Дәріс. Пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Доғалы пісірумен байланысты жұмыстарды орындағанда жұмысшы-лардың денсаулығына және өміріне қауіпті төмендегі жағдайлар болады:

- доға сәулесімен көзді және терінің ашық беттерінің зақымдануы:

- бұйымды пісіруге дайындау процесінде және пісіру кезінде жарақат алуы;

- электр тоғымен зақымдануы;

- балқыған металл мен қождың шашыраған тамшыларынан дененің күйіп қалуы;

- зиянды газдармен улануы;

- қысыммен тұрған ыдыстарды пісіргендегі жарылыстар;

- тез жанатын және жарылысқа қауіпті заттар мен жақын істегендіктен болатын жарылыстар;

- балқыған металл мен қождан болатын өрттер.

Электр тоғымен зақымдану.

Электр тоғымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталу болып тоқ адам денесінен өткенде болады.

Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей:

- пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіздіктен;

- пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан;

- бөлменің ылғалдығынан;

- бөлменің тарлығынан;

- және басқа факторларға байланысты.

Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тоғының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц):

- ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың женіл дірілдеуі;

- ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы;

- ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырады және тартылады;

- ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды;

- ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады;

- ток күші 90-100 мА – демалу тоқтатылады, 3 сек. артық әсер етсе жүрек тоқтайды;

- ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады.

Яғни адам өміріне қауіпті деп 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы тоқтың күшін санау керек. Егер электр тоғының жиілігі 600 Гц болса, онда оның қауіпті әсері елеулі азаяды. Электр тоғының әсері адам денесі кедергісінің шамасына елеулі байланысты. Дененің кедергісі ішкі жағдайларға (шаршау, психологиялық басылу т.б.) және сыртқы жағдайларға (температура, ылғалдылығы, газдануы т.б.) баланысты.12В кернеу қауіпсіз деп саналады, ал құрғақ, жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады.

Электр тоғының зақымдауынан қорғану.

Пісірушіні электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін төменгі шарттарды сақтау қажет:

- доғаны нәрлендіру көзінің тұғырлары мен пісіру бұйымын сенімді жермен қосу қажет;

- жермен қосу сымдарын кері сым есебінде пайдаланбау қажет;

- электродұстауыштың қолсабын сенімді оқшаулау қажет;

- құрғақ және мықты арнайы киім және қолғаптармен жұмыс істеу қажет;

- далада істегенде жауын жауғанда және қар жауғанда жұмысты тоқтату қажет;

- жабдықтар мен аппараттарды жөндеуге болмайды (мұндай жұмысты электрик жасауы керек);

- ыдыстардың ішінде істегенде резеңке кілемше мен кернеуі 12В-тан аспайтындай тасылмалы шамды пайдалану қажет.

Жермен қосу.

Қорғану үшін жермен қосу-бұл электр қондырғылары бөлшектерін жермен металл сым арқылы қосу. Авариялық жұмыс жағдайында тұйықталған тізбекте жер өткізгіш есебінде пайдаланылады. Электр жабдықтарын дұрыс жермен қосқанда екі параллель электр тармағы қалыптасады: біріншісі - аз кедергімен (3-4 ом), ал екіншісі, адам кіретін жағдайға, үлкен кедергімен (2000 ом). Сондықтан, кернеуде тұрған нәрлендіру көзінің тұғырына адам денесі тигенде, тоқ адам денесі арқылы, іс жүзінде өтпейді.Жермен қосу кернеу шамасы мен электржабдықтау жүйесіне (оқшауланған нейтраль немесе жермен қосылған нейтральмен) байланысты орындалады.33-суретте жермен қосылған жүйеден пісіру трансформаторын нәрлендірген жағдайда оны жермен қосу сұлбасы келтірілген. Сұлбада көрсетілгендей, бірфазалы пісіру трансформаторын нәрлендіру үшін, қосу пунктінен трансформатордың кіріс қорабына дейін, үш талшықты шланғалы кабель қолданылған. Кабельдің үшінші талшығының бір шеті қосылу пунктының тұғырына, ал екіншісі трансформатор тұғырының жерге қосу бұрандасына жалғанған. Жылжитын пісіру қондырғыларында тасымалы жерге қосу құрылымдары пайдаланылады.

Электр тоғынан зақым алғанда бірінші көрсетілетін көмек.

Бірінші ретте зақымдаушыдан тоқ өтетін сымды ажырату қажет. Бұны құрғақ тақтаймен, ағашпен т.с. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен жақсысы, егер мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты бірден ажырату. Зақым алған адамға таза ауа ағынын және толық тыныштық қамтамасыз ету керек. Электр тоғымен зақымданғанда барлық жағдайда дәрігерді ертерек шақырған абзал.Электр тоғымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай -12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, қолдан демалдыру немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адам өлімін тек қана дәрігерлер айтады, оған дейін дәрігер келгенше көмек көрсете беру керек.

