Оң жақ қабырға астында 16 страница. *!45 жастағы әйелге түнде жедел жәрдем шақыртылды

*уремиялық

*бауырлық

*кетоацидоздық

*гиперосмолярлық

*гипогликемиялық

#1169

*!45 жастағы әйелге түнде жедел жәрдем шақыртылды. Науқас ес түссіз,сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермейді.Туыстарының айтуы бойынша қант диабетімен зардап шегеді.Терісі бозарған,ылғалды,қалыпты температуралы.Тынысы жиі және терең. АҚ 90/53 мм. с.б.б., ТАЖ 10 рет мин. Қандағы глюкоза 1,4 ммоль⁄литр. Науқаста қандай кома дамыды?

*бауырлық

*уремиялық

*кетоацедоздық

*гиперосмолярлық

*гипогликемиялық

#1170

*!5 жастағы балаға СМК шақыртылды. Ата-анасының айтуы бойынша 30 мин бұрын есін жоғалтқан,реакциялары жойылған.Анамнезінде-Виллебранд ауыруымен ауырады. Объективті: есі сопорозды жағдайда. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне аяғын тартады.Сол аяқтардың күші плегияға дейін төмендеген.Сол аяғы сыртқа қарай ротацияланған. Анизокория. Тері жабындысы қызғылт,құрғақ бөртпелер жоқ.Менингиальдық белгілер теріс.Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ ТАЖ -22 рет мин.Жүрек тондары анық,ритімі дұрыс. АҚ - 90/60 мм.с.б.б., ЖСЖ - 102 рет мин. Науқаста қандай диагноз:

*менингоэнцефалит

*менингококкты инфекция

*ми қан айналым бұзылысына өтуі

*жедел ми қан айналымның бұзылысы

*церебральдық тип бойынша нейро-циркуляторлық дистония

#1171

*!52 жастағы ер науқаста ошақтық терең неврологиялық естің бұзылысы және Бабинский симптомы оң.Науқаста қандай жағдай дамыды:

*гипергликемия

*бауырлық кома

*ишемиялық инсульт

*геморрагиялық инсульт

*токсикалық энцефалопатия

#1172

*!69 әйел кенеттен комаға түсті. Туыстарының айтуы бойынша бір күн бұрын артериялық қан қысымы және шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі жоғарылаған.Сәйкес келетін диагнозды анықтаңыз:

*ишемиялық инсульт

*бас миының абцессі

*гипогликемиялық кома

*жедел біріншілік миненгит

*субарахноидальды қан құйылу

#1173

*!74 жастағы ер адам.Басының ауыруына,сол қолының ұюына және әлсіздігіне,сөздерінің анық еместігіне шағымданды.Таң ертеңмен басталған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақтан мұрын ерін қатпары тегістелген, парус симптомы, тілдің оңға қисаюы анықталды. Сойлеуі түсініксіз.Айқын сол жақтық гемипарез. Цитиколин инфузия енгізгеннен кейін науқастың жағдайы жақсарған,сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген,гемипарез жойлған,сөйлеуі анық бола бастаған,науқастың жалпы жағдай жақсарған.Қай қорытынды диагноз сәйкес келеді?

*бас ми қан айналымының бұзылысына өтуі

*жедел бас ми қан айналымының бұзылысы

*субарахноидальды қан құйылу

*гипертензивтік энцефалопатия

*дементтік синдром

#1174

*!73 жастағы ер адам,аурудың 3 күні оң жақ аяқ-қолда әлсіздік,сөйлеудің бұзылысы,қысқа уақыттық естің бұзылысы болды. Анамнезінде: көп уақттан бері ЖИА ауырады, қарынша үстілік жыпылқтаушы аритмия,тұрақты формасы,артериялдық гипертензиямен ауырады,тұрақты түрде ем қабылдамаған. Объективті: есі бұзылған, сөйлеуі түсініксіз,оң жақ саны сыртқа қарай ротацияланған. АҚ - 170/90 мм. сын. бағ., ТАЖ - 64 рет мин. Төмендегі көрсетілген қай диагноз сәйкес келеді?

