Бап. Ұжымдық шартты әзiрлеудiң, жасасудың және мониторингiнiң тәртiбi
1. Ұжымдық шарттың жобасын дайындау мен оны комиссияның қарауына енгiзуге тараптардың кез келгенi бастамашы болуы мүмкiн.
Жобаны ұйымның қызметкерлерi мiндеттi түрде талқылауға тиiс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердiң өздерi анықтайды.
Жобаны комиссия келiп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтайды.
1-1. Ұжымдық келiссөздер тараптары ұжымдық келiссөздер жүргiзу үшiн қажеттi өздерiнде бар ақпаратты бiр-бiрiне ұсынуға тиiс.
1-2. Келiссөздерге қатысушылар алынған мәлiметтердi, егер бұл мәлiметтер мемлекеттiк, қызметтiк, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылса, жария етуге құқылы емес.
1-3. Егер тараптар ұжымдық келiссөздер барысында қаралып отырған кейбiр мәселелер бойынша келiсiмге келе алмаса, реттелмеген мәселелер келiспеушiлiктер хаттамасына енгiзiледi және олар бұдан кейiнгi келiссөздердiң нысанасы болуы мүмкiн.
1-4. Тараптар қол қойған ұжымдық шартты мониторинг жүргiзу үшiн жұмыс берушi бiр ай мерзiмде еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiне беруге мiндеттi.
2. Тараптардың келiсiмiне қол жеткiзiлген жағдайда ұжымдық шарт кемiнде екi дана етiп жасалады және оларға тараптардың өкiлдерi күнтiзбелiк он күн iшiнде қол қояды. ( Z922800 қараңыз)
Ескерту. 34-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
35-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмдерi мен аясы
1. Ұжымдық шарт тараптар белгiлейтiн мерзiмге жасалады.
2. Егер ұжымдық шарттың ережелерiнде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшiне енедi және тараптардың орындауы үшiн мiндеттi болады. ( Z922800 қараңыз)
2-1. Ұжымдық шарттың күшi ұжымдық шартқа өз атынан қол қойған қызметкерлерге қолданылады.
3. Ұжымдық шарт ұйымды басқару органының құрылымы, құрамы өзгерген жағдайда күшiнде қалады және қолданыла бередi.
4. Ұжымдық шарт ұйымды қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) кезеңiнде өз күшiн сақтап қалады. Кейiннен ұжымдық шарт тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша қайта қаралуы мүмкiн. ( Z922800 қараңыз)
5. Ұйымның меншiк иесi және мүлкi ауысқан жағдайда ұжымдық шарттың қолданылуы үш ай бойы сақталады. Осы кезеңде тараптар жаңа ұжымдық шарт жасасу немесе қолданылып жүрген шарттың сақталуы, өзгертiлуi және толықтырылуы туралы келiссөздер бастауға құқылы.
6. Ұйым таратылған және ол банкрот деп жарияланған жағдайда тарату немесе банкроттық туралы тиiстi шешiм қабылданған кезден бастап ұжымдық шарттың қолданылуы тоқтатылады.
7. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар тараптардың өзара келiсуi бойынша ұжымдық шартта белгiленген тәртiппен ғана жүргiзiледi.
8. Тараптардың өкiлдерi қызметкерлердi ұжымдық шартпен таныстырып, оларға орындалу барысы туралы хабарлап отыруға мiндеттi.
Ескерту. 35-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
35-1-бап. Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздерге
қатысушыларға берiлетiн кепiлдiктер
1. Ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздерге қатысушылар келiссөздер жүргiзiлген уақытқа орташа айлық жалақысы сақтала отырып еңбек мiндеттерiн орындаудан босатылады. Осы мерзiм олардың еңбек стажына енгiзiледi.
2. Жұмыс берушi ұжымдық шарт жасасу жөнiндегi келiссөздердi жүргiзу үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етедi. ( K010155 (90-93-баптарды қараңыз)
Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.
4-тарау. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының
еңбек қатынастарын реттеу
36-бап. Маусымдық қызметкерлер
1. Табиғи және климат жағдайларына байланысты бүкiл күнтiзбелiк жылда емес, алты айдан аспайтын белгiлi бiр кезең (маусым) iшiнде жұмыс атқаратын қызметкерлер маусымдық қызметкерлер болып танылады.
2. Маусымдық қызметкерлерге осы Заңның күшi олардың жеке еңбек шарттарымен реттелмейтiн және маусымдық жұмыс сипатына қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
( P971679 ; P990731 ( 4-тарау , 26-тармақтың 2-абзацын қараңыз)
37-бап. Маусымдық қызметкерлермен жеке еңбек
шартын жасасу
Маусымдық қызметкерлердi жұмысқа қабылдау кезiнде қызметкердiң оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатымен сынақ белгiленбейдi.