Дәріс. Доғалы пісірудегі қауіпсіздік техникасы. Газбен пісіру мен кесудегі кауіпсіздік техникасы.

Доғалы пісірумен байланысты жұмыстарды орындағанда жұмысшы-лардың денсаулығына және өміріне қауіпті төмендегі жағдайлар болады:

- электр тоғымен зақымдануы;

- доға сәулесімен көзді және терінің ашық беттерінің зақымдануы:

- бұйымды пісіруге дайындау процесінде және пісіру кезінде жарақат алуы;

- балқыған металл мен қождың шашыраған тамшыларынан дененің күйіп қалуы;

- зиянды газдармен улануы;

- қысыммен тұрған ыдыстарды пісіргендегі жарылыстар;

- тез жанатын және жарылысқа қауіпті заттар мен жақын істегендіктен болатын жарылыстар;

- балқыған металл мен қождан болатын өрттер.

Электр тоғымен зақымдану.

Электр тоғымен зақымдану пісіру аппаратының электр тізбегінде қысқа тұйықталу болып тоқ адам денесінен өткенде болады.

Мұндай қысқа тұйықталу себептері төмендегендей:

- пісіру сымдары мен аппараттарының электр оқшаулауы жеткіліксіз-діктен;

- пісірушінің арнайы киімі мен аяқ киімінің нашарлығынан;

- бөлменің ылғалдығынан;

- бөлменің тарлығынан;

- және басқа факторларға байланысты.

Қысқа тұйықталғанда адам арқылы өтетін электр тоғының шамасына байланысты ол келесі жарақаттар алуы мүмкін (тоқтың жиілігі 50Гц):

- ток күші 0,6-1,5 мА – қолдың женіл дірілдеуі;

- ток күші 5-7 мА – қолдың тартылуы;

- ток күші 8-10 мА – қол және саусақтар қатты ауырады және тартылады;

- ток күші 20-25 мА – қол қозғалмайды, демалу қиындайды;

- ток күші 50-80 мА – демалу тоқтатылады;

- ток күші 90-100 мА – демалу тоқтатылады, 3 сек. артық әсер етсе жүрек тоқтайды;

- ток күші 3000 мА және әсер ету уақыты 10 с болса – демалу мен жүрек тоқтайды, дене құрылымы бұзылады.

Яғни адам өміріне қауіпті деп 100 мА немесе 0,1 А шамасындағы тоқтың күшін санау керек. Егер электр тоғының жиілігі 600 Гц болса, онда оның қауіпті әсері елеулі азаяды.

Электр тоғының әсері адам денесі кедергісінің шамасына елеулі байланысты. Дененің кедергісі ішкі жағдайларға (шаршау, психологиялық басылу т.б.) және сыртқы жағдайларға (температура, ылғалдылығы, газдануы т.б.) баланысты. 12В кернеу қауіпсіз деп саналады, ал құрғақ, жылытатылатын және желдетілетін бөлмелерде 36 В қауіпсіз деп саналады.

Электр тоғының зақымдауынан қорғану.

Пісірушіні электр тоғының зақымдауынан қорғау үшін төменгі шарттарды сақтау қажет:

- доғаны нәрлендіру көзінің тұғырлары мен пісіру бұйымын сенімді жермен қосу қажет;

- жермен қосу сымдарын кері сым есебінде пайдаланбау қажет;

- электродұстауыштың қолсабын сенімді оқшаулау қажет;

- құрғақ және мықты арнайы киім және қолғаптармен жұмыс істеу қажет;

- далада істегенде жауын жауғанда және қар жауғанда жұмысты тоқтату қажет;

- жабдықтар мен аппараттарды жөндеуге болмайды (мұндай жұмысты электрик жасауы керек);

- ыдыстардың ішінде істегенде резеңке кілемше мен кернеуі 12В-тан аспайтындай тасылмалы шамды пайдалану қажет.

Жермен қосу.

