Тәжірибелік дағды– ең жоғарғы балл – 100 балл- 100 % сәйкес келеді

Дәстүрлі баға Критерий Балл
«5» Студент тақырып материалдарын терең білетін, патогенездік сызбанұсқаны қатесіз құрастырған, терең ойлаған, жануарлармен жұмыс жасайтын, тәжірибені жүргізетін, зерттеу хаттамасын дұрыс толтырған, ситуациялық есептерді дұрыс қорытындылаған, барлық сұрақтарға жауап берген, сынамалық тапсырмаларды 90-100% жауап берген. 90-100 б
«4» Студент тақырып материалдарын білетін, бірақ патогенездік сызбанұсқа құрастырғанда және жауаптарында аздаған қателіктер жіберген, тәжірибені жүргізетін, бірақ хаттаманы рәсімдегенде және тұжырымдағанда, ситуациялық есептерді қорытындылағанда қателіктер жіберген, ауызша сұрағанда мәнсіз қателіктер жіберген, сынамалық тапсырмаларды 75-89% жауап берген. 75-89 б
«3» Студент тақырып материалдарын алдағы оқуларға жеткілікті білетін, сызбанұсқа құрастырғанда және жауаптарында аздаған қателіктер жіберген, тәжірибені жүргізетін, бірақ хаттаманы рәсімдегенде және тұжырымдағанда, ситуациялық есептерді қорытындылағанда айқын қателіктер жіберген, сынамалық тапсырмаларды 50-74% жауап берген. 50-74б
«2» Сабаққа қатысқан, бірақ материалды білмеген, патогенездік сызбанұсқаны құрастыра алмаған, тәжірибені жасамай, тек қарап тұратын, хаттама толтармаған, ситуациялық есеп пен тәжірибені қорытындылай алмаған, сынамалық тапсырмаларға 50%-дан аз жауап берген 50 ден аз
  Сабаққа қатыспағанда 0 б

Білімі

  Сынамалау  
«5» Жауаптың 90-100% дұрыс 90-100 б.
«4» Жауаптың 75-89% дұрыс 75-89 б.
«3» Жауаптың 50-74% дұрыс 50-74 б.
«2» Дұрыс жауап 50% -дан аз 50балдан аз
  СӨЖ орындамағанда 0 б
  Ситуациялық есептерді шығару  
Үздік Берілген есепке студент терең сараптама жасады, барлық сұрақтарға жауап берді, дұрыс тұжырым жасады. 90 – 100
Жақсы Берілген есепке студент сараптама жасады, сұрақтарға жауап бергенде айқын қателіктер жіберді, дұрыс тұжырым жасады. 75 – 89
Қанағат Берілген есепке студент дұрыс сараптама жасамады, сұрақтарға 50% жауап берді, тұжырымды толық жасамады. 50 - 74
Қанағаттанғысыз Берілген есепке студент сараптама жасамады, сұрақтарға жауап бермеді, тұжырымды қате жасады. 50 төмен

ü Коммуникативті дағдылар

Бағалау парағы

Жалпы медицина факультеті, 3 курс

Студенттің аты, тегі_________________________ топтың №_______

Дағды Балл Макс. балл
1. Дәрігерге сенімділікті арттыратын сөздерді қолдану  
2. Науқас көңіл-күйінің бұзылуына алып келген себепті іздеу  
3. Эмоцияны талдау  
4. Өзіндік ұстанымды дәлелдеу  
5. Науқастың эмоцияоналдық жағдайын түсіну үшін өзінің эмпатиялық мүмкіндігін қолдану.  
6. Науқастың туыстарында мотивацияны қалыптастыру және оларды диагностикалық үрдіске қатыстыру.  
7. Сенімділік.  
8. Сендіру әдістерін қалыптастыру.  
9. Өзін тиімді таныстыру.  
10. Әңгімелесу барысындағы келісімділік.  
11. Коммуникация үрдісінде интонацияны сақтау.  
12. Топтық дискуссия және дебаттар өткізу.  
13. Сөздерге комментарий жасау және толықтыру.  
  Қорытынды :  
Үздік   90 – 100
Жақсы   75 – 89
Қанағат   50 - 74
Қанағаттанғысыз   50 төмен

