Оң жақ қабырға астында 25 страница. *!Жас жігіт, 27 жаста, таяқпен соққыдан қорғану мақсатында сол қолын басына қойған

#1646

*!Жас жігіт, 27 жаста, таяқпен соққыдан қорғану мақсатында сол қолын басына қойған. Соққы білектің жоғарғы үштен біріне келген. 103 дәрігері қарап тексергенде: білек қарі жілік буынында бүгілген, жоғарғы үштен бірі деформацияланған, шынтақ сүйегінің артқа ығысуы бар және білектің алдыңғы беткей бөлігі кернелген. Деформацияланған аймақты пальпациялағанда кенет ауру сезімі пайда болады. Зақымданған білек біршама қысқарған. Білекте белсенді және енжар қимылдар кенет тежелген және ауру сезімімен. Білек және білезік сезімталдығы өзгермеген.

Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*ауру сезімін басу

*қаңқалық тарту

*+аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1647

*!Ер кісі,44 жаста, ағаш материалдарын тиеген. Абайсызда ағаш діңгегі көліктен құлап, науқастың сол білегіне соғылған. Науқас 103 шақырған. Объективно: соғылған жерінде (сол жақ білектің төменгі үштен бірі, алақанның сыртқы бетінде) теріастылық гемаматома бар. Зақымданған аймақ пальпациясы ауру сезімімен, сүйек бөліктерінің крепитациясы байқалады, осы қимылдар кенет ауру сезімін шақырады. Білекті жазу және бүгу шектелмеген. Білектің дистальді бөлігі және білезік пронация қалпында.

Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*қаңқалық тарту

*ауру сезімін басу

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*+аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1648

*!Ер адам, 26 жаста. Жолда құлап, сол жақ шынтақ буынын қатты затқа соғып алған, қолы бүгілген қалыпта болған. Уйіне келіп, 103 шақырған. Сырқы қарап тексергенде сол қолы түзу және салбырап тұр. Науқас сау қолымен ұстап тұр. Шынтақ буыны көлемді үлкейген, артқы бетінің ісінгені байқалады. Буын пальпациясы ауру сезімімен, шынтақ өсіндісін басқанда ауру сезімі күшейеді. Өсінді мен шынтақ сүйегінде көлденең саңылау сезіледі. Шынтақ өсіндісі бүйір жаққа ығысады. Шынтақ буынында енжар қимылдар еркін, ауру сезімімен. Белсенді жазылу мүмкін емес, ал, бүгілу сақталған, бірақ ауру сезімімен.

Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*госпитализация

*гипстік лангетаны салу

*+аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1649

*!Ер адам, 88 жаста, жолда шалынып, сол жақ бүйірімен құлаған. Үлкен ұршық аймағымен соғылған. Шап аймағында қатты ауру сезімі пайда болған. 103 дәрігерінің қарауында: науқас горизонтальды қалыпта, оң аяғы сыртқа айналған. Өздігінен табанын тік қоя алмайды. Осы қимылды бөгде адамның көмегімен жасауға тырысқанда, жамбас буынында қатты ауру сезімін шақырады. Науқас аяғын тізе буынында тік көтере алмай, оны бүгеді және аяғы төсекте өкшемен сырғанайды (симптом «өкшемен жабысу»). Өкше және ұршық бойын түрткілегенде ауру сезім пайда болады.

Жамбас сынығы кезінде төменде көрсетілген шиналардың кайсысын қолданады?

*Томас шинасы

*Иванов шинасы

*Белер шинасы

*+Дитерихс шинасы

*Кузьминский шинасы

#1650

*!Ер адам 46 жаста. Спортзалда екіпұттық гир көтерген. Оң қолымен бас деңгейінде гир көтеріп, бірақ оны осы қалыпта ұстай алмады. Гир инерция бойынша қолды артқа тартады. 103 дәрігерінің қарауында: оң қолы шынтақ буынында бүгілген, қолын кеудеден біршама әкеткен және науқас оны оң қолының білек тұсында ұстап тұр. Иық буыны деформацияланған. Иықтың дельта тәрізді бұлшықетінің дөңестігі жойылған. Жауырының акромиальды өсіндісінің шеті айқын көрінеді, ал төменірек- буын шұңқыры бос қалған. Иық буынында белсенді қимыл мүмкін емес. Иықтың серіппелі қарсыластығы анықталады- "перне" симптомы

Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*қаңқалық тарту

*травм пункта жіберу

*+аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1651

*!Әйел адам, 33 жаста. Сол табанын ішке қайырып алған. Осы жарақаттың әсерінен, тобық буыны аймағында қатты ауру сезімі пайда болған. 103 дәрігерінің қарауында: жүрген кезде сыртқы тобық аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Науқас ауырған аяғымен нық тұра алмайды. Сол жақ тобық буыны аймағы ісінген, пальпациялағанда ауру сезімі пайда болады. Тобық аймағында қимыл шектелген және ауру сезімімен.

Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*аяқ-қолдарына суық қою

*гипстік лангетаны салу

*+аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1652

*!Науқас 68 жаста, үйінде жуыну бөлмесінде сол қолын тіреп құлаған. Сол жақ иық буынында кенет қатты ауру сезімін сезген, сол қолын қимылдата алмаған. Қатты ауру сезімінен түнде ұйықтай алмай, аналгетик қабылдаған. Таңертен 103 шақырған. Қарап тексергенде: сол жақ иық буыны аймағында, иықтық төменгі үштен бір бөлігінен кеуде торына дейін жайылған кенет ісіну мен ауқымды қанталау байқалады. Сол жақ иық біршама қысқарған және сыртқы бұрыш жасап деформацияланған. Сол жақ иық буынын пальпациялағанда кенет ауру сезімі пайда болады. Ауру сезімінің әсерінен белсенді қимыл жасау мүмкін емес, енжар қимыл жасауға тырысқанда ауру сезімі күшейеді.

Сіздің ең алғашқы іс-әрекетіңіз?

*+ауру сезімін басу

*қаңқалық тарту

*аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1653

*!Жасөспірім 12 жаста, әткеншектен құлап, иық буынының сыртқы бетімен жерге соғылған. 103 дәрігерінің сыртқы қарауы кезінде: оң бұғанасының деформациясын байқады, оң иық белдеуі қысқарған және сол жаққа қарағанда төменірек. Науқас сау қолымен зақымданған қолын иық белдеуі деңдейінде, шынтақ буынында бүгілген қалыпта кеудесіне жақындатып ұстап тұр. Оң бұғана аймағы ісінген. Пальпациялағанда кенет ауру сезімі пайда болады және соңғы бөліктерін анықтауға болады.

Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*оперативті ем

*+қолын иммобилизациялау

*гипстік лангетаны салу

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1654

*!Ер адам 59 жаста, метрода, эскалатор баспалдағынан құлап, сол жақ тізе буынымен баспалдақтың шетіне соғылған. Буынында кенет ауру сезімін сезген. Метрополитен қызметкерлеріне барып, "жедел жәрдем" шақыруын өтінді. 103 дәрігерінің қарауы кезінде: тізе тобығының алдыңғы бетінің терісінде сыдырылған жері бар, буын көлемі біршама үлкейген. Пальпация кезінде буын қуысында жалқы анықталады, ал тізе тобығы аймағында - диастаз. Науқас тізе тобығын 160 градусқа бұрыш жасап белсенді бүге алады, дегенменен бұл буынды жазу мүмкін емес. Пальпация және белсенді қимылдар ауру сезімін күшейтеді.

Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*стационарға апару

*гипстік лангетаны салу

*+аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1655

*!Ер адам 45 жаста, оң қолымен жүк көтерген, шалынып, оң иығымен құлған. Иық буыны аймағында қатты ауру сезімін сезген, Мужчина 40 лет, нес в правой руке груз, оступился и упал на правое плечо. Силь­ный удар пришелся на область плечевого суста­ва, осы уақытта жүктің ауырлығы максимальды төмен түскен. Науқас иық белдеуі аймағынан қатты ауру сезімін сезген. Бір тәуліктен кейін 103 шақырған. Қарап тексергенде: оң жақ зақымданған иық белдеуі ісінген, сыртқы (акромиальді) бұғана соңы баспалдақ тәрізді анық көрініп тұр. Иық буынын қиылдатқанда, әсіресе иықты жоғары көтергенде және әкеткенде қимыл шектелген және ауру сезімімен. Бұғананың акромиальды соңын басқанда ол төмендейді, қысым түсіруді тоқтатқанда ол қайтадан көтеріліп- бұғананың серіппелі қозғалысын тудырады.

Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*қаңқалық тарту

*гипстік лангетаны салу

*+аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды орамалмен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1656

*!Ер адам 29 жаста, 2 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы сол жақ өкшеге түсті. Оқиға болған жерді 103 дәрігері қарады.Объективті: сол өкше жалпақталған, ісінген және кеңейген. Тобықтың ішкі жағы қанталаған. Табанның күмбез бойы жалпақталған. Ауру сезіміне байланысты өкшеге күш түсіру мүмкін емес. Өкшенің пальпациясы ауру сезімімен. Тобық бұлшықетінің жиырылуы өкшедегі ауру сезімін күшейтеді. Артынан қарағанда зақымданған аймақта тобық төмен тұр, ал өкше сүйегінің осьі ішке қараған екі табан көрінеді. Аталған науқаста ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляция тиімді?

