Бап. Демалыс күндерi

1. Қызметкерлерге демалыс күндерi (апта сайынғы үзiлiссiз демалыс уақыты, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де уақыт) берiледi.
2. Бес күндiк жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына - екi, ал алты күндiк жұмыс аптасында бiр демалыс күнi берiледi.
3. Жалпы демалыс күнi жексенбi болып есептеледi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде екiншi демалыс күнi жұмыс берушiнiң актiсiмен немесе жұмыс кестесiмен белгiленедi. Егер ұжымдық және жеке еңбек шарттарында өзгеше көзделмесе екi демалыс күнi де қатарынан берiледi.
3-1. Мұсылман күнтiзбесi бойынша атап өтiлетiн Құрбан айттың бiрiншi күнi, 7 қаңтар - православиелiк Рождество демалыс күндерi болып табылады.
4. Мерекелiк күндер жұмыс күндерiне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi демалыс күндерiн басқа жұмыс күндерiне ауыстыруға құқылы. ( Z010267 қараңыз)
5. Осы Заңның 59-бабында көздеген жағдайларды қоспағанда, қызметкердi демалыс күндерiнде жұмысқа тартуға оның келiсiмiмен ғана жол берiледi.
Ескерту. 56-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 , 2005.12.30. N 109 Заңдарымен.

бап. Yзiлiссiз жұмыс iстейтiн ұйымдардағы демалыс күндерi

Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемi үзiлiссiз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себептi демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзiлiссiз өндiрiс жүргiзiлетiн ұйымдарда жұмыс берушiнiң актiсiмен бекiтiлген ауысым кестесiне сәйкес, қызметкерлердiң әрбiр тобына демалыс күндерi аптаның әртүрлi күндерiнде кезекпен берiлiп отырады.

58-бап. Мереке күндерiндегi жұмыс

Өндiрiстiк-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзiлiссiз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себептi демалыс күндерi жұмысты тоқтату мүмкiн болмайтын ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында белгiлеген мереке күндерi жұмыс жүргiзiлмейдi. ( Z010267 қараңыз)

59-бап. Демалыс күндерiнде жұмысқа тарту

Демалыс күндерiнде жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда:
1) төтенше жағдайларды немесе дүлей апатты, өндiрiстiк аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшiн;
2) жазатайым оқиғаларды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау және оны тергеу үшiн;
3) тұтас алғанда ұйымның немесе оның жеке бөлiмшелерiнiң одан әрi қалыпты жұмыс iстеуi тез орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау үшiн жол берiледi.

60-бап. Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысы

1. Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушiлерге жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақтала отырып, ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысына кепiлдiк берiледi.
2. Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейiн күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
3. Егер басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актiлерiнде қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн көп күн көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он сегiз күн болатын жыл сайынғы еңбек демалысы берiледi. ( V011615 қараңыз)
4. Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзбесiне сәйкес ауыр дене еңбегi мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және қауiптi (өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге берiледi. ( V001211 ; V001238 қараңыз)
Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша демалыста жүрген қызметкердi осы демалыстан керi шақыртуға болмайды.
5. Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң талаптары мен тәртiбi жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгiленедi.
6. Қатарынан екi жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.
Ескерту. 60-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажын есептеу және жыл сайынғы еңбек демалысын беру тәртiбi

1. Еңбек демалысы күндерiне дәл келетiн мереке күндерiн есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
2. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн еңбектегi жұмыс стажына:
1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс iстеген уақыт;
2) жұмыстан заңсыз босату кезiнде амалсыздан бос жүрген уақыт;
3) емделуде болып, еңбекке уақытша жарамсыздық парағымен расталған уақыт;
4) қызметкер шын мәнiнде жұмыс iстемеген, бiрақ белгiленген тәртiппен жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт қосылады.
3. Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.
4. Алып тасталды - 2004.12.23. N 20 Заңымен.
5. Қызметкердiң қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлiнiп берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 61-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен.

Наши рекомендации