Құқықтық білімі

Бағалау парағы

Жалпы медицина факультеті, 3 курс

Студенттің аты, тегі_________________________ топтың №_______

№ п\п Дағдылар Балл Максималды балл
1. ҚР Конституциясы «Адам және Азамат» бөлімі №12, №14, №15, №16, №17, №18, №19, №20, №24, №29, №31, №34 баптары бойынша. Тестілеу.  
2. ҚР «Азаматтық кодексі» - денсаулық сақтау саласындағы азаматтардың құқығы мен міндеттері. Дебат.  
3. ҚР «Азаматтық кодексі» - медицина қызметкерлерінің құқықтың мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы. Дискуссия.  
4. «Радиациалық қауіпсіздік туралы» 23.04.1998 жыл № 219 I заңы - радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидалары бойынша.  
5. «Радиациялық қауіпсіздік туралы» ҚР заңы 10 бабы бойынша. Дебат.  
6. Диагностикалық зерттеу кезінде науқастарды иондаушы сәулелерден қорғау құралдарын қолдану.    
7. Зерттеу барысында науқастың алуы күтілетін және алғансәулелік дозасы боыйнша мәлімет беру.  
8. Зерттеу барысында науқастың қабылдаған сәуле дозасын бақылау және есептеу.  
9. «Радиациалық қауіпсіздік туралы» заңы № 21, 22 және 23 баптарын білу.  

Оқытушының аты, тегі және қолы _________________________________________

ü Өзін –өзі жетілдіру

СӨЖ

Дәстүрлі баға Критерий Балл
  Көрсетілім  
«5» Тақырыпты толығынан ашқан, материал ойлы түрде құрастырылған, патогенездің сызбанұсқалары дұрыс берілген, көрсетілімдік материалдар дұрыс таңдалған, материал түсінікті тілмен оңай жеткізілген. 90-100 б
«4» Тақырып толығынан ашылмаған, патогенездің сызбанұсқаларын құрастырғанда қателіктер жіберілген, көрсетілімдік материалдар негізінен сөзбен берілген, студент көрсетілімді оқып береді. 75-89 б
«3» Тақырып толығынан ашылмаған, патогенездің сызбанұсқаларын құрастырғанда қателіктер жіберілген, көрсетілімдік материалдар негізінен сөзбен берілген, студент көрсетілімді оқып береді және көптеген қателіктер жіберген 50-74 б
  Реферат  
«5» Тақырыпты толығынан ашқан, материал ойлы түрде құрастырылған, патогенездің сызбанұсқалары дұрыс берілген, заманауи әдебиеттер қолданылған. 90-100 б
«4» Тақырып толығынан ашылмаған, патогенездің сызбанұсқаларын құрастырғанда қателіктер жіберілген, әдебиет ретінде тек оқулық қолданылған. 75-89 б
«3» Тақырып толығынан ашылмаған, патогенездің сызбанұсқаларын құрастырғанда қателіктер жіберілген, әдебиеттер тізімі берілмеген. 50-74 б
  Эссе (Чек-лист)  
Үздік Тақырыпты толығынан ашқан, негізгі ой анықталған -30б 90 – 100
Жақсы материал ойлы түрде құрастырылған -30б 75 – 89
Қанағат хаттаманы дұрыс рәсімдеген -30б 50 - 74
  заманауи әдебиеттер қолданылған.-10б  
  Сөзжұмбақ  
«5» Тақырыпты толығынан ашқан, сұрақтар саны 20-дан көп, сұрақтар жақсы қонымды түрде қойылған, заманауи әдебиеттер қолданылған. 90-100 б
«4» Тақырыпты толығынан ашпаған, сұрақтар саны 20, сұрақтар жақсы құрастырылған, бірақ аздаған қателіктері бар, заманауи әдебиеттер қолданылған. 75-89 б
«3» Тақырыпты толығынан ашпаған, сұрақтар саны 20-дан аз, сұрақтарды құрастырғанда қателіктер жіберілген, әдебиеттер тізімі жоқ. 50-74 б

} Қорытындыны шығарғанда пән бойынша 5 негізгі компетенция бағалары қосылып, орындалған тапсырмалар санына бөлінеді.

} R1-5- 5 компетенция бойынша орындалған тапсырма бағаларының қосындысы.

Наши рекомендации