АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР. Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»

Мамандығы: 051301 – «Жалпы медицина»

Пәні: неврология

Кафедра: нейрохирургия, неврология, психиатрия және наркология

Курсы:5

№ 5 тақырып, блок 3.Естің эпизодикалық және пароксизмальдық бұзылуы. Эпилепсия. Жіктелуі. Эпилептикалық ұстамалардың түрлері, эпилептикалық статус. Вегетативтік нерв жүйесінің бұзылыстары (вегето-сосудистая дистония). Мигрень.

Аударушы: Кашкинбаева А.Р.

қызметі: ассистент

ғылыми дәрежесі: м.ғ.к.

_________________________

(қол қою үшін)

Ақтөбе 2011 ж.

1.Тақырып: Естің эпизодикалық және пароксизмальдық бұзылуы. Эпилепсия. Жіктелуі. Эпилептикалық ұстамалардың түрлері, эпилептикалық статус. Вегетативтік нерв жүйесінің бұзылыстары (вегето-сосудистая дистония). Мигрень.

2.Мақсаты: тақырыпты меңгергеннен кейін студент ішкі ағзалардың организм жүйелерімен морфофункциональдық өзара байланысы болғандықтан барлық мамандықтағы дәрігерлерге қажет неврологияның негізінен түсінік ала алады. Эпилепсия және эпилептикалық синдромдар пайызға қатынасы бүкіл әлемде прогрессивті өсуде және тек ол дәрігерлерді алаңдатып қоймайды. Эпилепсия – бұл созылмалы ауру, оны емдеу тек эпилепсия ұстамаларын бақылаумен шектеледі, дебют көбіне жас сәбилерде пайда болады. Ерте диагностикалау эпилепсияны нәтижелі емдеуінің және әлеуметтік адаптациялаудың негізгі кепілі болып есептеледі. Қазіргі медицинаның өзекті мәселелеріне вегетативтік бұзылыстар жатады. Оның факторлары көп, негізгісі – вегетативтік бұзылыстардың кең таралуы. Эпидемиологиялық зерттеулер вегетативтік бұзылыстар пубертанттық жастан басталатынын көрсетеді, 25-80% бақылаушыларда кездеседі. Дені сау болып саналатын адамдар арасында да вегетативтік дисфункция кеңінен таралған. Вегетативтік дисфункция дәрігерлік практикада жиі кездесетін симптомдар екендігіне күмән жоқ.

3.Оқытудың міндеттері:

- эпилепсиямен құрысу синдромының классификациясы;

- эпилепсияның дамуының этиологиялық факторлары;

- мәселенің патогенетикалық аспектілерінің негіздері;

- эпилепсия мен құрысу синдромының диагностикалық критерийлері, клиникасы;

- пароксизмальдық және пароксизмальдық емес жағдайлардың екшеу диагностикасы;

- эпилепсия ұстамасы кезіндегі алғашқы медициналық көмек;

- эпилепсиямен ауыратын науқастарды жүргізудің дәрігерлік тактика;

- болжамы, профилактикасы;

- инвалидизацияның принциптері;

- эпилептикалық ұстамасы бар науқастарды тексеру;

- диагностикада зерттеудің параклиникалық әдістерін қолдану;

- зерттеудің қосымша тәсілдерінің (электрофизиологиялық, радиологиялық, биохимиялық, иммунологиялық және т.б.) нәтижесіне интерпретация жасай білу;

- вегетативтік дистония синдромы (кардиоваскулярлық, гипервентиляциялық, нейрогастральдық, тремоваскулярлық);

- гипоталамикалық синдром: клиникасы, диагностикасы, емі;

- ангионевроздар (Рейно ауруы, эритромелалгия), клиникасы, диагностикасы, емі, болжамы, еңбекке қабілеттілігі;

- мигрень, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, профилактикасы;

- вегетативтік нерв жүйесінің ауруларына диагностика жасау;

- ем хаттамаларын құрастыру;

- вегетативтік сынамаларды өткізу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

- эпилепсияның этиологиясы мен патогенезі;

- пароксизмальдық жағдайдың классификациясы;

- үлкен құрыспалы ұстамалардың клиникасы;

- кіші құрыспалы ұстамалардың клиникасы;

- эпилептикалық статус: клиникасы, патогенезі, емі;

- неврогендік естен тану: классификациясы, патогенезі, диагностикасы, емі, профилактикасы;

- эпилептикалық ұстамасы мен неврогендік естен танудың екшеу диагностикасы;

-естің пароксизмальдық бұзылудың диагностикасында параклиникалық тәсілдер – электроэнцефалография, бас миының КТ мен МРТ-і;

- эпилепсия емінің принциптері;

- болжамы, профилактикасы;

- вегетативтік дистония синдромы: клиникасы, диагностикасы, емі;

-вегетативтік криз (паникалық шабуыл): этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы;

- бас ауруларының классификациясы;

- невроздардың клиникасы, емі және профилактикасы;

- вегетативтік нерв жүйесінің функциясы;

- лимбикалық жүйесінің функциясы мен зақымдану синдромдары;

- гипоталамустың құрылысы, функциясы;

- сергектік пен ұйқы бұзылысының симптомдары немен сипатталады;

- вегетативтік нерв жүйесінің перифериялық бөлімінің зақымдануының симптомдары мен синдромдары;

5.Сабақ беру және оқыту әдістері:ауызша сұрау, тестілеу, ауруларды жалпы қарауға қатысу, тақырыптық науқасты талқылау, шағын топтармен жұмыс, пікірталас, презентациялар.

6.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. КайшибаевС.К.. Неврология. 1, 2 часть, (каз) - Алматы, 2009.

Қосымша:

1. Жумабаев У.Ж., Мусагалиева Г.М. «Ми нервтерінің функциональдык анатомиясы». - Алматы, 1992.

2. Надирова К.Г., Дарибаев Ж.Р. Клиникалык невропатология. - Караганды, 1995.

3. Надирова К.Г. Нерв жүйесінің анатомиясы, физиологиясы, тексеру методикасы және зақымдану семиотикасы. - Караганды, 1993.

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Кайшибаев С.К. Неврология. Учебник. I, II часть, Алматы, 2009.

2. Гусев Е.И., Коновалов А.Н., Скворцова В.И. Неврология и нейрохирургия: учебник + СД. - М., ГЭОТАР-Медиа, 2007.

3. Петрухин А.С. Неврология детского возраста. - М., Медицина, 2008.

Қосымша:

1. Скоромец А.А., Скоромец А.П., Скоромец Т.А. Нервные болезни. - М.: Медпрессинформ, 2007.

2. Бадалян Л.О. Детская неврология. Учебник. - М., 2007.

3. Баркер Р.И. и др. Наглядная неврология: учебное пособие /пер. с англ. Под ред. В.И.Скворцовой. – 2-е изд. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

4. Неврологические симптомы, синдромы и болезни. Энциклопедический справочник. – М., ГЭОТАР-Медиа, 2006.

5. Неврология для врачей общей практики под. редакцией проф. А.М. Вейна. - М. «Эйдос Медиа», 2001.

6. Кайшибаев С. Словарь – справочник неврологических терминов. - Алматы, 2005.

7.Бақылау:тесттер, сұрақтар, тапсырмалар.

Наши рекомендации