Taқыpыбы: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРІМ - МАҚТАНЫШЫМ

Мақсаты:Мақсаты:ұлттық дәстүрлерді кұрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

- ұлттық дәстүрлер туралы түсініктерін кеңейту;

- ұлттық дәстүрлерге деген қызыгушылығын арттыру;

- ұлттық дәстүрлерге деген мақтаныш сезімдерін дамыту.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Ұлттық дәстүр - асыл мұра.Мақал

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шенбері Педагог балаларды шеңберге жинап, «Қазағымның дәстүрлері-ай» әнін бірге айтады. Қазак дәстүрлері Қайта оралды казағымның ата-дәстүрлері-ай, Көптен күткен казағымның асыл арманы еді-ай. Берекелі қазақ жері ел мерекелі Дәстүрлерін жалғастырған бұл казағымның ежелгі Қайырмасы: Шілдехана, бесік той, Тұсау кесер, сүндет той. Ай, шіркін-ай! Құда түсу, сырға салу, Беташарым-ай. Алтыбакан аясында Сұлу бойжеткен Қыз-бөзбала кен даланы Әнімен әсем тербеткен. Ер жігітке жарасады өзып шықса бәйгеден, Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле. Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын, Ата-баба көзіндей сақтайық қазақ дәстүрін.    
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әңгімелесу Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілікте көрсетілген «Түсаукесер» дәстүрін бейнетаспаға, суретке түсіріп, көрсетуге болады Әр ұлттың өзінің ғасырлар бойы сақтап келе жатқан салт-дәстүрлері бар. Олар да - үлкен қарияларымыздың, әже-аталарымыздың айтатын ақылы сияқты, балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің бір жолы. Бізге салт-дәстүрлердің жолдарын көрсетіп, түсіндіріп отыратын, әрине ол біздің үлкен қарияларымыз, ата-әжелеріміз. Өз ұлтының дәстүрін құрметтеу, оны сақтау - әр адамның, әр отбасының парызы. Халқымыздың сәби тәй-тәйлап жүре бастаған кезде атап өтетін дәстүрлерінің бірі - «Түсаукесер». Естеріңе түсіріңдерші, Наурыз мерекесінде ата-аналарымыз қандай дәстүрді көрсетті? Осындай ұлттық дәстүрдің негізінде үлкендер балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Ата-аналарымыз осы дәстүрлердің тәрбиелік мәнін балаларына көрсетіп, түсіндіріп отырады. Мүмкіндік болса «сүйінші» дәстүрлік рәсімін бейне-таспадан немесе сабақ кезінде көрініс ретінде дайындап көрсетеді. Біздің халқымыздағы сияқты татар халқының дәстүрі бойынша сәби дүниеге келгенде қуанып, бүкіл ауылға, туған-туыстарға осындай үлкен қуанышпен бөлісу үшін хабар беріп, сүйінші сұрайды. Сол қуанышты хабарды таратып, сүйіншінің сыйлығын алу мүмкіндігі көбінесе балаларға беріледі. Ал егер жаңа туған нәрестенің әкесі мен атасы үйінде болмаған жағдайларда сүйіншіге олар үлкен сыйлық береді. Ойын. «Үкі». «Санамақ» арқылы ойын жетекшісі таңдап алынып, оның көзін орамалмен таңып ортаға шығарады. Ойынды жүргізуші-«үкі» көзіндегі орамалын шешпестен ойыншылардың бірін танып беруі керек. Ойынға қатысушылар «үкіні» адастыру үшін сырт киімдері мен бас киімдерін ауыстырып, басқа да түрлі әрекеттерге барады. «Үкінің» долбары дәл шықса, ол сол ұсталған танылған ойыншымен орын алмастырады. Ғажайып сөз • Өз ұлтының дәстүрін құрметтеу, сақтау - әр адамның азаматтық парызы. • Ұлттық дәстүр - асыл мұра.     Балалардың жауаптары. • Түсаукесу рәсімін баланың ата-аналары қандай адамдарға тапсырушы еді? • Баланың түсауын қандай заттармен кесті? • Баланың түсауын бірінші неге көк шөппен кеседі екен? Ал тоқ ішекпен ше? • Үшіншірет ала жіппен не үшін кеседі екен? Балалардың жауаптары тыңдалып, педагог қорытындылайды. Үлкендер «түсаукесер» жасаған кезде «баламыз тез жүріп кетсін» деп ырымдайды. Баланың түсауын жасы үлкен, елге сыйлы адамға кестірген. Баланың түсауын үш түрлі затпен кеседі. Көк шөппен кескендегі мақсаты - көк шөптей көгеріп, өсіп-өн дегені, тоқ ішекпен кескені - үнемі қарны тоқ, молшылық болсын, ал ала жіппен кескенде жаман іс жасама және ала жіпті аттама - дегендері. Біздің кең байтақ ынтымағы жарасқан елімізде көп ұлттың өкілдері тұрады. Олар бір үйдің, отбасының балалары сияқты тату-тәтті өмір сүруде. Әр ұлттың бала өмірге келген күннен бастап, ұстанып, оны сақтап отыратын өздерінің дәстүрлері бар.   Дәйексөз Педагог балаларға «Ұлттық дәстүр - асыл мұра» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтъщ дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Әр ұлттың ғасырлар бойы сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, жалғастырып келе жатқан өз дәстүрлері бар. Сол себептен оларды «ұлттық дәстүрлер» деп атаған. Сол дәстүрлерді біздер құрметтеп, аса бір асыл, қымбат заттай сақтап, балаларға мұра, өнеге ретінде қалдырамыз. Ұлттық дәстүрлерді сақтай отырып, балалар имандылыққа, ізеттілікке, ұлтын құрметтеуге үйренеді.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Қай ұлтта болмасын бала тәрбиесі - барлық адамның ортақісі. Сәбидіңтәрбиелі, ізетті, иманды, адамгершілігі мол болып өсуіне олар өзінше мән берген. Осыған байланысты қалыптаскан түрлі ұлттық дәстүрлер бар. Осы дәстүрлерді сактап, жалғастыру- біздің міндетіміз. Ата дәстүрлерін сактап, жалғастыру арқылы, әр адам өз ұлтын мақтан түтады.   Жүректен жүрекке Педагог балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды. Мінеки, сондай жомарт сенін халқың, Ешкашан жоғалтпаған ата салтын. Жас ұрпак, ойлан өзің, біл тарихтан, Қазак болып кал, кадірле қазак халқын.  

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:ұлттық дәстүрлерді кұрметтей білуі тиіс.

Tүciнiгi:ұлттық дәстүрлер туралы

Kөpceтe бiлyi: салт дәстүрді көрсете біледі.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.

Наши рекомендации