*транзиторлы-ишемиялық атака

*бас ми қан айналымының бұзылысына өтуі

*жедел жұлындық қан айналысының бұзылысы

*ишемиялық тип бойынша бас ми қан айналысының бұзылысы

*гемморагиялық тип бойынша бас ми қан айналысының бұзылысы

#1175

*!65 жастағы ер адам.СМК дәрігерінің айтуы бойынша науқастың жағдайы 3 сағат бұрын нашарлаған,ол кезде жүк тасушы болып жұмыс жасап жатқанда кенеттен қатты бас ауырып,есін жоғалтқан,қысқа уақыттық тырысу, көгеру,еріксіз дәрет жіберу болған.Жолдастары бірден СМК шақыртқан. Есі сопорозды жағдайда, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі жоғарылап Брудзинский, Керниг симптомдары оң болған. Айқын парез бен паралич жоқ.Жүрек тондары анық,ритмі дұрыс.АҚ - 160/110 мм.сын бағ. ТАЖ - 54 рет мин. Төмендегі көрсетілген қай диагноз сәйкес келеді?

*жедел іріңді менингит

*субарахноидальды қан құйылу

*жедел гипертензивті энцефалопатия

*эпилепсия тырысу синдромымен бірге

*жедел ми қан айналымының бұзылысы

#1176

*!78 жастағы әйел СМК шақыртқан.Шағымдары-айқын бастың ауруы,бас айналу,сол қолдағы әлсіздік,жүрек айну,АҚ тұрақты емес,190/100 мм.сын.бағ. Объективті: есі анық,қалпы активті.Сол қолының күші айқын төмендеген. Жүрек тондары тұйықталған,ритмі дұрыс,аортада 2 тонның акценті. АҚ- 190/100 мм.сын.бағ, ТАЖ - 62 рет мин. Науқаста ишемиялық инсульттің қай типі дамды:

*аралас

*лакунарлы

*гемореологиялық

*гемодинамикалық

*кардиоэмболикалық

#1177

*!Әйел 72 жаста. Басының ауруына, бас айналуына, құлақтағы шуылға, жүрек айнуына, құсуына, әлсіздікке, көзінің қарауытуына шағымданады. Ауырғанына 2-ші күн болған, қан қысымы 190/100 мм.с.б дейін көтеріліп, жағдайы нашарлаған. Объективті: айқын жалпымилық симптоматика. Есі анық, тежелген, сұрақтарға еріксіз жауап береді, активті. Тері жабындысы таза, құрғақ, беті пастозды. Жүрек үні тұйықталған, ритмді, аортада 2 тон акценті. АҚҚ - 190/100 мм с.б., ЖСЖ - 58 минутына. Мүмкін болатын асқыну:

*геморрагиялық инсульт

*транзиторлы ишемиялық атака

*ми қан айналымының жіті бұзылысы

*жіті гипертензиялық энцефалопатия

*дислокационды синдроммен бас миының ісінуі

#1178

*!84 жастағы жағдайы 1,5 сағат бұрын нашарлаған әйелге СМК келді.Қызының айтуы бойынша таң ертен сағат 05.00-те жағдайы нашарлаған,дәретханада есін жоғалтқан,құлаған,тұра алмаған. Объективті: есі бұзылған,қалпы пассивті.Сөйлеуі бұзылған,сол жақ аяқ қолының күші плегияға дейін төмендеген.Сол жақтан Бабинский симптомы оң.Сөйлеуі бұзылған,қалпы пассивті.Сөйлеуі бұзылған,сол жақ аяқ қолының күші плегияға дейін төмендеген.Сол жақтан Бабинский симптомы оң.Менигиальдық белгілер теріс.Терісі таза,құрғақ.Жүрек тондары тұйықталған,ритімі дұрыс емес,тахиаритмия. АҚ - 180/110 мм. с.б., ТАЖ 88-100 рет мин. ЭКГ – жедел коронарлық бұзылусыз. Қандағы қант - 6,8 ммоль/л. Сіздің болжама диагнозыңыз.

*ишемиялық инсульт

*геморрагиялық инсульт

*транзиторлы-ишемиялық атака

*субарахноидальды қан құйылу

*жедел гипертензивті энцефалопатия

#1179

*!4 жастағы бала.2сағат бұрын жағдайы нашарлаған.Бала әлсіз,сөйлеуі бұзылған,өздігінен тұра алмаған.Анамнезінде бала жақында стационарда: жедел миелобласттық лейкоз диагнозымен емделіп шыққан. Объективті: есі сопорозды жағдайда ,пассивті қалыпта. Сө таза,бозарған,құрғақ.Өкпеде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ.ТАЖ-24 рет мин.Жүрек тондары анық,ритімі анық,шулар жоқ.ЖСЖ -74 рет.Сіздің болжама диагнозыңыз?

