Сонда үңгірдің аузы тағы да аздап ашыла түсті. Дегенмен әлі де сыртқа шығуға мүмкіндік болмайды.

Сол уақытта үшіншісі тұрып: «Уа, Аллаһ! Бірде мен, бір жұмысқа жұмысшылар жалдадым. Шаруаны бітірген соң, барлығына ақыларын беріп едім, бірақ араларындағы біреуі ақшасын алмай кетіп қалды. Ол ақшаға мен мал сатып алдым, ал ол мал біраз көбейді. Бір күні баяғы ақысын алмай кеткен кісі келіп, ақысын сұрады. Мен оған: «Сенің ақшаңа мал алып едім, содан мыналар көбейді», - деп, сиырлар мен қойларды көрсеттім. «Міне осының барлығы - сенікі», - дедім. Ал, әлгі кісі: «Мені мазақ қылмай, ақымды бер», - деді. Сонда мен мұның мазақ емес екенін, малдың барлығы оған тиісті екенін түсіндірдім. Сөйтіп, жұмысшы мен көрсеткен малдың барлығын айдап әкетті. Уа, Аллаһ! Осы ісім Сенің ризашылығың үшін орындалған болса, бізді мына үңгірден шығара көр», - деп жалбарынды. Сол сәтте үңгірдің аузы ашылып, үш жолаушы сапарларын жалғастырды». (Бухари 2102).

Аллаһ таухид арқылы Өзінің муаххид (бірқұдайшыл) құлдарын қайғы-қасірет пен қиындықтардан құтқарады.

Дәлел: «Юнусты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып кетіп қалды да, біздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, қараңғылықтар ішінде: «Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ. Сен Пәксің. Шын мәнінде, мен өзіне-өзі зұлымдық жасаушылардан болдым», - деп жалбарынды. Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне, иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз». (Әнбия 87-88)

Сол сияқты Ибраһим мен оның әйелі Сара туралы хадисте, Перғауын Сара анамызды зорламақ болып қолын созған кезде кезде Сара анамыз: «Уа, Аллаһ, егер мен Саған Сен талап қылғандай иман келтірген әрі Пайғамбарыңа ерген және тәнімді тек өз күйеуім үшін сақтаған болсам, онда мені мына залым патшаның зұлымдығынан құтқар», - деп дұға еткенде, Перғауынның қолы семіп қалады. Сонда Перғауын: «Аллаһқа мені босатсын деп дұға ет, мен саған ешнәрсе істемеймін», - дейді (Муслим).

Ал Әбу Яғләның «Муснәд» кітабында келген басқа риуаятта, Перғауын: «Сен құлшылық қылатын Раббыңа дұға ет, мені босатсын», - деген. Аллаһ Сара анамызды Перғауынның зұлымынан ұлылықпен құтқарды.

6-сұрақ: Аллаһтың алдында амалдардың қабыл болуының шарттары қандай?

Жауап:

Кез-келген амалдың Аллаһтың алдында қабыл болуының шарты екеу: ықыласты болуы және Сүннетке сай болуы.

Дәлел: «Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған тәңірлерің бір-ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондай-ақ, кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда ізгі (салиқалы) іс істеп, Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді ортақ (серік) етпесін», - де».(әл-Кәһф; 110)

Бұл аятта айтылған уахи екі түрлі болады: Құран және Сүннет.

Сүннеттің де уахи екендігіне дәлел: «Батып бара жатқан жұлдыздарға серт. Жолдастарың (Мухаммад) адаспады да, ауытқымады. Ол өз ойынан сөйлемейді. Айтқандары - көкейіне салынған уахи ғана. Оған оны өте күшті (Жебірейіл) үйретті». (ән-Нәжм; 1-5)

