Лирикалық шығармаларды оқыту
Лирика – адамның ішкі сезім-күйін, эмоцияналдық жағдайын бейнелейді.Лириканы оқытудың өз заңдылығы бар. Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым-қатынасында. 5-8 сыныптар оқушыларының көбі поэзиядан гөрі қызықты, мазмұны бар прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды лирикалық шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілірек болады. Лирикалық шығармаларда ақын өз ойын,сезімін, күйін тікелей кейіптеу арқылы жеткізсе, лириканың сол өзіндік қкасиеттерін түсіну үшін, баланың да ақынжанды жүрегі,нәзік сезімі, ұшқыр ойы болу керек. Ал ондай сергектік, нәзіктік кез келген адамада бола бере ма? Лирикалықшығармаларды құлақпен еме, жүрекпен, смезіммен қабылдау керек десек, ол шығармаларды бала қалай меңгерді, нені сезді, неге тебіренді, қандай көңіл-күйде болды, оны тексеру де мұғалімге оңай соқпайтын мәселелер. Сондықтан лириканы оқытудың күрделілігі осында. 5-8 сыныптарда сабақ басталмас бұрын , көңілді, сазды, назды музыка қойып қою, мүмкіндігі келсе, өтілгелі отырған лирикалық шығарманың әні болса, әнімен қойып қоюдың, күйлерді тыңдаудың оқушыларды сабаққа әзірлеуде маңызы зор. Лирикалық шығармаларды 5-8сыныптарда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:А) лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру, оны, біріншіден, тереңдете беру, сабақтың алғашқы кіріспесінде лирикалық шығармалар, олардың өзіне тән белгілері, негізгі қасиеттері жайлы сөз ету. Мысалы, 5-сыныпта, алдында өздері өткен ертегі, өлең, мысал, әңгімелерімен салыстыра отырып, лириканың өзіндік ерекшеліктерін тұжырымдап, қарапайым, ұғынықты, қысқа ғана түсінік беру.Ә) өлеңді үйде алдын ала оқып, танысуға беру, Б) мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар аударуы, талдамас бұрын оқушылармен жұмыс жүргізу қажет.олардан өздеріне ұнаған шумақтар, әдемі, сұлу, бейнелі сөздер, ұтымды, шебер шыққан сөз тіркестерін сұрап білудің маңызы зор. Себебі , лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушыларды поэзияны сүюге, оның кестелі тілін сезіне білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз алдына, өз бетімен әдеби мәтінді талдауға дағдыландырады.В) өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға ерекше көңіл бөлу,Г)өлеңдегі ақынның көңіл-күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне назар аудару;Д) тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін т.б.тиімді пайдалану.Е) тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, (балаларға ұрыспау)Ж) қабілеттерін, шабыттарын ояту. Белсенділіктерін арттыру.З) әр түрлі сабақ үлгілерін іздену. (мысалы: концертсабақ, пәнаралық байланыста өтетін сабақтар)Лирикалық шығармаларды өтуде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу қажет. Сабаұта қабілеттеріне қарай сурет салдыру, өлең жаздырту, шағын шығарма жаздырудың маңызы зор. Мысалы Абайдың «Күз» өлеңі. Өлеңді мәнерлеп оқыту, қосымша сұрақтар қою. Мағынасы түсініксіз сөздердің мазмұнын ашу, Лириканы оқыту әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу тәрбиелік міндеттеріне сай берілетіндігі. Лирикадағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі. Оқушы қызығушылығының лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік бояуларды , эмоциялық реңтерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатындығы. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғу.
13.Эпикалық шығармаларды оқыту (теориясы)
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшіліктері - олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылған сайын, оқушылардың жас ерекшіліктеріне байланысты күрделене түсуі керек. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы
Көркем образдары, образдар галереясы.
