Танымдық іс-әрекеттің дамуы. - «Қайда?» деген сұраққа жауап беруге үйрету

1) Сенсорлық тәрбие

- «Қайда?» деген сұраққа жауап беруге үйрету. Таныс және үлкендердің фотосына қарап.

- Таныс емес жердегі заттармен таныстыруға үйрету. (Қуыршақ қайда?)

- Заттарды бейнесі арқылы тану.

- 4-5 құрамды геометриялық фигуралардан әр түрлі пішін құрай алу.

- Әдемі иірімдерді, геометриялық фигураларды салып аяқтауды үйрету.

- Тұтас контурға және контурсыз толықтыруды үйрету.

- Бөлшектерден тұтас денені құрастыру (конструктор, құрама ойыншықтар).

- Суретке қарап, іс-әрекетті айта білуге үйрету.

Көлем

- 3-4 градациялық көлемді: өте үлкен, үлкен, кішкентай, өте кішкентай.

- Заттарды көлеміне қарай топтастыруды үйрету.

- Көлемнің параметрлерімен таныстыру: ұзындығы, биіктігі, ені.

- Үйлерге дәл келетін шатырларды орналастыру, 4-5 көлемдік заттарды қорапқа тығып жасыру.

Пішін

- Заттардың пішінін айыра алуға үйрету (шар, куб, кірпіш немесе кесек тәріздес).

- Тұтас геометриялық фигураларды айыра білуге үйрету.

- Сөйлете отырып қаптап кубиктерді, шариктарды, кірпіштерді алдыру.

Түс

- Түстерді бірдей заттарды айту (бірдей, бірдей емес), заттардың түсін атау, ал одан кейін затты түсімен атау (жасыл қияр, ақ кубик, сары шкаф, қызыл алма).

- Заттардың түстерін берілгені бойынша топтастыру (қызыл, сары, қара, көк). Олардың өңін айыру.

Кеңістік туралы түсінігі

- Өзінің денесінен кеңістікті бағдарлай білуі.

- Кеңістіктегі мынадай бағыттарды бағдарлай білуді үйрету: астында, үстінде, оң жақ, сол жақ, алыс, жақын, алдында, артында.

- Кеңістіктегі бағыттар: қағаздың бетінің оң жағынан, сол жағынан.

Тұтастай қабылдау

- 4-5 бөлімді қиылған бөліктерден, тұтас бірқұрамды ойыншық құрай білуге үйрету (матрешкалар, кубиктер, бөшкелер, т.б.).

- Әртүрлі заттардың бөлшектерін көре алу.

Тактикалық қозғалысты қабылдау

- Тактикалық қозғалысты қабылдау арқылы заттың сын-сапасын анықтау: (қатты – жұмсақ, жылы - суық), қаптағы затты атап алу: «Суықты ал», «Қатты ойыншықты ал».

- Ойыншықты атап алуды жалғастырып үйрету: «Балықты ал», «Қоянды ал», т.с.с.

2) Тыңдап қабылдау

- Дауыс арқылы туған және таныс адамдарды ажыратуға үйрету: «Кім шақырды?»

- Музыкалық аспаптарды тыңдауға үйрету.

- Үлкендердің интоннация қойып сөйлеген сөзіне үйрету (еркелету, ұрсу, сұрау, лепті).

- Сыбырлы сөзді тыңдауға үйрету.

- Жануарлар мен құстардың дыбысын ажыратуға үйрету: «Кім айқайлады?», көкек, бұлбұл, тиісті суреттерді көрсету.

- Әр түрлі дыбысты сөзге үйрету.

- Үлкендердің сөйлеп тұрғанын не ән айтуын қарайлауға үйрету.

- Үннің ақырын не басқа түрін сезе білуге үйрету.

- Әртүрлі дыбысты ажыратуға үйрету: жаңбыр дыбысы, қаққан поезд дыбысы, машина, ұшақ, боран дыбыстары.

- Дыбыстың биіктігін ажыратуға үйрету (биік, орта, төмен).

- Керекті дыбысты пайдалануға үйрету.

3) Көркемдік-бейнелі ойлауды сақтау.

- Практикалық ойынды тапсырмаларда пайдалануға үйрету.

- Әртүрлі қиын жағдайды практикалық тәжірибе арқылы қолдану: ойыншықты алу, ағашты пайдалану.

- Заттың түсіне, формасына, өлшеміне, салмағына, температурасына қарап салыстыруға үйрету.

- Басты белгісіне қарап затты жеңілдетіп үйрету.

- Классификациялық затта тапсырмада орындау (санасы, функционалды белгі);

- Әр топтағы бөлінген затты класы арқылы бөлуге үйрету.

- Сөз бен қимылды сәйкестіруге үйрету.

- Болған жағдайды себебіне тоқталып үйрету.

- Орындалатын жағдайды кезегін анықтап үйрету.

- Қиын практикалық тапсырманы жоспарлап барып үйрету.

4) Сандық көзқарастар қалыптастыру

- Толған бос санның ажыратып үйрету, сөз арасында толған – бос сөзін қолдану.

- Топтағы бір затты ажырату арқылы үйрету.

- Бір түрдегі заттар тобын құрып, бір не бірнеше затты ажырата білу.

- Көп және аз мағынасын форматтау.

- «Қанша?» деген сұрақты түсіну.

- «Неше? Қанша?» мағынасын түсіну.

- Бір топты екінші топпен салыстырып үйрету.

- Бір затты үлкен, кіші, түзу, бірдей қоймай әртүрлі қойып үйрету.

- Заттың саны оның өлшеміне қарамайды және пішініне, түсіне, орналасуына қарамайтынын үйрету.

- Затты санауға және барлық санын атауға үйрету (5, 10).

- Бейнелік қарауда заттың санын анықтауға үйрету.

- Затты дауыстап санауға үйрету.

5) Қоршаған ортамен таныстыру.

- Баланы айналадағы адамдармен таныстыру: ата, ана, әке, аға, апа, апай, олардың бала өміріне қатысы, өзі жайлы: аты, тегі, жасы, мекен-жайы, түр сипаты және т.с.с.

- Адамдарды мамандықтар арқылы бөліп үйрету: дәрігер, шаштараз, сатушы, мұғалім.

- Физикалық және көңіл-күй жағдайына қарап ажыратуға үйрету: қарны ашты, шаршады, ауырды, қуанды, жылады, күлді және т.с.с.

- Табиғат жағдайы туралы түсінік беру: қыс, қар жауып тұр, ыстық, жаңбыр жауды, қар еріді (көктемде), жапырақ түсті (күзде). Жануар мен құстар туралы түсінік қалыптастыру төлдері арқылы: сиыр – бұзау, бие – құлын, ит – күшік.

- Зат пен жиһаз туралы түсінік қалыптастыру (киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз).

- Көкөніс пен жемістермен танысу: сәбіз, сарымсақ, қияр, қызанақ, картоп, қырық жапырақ, шалқан; алма, алмұрт, апельсин, лимон, банан. Тірі табиғатты ажырату: гүл, ағаш, саңырауқұлақ.

- Мерзімдерді ажыратуға үйрету: таңертең, күн, кеш, түн.

- Жыл мезгілдерін ажыратуға үйрету: жаз, қыс, көктем, күз.

- Уақыт мезгілін ажыратуға үйрету: тез, көп уақыт, баяғыда, кеше, ертең.

Тілдің дамуы

1) Белсенді гимнастика өткізу:

· Күлуге ерінді созу, ерінді түтікше қылу, қысаң ауызды ашып тісті көрсету;

· Беске дейін тілді ауызда қозғалтпай тұру, сағат тіліндей тілді қозғалту, ерінді сағат тілімен және керісінше жалау.

· Дыбыстар жинағын өз туған тілінде дыбыстап айту.

· Үрлеу қабілетін арттыру: шар үрлеу, көбелекті үрлеу.

2) Үлкендермен араласу кезіндегі көңіл-күй жағдайындағы реакцияны қалыптастыру.

· Жымию мен күлуді білу.

· Дифференциялық көңіл күйді дауыс арқылы «таныс» және «бөтен» үлкен адамдарды форматтау.

· Ойын өткізу - күлкі тудыратын, үлкендердің жымиюымен баланың көңіл-күй жағдайын ұстау.

· Балада бар ойыншықтарды атымен таныстыру.

· Бұйрықты түсінуге және орындауға үйрету: «Машинаны алып кел, бері кел, далаға ойнап кел», «Машинаны алып кел, ол үстел астында».

· Баланы қимыл мен сөздің мағынасына сәйкестендіруге оқыту.

· Грамматикалық қолданысты дамыту, сөздің құрылыстығының сәйкестігін түсіну, атау септігінен басқа сұрақтарға жауап беру: «Көрсетші, анам машинаны қайда қойды?» «Сен қолыңды немен сүртесің?»

· Бір нәрсенің бірнеше қимыл жасайтынын түсіну (ит ұйықтап жатыр, отыр, жүгірді).

· Бір істе басқа істі де жалғастыруға үйрету (жүр, тоқта).

· Болымды, болымсыз етістіктердегі бұйрықтарды ажыратуға үйрету (секір – секірме, ал - алма).

· Сөз қорын жаңа сөздермен, зат есіммен, етістікпен, сын есіммен толықтыру.

· Зат есімді етістік пен сын есімге байланыстыруды үйрету.

· Баланың белсенді сөздік қорын сын есіммен толтыру, түс мағынасына байланысты (қызыл, көк, сары, жасыл), құрамы (тәтті, ащы), өлшемі (ұзын, қысқа, үлкен, кіші).

· Баланың белсенді қозғалысында есімдік, үстеу, сан есім, шылау қосу арқылы (онда, үстінде, астында) үйрету.

· Жалғыз және көп сандық мағынаны етістік пен зат есімге дифференциялай білу.

· Жақын мағынадағы етістіктерді дифференциялауға үйрету (жуу, қол жуу, кір жуу).

· Етістікті дифференцирлау, қарама-қарсы мағынада (ки – шеш, аш - жап). Өткен шақтағы етістікті қолдану арқылы (жинаған, жуған).

· Қолданыста есімдікті (мен, ол, сен, біз) қолдану.

· Баланы сұрақ қоюға үйрету: «Кім? Не? Қайда? Неге? Қашан?»

· Өзінің балаға деген тілек өтінішіңмен сұрағыңды форматтау: «Машина бер», «Сенімен қыдырып келейін».

· Тақпақ жаттау (Аяғына дейін жеткізу).

· 4 тармақты өлең шумақтарын, ән жаттатқызу.

· Үлкендердің көмегімен суреттегі таныс ертегілерді дұрыс жеткізе білуге дамыту.

· Егер баланың тұтықпасы болса, ересек адам өзінің сөзіне мұқият болуы тиіс. Олармен мәнерлі сөйлеу, оның тілмен дұрыс интонация қойып, сөз немесе сөйлем балаға үлкендермен жетеді. Бірінші суретті үлкендер атап көрсетеді, одан кейін бала артынан қайталайды.

· Суретте бейнеленген мағына, одан кейін тақпақ баланың кішкентай сөйлемі бар әңгімесі егер суретте үстел немесе т.б. бейнеленсе онда бала «Бұл үй, бұл үстел» дейді.

· Таныс суреттерге қарап сұрақтарға жауап беруге үйрету.

· Ересек адам сұрайды «Кім доппен ойнайды?» Бала мынадай жауап беруі тиіс: «Қыз доппен ойнап жатыр».

· Баланы өз бетімен суретті бейнелеуге, сауатты сөйлеуге, сөз байланысын дұрыс айтуға, есімдік пен үстеуді дұрыс қолдануға үйрету.

· Баланы өз бетімен өзінің өмірі туралы әңгімелеуге үйрету.

· Ән айтуға үйрету.

Наши рекомендации