Ауіпсіздік техникасы және өрттен сақтандыру ережелері

Қауіпсіздік техникасының негізгі ережелері.Қауіпсіздік техни-касы ережелерін білу мен орындаудың ерекше маңызы бар, өйткені мұның өзі кездейсоқ қатерлерден сақтандырудың бірден-бір кепілі. Қауіпсіздік техникасының ережелерін дұрыс бағаламау, әсіресе, оны орындамау жұмыс істеуші адамның денсаулығына, тіпті өміріне өте қауіпті із қалдыруы мүмкін. Егер оқып үйренушілер қауіпсіздік техникасын білмейтін болса, одар машинаға жұмыс істеуге жіберілмейді. Төменде кауіпсіздік техникасының негізгі ережелері берілген.

1. Комбайнда жұмыс істеуге жасы 18-ге толған, тиісті куәлігі бар адамдар ғана жіберіледі. Комбайнда жұмыс істеуге кәмелетке толған (17-ден кіші емес) жастар да жіберілуі мүмкін, бірақ ондай жардайда мына шарттар сақталуға тиіс: а) дәрігерлік комиссияның рұхсат қағазы; ә) кәсіподақ комитетінің келісімі; б) комбайнды жүргізуге право беретін куәлік.

2. Аз мөлшерде болса да алкоголь ішімдігін ішкен жағдайда комбайнды басқаруға тыйым салынады.

3. Әкімшілік тапсырған жүмысты және оны орындау қауіпсіздігі белгілі болған жағдайда ғана жұмысқа кірісу қажет.

4. Қауіпсіздік қызмет операцияларын орындаған кезде тек кана жарамды қүралдарды пайдалану керек. Басы мұжылған балға, басы зақымдалған кескіш сияқты ақауы бар құралдарды пайдала-нуға болмайды.

5. Қандай да болмасын бір затты немесе детальды комбайн шанағына салып тасуға болмайды. Шанақты дәннен босатқан кезде дәнді күрекпен немесе басқа да заттармен итеруге болмайды.

6. Қандай жүк болмасын шөмелелегіш камерасына салып тасуға болмайды.

7. Жүріс бөлігіне қозғалыс (айналыс моменті 30—33 кгс. м, яғ-ни 300—330 Н. м) беретін двигатель шкиві кергішін ауық-ауық тек-серіп отыру керек.

8. Ұқыпты қымталған, жинақы киіммен (комбинезонмен) жұ-мыс істеу керек және күннен қорғауыш көзілдірікті пайдаланған жөн. Комбайнда қажетті медикаменттермен жабдықталған аптечка болуға тиіс.

9. Комбайн немесе жинау агрегаты жұмыс істеп жүрген учас- келерде, сондай-ақ олардың тұрақтарында ұйықтауға немесе дем алуға болмайды. Дем алуға арналған орындарды алыстан байқа- латын қадалармен белгілейді, ал түнгі уақытта фонарьлармен жа-рықтандырады.

10. Жатканы тракторға тіркеген кезде оған қырқу аппараты жағынан келуге болмайды.

11. Двигатель ілінісін қосар алдында ең бірініш комбайнды

реттеп жүрген ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізу керек, “қоса-мын” деген сигнал беріп, осыдан кейін ғана іліністі қосу қажет.

12. Шалғыны саусақтық білёуден алғанда немесе оған салғанда қолғапты пайдаланып, өте сақтықпен қимылдау керек.

13. Қалбағай вариаторының жоғарғы шкивінің ортаңғы серіп-песін бекітетін сақинаны серіппені алдын-ала преспен сығу арқылы ғана монтаждау немесе бөлшектеу қажет.

14. Двигатель жұмыс істеп тұрғанда комбайнға жанар май құюға, қырқу аппараты мен басқа да жұмыс органдарын тазалауға, подшипниктерді майлауға немесе комбайн механизмдерінің қандай да болмасын ақауларын жөндеуге болмайды.

15. Аккумулятор батареясын алғанда немесе орнатқанда дененің ашық бөліктері мен киімге электролит шашырауынан сақтану керек.

16. Суымаған двигатель радиаторынын, қақпағын қолғапсыз не-месе шүберексіз ашуға болмайды. Қақпақты ашқан кезде құю те-сігіне бетті тақамау керек.

17. Комбайнға баспалдақпен көтеріліп және түсу қажет. Бас-палдақты жиі-жиі тазалап тұрған жөн.

18. Комбайнда жұмыс істеген кезде мына ережелерді сақтау қажет:

жүріп келе жатқанда рульдік доңғалақты қолдан шығарура болмайды;

ілініс қосылып тұрғанда жүмыс органдарын бұрауға бол-майды;

комбайнды тоқтатқанда берілісті ауыстыру қорабынын, рычагын бейтарап қалыпқа қою керек;

еңістен түскенде берілісті ауыстыру қорабын ажыратуға бол-майды;

жүріп келе жатқанда комбайнға жақын маңда, әсіресе шөме-лелегіште артында бөгде адамның болуына жол бермеу керек;

комбайнды берілісті ауыстыру қорабы қосулы күйі тіркеуге болмайды;

тежеуіш жүйесі мен рульдік механизмді үнемі тексеріп отыру керек;

жатка корпусын көлбеу корпусқа асып орнатқанша теңестіру механизмі рычагының бекіту болттарын кронштейннен босатпау

қажет;


двигатель тоқтағанша басқару алаңшасынан кетуге болмайды;

егер комбайн жаткасы көтерулі қалпында сенімді түрде бекі-тілмеген болса, оның астына кіріп қандайда болмасын тетікті жөн-деуге болмайды;