Қорғану үшін жермен қосу-бұл электр қондырғылары бөлшектерін жермен металл сым арқылы қосу. Авариялық жұмыс жағдайында тұйықталған тізбекте жер өткізгіш есебінде пайдаланылады. Электр жабдықтарын дұрыс жермен қосқанда екі параллель электр тармағы қалыптасады: біріншісі - аз кедергімен (3-4 ом), ал екіншісі, адам кіретін жағдайға, үлкен кедергімен (2000 ом). Сондықтан, кернеуде тұрған нәрлендіру көзінің тұғырына адам денесі тигенде, тоқ адам денесі арқылы, іс жүзінде өтпейді. Жермен қосу кернеу шамасы мен электржабдықтау жүйесіне (оқшауланған нейтраль немесе жермен қосылған нейтральмен) байланысты орындалады. 33-суретте жермен қосылған жүйеден пісіру трансформаторын нәрлендірген жағдайда оны жермен қосу сұлбасы келтірілген. Сұлбада көрсетілгендей, бірфазалы пісіру трансформаторын нәрлендіру үшін, қосу пунктінен трансформатордың кіріс қорабына дейін, үш талшықты шланғалы кабель қолданылған. Кабельдің үшінші талшығының бір шеті қосылу пунктының тұғырына, ал екіншісі трансформатор тұғырының жерге қосу бұрандасына жалғанған. Төменгі кернеу орамасы қыспа арқылы пісіру бөлшегіне және жерге қосу металл сымымен пісіру трансформаторының тұғырындағы жермен қосу буранына жалғанады.

Дәріс. Доғалы пісірудегі қауіпсіздік техникасы. Газбен пісіру мен кесудегі кауіпсіздік техникасы. - student2.ru

1 - қосылу пункті; 2 - пісіру трансформаторы; 3 - электродұстауыш; 4 - пісіру бұйымы; 5 - нәрлендіретін үш талшықты сым; 6 - трансформатордың бірінші орамасы; 7 - трансформатордың екінші орамасы; 8 – трансформатор тұғыры мен қосылу пунктіндегі жерге қосу бурандалары; 9 – жүйенің нольдік сымына жалғау

33 - сурет. Нейтралы жерге қосылатын жүйеден нәрленетін пісіру трансформаторын жермен қосу сұлбасы

Жылжитын пісіру қондырғыларында тасымалы жерге қосу құрылымдары пайдаланылады.

Электр тоғынан зақым алғанда бірінші көрсетілетін көмек.

Бірінші ретте зақымдаушыдан тоқ өтетін сымды ажырату қажет. Бұны құрғақ тақтаймен, ағашпен т.с. алып тасталады немесе сымды өткір қолсабы оқшауланған сайманмен қырқып жіберу қажет. Бәрінен жақсысы, егер мүмкіншілік болса, ажыратқышты немесе сақтандырғышты бірден ажырату. Зақым алған адамға таза ауа ағынын және толық тыныштық қамтамасыз ету керек. Электр тоғымен зақымданғанда барлық жағдайда дәрігерді ертерек шақырған абзал.Электр тоғымен зақымданғанда адам клиникалық (жалған) өлім жағдайында болуы мүмкін. Бұл жағдай -12 минутқа созылады. Бұл уақытта адам медициналық көмек көрсетумен, қолдан демалдыру немесе жүрекке массаж жасаумен бұрынғы қалпына келеді. Адам өлімін тек қана дәрігерлер айтады, оған дейін дәрігер келгенше көмек көрсете беру керек.

Көздің зақымдануы.

Электр доғасы үш түрлі сәуле шығарады: жарық, инфрақызыл және ультракүлгін. Пісіру доғасының жарық сәулесі көзді көрсетпей қалдыратындай қабілеті бар, өткені оның жарығы көзге қажетті жарықтан 10000 есе артық.

Инфрақызыл сәуле шығаруы ұзақ әсер еткенде ғана көзді зақымдан-дырады. Ультракүлгін сәуле шығару жақын қашықтықта қысқа мерзімді әсер етсе де көз ауруын – электрофтальмия (жарықтан қорқу)деп аталатын ауыру болдырады. Аурудың негізгі белгілері-көздің тілгендей ауруы, жасаурау, көрудің уақытша нашарлауы. Ауру белгілері сәулеленгеннен кейін бірнеше сағаттан кейін білінеді. Электрофтальмияны «Альбуцид» тамшылары немесе мырыш тамшыларымен 2-3 күнде емдеуге болады. Сондай-ақ салқын шәймен жуып, салқын компресс жасауға болады.

Көру органдарын қорғау.

Электрпісірушілер доға сәулелерін өткізбейтін және сіңіретін жарық фильтрлерімен істеу қажет. Жарық фильтрлері доға қуатына қарай таңдалады (2- кесте).