*жедел эпидуральдық гематома

*жедел ми қан айналымның бұзылысы

*созылмалыми қан айналымның бұзылысы

*жедел вертебробазиллярлы жеткіліксіздік

*гипертониялық тип бойынша нейроциркуляторлық дистония

#1180

*!78 жастағы әйел,қызының айтуы бойнша науқастың жағдайы 2 сағат бұрын ыстық ваннадан шыққан соң айқын әлсіздіктеп,ентігуден,бас ауырудан,есін жоғалтып,СМК шақыртқан. Анамнезінде: ЖИА және АГ-мен ұзақ жылдардан бері ауырады. Объективті: есі сопорозды, қалпы пассивті. Оң жақтан мұрын ерін қатпары жайылған. Сөйлемейді. Сол аяғы сыртқа қарай ротацияланған.Терісі таза,құрғақ.ТАЖ -19 рет мин.Жүрек тондары тұйықталған,ритімі дұрыс емес. АҚ - 180/110 мм. с.б., ТАЖ- 84-104 рет мин. Қандағы қант деңгейі - 8,2 ммоль/л.Сіздің болжама диагнозыңыз қандай ?

*субарахноидальды қан құйлу

*жедел субдуральды гематома

*жедел гипертензивті энцефалопатия

*жедел ми қан айналымның бұзылысы

*жедел ми қан айналымның бұзылысына өтуі

#1181

*!Бала 5 жаста. Анасының айтуы бойынша 2 сағат ішінде жағдайы нашарлап, жігерсіз болып,сөйлей алмай, отнынан тура алмай қалған. Анамнезінде аураханада жедел миелобластты лейкоз диагнозымен емделген. Объективті: санасы сопорозды, пассивті қалыпта. Сол жақ аяқ-қол бұлшықет күші плегияға дейін азайған. Менингеальді симптомдар жоқ. Терісі таза,бозғылт түсті, құрғақ. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ- 28 в 1 мин. Жүрек тондары анық, дұрыс ритмді, шуыл жоқ. Жүрек соғу жиілігі 100 минутына. Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?

*жедел эпидуральдық гематома

*созылмалы ми тамырлық жеткіліксіздік

*ми қан айналымының жедел бұзылысы

*жедел вертебро-базилярлы жеткіліксіздік

*гипертониялық түріндеғі нейро-циркуляторлық дистония

#1182

*!Әйел адам 68 жаста Артериалды гипертензия 2 ст, ҚФ 3, кризді ағым диагнозымен. Аяқ асты сол аяқ-қолының әлсіздігін, сөйлеудің қиындауын сезінді. Объективті: жеңіл есеңгіреген, сөйлеуі анық емес, дизартрия. Командаларды түсінеді, атқарады. Сол аяқ – қол бұлшық етінің күші төмендеген, тонусы төмендеген. Бабинский симптомы сол жақтан оң. Тері жабындысы таза, құрғақ. Жүрек үні тұйықталған, ритмді, аортада 2 тон акценті. Іші жұмсақ, ауыру сезімсіз. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Ісік жоқ. Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?

*жедел гипертензиялық энцефалопатия

*ми қан айналымының жедел бұзылысы

*жедел вертебро-базилярлы жеткіліксіздік

*ми қан айналымының өткінші бұзылысы

*ми қан айналымының созылмалы бұзылысы

 

#1183

*!Әйел 73 жаста. Ауырғанына 1 сағат болған. Сөйлеудің бұзылысына, оң аяқ-қолының әлсіздігіне, бас ауыруына, жүрек айнуына, көп реттік құсуға, қан қысымының көтерілуіне шағымданады. Объективті: есі жеңіл есеңгіреген, пассивті. Оң аяқ-қол бұлшық етінің күші мен тонусы төмендеген. Тері жабындысы таза, құрғақ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ - 17 минутына. Жүрек үні тұйықталған, ритмді. АҚҚ - 140/70 мм с.б., ЖСЖ - 94 минутына. Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?

