Біледі: Аналардың мерекесін білулері керек. Анаға деген сүйіспеншіліктерін бағалату.

Игереді: Мереке, сыйлық деген ұғымдарды.

Меңгереді:би қимылдарындағы тұрмыстыққимылдарды көрсету дағдыларын.

Технологиялық карталар.

Ақпан

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Ақ әжем» Мақсаты: Балаларға қазақтың салт – дәстүрі жайында мағлұмат беру,ұлттық салт – сананы санасына сіңіру. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Бесік, қуыршақ,бала тербетіп отырған ана суреті. Сөздік жұмыс: бесік, бесікке бөлеу.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қоз ғ аушылық. Балалар музыка залына шеңбер бойымен келеді. Ортадағы әженің жанында бесік, қуыршақ, жөргектер. -Мен сендерге қазақтың салт – дәстүрі «Бесікке бөлеуді» көрсетемін. Бесікте жатқан балалның ұйқысы тыныш, жылы, жақсы ұйықтайды.Баланы бесікке ұйықтататын кезде бөлейді. Әже бесікті көрсетеді. Балалар музыка әуенімен залға келеді.баланың әженің айналасына дөңгелене отырады. Әженің әңгімесін мұқият тыңдайды.   Бесікті ұстап көріп, қызықтайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Қуыршақты бесікке жатқызады,жөргектермен орап бөлейді. Жайлап тербетеді.Қазақтың халық әні «Әлди – әлди» орындалады. Әлди – әлди, бөпешім, Ақ бесікке бөледім. Ай мен күнге теңедім, Ақтарылған өлеңім. Әлди – әлди жанарым, Мақтанышы ананың. Әлпештеген қарағым, Таза болсын жан – арың. (А.Асылбек). Музыка тыңдау: «Әй- әй бөпем» (халық әні, өңдеген Қ.Шілдебаев). Музыка ойналады, әже жайлап қосылып, бесікті тербетеді.Балалар бөпені оятып алмас үшін жай сөйлеулерін ескереді. -Балалар, әже бізге баланы бесікке қалай, не үшін бөлейтінін айтып берді. Біз әжеге рахмет айтып, әже туралы ән үйренейік. Ән үйрену: «Ақ әжем». (муз. К.Қуатбаев, сөзін жазған О.Әубәкіров). Музыка жетекшісі әнді айтып береді. Балаларға алдымен мәтінін қайталатып, әуенмен қосуды үйретеді. Түгел шумақты үйренген соң, басынан бастап айтады. Әже құры қол келмей, өзімен бірге ойын ала келгенін айтады. «Сақина салу» ойыны. Балалар дөңгелене отырады, әже білдірмей бір баланың қолына сақина салады. Белгі бергенде – сақиансы бар бала тез ортаға шығуы керек, егер қасындағы көршісі сезіп ұстап қалса, сақинасы бар бала айыбына өнер көрсетеді. Ойын аяқталады       Әженің өлеңін тыңдайды..     Балалар кезектесіп бесікті тербетеді.   Балалар әже туралы әнді, әуенімен таза айтуға тырысады.   Балалар ойын кезінде ұқыпты отыруға тырысады.  
Рефлексиялық –түзетушілік. Балаларды мадақтау, марапаттау. Балалар әжемен қоштасады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі:Қазақтың салт – дәстүрінің бірі бесікке бөлеуді.

Игереді: Бесікке бөлеу, бесік жыры деген түсініктерді.

Меңгереді:Ойын кезінде қырағылық, сақтық,ұқыптылық дағдыларын.

Технологиялық карталар.

Ақпан

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Әй – әй ата» Мақсаты: Қазақты киелі аспабы киелі домбырамен таныстыру. Күй жанры туралы мағұлымат беру. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Домбыра аспабы, арқан. Сөздік жұмыс: күй, домбыра.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қоз ғ аушылық. Балаларды музыка әуенімен қарсы алады.шеңбер бойымен бірінің соңынан бірі тізіліп жүреді. Амандасу, музыка әуеніне сай қимылдар жасау. Күй ойналып ішке ата кіреді, балалармен амандасып келген себебін айтады. Балалар музыка әуенімен залға келеді. Шеңбер боймен жүреді, жүгіреді, қимылдар жасайды. Атаны қарсы алады.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Ата: балалар,бүгін мен ауылдан әдейі сендердің балабақшада не үйренгендеріңді көру үшін келдім. Және өзім де құр алақан емес, өнерден хабарым бар екенін сендерге көрсеткім келді. Алдымен өзіммен бірге ала келген аспабыммен таныстырайын. Домбыра. Бұл қазақтың киелі аспабы. Домбыра арқылы халқымыз қуанышын, қайғысын бөлісіп отырған. Қазір мен сендерге шертіп көрсетейін. (аздап домбыра шертеді). Музыка тыңдау: «Қос алқа» (Дәулеткерей). Бұл күйде қыздың әдемі жүрісін,сыңғырлаған сырғаларын бейнелеп отыр. Музыка жетекшісі: атаға балалардың әнін тыңдауды ұсынады. Өткен әндерді қайталайды. Ана туралы,әже туралы әндерін айтып береді. -Ата,бүгін біз өзіңіз туралы ән айтуды үйренеміз. Ән айту: «Әй- әй ата» (муз. Ө.Байділдіә, сөзін жазған Ж.Смақов). Музыка жетекшісі әнді орындап береді. Балалардан ән кім туралы екендігін сұрайды. Алдымен мәтінін қайталап, әуенді бөліп үйретеді. Әуенді мәтінімен қосып айтады. Ата өзі туралы айтылған әнге алғысын білдіреді: -Рахмет, балалар,өнерлерің өрге сүйресін. Енді күштеріңді сынап көрейік. Өзіммен бірге арқан ала келдім. БАла кезінде арқан тартысып, күш сынасатын едік кәне, екіге бөлініп арқан тартысайық. «Арқан тартыс» ойыны Атаның әгімесін тыңдайды.     Балалар домбыра аспабымен танысады, әрқайсысы ұстап шертіп көреді.   Балалар өткен сабақтарда үйренген әндерін естеріне түсіріп айтады.   Жаңадан ән үйренеді. Әннің кім туралы айтылып отырғанын аңғарады.   .Балалар екі жаққа бөлініп арқан тартысады. Бірін – бірі жеңуге тырысады.  
Рефлексиялық –түзетушілік. Ата балаларға ризашылығын білдіріп, мақтау, мадақтауларын жеткізіп, қоштасады Балалар атамен қоштасады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі:Қазақтың киелі аспабы домбыра туралы білулері керек..

Игереді: Күй деген ұғымды игереді.

Меңгереді:Арқан тарту дағдыларын меңгереді.

Наши рекомендации