9 – кесте. Пісіру доғасы қуатына байланысты жарық фильтрінің түрін таңдау

Пісіру тоғының шамасы Жарық фильтрінің түрі
30- дан 75 А-ге дейін Э-1
75-тен 200 А-ге дейін Э-2
200-ден 400 А-ге дейін Э-3
400 А –ден жоғары Э-4, Э-5

Жарық фильтрі шынысының мөлшері 52х102. Жарық фильтрінің сырт жағынан әдеттегі терезе шынысымен қорғалып, ластанғаннан кейін ол айырбасталып тұрады. Пісіру шеберханаларында жарық сәулелерінің шағылысуын болдырмау үшін қабырғалар мен төбелерді бояудың қара түрлерімен бояу керек.

Зиянды газдар мен шаңдардан улану.

Қышқылдан және басқа марганец, көміртегі, азот, хлор, фтор т.с.с.байланыстарынан тұратын пісіру шаңымен ауа қатты ластанғанда пісірушінің улануы мүмкін. Әдетте уланудың белгілері: құсу, бас айналуы, бастың ауруы, әлсіздік, демалудың жиілеуі т.б. Улы заттардың адам организмінің әртүрлі жерлерінде тұрақты қалу қабілеттілігі бар және олар ұзақ ауыратын аурулар болдырады. Ауаның ластығымен күресу үшін келесі шараларды орындау қажет:

- тартатын-шығаратын желдеткіш және жылжымалы сору қондырғыларын жасау;

- респираторларды, ал жеке жағдайларда противогаздарды пайдалану;

- электродұстауыш немесе шлем, т.б. арқылы таза ауа беруін қамтамасыз ететін қондырғыларды пайдалану.

Күйдірмелер.

Пісіру жұмыстарын жүргізгенде балқыған металл мен қож шашырайды. Бұл шашырандылар пісірушінің қорғалмаған терісіне немесе киіміне түсіп күйдіруі мүмкін. Пісірушіні күйдірмелерден қорғау үшін, ол арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қолғаппен және бас киіммен қамтамасыз етілуі қажет.

Пісіру жұмыстарын тез жанатын материалдармен жақын жерде орындағанда өрт болу қаупі бар. Мұндай қауіп әсіресе құрылыс жұмыстарында жоғары. Егер пісіру жұмыстары жоғарыда жүргізілсе, онда төмендегі тез жанатын заттарды жоғарыдан түсетін ұшқындардан қорғау қажет. Пісіру жұмыстарын жүргізетін орындарда әртүрлі өрт сөндіретін құралдар: жәшік құммен, келтірілген су, өртсөндіргіш т.с.с. болуы қажет.

Газбен пісіру және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.

Газбен пісіру және кесуде негізгі қауіп көздері төмендегілер:

- жалынның кері соққысынан (су бекітпесі істен шыққанда) ацетилен генераторының жарылуы;

- баллонның бұрамасында немесе бәсеңдеткіш клапанының май болуынан оттегі баллонын ашқан уақытта оның жарылуы;

- газ жанарғысы немесе кескіш жалынын абайсыз пайдалану. Бұл жағдайда пісірушінің киімі, шашы жанып, денесін күйдіруі мүмкін және өрт шығу қауіпі бар;

- егер пісіруші жарық фильтрлерін қолданбаған жағдайда көзін жарақаттауы;

- зиянды газдармен улануы (желдеткіш болмаған жағдайда).

Ацетилен генераторының жарылысын болдырмау үшін, оның жарамдығын тұрақты тексеріп тұру қажет, су бекітпесінің (затвор) керек деңгейге дейін суға толып тұруын қадағалау, бекітпенің бақылау кранын оқтын-оқтын ашып, оны тексеру керек.

Қолмен және механикаландырылған газжалынды жұмыстарды орында-ғанда Г-1, Г-2, Г-3 шынылары бар қорғаушы көзілдіріктермен істеу қажет. Қосымша жұмысшылар В-1, В-2, В-3 шынылары бар көзілдіріктерді пайда-ланады. Газ баллондарын иықпен көтеріп тасымалдауға болмайды, бұл мақсатта арнайы носилкалар немесе арбашықтар пайдалану қажет. Оттегі және ацетилен баллондары әр уақытта тік қалпында тұруы қажет.

Газ баллондарын күннің көзінде, жылу аспаптары және кез-келген басқа жылу көздеріне жақын жерлерге орнатуға болмайды. Баллондар газ жанарғылары немесе кескіштерден 5 метрден кем емес қашықтықта болуы қажет. Газбен пісіру немесе кесу жұмыстарын орындағанда «Ацетилен, оттегін өндіргендегі және металдарды газ жалынды өңдегендегі қауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария Ережелерін» басшылыққа алу қажет.