*ауру сезімін басу

*госпитализация

* гипстік лангетаны салу

*+аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарын Дитрих шинасымен иммобилизациялау

#1657

*!Жасөспірім 16 жаста, 3 м биіктіктен құлап түсті. Негізгі соққы күші сол аяққа түсті.103дәрігерінің қарап тексергенде:сол жамбас ісінген,деформацияланған, оның осьі қисайған.Жарақат алған аймақта ауру сезімі сезіледі.Жамбастың ортаңғы үштен бір бөлігінде патологиялық қозғалу байқалады.Сол аяғын көтере алмайды.Табанның қозғалғыштық және сезімталдық қызметі толығымен сақталған.Шеткі артерияларда пульс сақталған. Сіздің ең алғашқы іс-әрекетіңіз?

*+ауру сезімін басу

*қаңқалық тарту

*аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарын Дитрих шинасымен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1658

*!Ер адам 36 жаста. Жол-көлік апаты болған жерге 103 бригадасы келген кезде, науқас оң жамбас аймағында кенет ауру сезіміне шағымданады. Науқастың айтуы бойынша, 10 минут бұрын автокөлікке соғылып, оң жамбас аймағынан соққы алған. Есін жоғалтпаған. Қарап тексергенде: Оң жақ мықын сүйегінде кең көлемде теріастылық гематома анықталды, шат және шонданай сүйектерін, сонымен қатар мықын сүйегінің оң қанатын пальпациялағанда кенет ауру сезімімен.

Жамбас сүйегі сынған науқасты тасымалдау қалпы?

* жартылай отырған қалыпта

*+«бақа» қалпында

*оң жақ бүйірімен

*сол жақ бүйірімен

*ішімен

#1659

*!Ер кісі 39 жаста, пәтерінде жөндеу жұмысын жасады. Қабырғаға бетон құйып жатқан.Сол білеігіндегі I-ші саусағының тырнағын байқамай балғашықпен соғып алды. 103-ті шақырды. Қарап тексергенде I саусақтың тырнағы ісінген,пальпация кезінде ауру сезімімен.Саусақтың қозғалысы шектелген.Тырнақ пластинкасының астында гематома бар.Саусақ осьі бойынша күш түсіру ару сезімімен.Ауру сезіміне байланысты қандай да бір затты саусақпен ұстау мүмкін емес. Сіздің ең алғашқы іс-әрекетіңіз?

*+ауру сезімін басу

*қаңқалық тарту

*асептикалық таңғыш салу

*аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*аяқ-қолдарды қолда бар материалмен иммобилизация

#1660

*!Ер адам 38 жаста, пышақтық соққыдан қорғану мақсатында оң қолымен пышақты алып оның жүзін ұстап қалған. Шабуылшы оның қолынан қатты күшпен итеріп жіберді. Осының нәтижесінде, оң алақан сыртында терең жара пайда болды. 103 дәрігерінің қарауы кезінде, оң алақан сыртында терең, көлденең кесілген жара ұзындығы 4 см, жиектері тегіс және айқын қансыраумен. Жара тереңдігінде, ІІІ саусақ сіңірінде перифериялық шеті көрінеді, жарада орталық шеті жоқ. III саусақ жазылған, соңғы және ортаңғы фалангтарда белсенді бүгілу жоқ. Сезімталдық сақталған

Сіздің ең алғашқы іс-әрекетіңіз?

*+жараны өңдеу және асептикалық таңғыш

*аяқ-қолдарын шинамен иммобилизациялау

*антисептикпен жараны жуу

*госпитализациялау

*ХБӨ жасау

#1661

*!Науқас 50 жаста, автомобильді жарақаттан кейінгі жағдай. 103 дәрігер жалпы қарағанда науқас бас ауруына, бас айналуына, жүрек айнуына шағымданған. Неврологиялық статус: ретроградты амнезия, шамалы анизокория, нистагм, пирамидалық жеткіліксіздіктің белгілері. Киімінде құсық қалдықтары. Бас миының соққысы кезінде төменде көрсетілген жедел көмектің ҚАЙСЫСЫ ТИІМДІ?