комбайн немесе жатка домкратпен көтеріліп тұрғанда, оларға қосымша сандал (козел) немесе басқа да тіреуіштер қоймайынша, астына кіруге болмайды. Жұмсақ жер жағдайында домкраттың астьша берік тақтай төсеу керек;

305 Ауіпсіздік техникасы және өрттен сақтандыру ережелері - student2.ru

комбайн жұмыс істеп тұрған кезде қырқу аппаратының алдын-

да тұруға болмайды;

двигатель жұмыс істеп тұрғанда гидрожүйе штуцерлерін бұрап

алуға болмайды;

доңғалақ құрсауы дискісінің бекіту болттары қатты тартылма-

са шинаға жел толтыруға болмайды;

шинада қысым бар кезде доңғалак құрсауы дискісінің бекіту болттарының гайкаларын бұрап алуға болмайды:

комбайнды төмен жылдамдықпен (сағатына 3—4 километрден артық емес) бұру керек;

жұмыс кезінде және тасымалдаранда комбайнның барынш көп көлбеулілігі— 10°, 'бұл ретте оның жылдамдығы сағатына 3-4 километрден артпауға тиіс.

19. Комбайншы машинаны ауыстырушы адамға өткізгенде бай қалған барлық ақаулар жөнінде оған ескертуге тиіс.

20. Ашық егістікте жұмыс істеген кезде күн күркірегенде ком -байннан түсіп, одан 10 метрдей қашықтықта болуы қажет.

21. Темір жолдан өткенде өте сақ болған жөн; темір жолда өтер алдында поездің тақап қалмағандығына көз жеткізу керек

22. Комбайнды едәуір қашықтыққа жүргізіп апарғанда мын ережелерді сақтау керек:

тұманды немесе жауын-шашынды ауа райы жағдайында төме жылдамдықпен абайлап қозғалу қажет;

кез келген транспорт түрімен қарсы кездескенде жолдың оң жағын ұстанып, қарсы жүріп келе жатқан транспорттан кемінді 2 м арақашықтықта жүріп отыру керек;

алда келе жатқан транспорттың (автомашинаның, тракторды комбайнның) соңынан кемінде 30 метрлік интервалды сақтап жүріп отыру қажет.

23. Жинауға арналған егін учаскесінің жағдайын тексеріп оларды загонға бөлуді, егіннің жиегін орып, шалғы жолын салуды күндізгі жарықта атқару қажет.

Өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері.Әрбір комбайнда: сақадай сай сөндіргіш, екі күрек және екі швабра болуға тиіс; двигательдің шығару құбырында ұшқын өшіргіш орнатылуы керек (тру- бонаддувы бар двигательдерге ұшқын өшіргіш орнатылмайды) Двигательдің шығару коллекторы сабанды бөліктерден металл қалқанмен немесе тормен (тор ұясы 20 мм) қоршалуға тиіс. Ге- нератордың, аккумулятордың, стартердің, магниттік жүргізгіштің және басқа электр тетіктерінің жыжымалы қалыптарының клемі- маларында оқшаулағыш қалпақшалар болуға тиіс.

Көлемді егін алқаптарын (50 гектардан артық) загондарға бөледі. Загондар аралығындағы жыртылған жердің (екі 8 метрден кем емес) өртке қарсы да мәні бар.

Көлемді алқаптарды загондарға бөлген кезде бес корпуст плугтың екі жүрісінден өртке қарсы да жыртады. Мұндай алқаптар

да өрт шыққан жағдайда жылдам жыртуға арналған плугы бар трактор даяр тұруға тиіс.

Өрттен сақтану үшін мына негізгі ережелерді сақтау керек:

1) комбайн двигателін ақаусыз таза ұстау қажет;

2) двигательдің (әсіресе коллектор мен шығару құбырының) ластануына және жанар май мен майдың аруына жол бермеу керек;

3) коллектордың двигатель қалпақшасымен, шығару құбырының коллекторымен, жалрасатын жерін ауық-ауық тексеріп отыру кажет;

4) ұшқын өшіргіш пен жүргізу двигателінің свечасына баратын өткізгіш сымның дұрыс екендігін қадағалап отыру қажет;

5) двигательдің қызып кетуіне жол бермеу керек;

6) комбайнда және егін жинап жүрген загонда темекі шегуге болмайды (темекі шегуге арнаулы орын белгіленуге тиіс);

7) тұтанған мұнай өнімдеріне су құюға болмайды, оны өрт сөн-діргішпен өшіру керек, топырақ шашып, швабрамен ұру қажет;

8) мұнай өнімдері сіңген киіммен жанып жатқан отқа жақын-дауға болмайды.

9) заправка жасау пункті мен комбайн агрегатының тұрақ ор-нының айналасын қоршап жыртып, өртке қарсы құралдармен жаб-дықтау керек;

10) комбайндардың тұрақ орнының заправка жасау пункті мен тұрғын үйлерден қашықтығы 80—100 метрден кем болмауға тиіс, ал түнгі тұрақ кезінде комбайн агрегаттарының ара қашықтығы 20 метрден кем болмауы керек;

11) шапшаң айналатын біліктерге (барабан, битер және басқа жұмыс органдарының біліктеріне) сабан оралып қалган жоқ па, немесе қауіпті үйкелу аймағы пайда болған жоқ па, соны ауық-ауық тексеріп отыру керек;

12) “масса” ажыратып-қосқышының дұрыстығын бақылап, жұ-мыс аяқталған соң электр желісін ажырату қажет;

13) жанар май бағына заправканы механикаландырылған әдіс,-пен егіні жиналған жерде (жыртылған жерде, жол үстінде) двига-тельді сөндіріп барып жасау керек.

XXII тарау. ЖИНАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ

ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Наши рекомендации