Мәңгiлiк» тоңданған топырақтарда II принцип бойынша құрылыс жүргізу әдiсiнiң мағынасы қандай?

1) Топырақты негiздiң қасиетi өзгеретiн қабатын пайдаланбай жарып өту;

2)Негiз топырақтарының тоңданған қалпын сақтау;

3)Үйлердiң жылулық әсерiнiң барлық iргетастар астындағы топырақтарға бiркелкi таралуын қамтамасыз ету;

4)Үйлердiң тұрғызылуынан бұрын немесе пайдалану уақытында еріген топырақтарды негiз ретiнде қолдану;

5)Бұл жағдайда тек қана бiрқалыпсыз шөгулердi елемейтiн үйлердi салған жөн.

Iргетастардың табанын топырақты негiздердiң тоңдану тереңдiгiнен төменiрек орналастыру себебi неден?

1) Іргетастардың астындағы топырақтардың домбығу (тоңданып iсiну) әсерлерiнен сақтандыру;

2)Бiрқалыпсыз шөгулердi болғызбау;

3)Іргетас астындағы топырақтың сытылып шығу қаупiн туғызбау;

4)Іргетастың табанына қайта-қайта тоңданып жiбуiне жол бермеу үшiн;

5)Іргетастарды бiрiншi шектi күй бойынша есептеуiн қамтамасыз ету үшiн.

Инефильтрлер не үшiн қолданылады?

1) Тек қана топырақ iшiне оны нығайтатын ерiтiндi тарату үшiн;

2)Топырақты тығыздау үшiн;

3)Су деңгейiн төмендету үшiн;

4)Электр тоғын өткiзетiн құрамаларды жерге қосу үшiн;

5)Топырақты тұзсыздандыру үшiн.

Ісiнгiш топырақтың әсерiнен қадалы iргетас ростверкiн қалай сақтауға болады?

1) Ростверктiң топырақпен жанасатын беттерiне үйкелiс азайтатын заттар жағу арқылы;

2)Ростверктi iсiнбейтiн қабатта орналастыру керек;

3)Ісiнетiн қабаттың деформацияларын жоятын топырақты төсенiштер жасау арқылы;

4)Ростверктiң астына тығыздалған құмды төсемдер орнату;

5)Ростверк пен iсiнетiн топырақ қабатының арасында, топырақ қабатының iсiну әсерлерiнен көтерiлу мәнiне тең қылып саңлау қалдыру.

Iргетастың тербелу жиiлiгi неге шектеледi?

1) Іргетастың шөгуiн қажет мәнiне жетілдіру үшiн;

2)Іргетастың орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн;

3)Тербелу әсерлерi негіз топырағына берiлмес үшiн;

4)Қауiпсiздiк ережелерiн орындау үшін;

5)Іргетасты сырғып кету қауiпiнен сақтау үшiн.

Демпферлік» салыстырмалы еселiк ненi бағалайды?

1) Тербелу жиiлiгiн;

2)Тербелу жылдамдығын;

3)Тербелу өшуiн;

4)Тербелiс түрiн;

5)Тербелу енiн.

Резонанс дегенiмiз не?

1) Дірілдетуші күштер;

2)«Топырақ – ғимарат» жүйесiнiң қосымша шөгуiн тудыратын тербелу;

3)Тербелу күшiнiң азаюы;

4)Тербелу тудыратын күштiң күшею дәрежесi;

5)Тербетуші күштiң және iргетас немесе бүкiл ғимараттың өзiндiк тербелулер жиiлiктерiнiң қабаттасуы.

Машиналар астына виброоқшаулау не үшiн жасалады?

1) Машинаның жарамсыз мәнде тербелуiн болдырмау үшiн;

2)Көршiлес құрамалардың жарамсыз мәнде тербелуiн болдырмау үшiн;

3)Іргетас астындағы топырақтың сытылып кетуiн болдырмау үшiн;

4)Іргетастың отыру мәнiн азайту үшiн;

5)Іргетастың орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн.

Орналасу тереңдiгi тайыз iргетастар қалай жасалады?

1) Іргетас табанының орналасу тереңдiгiне сай қылып қазылған қазаншұңқырларда;

2)Шурфтарда;

3)Жер бетiн қазбай-ақ орнатылады;

4)Жер асты суларынан жоғары орнатылады;

5)Кез келген тереңдiкте.

Іргетасты жөндегенде ұлғаятын цемент қолданылып жасалатын темiрбетонды тұтас құрсау не үшiн орнатылады?

1) Іргетас айналасындағы топырақты тығыздау үшiн;

2)Құрсау мен ескi iргетастың бiрiккен жұмысын жақсарту үшiн;

3)Қираған iргетас материалын нығайту үшiн;

4)Қирау үстiндегi iргетаста пайда болған жарықтарды толтыру үшiн;

5)Іргетас материалының берiктiгiн ұлғайту үшiн.

Асты кен өндiру салдарынан түскен жерлерде топырақты негiздер мен iргетастарды орнату жобаларын жасағанда құрылысқа қатынасы бар қандай қосымша мағлуматтар қажет?

1) Жер бетiнiң түсуi туралы болжамды түрде күтетiн мәндерi жайындағы маркшейдерлік есептiк жолмен табылған деректер;

2)Көмiр қабатының қалыңдығы туралы мағлұматтар;

3)Жер асты кен жұмыстары жүргiзiлетiн жердiң көлемдiк өлшемдерi туралы;

4)Жер асты кен жұмыстары жүргiзiлетiн тереңдiк жайында;

5)Ығысатын мульда топырағының қалыңдығы.

Сейсмикалық жер сiлкiну қауiпi бар аудандарға жататын жерлерде топырақты негiздер мен iргетастарды жобалағанда қандай қосымша құрылыстық мағлұматтар қажет?

1) Сейсмикалық күштер жайындағы;

2)Сейсмикалық аудандау картасы;

3)Сiлкiндiру орталығы туралы;

4)Ғимараттар сейсмотұрақтылығы жайындағы;

5)Сейсмикалық микроаудандау туралы деректер: қүрылыс алаңының топырақ түрiне байланысты сейсмикалық қауiптiлiгi.

Машинаның қалыпты жұмыс iстеуiне керi әсерiн тигiзетiн жарамсыз мәнде шөгуiн және деформацияларын болдырмау шараларын қабылдайтын кiм?

1) Құрылыс алаңында жұмыстар жүргiзушi мекеме;

2)Тапсырма беретiн мекеме;

3)ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес жоба орындаушы, жобалаушы;

4)Машина жасап шығарушы завод;

5)Құрылысты пайдаланатын мекеме.

Наши рекомендации