*нейро-циркуляторлы дистония

*дисциркуляторлы энцефалопатия

*жедел гипертензивті энцефалопатия

*бас ми қан тамырының атеросклерозы

*ми қан айналымының жедел бұзылысы

 

#1184

*!Әйел 83 жаста. Ауырғанына 3 сағат болған. Сөйлеудің бұзылысына, оң аяқ-қолындағы әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, құсуына, қан қысымының көтерілуіне шағымданады. Объективті: есі жеңіл есеңгіреген, пассивті. Оң аяқ-қолының күші мен тонусы әлсіреген. Жүрек үні тұйықталған, ритмді. АҚҚ - 140/70 мм с.б., ЖСЖ - 94 минутына. Екі сағат емнен кейін динамикада жақсарды: аяқ-қолындағы әлсіздік жоғалды, анық сөйлей бастады, жалпы жағдайы жақсарды. Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?

*нейро-циркуляторлық дистония

*дисциркуляторлық энцефалопатия

*жедел гипертензиялық энцефалопатия

*бас ми қан тамырының атеросклерозы

*ми қан айналымының өткінші бұзылысы

#1185

*!Әйел 78 жаста, туысқандарының айтуы бойынша 1 сағат бұрын таңғы ас кезінде аяқ асты сол қырына жатып, сөйлей алмай, сұрақтарға жауап бере алмай қалды. Сол аяқ-қолының қимылдамайтынын, оң жақ мұрын-ерін үшбұрышының тегістелгенін көріп, ЖМЖ шақырған. Бірақ бригада келгенге дейін науқастың жағдайы біршама жақсарды. Есі анық, активті. Парез және салдану белгілері жоқ. Сөйлеуі анық, дұрыс Сұрақтарға дұрыс жауап береді, командаларды атқарады. Жүрек үні тұйықталған, ритмді. АҚҚ - 150/80 мм. с.б., ЖСЖ - 60 минутына. Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?

*геморрагиялық инсульт

*транзиторлы ишемиялық атака

*жедел гипертензиялық энцефалопатия

*ми қан айналымының жедел бұзылысы

*дислокационды синдроммен бас миының ісінуі

#1186

*!Әйел 38 жаста, ауырғанына 3 сағат болған. Сөйлеудің бұзылысына, оң аяқ-қолының әлсіреуіне, бас ауыруына, жүрек айнуына, құсуға, қан қысымының көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде: ұзақ уақыт гормональды контрацептивтер қолданған. Объективті: есі жеңіл есеңгіреу, пассивті. Оң жақ аяқ-қол бұлшық етінің күші мен тонусы әлсіреген. Тері жабындысы таза, құрғақ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ - 17 минутына. Жүрек үні ашық, ритмді, тахикардия. АҚҚ - 140/70 мм. с.б., ЖСЖ - 94 минутына. НЕҒҰРЛЫМ ықтимал диагноз:

*нейро-циркуляторлық дистония

*дисциркуляторлық энцефалопатия

*жедел гипертензивтік энцефалопатия

*бас ми қан тамырының атеросклерозы

*ми қан айналымының жедел бұзылысы

#1187

*!Науқасы 58 жаста. Бас ауыруына, бас айналуына, басындағы шуылға, оң аяқ-қолындағы әлсіздікке шағымданады. 15 жылдан бері АГ-мен ауырады, гипотензивті препараттар қабылдайды.Жағдайы соңғы екі күннен бері нашарлаған- бас ауруы, оң аяқ-қолындағы әлсіздік пайда бола бастаған. Бүгін таңертең сөйлеудің бұзылуы пайда болды. Есі анық. Тері жабындысы бозарған, сол жақ мұрын-ерін қатпарының тегістелуі, айқын дизартрия, оң жақты гемипарез. Жүрек үні тұйықталған, ритмді. АҚҚ 150⁄90 мм. с. б. НЕҒҰРЛЫМ ықтимал диагноз:

*ишемиялық инсульт

*геморрагиялық инсульт

*субдуральдық қан құйылу

*субарахноидальдық қан құйылу

*транзиторлық ишемиялық атака

 

#1188

*!Қабылдау бөліміне 31 жастағы ер адам жеткізілді. ЖМЖ дәрігердің айтуы бойынша, науқастың жағдайы 3 сағат бұрын нашарлай бастаған. Жүк көтеруші жұмыс орнында, аяқ асты қатты бас ауыруына шағымданған. Кейін есінен танып, қысқа мерзімді тырысулар, көгерген, еріксіз несеп жіберу болған. Жұмыс орны ЖМЖ бригадасын шақырған. Есі сопор, желке бұлшық еттерінің ригидтілігі айқын, Брудзинский, Керниг симптомдары оң. Айқын парез және салдану белгілері жоқ. Жүрек үні ашық, ритмді. АҚҚ - 160/110 мм. с. б. ЖСЖ 54 минутына. НЕҒҰРЛЫМ ықтимал диагноз:

