АнемиялардыҢ жіктелу Ұстанымдары
Этиологиясы бойынша | Тұқымқуалайтын және жүре пайда болған |
Патогенезі бойынша | а) қансыраудан –постгеморрагиялық б) эритроциттердің күшейген гемолизінен –гемолиздік в) қан өндіруі бұзылуынан –дизэритропоэздік |
Қан өндіру түрі бойынша | Нормобластық және мегалобластық |
Сүйек кемігінің қалпына келу қабілетіне орай | регенераторлық (ретикулоциттер –0,2-1% одан артық) гипорегенераторлық (ретикулоциттер – 0,2%-ден аз) арегенераторлық (ретикулоциттер – 0%) |
Түстік көрсеткіші бойынша (ТК) | нормохромды (ТК- 0,85-1,05) гипохромды (ТК- 0,85-ден аз) гиперхромды (ТК – 1,05-ден артық) |
Эритроцитдің орташа диаметрі бойынша (ЭОД) | нормоциттік (7,2-8 мкм) микроциттік (7 мкм-ден аз) макроциттік (8 мкм-ден артық) мегалоциттік (12 мкм-ден артық) |
Ағымы бойынша | Қауырт және созылмалы |
Постгеморрагиялық анемия
қауырт созылмалы=темір тапшылықты
ҚАУЫРТ ПОСТГЕМОРРАГИЯЛЫҚ АНЕМИЯ
Себептері: қауырт қансырау, сатылары:
жасырын (қансыраудың алғашқы тәуліктері) | Нормоцитемиялық гиповолемия (қан плазмасында эритроциттер ¯). Қанның көлем бірлігінде гематокрит, Нb мөлшері, эритроциттер қалыпты. |
гидремиялық (қансыраудан соң 2-3- тәулікте) | Олигоцитемиялық гипо- немесе нормоволемия. Қанның көлем бірлігінде Нb, эритроциттер¯. ТК қалыпты. Қан көлемінің тамырға тінаралық сұйықтықтың түсуімен қалпына келуі және бүйректен судың шығуы төмендеуі |
Сүйек-кеміктік (қансырадан соң 4-5 тәулікте) | Эритропоэз Шеткері қан көрінісі: ретикулоцитоз, полихроматофилия, нормобластар пайда болады; ТК <0.85; ядролыұ солға жылжыған нейтрофильдік лейкоцитоз. |
Қауырт постгеморрагиялық анемия:
Сүйек кемігінің қалпына келу қабілетіне қарай- регенераторлық,
Қан өндіру түріне қарай – нормобластық,
ТК бойынша - нормо- немесе гипохромды,
ЭОД бойынша – макроциттік.
Гемолиздік анемиялар
Жүре пайда болған Тұқымқуалайтын
ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН ГЕМОЛИЗДІК АНЕМИЯЛАР
Иммундық | - Тобы сәйкессіз қан құйғанда; - Анасы мен ұрықтың резус – қайшылығында; - Өз эритроциттеріне аутоантидене түзілуінде. |
Уланулық | - Гемолиздік улардың әсері (мышьяк, қорғасын, фенилгидразин, саңырауқұлақ, ара, жылан улары, гемолиздік стрептококк, стафилококк, малярия плазмодийі токсиндері, сульфаниламидтер, фенацитин). |
Эритроциттердің механикалық зақымдануы | - Жүрек және таиыр қақпақшаларын протездеу, - Тастақ жерде ұзақ жүгіру. |
Шеткері қан көрінісі:
- физиологиялық регенерация жасушалары:
ретикулоциттердің , полихроматофилдер мен нормобластардың пайда болуы
- эритроциттердің дегенеративті түрлері: пойкилоцитоз, анизоцитоз (макроциттер), базофилді түйіршікті эритроциттер. Ядролық солға жылжыған нейтрофильді лейкоцитоз.