Ибн Касир осы аятта екі шарт айтылған деп тәпсірлеген. Бұл аяттағы салиқалы амал дегеніміз - тек Сүннетке сәйкес жасалынған амал дегенді білдіреді, оған дәлел: Үш адам келіп, Айша анамыздан Пайғамбарымыздың амалдары туралы сұрады. Оларға Пайғамбарымыздың құлшылықтарын, амалдарын баяндап бергенде, олар бұл амалдарды азсынып: «Пайғамбарымыздың алдыңғы және кейінгі күнәләрі кешіріліп қойылған», - деді де, біріншісі: «Мен енді бұдан былай күндіз тамақ жемеймін, күнде ораза ұстаймын»,- деді. Екіншісі: «Мен бұдан кейін түндерімде ұйықтамай, таң атқанға дейін намаз оқимын»,- деді. Ал үшіншісі: «Мен әйелдерден ұзақ болып, үйленбеймін», - деді. Мұны естіген Пайғамбарымыз оларды мақтап: «Мә шә Аллаһ, тақуа екенсіңдер, жақсы амал қылайын деп жатыр екенсіңдер!» - деді ме? Жоқ, керісінше, ол ашуланып, жамағаттың алдына шығып: «Бір кісілер былай-былай деп айтыпты. Мен сендердің іштеріңдегі ең ілімді әрі ең тақуаларыңмын. Алайда, мен ораза да ұстаймын - тамақ та жеймін, намаз да оқимын әрі ұйықтаймын да және мен әйелдерге үйленемін. Осы - менің Сүннетім! Кім менің Сүннетімнен бас тартса, ол менен емес!» - деді. (Бухари 4776, Муслим 3469).

Ораза тұту, намаз оқу, үйлену дінімізде бар нәрселер болса да, Пайғамбарымыз оларды өз ойларынан шығарған тәсілдерімен орындаушыларды «менен емес» деді. Не үшін? Олардың амалдары Сүннетке сай болмағандығы үшін.

Айша анамыздан имам Бухари, имам Муслим, имам Әбу Дауд және имам Ибн Мәжаһ риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз былай деді:

Егер кімде-кім біздің бұл ісімізге (дінімізге) қатысты болмаған (дәлелі болмаған) жаңалық (бидъат) енгізсе, ол қабыл етілмейді».

Бұл хадисте Сүннетті мықты ұстанып, бидъаттың барлық түрінен аулақ болу керектігі туралы айтылған. Өйткені бидғат істеуші адам істің бидғат екенін біліп істесе, амалы қабыл етілмегенімен қоймай, зор күнә табады. Себебі - дәлел жеткеннен кейін Пайғамбардың Сүннетін тастап, оған қарсы шығу – ширктен кейінгі ең үлкен күн болып табылады. Бидъаттың барлық түрі - Тозаққа апаратын нәрсе, себебі Пайғамбарымыз : «Бидъаттың - барлығы адасушылық, ал адасушылықтың барлығы – Тозақта!» - деген. (Тирмизи).

Тағы бір сахих хадисте Пайғамбарымыз:«Маған Құран және сол тәрізді нәрсе берілді», -деген. («Сахих әл-жәмиъ» әс-Суюти).

Амалдардың ықыласты болу қажеттілігіне дәлел: «Оларға ғибадатты тек Аллаһқа арнап, шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері әмір етілген. Міне осы - тұп-тура дін».(әл-Бәйинә; 5);

«Намазым, құлшылығым, өмірім және өлімім бүкіл әлемдердің Раббысы Аллаһ үшін», - де». (әл-Әнғам; 162);

Омар ибн Хаттаб риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыздың былай деп айтқаны жеткізілген: «Шын мәнінде, амалдар тек қана ниет арқылы (бағаланады) және, расында, кім нені ниет етсе, оған сол (тиесілі) болады».(Бухари);

Сұрақ: Мүшріктердің (көпқұдайшылдардың) Пайғамбарымыз Мухаммадқа қойған «Раббың кім?» деген сұрағына оның берген жауабы қандай болды?

Жауап:

Мүшріктер Пайғамбарымызға осы сұрақты қойғанда, Аллаһ «Ыхлас» сүресін уахи етті: (Мухаммад) оларға айт: «Ол Аллаһ - Жалғыз. Аллаһ –Мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». (әл-Ихлас; 1-4)

8-сұрақ: Аллаһ несімен жалғыз?

Жауап:

Аллаһ үш нәрседе бүкіл жаратылыстардан ерекше, жалғыз. Ол таухид, таухид әр-рубубияда, таухид әл-улухияда, таухид әл әсмаи уәс-сифатта жалғыз.

Наши рекомендации