*жедел іріңді менингит

*субарахноидальды қан құйылу

*жедел гипертензивті энцефалопатия

*тырысу синдромымен бірге эпилепсия

*ми қан айналымының жедел бұзылысы

#1189

*!Ер адам 88 жаста. Бас ауруына, бас айналуына, құлақтағы шуылға, жадының төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, мазасыздыққа, ұйқысының бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен – периодты түрде қан қысымының көтерілуі, тұрақты түрде ем алмайды. Есі анық, активті. Сұрақтарға көп сөзбен жауап береді.Сөйлеуі дұрыс. Парез және салдану белгілері жоқ. Менингиальды белгілері жоқ. Тері жабындысы таза, құрғақ. Ентігу жоқ. ТАЖ - 18 минутына. Жүрек үні тұйықталған, ритмді. АҚҚ - 150/80 мм. с. б., ЖСЖ - 62 минутына. ЭКГ – жіті коронарлы патологиясы жоқ. Қандағы қант мөлшері - 6,4 ммоль/л. Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?

*жедел гипертензивті энцефалопатия

*ми қан айналымының жіті бұзылысы

*жедел вертебро-базилярлы жеткіліксіздік

*ми қан айналымының өткінші бұзылысы

*созылмалы ми қан айналымы бұзылысы

#1190

*!Тырысулық синдромы бар науқас ұстама алдында жарқыл, түрлі түсті шеңбер, ұшқын көретінін және айналасындағы заттардың көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көрінетінін айтқан. Осы науқастың миының қай бөлігі зақымдалуы ықтимал?

*төбе
*самай
*шүйде
*маңдай
*төбе-самай

#1191

*!Бала вакцинация (АКДС) жасалғанына 1 күн болған. Шағымдары: екпе жасалған орында ауру сезімі, тітіркенгіштік, дене температурасының 39 °С дейін көтерілуі, тырысулар. Осы жағдайдың дамуына не әсер етуі мүмкін?

*ми қан айналымының бұзылуы

*энцефалиялық реакция

*вакциналық энцефалит

*аллергиялық реакция

*эпилепсия дебъюті

#1192

*!Тырысу ұстамалары алғаш дамыған науқас жедел жәрдем бригадасын шақыртқан. Туыстарының айтуынша, науқастың соңғы 3 күнде дене температурасы 39-40°С дейін көтерілген, жарықтан қорқу, тұрақты бас ауруы мазалаған. Қай диагноз НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

*ми ісігі

*эпилепсия

*менингоэнцефалит

*полирадикулоневрит

*созылмалы субдуральді гематома

#1193

*!Науқас 13 жаста. Қарап тексеру: ессіз, бүкіл денесінде клонико-тоникалық тырысу. Терісі цианозды, құрғақ, бөртпелер мен зақымданулар байқалмайды. Аузынан қызғылт түсті көбік бөлінген. Еріксіз зәр бөлген. Анасының айтуы бойынша, жағдайының нашарлауы 20 минут бұрын, мектептен келген соң басталған. Мектептен келген соң басының ауырғанын айтып, кенет есін жоғалтқан. Тырысу пайда болғанда ғана анасы ЖЖ бригадасын шақырған. Анамнезі: 3 жыл бұрын ауыр бас ми жарақатын алған. Болжам диагноз?

*ЖРВИ

*эпилепсия

*жедел менингит

*менингоэнцефалит

*постравматикалық энцефалопатия

#1194

*!Ер адам 25 жаста. Соңғы 1 айдан бері жұмысқа деген қызығушылығы жоғалған, айналасындағылар мен өзінің сырт келбетіне, гигиеналық процедураларға көңіл аудармайтын болған. Соңғы 2 күннен бері дыбыстық, комментариялық типті вербальді галлюцинациялар мен өзгепланеталық адаммен байланыс туралы сандырақ ой пайда болған. Содан бері агрессивті, тітіркенгіш бола бастаған. Бұрын бұндай жағдай байқалмаған. Анамнезі: ағасы психикалық аурумен ауырады. Болжама диагноз?