Әдебиеттер: 1 нег. [386-400], 2 нег. [302-314], 1-3 қос.

Бақылау сұрақтары

1. Газбен пісіруді қолданатын аумақты атаңыз?

2. Пісіру жалыны қалай таңдалады және реттеледі?

3. Оң және сол пісірудің айырмашылығы қандай?

4. Жанарғы мүштігімен көлденең қозғалыс жасау түрлерін атаңыз?

5. Газбен пісіргенде төбелік жіктерді пісіру бола ма?

6. Газбен пісіргенде көпөтпелі жіктер қолданыла ма?

9 – Дәріс. Қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы пісіру.

Пісіру техникасы түсінігінде, әдетте электрод немесе жанарғымен әртүрлі қимылдар жасауды, пісіру ережесін таңдауды, сапалы жік алу үшін айлабуйымдарды таңдап, оларды пайдалануды, т.с.с. айтамыз. Жіктің сапасы пісіру техникасына ғана байланысты емес, сол сияқты басқа факторлерге пісіру материалдарының құрамы мен сапасына, пісіру бетінің қалпына, жиектерді пісіруге дайындау мен құрастыруына т.с.с. байланысты. Бұйымның пішіні мен мөлшеріне байланысты жіктерді әртүрлі кеңістік жағдайында пісіруге болады. Оларды шартты түрде төменгі, тік, төбелік және көлбеу деп бөледі (34 сурет). Көлбеу жіктер – ол тік жазықтықтағы көлбеу орындалатын жіктер. Пісіру өндірісінің тәжрибесінде "жартылай тік пісіру" (жайманың көлбеулік пен жазықтығы арасындағы бұрышы 30-600-қа тең), "жартылай төбелік жағдайда пісіру" (жайма жазықтықтарының арасындағы бұрышы 120-1500) деген түсініктер бар. Пісіру қурылғыларын дайындағанда қолданылатын қаптамалы металды электродтармен доғалы пісіру, қазіргі кезде ең көп таралған тәсілдердің бірі болып саналады. Бұл жағдай қолданылатын жабдықтардың қарапайымдылығы және тез жылжыту мүмкіншіліктерімен, пісіруді әртүрлі қалыпта жүргізү және механикалық пісіру тәсілдерінің пісіре алмайтын жерлерін пісіру мүмкіншіліктерімен түсіндіріледі.

Дәріс. Доғалы пісірудегі қауіпсіздік техникасы. Газбен пісіру мен кесудегі кауіпсіздік техникасы. - student2.ru

34 – сурет. Жіктердің кеңістіктегі қалыптары:

Н – төменгі; В – тік; П – төбелік.

Металды электродтармен қолмен доғалы пісірудің елеулі кемшілігі, ол үрдіс өнімділігінің аздығы және пісіру жігі сапасының пісіруші тәжрибесіне байланыстылығы. Доғалы пісіруді бірінші жылдары пайдаланғанда, жұқа иондаушы қаптамасымен металды электродтар қолданылды. Дегенмен, мұнда жік металының қасиеттері төмен болды. Сондықтан қазіргі кезде мұндай электродтар іс жүзінде пісіру үшін қолданылмайды.

Дәріс. Доғалы пісірудегі қауіпсіздік техникасы. Газбен пісіру мен кесудегі кауіпсіздік техникасы. - student2.ru

35 – сурет. Қаптамалы металды электродтармен қолмен доғалы пісіру (меңзермен пісіру бағыты көрсетілген): 1 – металды өзек; 2 – электрод қаптамасы; 3 – доғаның газды атмосферасы; 4 – пісіру ваннасы; 5 – қатайған қож; 6 – кристалданған жік металы; 7 – негізгі металл (бұйым); 8 – балқыған электрод металының тамшылары; 9 – балқу тереңдігі.