Автор - көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жетік меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан, әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, талдаудың қай түрі тиімді, қандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ, міне, осы мәселелерге мұғалім ерекше назар аударады. Оқушылар роман, повестерді оқи отырып, автормен «кезігеді», онымен іштей сырласады, олар авторды да, оның туындыларын да өз пікірі, эмоциясы, дүниетанымы арқылы қабылдайды, ал мұғалім мақсаты-сол алғашқы, өзіндік қабылдауларды ғылыми негізге бағыттау, дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн (мазмұн мен форма бірлігін сақтай). Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшіліктерімен даралана талданады (сыныбыны, жасына қарай). Мысалы6 бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9-сыныптарда ол тереңдетей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негіде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
14)Мектепте мысал жанрын оқыту жолдары.Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді, астармен, меңзеумен беріледі.Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, т.б.мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын, ащы сатира, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында. Әдебиеттегі бағдарламада мысалдардың көбі бастауыш сыныпта беріледі. Ең алдымен мысал жанрының ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн, яғни мысалда ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізге дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби- теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйден оқу келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ. Мұғалім оқушыларға үлестірме қағаздарын беріп, өз бетімен оқуға, талдау жасауға жетелейді. Мысалы, 5-сыныпта И.Крыловтың «Есек пен бұлбұл» мысалын алсақ, (Абай аударған)
Есек пен бұлбұл туралы не білесіңдер? Есек қандай хайуан, бұлбұл қандай құс?
Есектің өтініші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңіл қой.
Бұлбұл әнінің «мың түрлі күйге салған» құдіреті сипатталатын шумақтарды тап. Адам, жануар, табиғаттың сол кездегі қалпын көрсет.
Есектің бұбұл әніне берген бағасы, сыны
«әтештен үйрену керек» деген ақылға қосыласың ба? қосылмайсың ба? себебіне?
Ең соңғы шумақтың мазмұнына ой жүгірт: а)неге ақын «Мұндай сыншылдан құдайым бізді сақтасын» деп қорытындылайды. Ә) өзің осықорытындыға келісесің бе? Б) автордың көңіл-күйі жайлы не айтар едің?
Осы мысалда есек, әтеш, бұлбұл арқылы ақын не айтпақ болған?
Мысалдарды талдаудың ең тиімді әдісі – рөлге бөліп оқу, инсценировка-көрініс жасау болып табылады. Көрнекіліктің маңызы зор.
Оқушыларды рөлге бөлгізіп, мәтінмен жұмыс істету керек. Түсініксіз сөздердімен жұмыс жасау керек.
Сабақты қызықты өту үшін, жоғары сыныптың қабілетті оқушыларымен мысалды инсценировкалап, талдау алдында көрініс беріп, әншілердің айтуындағы «Бұлбұл әнін» пайдаланса артық емес. Бұндай сабақтарды әдеби-композициялық сабақтар дейміз. Қай әдеби жанрда жазылған шығарма талдамасын, мұғалім сабақ өткелі отырған тақырып ерекшелігі, сынып ерекшелігіне назар аударып барып, пайдаланылатын көрнекілік, әдіс-тәсіл, сабақ түрлерін үйлестіре, тиімді дегендерін сұрыптап алу білу қажет. «Есек пен бұлбұл» сияқты барлық мысалдар көлемі жағынан тұжырымды, қысқа,айтар ойы жағынан қомақты, салмақт ыболып келеді, айтылмақ ой жасырын жатады. Оқуға жеңіл, әрі қысқа осындай мысалдар тез оқылады, бірақ түп негізінде не жатқанын тез аңғару оңай еме. Үйге тапсырма балалардың сабақты қалай меңгергеніне байланысты беріледі. Жалпы қабілеттеріне әсер ету, білім дағдыларын жетілдіру, мақсатында рөлге бөліп, жатқа мәнерлеп оқу, көрініс көрсету сияқты шығармашылық сипаттағы тапсырмалар беру аса тиімді болып келеді.
