Медициналықсимуляция сценариі

Клиникалық жағдай:«Диабетикалық нефропатия»

Ситуациялық есеп:Сіз – ОКА-ң терапия бөлімшесінің дәрігерісіз. 58 жастағы әйел түсті.

Ø Анамнез жинап және науқасты қарап тексеріңіз

Ø Лабораторлы – құралдық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз

Ø Диагнозды құрыңыз

Ø Науқасты жүргізу тәсілін және емдеу жоспарын анықтаңыз.

Соңғы нәтиже (outcomes):

1. Диабетикалық нефропатиясы бар науқастарды сұрастырып физикальді қарауды жүргізу

2. Зерттеулер мәліметтерін интерпретациялау: жалпы қан анализін, жалпы белок, креатинин, мочевина, глюкоза, гликемиялық профиль, гликолизденген гемоглобин, жалпы холестерин; жалпы зәр анализін; зәрде тәуліктік белоктың экскрециясын; бүйректің ШФЖ есебін; ЭКГ, бүйректің УДЗ-н.

3. Науқастың жүргізу тәсілі және емдеу тактикасы

Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:

Шағымдары:шөлдеу, ауызының құрғауы, кезеңді басының ауруы, бетінің ісінуі.

Сұрақ мәнісі Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау Жауабы
Полидипсия белгілерін нақтылау Тәуілігіне қанша сұйықтық ішесіз? 3-3,5 литрге дейін су ішем
Ауыз қуысының құрғауын нақтылау Ауыз қуысының құрғауы қаншалықты жиі болады және ол тәтті немесе тұзды тағамдар-ды жеумен байланысты ма? Ауыз қуысының құрғауы тұрақты және жеген тамаққа байланысты емес
Бас ауыруының орналасу жері және себебін анықтау Бас ауруыңыз қай жерде орналасқан және неден кейін, қашан пайда болады? Ауру сезімі шүйде аймағында бұл кезде артериальді қысымның көтерілуі байқалады
АҚ деңгейін анықтау АҚ қаншаға дейін көтеріледі 160/ 100 мм с.б.
АҚ емдеу тәсілін анықтау Сіз гипотензивті дәрілер қабылдайсыз ба және қандай? Кейде, адельфан
Бетінің ісінуінің ұзақтығын анықтау Бетінің ісінуін қай уақыттан байқаған Қабақтарымның ісінуіне 1 ай болды
Ісінулердің пайда болуына алып келетін ауруларды, факторларды анықтау Сіз созылмалы бүйрек ауруларымен аурасыз ба? Бетінің ісінуі ауру сезімді жиі зәр шығарумен, дене қызуының жоғарлауымен жүреді ме? Жоқ   Зәр шығаруым жиі, бірақ ауыру сезімсіз, дене қызуым көтерілмеді.
Жанұялық анамнез анықталды Сіздің туыстарыңыз қандай аурулармен ауырады? Қант диабеті анамда және сіңілімде болған

Анамнезінде:10 жыл бұрын қант диабеті қойылған, сиофор қабылдағам. Қант деңгейін қадағаламайды, емдәмді сақтамайды. Жарты жыл бойы қан қысымы көтеріле бастаған, соңғы кезде бетінде ісінулер пайда болған.

Объективті:салмағы 87 кг, бойы 173 см. Жағдайы қанағаттанарлық. Бетінің ісінуі анықталады. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТАЖ – 16 рет мин. Жүректің салыстырмалы шекаралары солға ортаңғы бұғана сызығы бойымен кеңейген. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 78 рет мин. АҚ - 140/100 мм сб.б. – екі қолында. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс. Зәр шығаруы еркін, ауру сезімсіз.

Лабораторлы мәліметтері:

Жалпы қан анализі Гемоглобин – 126 г/л Эритроциттер - 4,2 х 1012 /л Түсті көрсеткіш 0,9 Тромбоциттер – 240х109/л Лейкоциттер – 6,4 х 109/л Cегментоядерлі нейтрофилдер – 62% Эозинофилдер – 2 Базофилдер - 2 Моноциттер – 2 Лимфоциттер – 30% ЭТЖ – 25 мм/сағ Панченко бойынша Жалпы зәр анализі мөлшері – 100 мл түсі – сары мөлдірлігі – мөлдір салыстырмалы тығыздығы – 1019 зәрдегі қант + Реакциясы – қышқыл Белок – 0,66 г/л жалпақ эпителий – 0 – 2 к/а Лейкоциттер – 1-3 к/а Эритроциттер – теріс Зәрдегі белоктың экскрециясы:1,2 г/л
Гликолизирленген гемоглобин: НвА1с - 8,7% Гликемиялық профиль 800 – 10 ммоль/л 1200- 7,5ммоль/л 1600 – 11ммоль/л 2000- 7,8ммоль/л Биохимиялық қан анализі Мочевина – 6,8 ммоль/л Креатинин – 67мкмоль/л Белок – 70 г/л Жалпы холестерин – 6,6 ммоль/л, ХсТТЛП-4,18 ммоль/л триглицеридтер 2,0 ммоль/л; ЖТЛП 1,1 ммоль/л жоғары натрий – 142 ммоль/л калий – 4 ммоль/л

ШФЖ (СКФ):Кокрофт-Голт формуласы бойынша есептеу

СКФ= , мұндағы коэффициент еркектер үшін =1,

Әйелдер үшін=0,85.

Құралдық мәліметтер:

ЭКГ

УДЗ –оң бүйрек 10,7х 4,3 см, паренхима қалыңдығы 1,4 см, біртекті. Сол бүйрек 10,0х4,1 см, \ паренхима қалыңдығы 1,5. Шеттері тегіс, паренхиманың эхогенділігі қалыпты. Тостағанша- шұмақты жүйе кеңеймеген.


«Диабетикалық нефропатия» клиникалық жағдай бойынша

бағалау парағы (check-list)

Емтихан тапсырушының коды ______________________ Емтихан күні____________

Емтиханды қабылдаушы___________________________________________________

Қадамдарды бағалау критерийлері Баллдық бағасы
Дұрыс орындалды Ескертулермен орындалды Орындамады
1. Шағымдарды жинау 1,0 0,5
2. Салыстырмалы диагностика үшін қосымша сұрақтардың көмегімен ауру симптомдарын нақтылау 1,0 0,5
3. Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау 1,0 0,5
4. Дене салмағының индексін есептеу және интерпретациялау 1,0 0,5
5. Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу 1,0 0,5
6. Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
7. Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5
8. Жалпы қан және жалпы зәр анализін интерпретациялау 1,0 0,5
9. Зәрде тәуіліктік белок экскреция анализін интерпретациялау 1,0 0,5
10. Биохимиялық қан анализін интерпретациялау 1,0 0,5
11. Қант диабетінің компенсациясын анықтау 1,0 0,5
12. Кокрофт-Голт формуласы бойынша шұмақтар фильтрациясының жылдамдығын есептеу және интерпретациялау 2,0 1,0
13. ЭКГ интерпретациялау 1,0 0,5
14. Бүйректің УДЗ интерпретациялау 1,0 0,5
15. Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу 1,0 0,5
16. Емдеу тәсілін анықтау 2,0 1,0
17. Ем нәтижесінің критерийлерін анықтау 1,0 0,5
18. Науқаспен оптимальді қатынас орнату және қобалжуды басу 1,0 0,5
  баллдардың ҚОРЫТЫНДЫСЫ 20,0 10,0

«Диабетикалық нефропатия»

Наши рекомендации