Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару

Есептің шарты : Жүк Д , массасы m , бастапқы жылдамдығын V0 , А нүктесінен алып , тік жазықтықта орналасқан АВС иілген құбырмен суретте көрсетілгендей қозғалуда.

Жүкке АВ учаскесінде ауырлық күшінен басқа Q тұрақты күші (бағыты суретте көрсетілген ) және V жүктің жылдамдығына тәуелді , ортаның кедергі күші R. әсер етеді . (Кедергінің бағыты , қозғалыс бағытына қарама - қарсы.)

АВ учаскесінде жүктің құбырға үйкелісін ескермеуге болады. В нүктесінде жүк өзінің жылдамдық шамасын өзгертпей құбырдың ВС учаскесіне өтеді, қай жерде оған ауырлық күшінен басқа үйкеліс күші ( жүктің құбырға үйкеліс коэффиценті f = 0,2) және айнымалы күш Т әсер етеді, шамасы 5-ші кестеде берілген.

Жүкті материалды нүкте деп есептеп және АВ = i арақашықтығын немесе жүктің А нүктесінен В нүктесіне дейінгі – t1, қозғалыс уақытты біле отырып , жүктің ВС учаскесіндегі, демек х ≤ f(t) қозғалыс заңын табу керек.

Есепті шығарудың жалпы әдісі

1.Жүктің ВС учаскесіндегі қозғалысын қарастырамыз , еркін масштабта ВС учаскесі үшін есептеу схемасын кұрастырамыз , Д жүгін қандайда бір аралық қалыпта көрсетеміз; координата осін (X осін) ВС учаскесінің бойымен бағыттап , санақ басын В нүктесінен аламыз; Д жүгіне әсер етуші барлық күштерді көрсетеміз.

2.Д жүгінің ВС учаскесіндегі дифференциалдық қозғалыс тендеуін Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru түрінде құрастырамыз.

З.Осы теңдеуді екі рет интегралдау қортындысында қозғалыс заңын аламыз. Қозғалыс заңына кіретін интеграл тұрақтылары бастапкы шарттар бойынша анықталады. (жылдамдыктың мәні V және t0=0 уақыт моменті кезіндегі X орын ауыстыру)

4.Есептің шарты бойынша жүк В нүктесіндегі қозғалысында жылдамдықтың шамасын өзгертпейді. Олай болса қозғалыстың ВС учаскесіндегі VB бастапқы жылдамдығын сонымен қатар бір уақытта АВ учаскесі үшін соңғы жылдамдық болатын VB -ны анықтау үшін , жүктің АВ учаскесіндегі қозғалысын қарастырамыз.

5. (1) және (2) пунктке ұқсас есеп схемасын және АВ учаскесіндегі жүктің дифференциалдық қозғалыс теңдеуін қарастырамыз.

6.Осы теңдеуді бір рет интегралдап, жүктің учаске соңындағы VB қозғалыс жылдамдығын анықтаймыз.

Ескеру керек , егер есептің шарты бойынша АВ учаскесін өтудің уақыты емес , ұзындығы берілсе , онда интегралдамас бұрын уақыт бойынша айнымалыдан арақашықтық бойынша айнымалыға көшкен дұрыс , келесі шарт бойынша:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru (табылған)

7.Алынған қозғалыс теңдеуіне VB жылдамдығының мәнін қойып , қозғалыс заңын түпкілікті анықтаймыз.

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Сурет 5. №5 есебінің схемасы

Кесте 5

№5 есебінің варианттарының берілгені

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

№5 есебіне мысал

Есептің шарты: Құбырдың АВ учаскесінде массасы m = 2кг Д жүгіне , Р ауырлық күші , Q тұрақты күш Q = 10 Н және R = 0,4 V2 кедергі күші әсер етеді . Жүк Д бастапқы V0 =5 м/с жылдамдығын А нүктесінен алып В нүктесіне дейін l = 2,5 м арақашықтығын өтіп , жылдамдығын өзгертпестен құбырдың ВС учаскесіне өтеді. Бұл учаскеде жүкке ауырлық күшінен басқа үйкеліс күші (жүктің құбырға үйкеліс коэффиценті f = 0,2) және айнымалы күш Т= 16Sin (4t) әсер етеді.

Құбырдың орналасу схемасы 5.1- суретте көрсетілген. Жүктің құбырдың ВС учаскесіндегі қозғалыс заңын аныктандар . Есептеу кезінде g = 10 м/с2 алуға болады.

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Сурет 5.1. №5 есептің мысалына есептеу схемасы

Шешуі:

1.Есеп схемасында Д жүгіне ВС учаскесінде әсер етуші барлық күштерді көрсетеміз .Т күші оң таңбалы болғандықтан қозғалыс бағытымен бағытталады , жүктің кұбырға үйкеліс күші Ғүйк - қозғалысқа қарама-қарсы , ауырлық күші Р- тік төмен және құбырдың жүкке нормаль реакция құраушысы N – кұбырға перпендикуляр . X осін ВС құбырының бойымен бағыттап , осьтің басын В нүктесінен аламыз.