Көздің зақымдануы.

Электр доғасы үш түрлі сәуле шығарады: жарық, инфрақызыл және ультракүлгін. Пісіру доғасының жарық сәулесі көзді көрсетпей қалдыратындай қабілеті бар, өткені оның жарығы көзге қажетті жарықтан 10000 есе артық.

Инфрақызыл сәуле шығаруы ұзақ әсер еткенде ғана көзді зақымдан-дырады. Ультракүлгін сәуле шығару жақын қашықтықта қысқа мерзімді әсер етсе де көз ауруын – электрофтальмия (жарықтан қорқу)деп аталатын ауыру болдырады. Аурудың негізгі белгілері - көздің тілгендей ауруы, жасаурау, көрудің уақытша нашарлауы. Ауру белгілері сәулеленгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін білінеді. Электрофтальмияны «Альбуцид» тамшылары немесе мырыш тамшыларымен 2-3 күнде емдеуге болады. Сондай-ақ салқын шәймен жуып, салқын компресс жасауға болады.

Көру органдарын қорғау.

Электрпісірушілер доға сәулелерін өткізбейтін және сіңіретін жарық фильтрлерімен істеу қажет. Жарық фильтрлері доға қуатына қарай таңдалады (11- кесте).

11-кесте. Пісіру доғасы қуатына байланысты жарық фильтрінің түрін таңдау

Пісіру тоғының шамасы Жарық фильтрінің түрі
30- дан 75 А-ге дейін Э-1
75-тен 200 А-ге дейін Э-2
200-ден 400 А-ге дейін Э-3
400 А –ден жоғары Э-4, Э-5

Жарық фильтрі шынысының мөлшері 52х102. Жарық фильтрінің сырт жағынан әдеттегі терезе шынысымен қорғалып, ластанғаннан кейін ол айырбасталып тұрады. Пісіру шеберханаларында жарық сәулелерінің шағылысуын болдырмау үшін қабырғалар мен төбелерді бояудың қара түрлерімен бояу керек.

Зиянды газдар мен шаңдардан улану.

Қышқылдан және басқа марганец, көміртегі, азот, хлор, фтор т.с.с.байланыстарынан тұратын пісіру шаңымен ауа қатты ластанғанда пісірушінің улануы мүмкін. Әдетте уланудың белгілері: құсу, бас айналуы, бастың ауруы, әлсіздік, демалудың жиілеуі т.б. Улы заттардың адам организмінің әртүрлі жерлерінде тұрақты қалу қабілеттілігі бар және олар ұзақ ауыратын аурулар болдырады. Ауаның ластығымен күресу үшін келесі шараларды орындау қажет:

- тартатын-шығаратын желдеткіш және жылжымалы сору қондырғыларын жасау;

- респираторларды, ал жеке жағдайларда противогаздарды пайдалану;

- электродұстауыш немесе шлем, т.б. арқылы таза ауа беруін қамтамасыз ететін қондырғыларды пайдалану.

Күйдірмелер.

Пісіру жұмыстарын жүргізгенде балқыған металл мен қож шашырайды. Бұл шашырандылар пісірушінің қорғалмаған терісіне немесе киіміне түсіп күйдіруі мүмкін. Пісірушіні күйдірмелерден қорғау үшін, ол арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қолғаппен және бас киіммен қамтамасыз етілуі қажет.

Пісіру жұмыстарын тез жанатын материалдармен жақын жерде орындағанда өрт болу қаупі бар. Мұндай қауіп әсіресе құрылыс жұмыстарында жоғары. Егер пісіру жұмыстары жоғарыда жүргізілсе, онда төмендегі тез жанатын заттарды жоғарыдан түсетін ұшқындардан қорғау қажет. Пісіру жұмыстарын жүргізетін орындарда әртүрлі өрт сөндіретін құралдар: жәшік құммен, келтірілген су, өртсөндіргіш т.с.с. болуы қажет.

Газбен пісіру немесе кесу жұмыстарын орындағанда «Ацетилен, оттегін өндіргендегі және металдарды газ жалынды өңдегендегі қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария Ережелерін» басшылыққа алу қажет.

Әдебиеттер: 1 нег. [386-400], 2 нег. [302-314], 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Газбен пісіруді қолданатын аумақты атаңыз?

2. Пісіру жалыны қалай таңдалады және реттеледі?

3. Оң және сол пісірудің айырмашылығы қандай?

4. Жанарғы мүштігімен көлденең қозғалыс жасау түрлерін атаңыз?

5. Газбен пісіргенде төбелік жіктерді пісіру бола ма?

6. Газбен пісіргенде көпөтпелі жіктер қолданыла ма?

Наши рекомендации