Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысының құралы.

Мұнай өндіру саласында тағайындалуы әртүрлі ұңғымалар салынады және олардың түріне қарай құрылымды-ізденісті, барлаушы, өндіруші, айдаушы, сонымен бірге арнайы деп ажыратады.

Өндіруші ұңғыма деп әдетте соның тікелей көмегімен мұнай, газ немесе газды конденсатты өндіруге арналған ұңғыманы айтады.

Мұнай және газ көздерін өңдеу тек қана жер қыртысының өнімді беткейлерін бұрғылайтын ұңғымалардың көмегімен жүзеге асырылады.

Ұңғыма – тік немесе иіліңкі болады, диаметрі кішігірім (75-350мм-ге дейін) және мынадай тереңдіктерге кетеді: 100-150-ден 5000-6000 метрге дейін және одан жоғары болады. Ұңғыманың бөлшектері: сыртқа шығу ауыз қуысы (сағасы); ұңғыма-түбі, діңгек жанындағы бөлігі мен жоғарғы жағы. Мұнай-газ өндірісінде қыртыстарды өзара жалғастыратын ұңғылар да орын алады және ол ұңғымалар да тік немесе иіліңкі бағыттарда болуы мүмкін.

Ұңғымалар мынадай санаттарға бөлінеді: өндіруші, барлаушы, бақылау және пьезометрлік. Мұнай және газ өндіруге немесе конденсация жасауға арналған ұңғымаларды өндіруші деп атайды (1.2-сурет).

Өндіруші ұңғы негізгі үш телімнен тұрады: сағалық, оқпандық және сүзгілік. Олардың әрқайсылары қажетті жабдықтармен қамтылған: тізбек басы (1), бағыттаушы (2), кондуктор (3), өндіруші тізбек (4) және сүзгі (6). Кей кезде ұңғы пакермен немесе қабатты ажыратқыш клапанмен (5) жабдықталады.

Өндіруші ұңғының оқпанды бөлігі тау жынысына цементтелген концентрикалық орналасқан шегендеуші тізбектерден тұрады.

Ішкі шегендеуші тізбек сұйық өндірілетін қабатты ұңғының сағасымен байланыстырады. Оның диаметрі ұңғыны пайдалануға қажетті жабдықтарды орналастырып, барлық технологиялық операцияларды орындай алатындай етіп таңдап алынады.

Сыртқы шегендеуші тізбек бағыттаушы деп аталынып, бірнеше метр тереңдікке дейін түсіріліп, оның биіктігі түгелдей цементтеледі. Оның ішіне, әдетте, ұзындығы 200 м-ден 600-800 м-ге дейін жететін кондуктор орналасады.

Ал суды немесе басқа да сұйықтық заттарды тартуға арналған және қабатта жатқан қорларға жасанды түрде әсер етуге арналған ұңғымалар айдау ұңғымалары деп аталады. Ал барлау ұңғымалары болса, мұнай-газ кендерінің бар-жоғын, мұнай-газдың таралу аймағын айқындауға арналған.

Бақылаушы және пьезометрлік ұңғымалар жер қыртысы мен қыртыстық сұйықтың жағдайын анықтау бойынша жұмыстарды атқаруға, сонымен қатар қыртыстық қысымдарды қажетті деңгейде ұстап отыруды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылады.

Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысының құралы. - student2.ru

1.2-сурет. Өндіруші ұңғының сұлбасы:

1-тізбек басы; 2-бағыттаушы-сыртқы шегендеуші тізбек; 3-кондуктор-ішкі шегендеуші тізбек; 4-өндіруші тізбек; 5-ажырату клапаны; 6-сүзгі

Өндіруші ұңғымасы ұңғымалардың ішіндегі ең негізгі және маңызды құрылым болып табылады, ал олардың жиынтығы іске асыру қоры болып саналады, оның құны қазіргі кәсіптегі барлық технологиялық жабдықтар құнының 75-80 пайызын құрайды. Бүтіндігі тараған, ақауы табылған ұңғымалар қолданылудан тыс қалады. Оларды күрделі жөндеуден өткізеді болмаса тіпті жарамсыз болып табылады.

Осыған байланысты ұңғымалардың ұзақ уақытқа жарамдылығы жердің өнімді қабатын өндіру кезеңіне сәйкес болуы қажет. Яғни бұл бірнеше он жылдық деген сөз. Мұндағы ең басты нәрсе жабдықтың жоғары сапалылығы. Ұңғыма құрылысына қажетті талаптар оның іске асырылу шарттарымен айқындалады. Бәрінен бұрын оның сапасы жер қыртысының геологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады.

Пайдалану ұңғымасы екі негізгі типте болады: тік және иіліңкі. Иіліңкі үлгісі – қыртыстың берілген жерінде ұңғыманың бастауын бағыттау қажеттілігінің нәтижесі. Осы ұңғымалардың профильдері технологиялық талаптарға сәйкес алуан түрлі болып келеді.

Тізбектің ұзақ жұмыс жасауы ұңғыманың жұмыс жасау уақытымен сәйкес келуі тиіс.

Ұңғыманың сыртқы шегендеу құбырлар тізбегі бірнеше метр тереңдікке түсіріледі және олар құбыр бойы толық цементтеледі. Бағыттаушының ішіне тізбек басы орнатылады да, оның ұзындығы 200-ден 600-800 м-ге дейін болады. Бұл кондуктор деп аталып, барлық ұзындығы бойынша цементтеледі. Пайдалану тізбегі мен кондуктордың арасына шегендегіш құбырлар тізбегі түсіріледі. Олар ұңғыманы құру кезінде технологиялық функцияларды жасайды, тереңдікке түсірілуі геологиялық қабатқа байланысты анықталады.

Тізбек басы кондукторға жалғастырылып, ұңғыманы пайдалану кезінде ұңғымаға жабдықтарды түсіру үшін қолданылады.

Пайдалану ұңғымасының сүзгілі бөлімі газдың немесе сұйықтың және де қабатқа су мен газды айдағанда ағып кетпеуін қамтамасыз етуі тиіс.

Ұңғыма оқпанының шегендеу құбырлары тау жыныстарының қысымында болады және олар пайдалану тізбегі – сұйық және газды айдағандағы немесе қабаттың қысымының әсерінде де болады. Ішкі және сыртқы қысымдардан бөлек шегендеуші тізбек, сонымен бірге құбырдың өз салмағының жүктемесін де көтереді, ал кондуктор болса қалған шегендеуші тізбектің салмағын көтереді. Тізбек басы шегендеуші тізбектің салмағын, ішкі қысымды және оған артылған өндіру жабдықтарының салмақтарының жүктемесін көтеруге мәжбүр.

Наши рекомендации