Әдістің мәнісі.Пісіру доғасының пайда болуы және оны ұстау үшін, электрод пен пісіру бұйымына пісіру тоғы қорек көздерінен тұрақты немесе айнымалы тоқ беріледі (9 - сурет). Доға электродтың металды өзегін, оның қаптамасын және негізгі металды балқытады. Балқыған электродтың металды өзегі қожбен қорғалған жеке тамшылар түрінде пісіру ваннасына өтеді. Пісіру ваннасында электрод металы бұйымның балқыған металымен (негізгі металмен) араласады, ал балқыған қож оның бетіне қалқып шығады. Негізгі металдың балқыған тереңдігі балқу тереңдігі деп аталады. Ол пісіру ережесіне (пісіру тоғының күші мен электрод диаметріне), пісірудің кеңістіктегі қалпына, бұйымның бетімен доғаны жылжыту жылдамдығына, пісіру жалғасының құрылымына, пісіру жиектерін өңдеудің мөлшері мен түріне т.с.с. байланысты. Пісіру ваннасының мөлшері пісіру ережесіне байланысты ол, әдетте мына аралықтарда болады: тереңдігі 7мм – ге дейін, ені 8-15 мм, ұзындығы 10-30 мм. Жік металының қалыптасуында негізгі металдың ұлесі әдетте 15-35 пайыз құрайды. Электродтың балқыған бетіндегі белсенді дақтан пісіру ваннасының бетіндегі доғаның басқа белсенді дағының аралығы доғаның ұзындығы деп аталады. Электродтың балқыған қаптамасы доға айналасында және пісіру ваннасының бетінде газды атмосфера құрайды, ол пісіру аумағынан ауаны ығыстырып, оның балқыған металмен әсерлесуіне тосқауыл жасайды.

Газды атмосферада сондай-ақ, негізгі және электрод металдарының легірлеуші элементтерінің булары болады. Қож электрод металының тамшыларын және пісіру ваннасының балқыған металының ьетін жауып, оларды ауамен араласудан қорғайды және балқыған металмен металлургиялық әсерлесуге қатысады. Доғаны қашықтатқан сайын пісіру ваннасы металының кристалдануы пісіру бөлшектерін жалғастыратын жіктерді қалыптастырады. Доғаның байқаусызда үзілуінде немесе электродты айырбастағанда пісіру ваннасының металында пісіру кратері (ойшығы) пайда болуына алып келеді. Қатқан қож жік бетінде қож қабатын құрайды. Тоқ беруші сым арқылы тоқ электрод ұстағыштан пісіру электродының өзегінен өтеді де, өзекті қыздырады. Пісіру тоғының өзектен өту уақыты мен оның күші көп болған сайын, бұл қызуда көбірек. Металл өзегінің температурасы пісіру алдында қоршаған ауаның температурасымен тең, ал электрод балқуының соңында, оның температурасы 500-6000С – ға дейін жоғарылайды. Бұл электродтың балқу жылдамдығының (балқыған электрод металының мөлшерінің) басында және аяғындағы әртүрлілігіне алып келеді. Доғаның пісіру ваннасының сұйық металл қабатынан өткенде жылу беріліс жағдайларының өзгеруіне байланысты, негізгі металдың балқу тереңдігі өзгереді. Нәтижесінде жік металының қалыптасуына қатысатын электрод металымен негізгі металдың үлестік қатынастары өзгереді, яғни бір электродпен орындалған жік металының қасиеттері мен құрамы әртүрлі болады. Бұл қаптамалы электродтармен қолмен доғалы пісірудің кемшіліктерінің бірі.

Доғаны жағу және ұстап тұру.Доғаны жағудың алдында электрод маркасына, пісірудің кеңістік қалпына және пісіру жалғастарың түріне байланысты пісіру тоғының күшін т. б. қою керек. Доғаны екі әдіспен жағуға болады. Бірінші әдісте электродты бұйымның бетіне тигенше тігінен жақындатады және тез жоғары доғаның қажетті ұзындығына дейін тартады. Екіншісінде – электродты металл бетіне шақпақтайды. Доғаны жағудың әдістерін қолдану, пісіру жағдайына және пісірушінің тәжрибесіне байланысты.

