілеу;

Ø іс-әрекеттің технологиясы - тиімді тәсілдерді таңдау, нақтылы білім, білік,дағдыларды меңгеруге қажетті құралдар;

Ø іс-әрекеттің қарқындылығы, көлемі, ұзындығының оқушылардың жас мүмкіншілігі мен педагогикалық міндеттерге сәйкестігі;

Ø іс-әрекеттің қарым-қатынастығы (коммукативность) - қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін байланыстырудың, қатынастардың, тәуелділіктердің сипаты;

Ø іс-әрекетті бақылау - критериилерге сипаттама, ұжымның қалыптасуының нәтижесі, белгілі біліктердің, білім сапасының меңгерілуі.

Наши рекомендации