*+маннитол

*шина тағу

*адреномиметиктер

*инфузионды терапия

*басын жоғарылатып жатқызу

#1662

*!103 бригада келіп жеткен сәтте 70 жасар ер кісі ессіз жатыр. көршілерінің айтуы бойынша науқас сатыдан құлап түскен. Объективті: комалық жағдай, брадикардия, брадипноэ. Неврологиялық статус: айқын анизокория. Патологиялық табандық белгілері. Мұрын жолдарынан қан кеткен іздер. Бас миының соққысы кезінде төменде көрсетілген жедел көмектің ҚАЙСЫСЫ ТИІМДІ?

*+маннитол

*магний сульфат

*адреномиметиктер

*инфузионды терапия

*басын жоғарылатып жатқызу

#1663

*!35 жастағы ер адам ауыр затпен басын урып алған сәтте есінен танып, құлап қалған. Науқас жағдайын біріншілік бағалау кезінде түсініксіз сөздер айтып, ауырсыну тітіркендіргішіне көзін ашып, тітіркендіргіш тиген аймақтағы қол-аяқты қозғайды.

Сіздің алғашқы іс-әрекетіңіз:

*+тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру

*стационарға апару

*трахеотомия жасау

*жағалы шина орнату

*система салу

#1664

*!Ер адам 24 жаста, ауыр бассүйек-ми жарақатын алған. Кереңденген. Жедел жәрдем дәрігерінің терапиясынан кейін, науқасты нейротравматикалық бөлімшеге госпитализациялау шешімі қабылданды. Транспортировка кезінде науқас жағдайы жедел нашарлай түсті: есінің команың ІІ дәрежесіне дейін нашарлауы, брадикардия, тоникалық тырысулар. Аталған науқасқа ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляцияны жасайды?

*бүйірлеп жатқызу

* адреномиметиктер

*+маннитол

*басын жоғарылатып жатқызу

*+тырысуға қарсы препараттарды енгізу

#1665

*!Науқас 21 жаста, бассүйек-ми жарақатын алған. Бір сағаттан көп уақыт бойы ессіз жатқан. Қысқа уақытты сөйлеу бұзылыстары тіркелген. Айқын жалпы милық симптоматика.

Аталған науқасқа ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляцияны жасайды?

*+маннитол

*госпитализация

*адреномиметиктер

*инфузионды терапия

*басын жоғарылатып жатқызу

#1666

*!Ер адам 28 жаста. Басының жарақатынан кейін 12 сағаттан соң есінен танып қалған. 103 бригада дәрігері қараған кезде – науқас жағдайы ауыр, PS – минутына 60 соққы, АҚ 70/40 мм с.б.б., сол жақтық гемипарез анықталған.

Аталған науқасқа ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляцияны жасайды?

*физ.раствор

*глюкоза

*+маннитол

*фуросемид

*лазикс

#1667

*!Ер адам 46 жаста, 103 бригада дәрігері қараған кезде бас ауруына, бас айналуына, жүрек айнуына, құсуға шағымданған. Анамнезінде бір тәулік бұрын құлап, басын жерге соғып алған. Қысқа мерзімді естен тану болған, жарақат себебі есінде жоқ. Қарау кезінде: науқас бозғылт, АҚ 130/80, брадикардия минутына 62 соққыға дейін, ошақтық неврологиялық симптомдары жоқ. Стационарға тасымалдау барысындағы науқастың қалпы:

*отыру

*жату

*бүйірлеп

*аяғын жоғарылатқан қалыпта

*+басын жоғарылатқан қалыпта

#1668

*!Қабылдау бөліміне 6 метр биіктіктен құлаған науқас комалық жағдайда жедел жәрдеммен жеткізілді. Қарау кезінде: тері жамылғылары бозғылт, брадикардия минутына 60 соққы, АҚ. 140/80 мм. с.б.б., сол жақ самай аймағында орбиталық аймаққа дейін тараған қан кету. Оң жақтық гемипарез және оң жақтық сезімталдық төмендеуі анықталды.

Бассүйек ішілік гематомасы бар аталған науқасқа ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляцияны жасайды?

*интубация

*+трепанация +маннитол

* инфузионды терапия

*консервативті ем

*басын жоғарылатып жатқызу

#1669

*!Жан сақтау автокөлігімен 1 сағат бұрын болған автоавариядан зардап шегуші жеткізілді. Есінің деңгейі – кома, өкпені жасанды желдендіру жүргізілуде. Қарау кезінде нистагм, анизокория, екі көз шұңқырында да қан құйылулар анықталған, сол құлақтан ликворрея анықталды.

