Ылмыстық құқықтық нормалардың құрылысы, диспозиция және санкциялардың түрлері.

Ерекше бөлiмнiң əрбiр құқықтық нормасы үш элементтен: гипотеза, диспозицияжəне санкциядантұрады. Қылмыстық заңда осы құрылымның қандай түрде жəне шекте көрiнетiнiн анықтау үшiн олардың

əрбiреуiнiң ерекшелiктерiн қарастыру қажет.

Гипотезадеп белгiлi бiр мiнез-құлық ережесiн қолданудың жағдайларын анықтайтын құқық нормасының элементiн түсiну қажет. Алайда, қылмыстық құқық теориясында көптеген авторлар қылмыстық құқықтық

нормадағы гипотезаның рөлiн оның диспозициясы орындайды деп тұжырымдайды. Бұл əлi де болса пiкiрталас мəселелердiң бiрi.

Диспозицияқылмыстық əрекеттi жəне оның құрамдарын анықтаушы жəне қылмыс белгiлерiн суреттеушi қылмыстық құқықтық норманың бiр бөлiгi. Басқаша айтқанда, диспозиция санкцияны қолдану мүмкiндiгi туралы алғышартты қамтиды. ҚР ҚК Ерекше бөлiмiнде диспозициялардың мына түрлерi көрсетедi: жай, сипаттамалы, сiлтемелi, бланкеттi.

1.Жай диспозицияда қылмыстың аты ғана аталынады. Онда қылмысты сипаттайтын белгiлер көрсетiлмейдi.

Мысалы, ҚК 317-бабының диспозициясы ″Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туын, мемлекеттiк

елтаңбасын немесе мемлекеттiк гимнiн қорлау.″ Мұндай жай диспозициялар қылмыстық əрекеттiң

белгiлерiн ашып көрсетпегеннiң өзiнде оның мазмұны жеткiлiктi түрде түсiнiктi болған жағдайларда

қолданылады. Мысалы, 96-баптағы адам өлтіру, 175-баптағы ұрлық

2.Сипаттамалы диспозиция жасалған əрекеттi қылмыс ретiнде анықтайтын бiрқатар белгiлердi қамтитын

диспози цияның түрi. Сипаттамалы диспозиция қылмыстың барлық белгiлерiн заңның өзiнде нақтылап ашып көрсетедi. Мысалы, ҚК 160-бабындағы ″Геноцид″ қылмысының диспозициясында ″Геноцид, яғни

ұлттық, этникалық, нəсiлдiк немесе дiни топты, осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтiру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мəжбүрлеп бiреуге беру, күштеп көшiру не осы

топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана əрекеттер″ деп қылмыстық белгiлерiн сипаттайды. ҚР Қылмыстық кодексiнiң көптеген баптарының диспозициясы сипаттамалы, өйткенi қылмыстық заңдағы əрбiр сөздiң мағынасы нақты бiр қылмыс үшiн жауаптылық негiзiн анықтауда ерекше маңызды болып табылады.

Сондықтан да, жай диспозицияға қарағанда қылмыстың құрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылығында дау жоқ.

3.Сiлтемелi диспозиция нақты қылмыс құрамын анықтайды. Белгiлi бiр қылмыстың белгiлерiн анықтау үшiн қылмыстық кодекстiң басқа тиiстi бабына, бабының бөлiгiне немесе тармағына сiлтейтiн диспозиция ның түрi. Мысалы; ҚК 106-бабы ″Ұрып-соғу″ қылмысының диспозициясы ″Тəн ауруын келтiрген, бiрақ осы Кодекстiң 105- бабында көзделген зардаптарға əкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану əрекеттерiн жасау″. Мұнда ұрып-соғу қылмысы зардабының мөлшерiн анықтау үшiн заң шығарушы ҚК 105- бабына сiлтеме жасайды. Негiзiнен сiлтемелi диспозициялар заңда қайталауларды болдырмау мақсатында қолданылады.

