Бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтер
көрсету сапасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы, дәрілік заттар айналымы, медицина ғылымы,
медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы мемлекеттік
саясатты әзірлеу;
2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу;
3) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламалық құжаттар әзірлеу;
4) денсаулық сақтау саласындағы іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірленімдердің басымдықтарын айқындау;
5) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
6) денсаулық сақтау саласында осы Кодексте және өзге де заңнамалық актілерде көзделген нормативтік құқықтық актілерді, гигиеналық нормативтерді, нормативтік құжаттарды және есепке алу-есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және өз құзыреті шегінде бекіту;
7) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру;
8) министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру;
10) денсаулық сақтау стандарттарын әзірлеу мен бекіту;
11) денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық
есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз ету;
12) денсаулық сақтау саласындағы республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің құрылуы мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету:
13) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу мен бекіту;
14) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру;
15) денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
16) денсаулық сақтау практикасына профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу;
17) медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша даярлауға, денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
18) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларын тағайындауды келісу;
19) жергілікті атқарушы органдар басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар жасасу;
20) ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметіне басшылық жасауды, басшылары мен олардың орынбасарларын лауазымға тағайындау мен лауазымнан босатуды жүзеге асыру;
21) азаматтар денсаулығының мүддесіне орай салааралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру;
22) дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
23) денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру жөніндегі іс-
шараларды жүзеге асыру;
24) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету жөніндегі қызметтерді әкімшіліктенген бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алу;
25) консультативтік-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру;
26) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу;
27) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын, сондай-ақ басшылардың орынбасарларын кәсіптік біліктілікке аттестаттауды жүргізу, сондай-ақ аттесталатын адамдардан тест алуды жүргізу тәртібін айқындау;
28) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүргізуді ұйымдастыру;
29) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу;
30) денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру;
31) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметті лицензиялау;
32) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, сондай-ақ шет мемлекеттердің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдары мен медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және басқа да нормативтік құжаттарды тану;
33) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы дәрілік заттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
34) Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді және одан әкетуді келісу;
35) шаруашылық және/немесе өзге де қызметтің және халық тұрмысының ерекше шарттары қамтылған шектеу шараларын, оның ішінде карантинді енгізу;
36) Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған ықтимал қауіпті химиялық, биологиялық заттардың тіркелімін жүргізу;
37) құзыреті шегінде өнімдерге, тауарларға, процестерге, көрсетілетін қызметтерге арналған мемлекеттік және халықаралық стандарттардың жобаларын және жобалау нормаларын келісу;
38) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген көздерді, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
39) азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық қызметтер көрсетудің сапасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы, дәрілік заттар айналымы, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
40) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы. медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асыру;
41) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру;
42) өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;
43) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау;
44) азаматтардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
45) гигиеналық оқытуды және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру;
46) халық арасында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
47) тағамнан улану, жұқпалы және басқа да аурулар кезінде өз құзыреті шегінде санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс- шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру;
48) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық- эпидемиологиялық қорытындылар беру;
49) қоғамдық бірлестіктермен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
50) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
51) ез құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу;
52) денсаулық сақтау стандарттарының, сондай-ақ медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
53) көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау;
54) дәрілік заттар айналымы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
55) жұқпалы ауруларға эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыру;
56) медициналық сараптаманың және дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптаманың жүргізуін бақылау;
57) медициналық қызметтер көрсетуді, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, сондай-ақ профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін жарнамалауды бақылау;
58) өз құзыреті шегінде әкімшілік жазалар қолдану;
59) медициналық дәрігерлік және фармацевтикалық қызметке лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;
60) Қазақстан Республикасының аумағында санитариялық- эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
61) халыққа профилактикалық егудің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру;
62) жобалардың мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасын жүргізу;
63) денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылауды жүзеге асыру;
64) Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметі ұйымдарының құзыретін және қызмет тәртібін айқындау;
65) аумақты немесе оның бір бөлігін ауру таралмаған немесе аурудың таралуы төмен деңгейде деп белгілеу;
66) егер осы іс-шаралар Қазақстан Республикасы аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығының тиісті деңгейін қамтамасыз ететін болса, басқа елдердің санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларын баламалы деп тану;
67) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік пункттер құру;
68) індеттік маңызы бар объектілер тізбесін бекіту;
69) рентген жабдықтарының, радиоактивтік заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың импортын келісу;
70) тәуекелдерге бағалау жүргізуге құқығы бар барлық ұйымдар үшін бірыңғай әдіснаманы айқындау және тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібін белгілеу;
71) денсаулық сақтау органдарының электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытуды, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі сыйымдылығы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
72) саланың электрондық ақпараттық ресурстарына және мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру, электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелерді есепке алу мен тіркеуді, сондай-ақ оларды жүйелеу мен сақтауды қамтамасыз ету;
73) салалық көтермелеу жүйесін, "Құрметті донор" құрметті атағын беру тәртібін бекіту жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.

Наши рекомендации