Медициналық симуляцияның сценариі. Клиникалық жағдай: «Қызба (Вирусты (гриппозды) пневмония)»
Клиникалық жағдай: «Қызба (Вирусты (гриппозды) пневмония)»
Ситуациялық есеп:Сіз – жұқпалы аурухананың кезекші дәрігерісіз. Сізге ақпан айында19 жастағы науқас қыз түсті.
Ø Анамнез жинап, обьективті тексеруді жүргізіңіз.
Ø Тексеру жоспарын анықтаңыз.
Ø Лабораториялық – инструменталді тексеру нәтижелеріне интерпретация жүргізіңіз.
Ø Диагнозды негіздеңіз.
Ø Науқасты жүргізу және емдеу жоспарын құрыңыз.
Соңғы нәтижесі (outcomes):
Ø Өкпесінде ақауы бар науқастарды физикалық тексеру мен сұрақтар қою.
Ø Вирусты пневмониямен асқынған ЖРВИ-дың клиникалық диагностикасы.
Ø Жалпы қан анализін, кеуде торының рентгенографиясын, электрокардиограммаға интерпетация жасау.
Ø Жедел респираторлы дистрес-синдромы, тыныс жетіспеушілігі кезіндегі шұғыл көмек.
Ø Вирусты пневмониямен асқынған ауыр ағымды гриппен ауырған науқасты жүргізу тактикасы, функционалді жағдайының мониторинг.
Бағалау парағы (check-list)
Клиникалық жағдай: «Қызба (Вирусты (гриппозды) пневмония)»
Ø Емтихан тапсырушының аты-жөні:________________________________Күні_________
Ø Емтихан алушының аты-жөні: ________________________________________________
№ | Қадамдарды бағалау критерийлері | Баллмен бағалау | ||
Дұрыс орындалды | Ескертулермен орындалды | Орындалмады | ||
Анамнезді және шағымдарды жинады. | 1,0 | 0,5 | ||
Физикальды тексеру– жалпы қарады | 1,0 | 0,5 | ||
Тыныс алу ағзаларын физикалық тексеру жасады | 1,0 | 0,5 | ||
Болжам диагноз құрастырды | 1,0 | 0,5 | ||
Тексеру жоспарын тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Дифференциалдідиагноз жоспарын жасады | 1,0 | 0,5 | ||
Этиологиялық диагностика мақсатында ПТР жасауды тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Кеуде торының Р-графиясының нәтижесіне интерпретация | 1,0 | 0,5 | ||
Жалпы қан, зәр, б\х анализдеріне интерпретация | 1,0 | 0,5 | ||
ЭКГ-ға интерпретация | 1,0 | 0,5 | ||
Вирусты пневмония диагнозын негіздеді | 1,0 | 0,5 | ||
Қорытынды диагнозды құрастырды | 1,0 | 0,5 | ||
Асқынуын құрастырды | 1,0 | 0,5 | ||
Қарқынды терапия бөлімшесіне госпитализациялау қажеттілігін анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Емдеу тактикасын анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Асқынуының алдын алуы жоспарын жасады | 1,0 | 0,5 | ||
Этиотропты терапияны дұрыс тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Инфузионды терапияны дұрыс тағайындады | 1,0 | 0,5 | ||
Емнің тиімділік критерийлерін көрсетті | 1,0 | 0,5 | ||
Науқаспен қарым-қатынас орнатты. | 1,0 | 0,5 | ||
Барлығы | 20 балл |
Ø Актерға арналған стандартты текст сценариі, рөлінің сипаттамасы:
Шагымдары : тұмау, 39-40°С дейінгі қызба, әлсіздік, бас айналу, ентігу, кеудесіндегі ауру сезімі.
Сұрақтың мәні | Актерға арналған сұрақты құрастыру | Актерлердің жауаптары (науқастың ) |
Аурудың басталу уақыты | Ауруыңыз қашан басталды (қанша күн ауырып жатырсыз)? | 2 күн бұрын жедел түрде ауырған |
ЖРВИ симптомының көрністері | Ауру қалай басталды? | Кешке қарай әлсіздік, бас ауруы мазалады, ерте жатып қалдым. Оянғанда қалтырап, дене температурам 39°С-дейн жоғарылады. Жалпы әлсіздік, шаршау, бас айналу болды. Мұрным бітеліп, кейін қан араласқан бөлінділер болған. Кешке қарай жағдайым нашарлады. |
Айқын интоксикация мен төменгі тыныс алу жолдырының жетекші симтомдары | Жағдайы қалай нашарлады? | Құрғақ жөтел, сосын қатты жөтел кезінде төс артындағы ауру сезімі пайда болды. Кеше кештен бері тыныс алуым қиындады. Басым ауырып, әлсіздік пен терлеу күшейді. Бүгін сәл қозғалсам ентігемін, көзімнің түбі ауырады. Тұрған кезде көзім қарауытты. |
Эпидемиологиялық анамнез | Өз ауруыңызды немен байланыстрасыз? ЖРВИ мен ауырған науқастармен контакта болдыңызба? | 2 күн бұрын университетте сабақта курстасым түшкіріп, жөтеіп отырған еді. Сол күні ұзақ уақыт аялдамада тұрып тоңып қалдым. |
Гриппке қарсы егулер алғансыз ба? | Жоқ, мен еш уақытта егулер алмағанмын? |
Анамнезінде:созылмалы аурулары жоқ, темекі шекпейді,жылына 1-2 рет суықтайды, жүрек және өкпе аурулары жоқ.
Объективті: науқас жағдайы ауыр, терісі бозарған, ерні көгерген, ентігу әсерінен сөйлеуі қиындаған. Қысқа жауап береді, барлық сұраққа бірдей емес, есі шатасқан. Көзін жумып алған – жарықтың түсін өте ашық деп есептейді.
Тыныс алуға қосымша бұлшық еттері, бүғана үсті және асты, қабырға аралық бұлшық еттер қатысады.
Перкуссияда: өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігіндегі өкпе дыбысы аздап қысқарған. Өкпенің жоғарғы бөлігінде қатаң тыныс, ортаңғы және төменгі бөлігінде әлсіреген тыныс крепитация түрінде естіледі.
ТАЖ – 28 минутына. ҚҚ – 90/60 мм.с.б.б., ЖСЖ– 112 рет минутына. Көтерілуге әрекет жасаған кезде – айқын әлсіздік және бас айналу..
Жалпы қан анализі Гемоглобин – 96 г/л Эритроциттер - 3,1 х 1012 /л Түстік көрсеткіші - 0,82 Тромбоциттер - 280х 109/л Лейкоциттер – 2,9 х 109/л Таяқшалы нейтрофилдер – 4% Сегментті нейтрофилдер– 70% Эозинофилдер – 3% Базофилдер – 2% Моноциттер – 5% Лимфоциттер – 15% ЭТЖ – 25 мм/сағ Анизоцитоз ++, пойкилоцитоз +, гирохромия + | Жалпы зәр анализі Көлемі – 50 мл Түсі – сары Тұнықтығы – тұнық Салыстырмалы тығыздығы – 1015 Реакция – қышқыл Белок – 0,033 г/л Жалпақ эпителий – 0 – 2 в п/зр Лейкоциттер - 1 –3 в п/зр Шырыш +++ Тұзды оксалаттар ++ |
Қанның биохимиялық анализі Несеп нәрі (мочевина) – 7,2 ммоль/л Креатинин – 83 ммоль/л АЛТ – 0,32 ммоль/л АСТ – 0,28 ммоль/л Глюкоза – 3,8 ммоль/л ЛДГ - 216 ммоль/л СРБ - ++ |