2.Жүктің осы учаскедегі қозғалысының дифференциалдық теңдеуін құрастырамыз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru (1)

Осы теңдеуді біздің схемамызға қолданатындай етіп жазайық. Бұл теңдеудің оң жак бөлігі барлық күштердің X осіндегі проекциаларының қосындысынан құралады , демек

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru (2)

Өз кезегінде ауырлық күшін , жүктің массасы және еркін түсу үдеуі арқылы өрнектеуге болады:

Р = тg (3)

Ал үйкеліс күшін Кулон заңы бойынша үйкеліс коэффиценті арқылы және нормаль реакция байланыс құраушысымен өрнектейміз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru (4)

N реакциясын анықтау үшін барлық күштерді X осіне перпендикуляр оске проекциялаймыз және Д жүгі бұл бағытга орын ауыстырмайтындықтан , бұл проекциялардың қосындысы нольге тең болу керек , демек

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Осында (3) ескере отырып , табатынымыз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru (5)

(5), (4), (3), (2) теңдеулерін (1) теңдеуге қойып және берілген Т мәнін ескере, алатынымыз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Осы теңдеуді интегралдамас бұрын оны түрлендіреміз . Теңдіктің сол жақ жәнеоң жақ бөлігін m - ге бөлеміз , Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru үдеуін жылдамдыктың дифференциалы ретінде көрсетеміз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Айнымалыларды бөліп , теңдіктің оң жақ және сол жағын dt - ға бөліп жәнеинтегралдап, алатынымыз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru (6)

Жылдамдықты Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru бірінші туынды ретінде өрнектеп , тағыда айнымалыларды бөліп және интегралдап , алатынымыз: Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru (7)

5.Теңдеудегі С1 және С2 интегралдың тұрақтыларын бастапқы шарттарды қойып анықтаймыз. Бастапқы шарт ретінде X орын ауыстыруын және уақыт моменті t0 = 0 болғандығы V жылдамдығы , демек X0 = 0; V = VB , олай болса (6) теңдеуден, шығатыны:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru ,

осыдан табатынымыз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

(7) тендеуден алатынымыз С2 = 2

Олай болса Д жүгінің ВС учаскесіндегі қозғалыс теңдеуі былай жазылады.

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru (8)

6. (8) теңдеудегі VBанықтау үшін Д жүгінің АВ учаскесіндегі қозғалысын қарастырамыз. Ол үшін (1) пунктке ұксас осы учаске үшін есеп схемасын құрастырамыз . Осьті У арқылы белгілеп бағытын қозғалыс бағыты бойынша алып координат басын А нүктесіне орналастырамыз. Осы учаскедегі Д жүгіне әсер етуші күштерді белгілейміз. Q - шамасы және бағыты бойынша берілген тұрақты күш ; Р - ауырлық күші (тік төмен бағытталған) ; R - ортаның кедергі күші (R = 0,4V2) қозғалысқа қарсы бағытталған және N- кұбырдың жүкке реакциясы ( құбырға перпендикуляр бағытталған ).

7.Жүктің У осіндегі проекциясының дифференциалдық теңдеуін кұрастырамыз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

немесе , біздің жағдай үшін Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

ал (3) теңдеуді және R = 0,4V2 берілген мәнін ескере отырып:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

8. Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru үдеуін Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru ретінде өрнектеп , сосын айнымалыларды бөліп және бір рет интегралдап АВ учаскесіндегі жылдамдықтың тәуелділігін анықтаймыз . Біздің жағдайымызда АВ учаскесінің ұзындығы берілген , сондықтан да айнымалыларды бөліп, t айнымалысын жалпы әдістің (6) пунктіне сәйкес у-ке сәйкес айнымалыға ауыстырған тиімді.

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Берілген тендеудің он жақ бөлігін келесі түрде өрнектейміз:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru белгілеуін ендірейік, олай болса: Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Тұрақтыларды интегралдау алдында бөлу үшін , теңдеудің оң жақ және сол жақ бөлігін жақшаның ішіндегі өрнекке бөліп және бір уақытта dy көбейтіп , алатынымыз

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Осы өрнекті интегралдаймыз. Берілген жағдайда анықталған интегралды алуға болады:

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Логорифмдердің қасиетін ескере отырып , шығатыны :

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru ; Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Алынған өрнекті VB қарасты шешіп , соңғысын анықтаймыз.

9. Табылған VBмәнін (8) теңдеуге қойып Д жүгінің ВС учаскесіндегі қозғалу заңын аламыз :

Тақырыбы: Динамиканың кері есебін шығару - student2.ru

Есеп №6

Наши рекомендации