Доғаның ұзындығы электрод диаметрі мен маркасіне, пісірудің кеңістіктегі қалпына, пісіру жиектерінің өңделуіне байланысты. Доғаның мөлшерлі ұзындығы LД = (0,5 Дәріс. Доғалы пісірудегі қауіпсіздік техникасы. Газбен пісіру мен кесудегі кауіпсіздік техникасы. - student2.ru 1,1)dэл (dэл – электрод диаметрі) шамасында. Доғаның ұзындығын көбейту балқытылған жік металының сапасын төмендетеді, мұнда қарқынды тотығу мен азоттану орын алады, металдың күю және шашырауы шығындарын көбейтеді, негізгі металдың балқу тереңдігін азайтады. Сондай-ақ жіктің сырт пішінін нашарлатады. Үрдісті жүргізгенде пісіруші электродты әдетте, кемінде екі бағытта жылжытады. Біріншіден, ол электродты өзінің осінің бойымен доғаға береді, электродтың қажетті балқу жылдамдығын , доғаның ұзындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, жік қалыптастыру үшін пісіру немесе қаптастыру бағытымен электродты жылжытады. Бұл жағдайда жіңішке жік қалыптасады, оның ені балқытқанда жүық шамамен (0,8 Дәріс. Доғалы пісірудегі қауіпсіздік техникасы. Газбен пісіру мен кесудегі кауіпсіздік техникасы. - student2.ru 1,5) dэл тең, ол пісіру тоғының күшіне және доғаны бұйымның бетімен жылжыту жылдамдығына байланысты. Енсіз жіктерді әдетте жіктің түбірін пісіргенде, жұқа жаймаларды пісіргенде, т.с.с. жағдайларда жасайды. Электрод диаметрі мен пісіру тоғының күшін дұрыс таңдағанда, доғаның жылжу жылдамдығының жік сапасы үшін мәні зор. Жоғары жылдамдықта доға негізгі металды аз тереңдікке қыздырады, мұнда шалапісірімдер қалыптасуы мүмкін. Аз жылдамдықта негізгі металға шамадан тыс көбірек доға жылуын енгізуі салдарынан, жиірек күйдірмелер қалыптасады және балқыған металл пісіру ваннасынан ағып кетеді.

Кейде пісірушіге электродты жікке көлденең жылжытуға тура келеді, бұл жағдайда ол негізгі металдың қажетті балқу тереңдігін және жік енін алу үшін, доға жылуының жікке көлденең бөлінуін реттейді. Негізгі металдың балқу тереңдігімен жіктің қалыптасуы негізінде, электродтың көлденең тербелісінің түріне байланысты, әдетте жік осінен оны тұрақты жиілік және амплитудамен жылжытады (12 - сурет). Электрод ұшының қозғалу траекториясы пісірудің кеңістіктегі жағдайына, жиектердің дайындалу түріне және пісірушінің тәжрибесіне байланысты. Көлденең тербеліспен пісіргенде енділеу жік алынады, оның ені әдетте (2-4) dэл құрайды, ал балқыту түрі электрод ұшының көлденең тербеліс траекториясына, яғни негізгі металға жылу енгізу жағдайына байланысты. Пісірудің соңында, доға үзілгенде кратерді (ойшықты) дұрыстап пісіру қажет. Металдың кристализациялану жылдамдығының жоғары болғандығынан, кратер зиянды қосындылардың көбірек жиналған аумағы болып табылады, сондықтан онда сызат пайда болу мүмкіншілігі жоғарырақ. Пісіру аяқталарда электродты бұйымнан бірден алып кетіп, доғаны үзүге болмайды. Бітерде электродтың барлық жылжыуын тоқтатып, доғаны жайлап, үзілгенге дейін ұзарту қажет, бұл жағдайда балқыған электрод металы кратерді толтырады. Төмен көміртекті болаттарды пісіргенде кейде кратерді жіктен тыс негізгі металға шығарады. Доғаның кездейсоқ үзілгенінде немесе электродты ауыстырғанда, доғаны әлі балқымаған негізгі металда кратердің алдында жағады, сосын металды кратерде балқытады. Бұйымның бетіне қарағандағы электродтың қалпы және пісірудің кеңістіктегі қалпы жіктің түрі мен негізгі металдың балқуына үлкен әсер етеді. Кері бұрышпен пісіргенде доғаның астындағы сүйық металды, қабатының қалыңдығы азайғандықтан, оны ығыстыру жағдайы жақсарады. Бұл жағдайда доғадан негізгі металға жылу берілу жағдайы жақсарады және оның балқыту тереңдігі өседі. Осындай жағдай көлбеу немесе тік жазықтығында көтере пісіру жіктерін пісіргенде де байқалады. Төмен қарай немесе бұрышымен алға қарай пісіргенде, пісіру ваннасындағы балқыған металл доғаның астына құйылып, одан негізі металға жылу берілісі нашарлайды, балқу тереңдігі азайып, жік ені ұлғаяды.

Әдебиеттер: 2 – негізгі [17-30].

Бақылау сұрақтары:

1. Кеңістіктегі қалпына байланысты пісіру жіктерінің түрлерін атаңыз.

2. Пісіру доғасы қалай жағылады.

3. Пісірудің соңында жікте кратерді (ойықты) қалай болдырмауға болады.

4. Пісіргенде жік бетіндегі қождың ролі қандай?

5. Доға ұзындығы неге байланысты?

6. Доға ұзындығының мөлшерлі шамасын атаныз?

Наши рекомендации