4.Бланкеттi диспозиция – нақты бiр қылмыстың белгiлерiн анықтау үшiн ол қылмысқа тиiстi түсiнiктi беретiн басқа заңдарға немесе нормативтiк актiлерге сiлтеме жасайтын диспозицияның түрi. Мұндай

диспозициялар ҚР ҚК-ң экологиялық, экономикалық, транспорттық қылмыстар үшiн жауаптылықты

қарастыратын тарауларында жиi кездеседi. Мысалы, ҚК-ң 280-бабы ″Ветеринарлық ережелердiң немесе өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердi бұзу″ əрекетi үшiн қылмыстық жауаптылықты қарастырады. Бұл бапты қолдану үшiн ветеринарлық ережелердi реттейтiн нормативтiк актiге жүгiну қажет. Егер осы секiлдi бланкеттiк нормаларды ҚК өзiнде тiзiп көрсете берсе,

Кодекс баптарының көлемi тым ұлғайып, оны пайдалану қиындық тудырады.

Қылмыстық құқықтық норманың үшiншi элементi – санкция.Құқық теориясы бойынша, санкция – тиiстi мемлекеттiк органның құқық нормасының талаптарын бұзған адамға қолданатын мəжбүрлеу шаралары.

Қылмыстық құқықтық норманың санкциясы деп диспозициядағы қылмыс үшiн қолданылатын жазаның түрi мен мөлшерiн көрсететiн элементтi түсiну қажет. Санкция белгiлi бiр Ерекше бөлiм бабының ажырамас бөлiгi. Диспозиция мен санкция арасындағы байланысты қылмыс пен жаза арасындағы тəуелдiлiктiң көрiнiсi деп айтуға болады. Санкцияның мəнi ең алдымен оның құқық нормасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету қабiлеттiгiмен түсiндiрiледi. ҚР Қылмыстық Кодексiнде санкцияның үш түрi көрсетiлген:

1). Салыстырмалы – анықталған санкция,жазаның нақты түрi мен мөлшерiн көрсететiн немесе

жазаның бiр шегiн белгiлейтiн санкцияның түрi. Санкцияның бұл түрi екi нысанда кездеседi. Бiрiншiсiнде, жазаның төменгi жəне жоғарғы шегi көрсетiледi. Мысалы, ҚК 96-бабының 1-бөлiгiнiң санкциясында ″алты

жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады″ делiнген Екiншiсiнде, жазаның тек ең жоғарғы шегiн көрсететiн санкция. Мысалы, ҚК 98-бабының 2-бөлiгiнiң

санкциясында ″бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады″ делiнген. Мұндай жағдайларда жазаның төменгi шегi ҚК Жалпы бөлiмiнде қарастырылған бас бостандығынан айырудың

төменгi мерзiмiмен анықталады. ҚР ҚК 48-бабының 3- бөлiгiне сəйкес бас бостандығынан айыру жазасының төменгi шегi – алты ай.

2). Баламалы санкцияекi немесе одан да көп жазаның түрiн көрсететiн санкция. Мысалы, ҚК 130-бабы ″Қорлау″ қылмысы үшiн айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе түзеу жұмыстары түрiндегi жазалар

қарастырған. Сот жаза тағайындау кезiнде қылмыстың жəне қылмыскердiң қоғамға қауiптiлiк дəрежесi мен сипатына байланысты осы жазалардың ең əдiлiн жəне тиiмдiсiн таңдап алады. ҚР Қылмыстық Кодексi Ерекше бөлiмiнiң баптарындағы санкциялардың басым көпшiлiгiн баламалы санкциялар құрайды.

Ылмыстың құқық бұзушылықтың басқа да құқықтық бұзушылықтың айырмашылық түрлері.

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет — бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады. Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың түрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.

Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.

Құқық бұзушылықтың түрлері:Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді.

Наши рекомендации