Әдебиет сабағы ақыл-өнеге, имандылық, адамгершілік, ғибратқа толы болу керек десек, мысалдарда осының бәрі болады. Мысалдар арқылы әділдікті, кішіпейілдікті ұлгі етіп, тұрпайлықты,әділетсіздік, топастықтан жирендіру жұмыстарын жүргізу керек.
Мысалдың басты мақсаты – адам баласының бойына жақсы, ізгі қасиеттерді сіңіру,терең ғибрат алу, өнеге беру.
Мысал жанрымен тансытырғанда ертегімен салыстыруға болады. Негізінен екі жанрда да жан-жануарлар, табиғат құбылыстары мол қатысады. Екеуінің де танымдық мәні жоғары. Хайуанаттар жайлы ертегінің мысалмен үндестігі мол. Тек, ертегілерде бірыңғай хайуанаттар қатыса бермейді. Кейде адам мен жануар аралас келеді. Мысал көбіне өлең түрінде келетін ықшам жанр. Ертегі негізінен қара сөз, баяндау түрінде келеді. Екі жанрдың аяқталысы да үндес. Ертегі үнемі жақсылықпен, халық қалаған қаһарманның барша мұратына жетуімен аяқталса, мысалда негізінен өмірдегі жақсылықты насихаттаумен, ишаралаумен бітеді.
15.Әдебиет сабағының көрнекілігі, түрлері Әдебиет сабағындағы көрнекілік түрлері. Әдебиет сабағының көрнеігі. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктерді пайдаланудың мақсаты. Көрнекіліктерді сыныпта, сыныптан тыс жұмыстарда, факультатив сабақтарда пайланудың елеулі айырмашылықтарының болатыны. Мұғалімнің көрнекіліктерді сыныпта әдеби білім берудің мақсатына берудің мақсатына орай таңдап алатыны. Көрнекіліктердің түрлері (көру, есту, синтетикалық, т.б.) және олардың пайдаланудың тәртібі.Сабақта пайдаланылатын техникалық құралдардың түрлері, олардың әрқайсысының қызметі. Әдебиет сабақтарында көнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдаланудың шегі. Оның әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігіне қатысты жақтары.Сабақта көнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерге шолу.Әдебиет сабағындағы көрнекілік түрлері. Әдебиет сабағының көрнекілігі. Әдебиет сабақтарында көрнекіліктерді пайдаланудың мақсаты. Көрнекіліктерді сыныпта, сыныптан тыс жұмыстарда, факультатив сабақтарда пайланудың елеулі айырмашылықтарының болатыны. Мұғалімнің көрнекіліктерді сыныпта әдеби білім берудің мақсатына берудің мақсатына орай таңдап алатыны. Көрнекіліктердің түрлері (көру, есту, синтетикалық, т.б.) және олардың пайдаланудың тәртібі.
Сабақта пайдаланылатын техникалық құралдардың түрлері, олардың әрқайсысының қызметі. Әдебиет сабақтарында көнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдаланудың шегі. Оның әдебиет пәнінің өзіндік ерекшелігіне қатысты жақтары.Сабақта көнекіліктер мен техникалық құралдарды пайдалану мәселесесіне арналған ғылыми-әдістемелік еңбектерге шолу.
Көрнекілік-әрбір сабақтың тірегі. Мұғалім кейбір түсінуге қиын, көп күш кететін мәселелерді жеңіл, тез оңай меңгерту үшін көрнекілікті қолданады.
Әдебиет сабағында көрнекіліктің бірнеше түрге жіктеуге болады:
1. Көру көрнекіліктері. Оған сызба, үлестірмелі кеспе қағаздар, оқулық, кітаптар, буклеттер,экранды және техникалық құралдар жатады.
2. Есту көрнекіліктері. Оған техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады.
3. Көру, есту көрнекіліктерінің екеуіне жататын – кино, телехабарлар оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы болып есептелінеді.
Көрнекі құралдардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекті түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал етуі керек. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс.