Ылмыстық процесте мерзімді өткізіп алудың іс жүргізуішлік-құқықтық салдары
Іс жүргізу мерзімдерінің мәнділігі оларды өткізіп алудың нәтижесінде пайда болатын құқықтық салдарлардың сипатынан айқын көрінеді.
Сот ісінің шапшаң жүргізілуінің кепілі ретінде мерзімнің өтіп кетуінің мынадай зардаптары болуы мүмкін:
1.Белгіленген мерзімнің бастапқы іс жүргізу маңызының жойылуы мүмкін. Мәселен, ҚІЖК-тің 399-бабында апелляциялық немесе кассациялық шағым жасау мен сот үкіміне наразылық білдірудің он тәуліктік мерзімі көзделген. Шағым жасау мен наразылық білдіру құқығын жүзеге асырудың нәтижесі, мысалы, заңсыз үкімнің күшін жою және істі жаңадан тергеуге немесе сотта карауға беру болуы мүмкін. Аталған мерзімнің өтіп кетуі адамның үкімге шағым жасау, ал прокурордың — оған наразылық білдіру құқығынан айырылуын білдіреді.
2.Іске мүдделі адамдардың іс-қимыл жасауы үшін негіз пайда болуы мүмкін. Мысалы, ҚІЖК-тің 184-бабында қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қарау үшін көзделген мерзімдердің өткізіліп алынуы арызданушыға прокурордың, тергеушінің немесе анықгаушының іс-әрекеттеріне шағымдану құқығын береді (ҚІЖК 185-бап, 2-бөлік).
3.Мерзімнің өткізіліп алынуы өзге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін негіз бола алады. Мысалы, жасырынып қалған айыпталушыны алдын ала тергеу мерзімі өткенге дейін іздептабу мүмкін болмаса тергеушінің іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруы мүмкін (ҚІЖК-тің 50-бабы).
4. Белгіленген мерзімдерді бұзушыларға іс жүргізушілік ықпал ету шараларын қолдану үшін негіздер пайда болуы мүмкін. Мәселен, сотта істің каралуы кезінде белгіленген анықтау мен тергеу мерзімдерінің дәлелсіз бұзылуы оған құқық қорғау органы басшысының атына жеке қаулы жіберу құқығын береді (ҚІЖК-тің 59-бабы).
Процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктері деп көрсетілген мерзімдердің өтіп кетуінің салдары біршама өзгеше болады.
1. Өз құқықтары мен мүдделері бұзылған адамның іс жүргізудегі жағдайы мерзімнің өткізіліп алынуы салдарынан дереу өзгеруі мүмкін. Ол өзгеріс соның пайдасына болуы мүмкін. Мысалы, 153-баптың 8-бөлігіне сәйкес прокурор айьшталушыны камауға алу мерзімін ұзартуға рұқсат береді немесе өтінішті қанағаттандырудан бас тартады. Егер ол ұзартылмаған болса, айыпталушы қамау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады. Егер қамауға алу мерзімі аяқталғанда айыпталушыны одан әрі қамауда ұстау жөніндегі шешім келіп түспесе, қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы оны өзінің қаулысымен қамаудан босатады (ҚІЖК-тің 153-бабының 9-бөлігі).
2. Мерзімнің өткізіп алынуы өкілетті орган тарапынан тәртіп бұзушыға іс жүргізушілік ықпал ету шараларының қолданылуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, ҚІЖК-тің 158-бабьша сәйкес сезікті, айыпталушы, сондай-ақ куә мен жәбірленуші шакыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда алып келуге (мәжбүрлеп әкелуге) ұшыратылуы мүмкін.
Пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылуының кепілі болып табылатын мерзімдердің өткізіп алынуының ерекше іс жүргізушілік-құқықтық салдарлары болуы ықтимал. Қадағалау қызметінің мәні прокурордың іс жүргізушілік ықпал ету шараларын қолдануы ретіндегі сол салдарлардың сипатын айқындайды. Аталған салдарлардың процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік беруге бағытталған мерзімдерді бұзудың салдарларымен ұқсастығы көп.
3.Белгіленген іс жүргізу мерзімдерінің аяқталуы іс жүргізу әрекеттерінің жарамсыз, заңды күші жоқ деп танылуына әкеліп соғады. Ондай әрекеттер іс жүргізу әрекеттері статусынан айырылады және олардағы мәліметтерді дәлелдеу мақсатында пайдалануға болмайды.
4.Өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру мақсатында шағым берілген жағдайда шешімнің орындалуы өткізіліп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы мәселе шешілгенге дейін тоқтатыла тұрады.
5.Өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру жөніндегі арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда ол шешімге реттелетін құқық қатынастарының әрбір бөлігі үшін белгіленген тәртіппен шағым жасауға, наразылық білдіруге болады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Айыптау және актау үкімдерін тағайындағанда, қылмыстық істі қысқартқан жағдайда азаматтық талапты шешу.
2. Азаматтық талап белігінде соттың үкімі мен қаулысын орындау.
3. Қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында кеткен шығындарды өтеу мен еңбекке ақы төлеу.
4. Қорғаушының заң көмегіне ақы төлеу, аудармашыға, маманға, сарапшыға ақы төлеу.
5. Жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың заңды екілдеріне, жеке айыптаушының қорғаушысына және өкіліне, куәгерге, аудармашыға, маманға, сарапшыға, куәға шығындарды өтеу.