Пештің жұмысшы кеңістігін қалау. Дәріс. Доғалы болат балқыту пешінің конструкциясы.

Дәріс. Доғалы болат балқыту пешінің конструкциясы.

Лекция жоспары:

1. Болат балқыту өндірісінде қолданылатын футеровкалар туралы жалпы мәлімет

2. Пештің жұмысшы кеңістігін қалау

3. Пештердің механикалық қондырғылары

4. Іргетасқа пештерді тіреу жүйесі

Дәріс мақсаты:Доғалы болат балқыту пешінің конструкциялары туралы жалпы мәлімет.

Дидактикалық бірліктер: футеровка; бүркеніш; электродұстағыш; пеш; іргетас; айналу механизмі;электрод; күмбез; күмбезді сақина; аспа.

Болат балқыту өндірісінде қолданылатын футеровкалар туралы жалпы мәлімет.

Доғалы пештің футеровкасы электр доғаларының жылулық сәулелену,тиеу кезінде шихта кесектерінің соққылары,қож және металдың жегідей жеу әсері,салқын шихтаны үйю кезінде салқындатқанда температуралардың күрт өзгеруінде туатын термиялық кернеу әсеріне ұшырайды.Футеровка күмбезі арқа күмбезінің таяныш күштерімен туатын қосымша жүктеуге ұшырайды.

Сондықтан қолданылатын отқа төзімді заттар жоғары отқа төзімділік,термотөзімділік,беріктілік және қожға төзімділікке ие болуы керек.

Технологиялық процесске байланысты доғалы пештердің футеровкасын қышқыл және негізгі отқа төзімді материалдардан жасауға болады.

Қышқыл футеровка жасау үшін негізгі компоненттің (SiO2) мөлшері 95-97% болатын кварцит және одан жасалған өнімдерді қолданады. Династы кірпіш жасағанда байланыстырушы материал ретінде известьті ерітінді (2,0-2,2%) және сульфитті щелок немесе сірнені қолданады.

Негізгі қалаулы пештерді футеровкалау үшін кедей хромды және темір кендері қосылған магнезитті ұнтақтан жасалған материалдар мен өнімдерді қолданады.Зауыттардың көбісінде электрпештерін футеровкалау үшін отқа төзімді заттар ретінде доломит және одан жасалған өнімдер қолданылады.

Жоғары отқа төзімді магнезитхромитті өнімдерді келесі маркаларға бөледі:

ПШСП- шихтада ұсақ ұнтақталған хромды кені бар тығыз периклазоншпинелидты магнезитхромитті;

МХСП-шихтада ірі түйіршікті хромиті бар тығыз магнезитхромитті;

ПШСО-шихтада ұсақ ұнтақталған хромды кені бар қарапайым периклазошпинелидты магнезитхромитті;

МХСО-шихтада ірі түйіршікті хромды кені қарапайым магнезитхромитті.

Бұл өнімдердің негізгі құраушысы (65-70%) магний тотығы болып табылады. Кірпіш маркасына байланысты хром кенінің мөлшері кемпірсай кенің қолданғанда 7-18% шамасында және сарановск кенін қолданғанда 5-12% шамасында болады.

Тығыз өнімдер (ПШСП және МХСП) көлемі 40т-дан артық электрпештерінің аса қиын жағдайда жұмыс жасайтын күмбездерін жасауға арналған. Қарапайым өнімдер (ПШСО және МХСО) аз көлемді пештердің күмбездерін жасау үшін қолданылуы мүмкін.

Көрсетілген марка өнімдері тіке және пятовый кірпіш түрінде жасалуы мүмкін. Тіке кірпіш ұзындығы (яғни күмбез қалыңдығы) 230,300,380,460 және 520мм болады.

Пештің жұмысшы кеңістігін қалау

Негізгі пештің оттығы(1 сур)оқшауланған және жұмысшы қабаттардан тұрады.Оқшауланған қабатқа металл бүркеніш түбіне төселетін шамотты ұнтақ қабатты және шамот кірпіштен қаланған қабатты түзейтін табақты асбест қабаты жатады. Оқшауланған қабат қалыңдығы 70-180мм. Жұмысшы қабат кіші пештерде қалыңдығы 280мм бастап,үлкен пештерде 575мм дейін болатын бірнеше қатар магнезитті кірпіштен және жоғарғы толтырылған қабат оттықты қою кезінде бірінші балқыту кезінде тұтас массаға күйжентектелетін қалыңдығы 100-190мм магнезитті ұнтақтан тұрады.

Толтырудың күйжентектелген қабатының үлкен рөлі бар:біріншіден оттық қалауының кірпіштері арасынан тігістен сұйық металдың мүмкін ағып кетуін сақтап қалады;екіншіден оның қалыңдығын құю -әр балқытудан кейін тозған участокқа магнизетті ұнтақ лақтыру арқылы тұрақты ұстап тұруға болады,осының арқасында оттық тұрақтылығы 1500-6000 балқыту болып табылады және ол пештің жұмысын шектемейді.

Қабырғалар футеровкасы отандық зауыттарда жылулық оқшауланған калау қабатынсыз еңіс футеровкаға қатарластырылатын толығымен негізгі кірпіштен (магнезитхромитті,хроммагнезитті,магнезитті) жасайды. Қабырғадағы кірпіштерді бір немесе екі (бүркенішке жақын орналасқан арматура және ішкі жұмысшы қабат,1 сур.сияқты) қатар қояды. Қабырғаның жоғарғы бөлігін қалыңдығын кейде азырақ етіп жасайды,өйткені электр доғалардан жылулық сәулелену азырақ.Қабырғаның төмеңгі жағының қалыңдығы 300-570мм,пештің сыйымдылығы өскен сайын қалыңдық өседі. 100 т.пештердің қабырғалар төзімділігі 150-200 балқыту,кіші пештерде 350 балқыту.

Пештің күмбезі күмбез пішініне ие (көлденең қимада-арка формасы).Мұндай пішінді күмбезді қалау кезінде сына және тіке кірпіштерді қолданғандықтан алады. Күмбездің шеткі кірпіштерінің тірегі,яғни барлық қалаудың тірегі шалғайға дейін күмбезді қамтитын болат күмбезді сақина болып табылады( 2сур);орта және үлкен пештерде күмбезді сақинаны сумен салқындатылатын етіп жасайды. Негізгі пештердің күмбезі магнезитхромитті кірпіштен қаланады,қалау кезінде электродтарды өткізу үшін үш тесік және пешті газдарды бөлу үшін тесік қалдырады. Күмбездердің қалыңдығы 230-460мм,пеш сыйымдылығы өскен қалыңдық өседі.

Пештің жұмысшы кеңістігін қалау. Дәріс. Доғалы болат балқыту пешінің конструкциясы. - student2.ru

Наши рекомендации