Сіздің алғашқы іс-әрекетіңіз:

*+тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру

*стационарға апару

*трахеотомия жасау

*жағалы шина орнату

*система салу

#1670

*!Жедел жәрдем бригадасы қабылдау бөліміне 50 минут бұрын ағаш шабу кезінде байқаусызда басының үлкен көлемді шабылған жарақатын алған науқас жеткізілді. Қарау кезінде: сол жақ төбе-маңдай аймағында кең және аздаған қан кетумен көрінетін шабылған жара анықталды. Жарада сүйек қалдықтары көрінеді. АҚ 11/70 мм.с.б.б., пульс минутына 98 соққы, ритмді. Сіздің алғашқы іс-әрекетіңіз:

*+асептикалық таңғыш салу

*стационарға апару

*трахеотомия жасау

*жағалы шина орнату

*система салу

#1671

*!Ер кісі құлау кезінде басын соғып алған. Басының қатты ауырсынуына, жүрегінің айнуына, бас айналуына шағымданады. Қарау кезінде: есеңгіреген, тері жамылғылары бозғылт, пульс минутына 62-64 соққы. Сол жақ самай бөлігінде жұмсақ тіндердің ісінуі, сол жақ құлағынан аздап қан кеткен. Науқас жарыққа қарай алмайды. Сол жақ қарашығы оң жақпен салыстырғанда кеңдеу. Аталған науқасқа ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляцияны жасайды?

*магния сульфат

*глюкоза 40%

*глюкоза 5%

*+маннитол

*седуксен

#1672

*!Ер кісі 29 жаста. Төбелес кезінде басына қатты затпен соққы алған. Жедел жәрдем дәрігері қарау кезінде: ұйқышыл, сұрақтарға түсініксіз жауап береді, аздап бозғылт, пульсі минутына 62 соққы, маңдай аймағында 8х15 см көлемді жара,аздап қан кеткен, сол жақта мұрын-ерін қыртысы тегістелген, тілі аздап солға ығысқан, оң жақ қарашығы сол жақпен салыстырғанда аздап кеңейген.

Аталған науқасқа ЕҢ АЛҒАШҚЫ көмек ретінде қандай манипуляцияны жасайды?

*+маннитол енгізу

*жағалы шина орнату

*инфузионды терапия

*басын жоғарылатып жатқызу

*АҚ тексеріп тұру

#1673

*!Ер кісі 43 жаста. Автокөлік апаты салдарынан ауыр бас жарақатын алған. 103 бригада келген сәттегі жағдайы ауыр. Есінен танып қалған, мұрнынан, аузынан, құлақтарынан қан кетуде, жоғарғы жақ фрагменттерінің түсуі, тістеудің бұзылысы, оң жақ төменгі көз шарасы аймағында «саты» симптомы оң. Сіздің алғашқы іс-әрекетіңіз:

*+тыныс жолдарының өткізгіштігін қалыпқа келтіру

*нейрохирургияға апару

*трахеотомия жасау

*жағалы шина орнату

*система салу

#1674

*!Ер адам 44 жаста ауыр затпен басына соққы алған, 2-3 минутқа есінен танып қалған. Жарақатқа алып келген оқиға есінде емес. тексеру кезінде – жағдайы орташа ауырлықта, бас ауруына, құлақтағы шуылға, бас айналуына шағымданады. Маңдай бөлігінде гематома анықталады. Тері жамылғысы аздап бозарған, АҚ 120/80мм.с.б.б., пульс минутына 56 соққы. Көлденең және тік нистагм, сіңірлік және периостальді рефлекстердің төмендеуі анықталды. Бас-ми шайқалған науқасты стационарға тасымалдау қалпы:

*отыру

*жату

*бүйірлеп

*аяғын жоғарылатқан қалыпта

*+басын жоғарылатқан қалыпта

#1675

*!Ер кісі 33 жаста, үйіне қайтып жатқанда басына қатты затпен соққы алған. Бірнеше минутқа есінен танған. Үйіне дейін ешкімнің көмегінсіз жетіп, ұйықтап қалған. Таңертең әйелі оята алмаған. 103 бригаданы шақырған. Дәрігер қараған кезде: науқас есеңгіреген, қарауға қарсыланады, сөйлеу контакті мүмкін емес. Қорғаныс қозғалыстарынан оң жақта бұлшықет әлсіздігі анықталды. Сол жақ самай аймағының терісі бозарған. Сол жақ қарашық оң жақпен салыстырғанда кеңейген. АҚ 100/70 мм.с.б.б., пульс минутына 48 соққы.

Сіздің алғашқы іс-әрекетіңіз:

Наши рекомендации