Керн алуға арналған қашаулар

Керн алып бұрғылауда қолданылатын колонкалық қашау деп аталатын бұрғы қашауының сұлбасы 2.5 - суретте келтірілген. Қашау тау жыныстарын талқандаушы бұрғы ұшынан және керн қабылдағыштан тұрады.

Бұрғы ұшы (1) ұңғы түбінің шетіндегі тау жыныстарын талқандай отырып, ұңғы оқпанының ортасында тау жыныстары үлгісін (2) қалдырады. Ол ұңғы тереңдеген сайын тұрық (4) және керн қабылдағыштан (3) тұратын керн қабылдау аспабына кіреді.

Керн қабылдау аспабының тұрқы бұрғы ұшын бұрғылау тізбегімен жалғастыру, кернді орналастыру, оны бүлінуден сақтау, сонымен қатар жуу сұйығын өткізу қызметін атқарады.

Керн қабылдағыш кернді қабылдау, оны бұрғылау және көтеру кезінде сақтау қызметін атқарады. Бұл қызметтерді іске асыру үшін керн қабылдағыштың төменгі бөлігіне керн жұлғыш және керн ұстағыш, ал жоғарғы бөлігіне керн қабылдағыштан ығыстырылған жуу сұйығы шығатын клапан (5) орнатылған.

Керн қабылдағышты керн қабылдағыш аспабының тұрқына және бұрғы ұшына орналастыру тәсіліне қарай МЕСТ 21949-76 «Керн қабылдағыш аспаптар» бойынша колонкалық қашаулар керн қабылдағышы алынбайтын және алынып – салынбалы болып шығарылады.

Керн қабылдағышы алынбайтын колонкалық қашаулармен бұрғылау кезінде керн қабылдағышты көтеру үшін бүкіл бұрғылау тізбегін көтеруге тура келеді. Ал керн қабылдағышы алынып – салынбалы колонкалық қашауларда бұрғылау тізбегін көтермей-ақ керн қабылдағышты шығарып алуға болады. Ол үшін бұрғылау тізбегінің іші арқылы арқанмен ұстағыш түсіріп, керн қабылдағышты көтеріп шығарады. Керннен босатылған керн қабылдағыш осы ұстағыш көмегімен түсіріліп, керн қабылдағыш тұрқына орнатылып, бұрғылау жалғастырылады.

2.6 – суретте роторлық бұрғылауға арналған керн қабылдағышы алынбайтын шарошкалы бұрғы ұшы қолданылатын «Недра» керн қабылдағыш аспабы көрсетілген. Керн қабылдағыш аспап бір бірімен арнайы бұранда арқылы жалғанатын екі қалың қабырғалы құбырдан дайындалған тұрықтан (7) тұрады. Тұрықтың жоғарғы бөлігі бұрғы ұшымен (17) жалғайтын аудармадан (12) тұрады. Тұрық ішіне муфталар (9 және 5) арқылы қосылған керн қабылдағыш секциясы орналастырылған. Керн қабылдағыштың төменгі бөлігіне арнайы аударма (14) жалғанып, оған тұрық ішіне орналастырылған башмак (16) ұстатылады. Осы аударма (14) ішіне керн жұлғыш (13) және керн ұстағыш (15) орналастырылған. Сонымен қатар керн қабылдағыш секцияларын жалғастырушы муфта (5) ішінде рычагты керн ұстағыш орналастырылған.

Керн жұлғыш пен керн ұстағыш кернге қатысты қозғалмайтындай етіліп орнатылған.

Керн қабылдағыштың жоғарғы бөлігіне муфта (9) арқылы бұранда жалғанған. Осы бұранда арқылы гайка қозғалады. Гайка башмак (16) бұрғы ұшына тығыз ұстасқанға дейін бұралады. Осы орында керн қабылдағыш штырі (18) гайка (3) және бұранда (4) ойықтарына кіріп, бұранданың гайкаға қатысты қозғалуына кедергі жасаушы фиксатор – сақинамен бекітіледі.

Муфтада (9) екі жақты ұя (10) және шар тәрізді етіліп дайындалған кері клапан бар.

Керн қабылдағыш аспапты ұңғы ішінде тіктеп ұстау үшін төменгі аударма (12) орнына тіктеуіш – калибратор, ал жоғарғы аударма (1) орнына тіктеуіш қоюға болады.

Екі секциялы керн қабылдағыш аспабының ұзындығы16 м, ал керн қабылдағыш ұзындығ 14,5 м. «Недра» снарядтарымен қатар диаметрі 212,7 мм, одан төмен ұңғылар керн алуда «Силур», «Кембрий» сияқты керн қабылдағыш аспаптары да қолданылады.

Керн алуға арналған қашаулар - student2.ru Керн алуға арналған қашаулар - student2.ru

2.5 – сурет. Колонкалық 2.6 – сурет. «Недра» керн қабылдағыш аспабы

қашау сұлбасы

Наши рекомендации