Бап. Техникалық реттеу саласында уәкілетті органның құзыры

Уәкiлеттi орган техникалық реттеу саласында мынадай функцияларды орындайды:

Техникалық реттеу саласында:

1) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн құруға қатысады;

2) техникалық реттеу саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асырады;

3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметiн салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

4-1) техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi жоспарды әзiрлейдi;

5) техникалық реттеу саласындағы жобалардың техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және осы Кодекстің 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiне талдауды және сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

6) техникалық регламенттерді әзірлеу бойынша сараптамалық кеңестермен, техникалық реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

7) стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi, халықаралық және өңiрлiк стандарттау, сәйкестiктi растау нәтижелерiн өзара тану жөнiндегi жұмыстарға қатысады;

8) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;

8-1) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;

9) Нормативтік техникалық құжаттардың Бірыңғай мемлекеттiк қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестiредi;

10) Ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

11) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау тәртібін әзірлейді және оларды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға қойылатын рұқсат беру талаптарын әзірлейді;

12) техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргізу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;

14) ұйымдардыңқызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiн жыл сайынғы тексеруді жүргізу, Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады.

Стандарттау саласында:

1) әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн әзiрлеу, келiсу, есепке алу, бекiту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгiзу тәртiбiн айқындайды;

2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

3) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, шет мемлекеттердің ұйымдарының стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерін, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөніндегі қағидаларын, нормалары мен ұсынымдарын ұйымдардың стандарттарында қолдануды қоспағанда, оларды Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;

4) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;

5) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады;

6) өнімді таңбалау тәртібін әзірлейді;

7) осы Кодекске сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусын қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзекті ету, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқықтарын сақтау және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;

9) өнімнің каталог парағының нысанын белгілейді.

Сәйкестiктi растау саласында:

3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, тауар шығарылатын елдi анықтау жөнiнде сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды шығаруды ұйымдастырады;

4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;

5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;

6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;

7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салғастыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

8) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк үлгiнің сәйкестiгін растау саласындағы құжаттарды беру жөніндегі қызметтiң жүзеге асырылуының басталғандығы немесе аяқталғаны туралы хабарлаған шетелдiк және халықаралық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізеді.

Аккредиттеу саласында:

1) Аккредиттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізудің ережесін және аккредиттеу жөніндегі органға біліктілік талаптарын әзірлейді;

3) Аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

4) Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына бақылау жүргізеді;

5) осы Кодекске сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлейді және бекітеді;

2. Техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Наши рекомендации