*жедел шизофренияның алғашқы көрінісі

*маниакальді-депрессивті синдром

*реактивті психоз

*истерия

*невроз

#1195

*!ЖЖ бригадасын қоғамдық орынға шақырған. Бригада келгенде 30 жасар әйел адам ес-түссіз жерде жатыр. Терісі бозарған, цианозды. Жағы қарысқан, басы артқа қарай шалқайған. Аяқ-қолы жартылай бүгілген, бұлшық еті тырысқан. Қарашығы кеңейген, көлемі екі жақта да бірдей, жарыққа реакция жоқ. Қарап тексергеннен бірнеше секундтан кейін бет пен аяқ-қолдың бұлшық еттің симметриялық тартылуы болған. Аузынан қызғылт түсті көбік бөлінген. Еріксіз зәр бөлінген. АҚҚ 180/90 мм.сбб, пульсі 102 рет/ мин. Болжам диагноз?

*улану

*эпилепсия

*жедел менингит

*менингоэнцефалит

*постравматикалық энцефалопатия

#1196

*!Орта жастағы әйел адам аяқ астынан есінен танды, есін жоғалтты және құлады. Бірнеше уақыттан соң клоникалық және тоникалық тырысулар дамыды. Науқас қанша уақыттан кейін есін білгенде синкопальді жағдай деп айтамыз?

*3-5 секунд

*7-10 секунд

*12-15 секунд

*1 сағаттан жоғары

* 15-20 секундтан көп

#1197

*!18 жасар қыз балада бірнеше секундқа самал соққандай сезім болып, қайдан шыққаны белгісіз түтіннің иісі мұрнына келді, аузына қышқыл дәм сезлді. Артынан тырысулар пайда болды. Осы жағдайдағы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін кезең?

*аура

*есін жоғалту

*агрессия кезеңі

*ұстамадан кейінгі ұйқы

*ұстама алдындағы кезең

#1198

*!17 жасар жігітте тырысулық ұстамалар пайда болды. Ұстамалар бірінен кейін бірін жалғасты. Ұстамалар арасындағы үзілісте науқас есін жимады. Осы жағдайда седуксен енгізуге НЕҒҰРЛЫМ мүмкін негіздеме?

*бірмезеттік енгізгеннен кейін 24 сағатта ұстамалар басылады

* көктамырға енгізгенде тез әсер етеді

*бауыр функциясына әсер етпейді

*гипотензивті әрекет көрсетпейді

*тыныс алуға кедергі жасамайды

#1199

*!60 жастағы әйел адамда фиксациялық амнезия, түсіну, афазия, мәжбүрлі күлкі, жылау, айтарлықтай неврологиялық бұзылыстар анықталды. НЕҒҰРЛЫМ ықтимал диагноз болып табылады:

*тамырлық деменция (Бисвентер симптомы)

*травматикалық деменция

*эпилептикалық деменция

*алкогольді деменция

*сенильді деменция

#1200

*!6 айлық балада дене температурасы жоғары дәрежеге көтерілуі фонындағы тырысуда люмбальді пункция жасалды. Осы жағдайда балаға пункция жасауға НЕҒҰРЛЫМ мүмкін негіздеме?

*эндолюмбальды антиконвульсанттарды енгізу керек

*температурасы көтерілуі фонындағы тырысулар басішілік қысымды көтереді

*осы жастағы балаларда қызба және тырысулар нейроинфекциядан туындайды

*температурасы көтерілуі фонындағы тырысуда барлық кезде пункция жасау керек

*температурасы көтерілуі фонындағы тырысулар бактериальды инфекциядан туындаған

#1201

*!2 жастағы балаға СМК шақырту. Анасның айтунша,ауырғанына 2 күн,дене температурасы көтерілген,мұрнынан су аққан,өнімсіз жөтел,мазасыздану,тәбеті төмендеген.Өздігінше ибуфен,парацетамол,имупрет қабылдаған.Бүгін қайта дене температурасы 39,7 С жоғарылаған.Бала кенеттен есін жоғалтқан,бүткіл денесінде тырысулар байқалған және өздігінен баслған.Анасы СМК шақырған.Дәрігер келген соң науқасқа ЖРВИ деген диагноз қойды.Науқасқа толық сипаттама беру үшін диагнозға шығару НЕҒҰРЛЫМ керегі:

Наши рекомендации