АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР. Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»

Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»

Пәні: неврология

Кафедра: Неврология, психиатрия және наркология

Курсы:5

№ 4 тақырып, блок 4.Нерв жүйесінің перинатальдық зақымданулары: қауып факторлары, классификациясы, жедел және қалпына келу кезеңдерінің синдромдары. Балалардың церебралды салдануы. Туа біткен аномалиялар (микроцефалия, гидроцефалия, краниостеноз, сүйелді дененің аплазиясы, Денди-Уокер синдромы; бас ми нервтерінің туа біткен аномалиялары (Мебиус синдромы, нейросенсорлық кереңдік)), хромосомдық аурулар.

Аударушы: Ермағамбетова А.П.

қызметі: доцент м.а.

ғылыми дәрежесі: м.ғ.к.

_________________________

(қол қою үшін)

Ақтөбе 2014 ж.

1.Тақырып: Нерв жүйесінің перинатальдық зақымданулары: қауып факторлары, классификациясы, жедел және қалпына келу кезеңдерінің синдромдары. Балалардың церебралды салдануы. Туа біткен аномалиялар (микроцефалия, гидроцефалия, краниостеноз, сүйелді дененің аплазиясы, Денди-Уокер синдромы; бас ми нервтерінің туа біткен аномалиялары (Мебиус синдромы, нейросенсорлық кереңдік)), хромосомдық аурулар.

2.Мақсаты:тақырыпты игерген соң студент организмнің жүйесін және ішкі мүшелердің морфофункциональдық өзара байланыстылығынан барлық мамандықтарға дәрігерлерге қажет неврологияның негізінен түсінік ала алады. Ауырғандықтың жалпы санында нерв жүйесінің аурулары маңызды орын алатындықтан нерв жүйесінің перинатальдық патологияларын зерттеу алдағы практикалық жұмыстарда қолдану үшін маңызды.

3. Оқытудың міндеттері:

- ОНЖ перинатальдық патолгиясының қауіпті факторлары;

- ОНЖ перинатальды патологиясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы;

- гидроцефалия,микроцефалия,микрокрания,краниостеноз, сүйелді дененің аплазиясы, БСН туа біткен аномалиялардың қауіпті факторлары, клиникалық кқріністері, диагностикасы;

- жаңа туылған балалардың шартсыз-рефлекторлық қызметтерін бағалау;

- бірінші жылдық баланың қозғалыс белсенділігін бағалау;

- бірінші жылдық баланың эмоциялардың дамуын және қарым-қатынас түрлерін бағалау;

- бірінші жылдық баланың нервтік-психикалық дамуын бағалау;

- бірінші жылдық баланың шеткі анализаторлардың (көру, есту, иіс иезу, дәм сезу) қызметтерін бағалау.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- перинатальдық патолгиясының қауіпті факторлары;

-ОНЖ перинатальды патолгиясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы;

- ОНЖ перинатальды патолгиясының ерте және кеш қалыптасу кезендерінің клиникалық симптоматикасы;

- балалар церебральдық салы: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі;

- ОНЖ туа біткен аномалиялары: микроцефалия, гидроцефалия, краниостеноз, сүйелді дененің аплазиясы, Денди-Уокер синдромы; БСН туа біткен аномалиялар (Мебиус синдромы, нейросенсорлық саңыраулық);

- хромосомдық аурулар: Даун, Шерешевский-Тернер, Кляйнфельтер синдромдары.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:ауызша сұрау, тесттік тапсырмаларды орынаду, ситуациялық есептерді шешу, ауруларды жалпы қарауға қатысу, тақырыптық науқасты талқылау, шағын топтармен жұмыс, тәжірибелік дағдылар орындауын үйрену.

6.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. КайшибаевС.К.. Неврология. 1, 2 часть, (каз) - Алматы, 2009.

Қосымша:

1. Жумабаев У.Ж., Мусагалиева Г.М. «Ми нервтерінің функциональдык анатомиясы». - Алматы, 1992.

2. Надирова К.Г., Дарибаев Ж.Р. Клиникалык невропатология. - Караганды, 1995.

3. Надирова К.Г. Нерв жүйесінің анатомиясы, физиологиясы, тексеру методикасы және зақымдану семиотикасы. - Караганды, 1993.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Кайшибаев С.К. Неврология. Учебник. I, II часть, Алматы, 2009.

2. Гусев Е.И., Коновалов А.Н., Скворцова В.И. Неврология и нейрохирургия: учебник + СД. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

3. Петрухин А.С. Неврология детского возраста. - М., Медицина, 2008.

Қосымша:

1. Скоромец А.А., Скоромец А.П., Скоромец Т.А. Нервные болезни. - М.: Медпрессинформ, 2007.

2. Бадалян Л.О. Детская неврология. Учебник. - М., 2007.

3. Баркер Р.И. и др. Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Под ред. В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

4. Неврологические симптомы, синдромы и болезни. Энциклопедический справочник. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

5. Неврология для врачей общей практики под. редакцией проф. А.М. Вейна. - М. «Эйдос Медиа», 2001.

6. Кайшибаев С. Словарь – справочник неврологических терминов. - Алматы, 2005.

7.Бақылау:тесттер, сұрақтар, тапсырмалар.

Наши рекомендации