Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсерін гигиеналық жағынан бағалаңыз

Атмосфералық ауаның температурасы негізінен күн сәулесінің әсерінен қызған жер бетінен берілетін жылуымен және аз дәрежеде атмосфераның өзінің тікелей жылуымен қамтамасыз етіледі.

Ауа температурасының тәуліктік және жылдық ауытқуларына әр түрлі факторлар әсер етеді: географиялық ендік және осыған байланысты күн радиациясының қарқындылығы, жердің теңіз деңгейінен тұрған биіктігі, жергілікті жердің бедері мен сипаты, теңіздердің, теңіз және мұхит ағындарының жақындығы, жер беті жабындылырының сипаты және т.б. Географиялық ендік неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым күн сәулелері жердің бетіне үлкен еңкею бұрышымен түседі, осыған байланысты жерді аз қыздырады.

Өсімдікпен жабылған топырақ, тасты, құмды немесе асфальтпен жабылған топыраққа қарағанда, жылуды аз береді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын, ауаның температурасы төмендейді. Биіктіктің белгілі бір мөлшерге дейін өсуі кезіндегі ауа температурасының өзгеру шамасы атмосфераның температуралық градиенті деп аталады. Желсіз, суық ауа райы кезінде температуралық градиенттің бұрмалануы - инверсия байқалуы мүмкін. Инверсия кезінде, жер бетінде жылы ауаның орнына, керісінше, ауаның суығырақ қабаттары жиналады. Ауырлау болғандықтан, олар өздеріне ластаушыларды жинап, олардың сейілуіне кедергі жасайды.

Ауа температурасының әсеріне адам ашық жерлерде де, жабық бөлмелерде де үнемі ұшырап отырады. Климаттық ауданға, ауа райы жағдайларына, өндірістік жұмысының сипатына, бөлмелердегі температуралық режиміне және т.б. байланысты адам ағзасына тек қолайлы ғана емес, сонымен бірге, қолайсыз, өте жоғары немесе өте төмен температуралар әсер етуі мүмкін. Температураның кең аралықтағы өзгеруінде ағзаның жылу тепе-теңдігінің сақталуы химиялық және физикалық жылу ретттеу үрдісімен қамтамасыз етіледі. Химиялық реттелу арқылы зат алмасу үрдістері қарқындылығының өзгеруі есебінен ағзада жылу өндірілуі өзгереді. Мысалы, ауаның температурасы жоғары болғанда, зат алмасу үрдістерінің қарқындылығы төмендейді, бұл жылу өндірілуінің азайуына әкеп соғады, ал төмен температура кезінде, керісінше, жылу өндірілуі жоғарылайды. Физикалық жолмен жылу реттелуі қоршаған ортаға жылу берілуінің өзгеруімен іске асырылады. Жылу берілуінің негізгі жолдары сәулелену (инфрақызыл), конвекция, өткізу (кондукция) және булану болып табылады. Жылу инфрақызыл сәулелену түрінде кез келген қызған нысаннан, сонын ішінде, адамнан да шығады Оның қарқындылығы ауа температурасына емес, қызу дәрежесіне байланысты болады. Адам ағзасы мен қоршаған орта нысандарының арасында сәулелік жылудың үздіксіз алмасуы жүріп отырады. Сәулелік жылудың түсуі мен оның берілуі арасында радиациялық балансы нөлдік, теріс және оң болуы мүмкін. Нөлдік баланс кезінде, адам денесі жылуды қаншалықты алса, соншалықты сәулелендіріп отырады. Егер, адам терісінің температурасы қоршаған заттардың орташа температурасынан жоғары болса, онда адам сәулелік жылуды, алғанына қарағанда, көбірек береді, ал радиациялық баланс теріс болады.

Ылғалдылықтың гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ылғалдылық түрлерін,өлшеу бірлігін түсіндіріңіз

Ауаның ылғалдылығы - ауадағы су буының мөлшері; ауа райы мен климаттың ең маңызды сипаттамаларының бірі.

Ауаның ылғалдылығы бірнеше өлшеммен сипатталады:

Абсолют ылғалдылығы,салыстырмалы ылғалдылығы,ылғалдылықтың жеткіліксіздігі,су буының серпінділігі (миллибар немесе сынап бағанасындағы мм-мен өлшенетін су буының қысымы),шық нүктесі,меншікті ылғалдылық,қоспалар қатынасы (су буы массасының сондай көлемдегі құрғақ бу массасына қатынасы) сияқты шамалармен сипатталады.

Ауаның ылғалдылығы атмосферадағы су буы, топырақтағы, өсімдіктегі және жалпы судың булауынан пайда болады. Ауаның жер бетіне таяу қабаттарында ылғалдылық мөлшері әр түрлі. Жер бетінен қашықтаған сайын ылғмл кеми береді, стратосферада мүлдем жоққа жақын. Жоғары ендіктердің суық ауасы мен шөлді аудандардың құрғақ ауасында ол бүкіл массасының 0,2%-ына тең, экватор бойында 2,6%, ыстық және ылғалды тропиктік ормандар тұсында 4%.

Ауаның ылғалдылығының жер бетіндегі органикалық тіршілік үшін маңызы өте зор, себебі ол ағзалардың өздерін қоршаған ортамен жылу алмасуын реттеп отырады

Салыстырмалы ылғалдылық — белгілі бір температурада ауадағы су буларының нақты мөлшерінің (серпімділігінің) осы температурада болуы мүмкін су буы мөлшеріне (қаныққан будың серпімділігіне) пайыз есебімен алынған қатынасы.[1] Салыстырмалы ылғалдылық ауаның су буларымен қанығу мөлшерін көрсетеді. Ауа су буларымен қаныққанда cалыстырмалы ылғалдылық 100% құрайды.

Ауа температурасы адамның қоршаған ортамен жылу алмасу үрдістеріне едәуір әсер етеді, бірақ, оны ылғалдылықтың, ауа қозғалысының және қызған беттердің жылу сәулелендіріуінің әсерлерінен жекелеп қарастыруға болмайды. Ауаның ылғалдылығы суаттардың, топырақтың, өсімдіктердің беттерінен судың булануымен қамтамасыз етіледі және ол ауаның температурасы мен қозғалу жылдамдығының өзгеруіне байланысты. Ауа ылғалдылығының жиі қолданылатын көрсеткіштерінің бірі салыстырмалы ылғалдылық болып табылады, бұл ауаның су буларымен қанығу пайызы. Ауаның жоғары ылғалдылығы (80% және одан жоғары) жоғары да, төмен де температура кезінде қолайсыз әсер етеді. Жоғары температура кезінде ол осы жағдайдағы жалғыз жылу беру жолына – булануға - кедергі жасап, ағзаның қызынуына әкеледі. Төмен температура кезінде, ауаның жоғары ылғалдылығы, судың жоғары жылу сыйымдылығының салдарынан ағзадан жылу берілуінің жоғарылауына және тез ағзаның салқындауына әкеп соғады. Сондықтан төмен және орташа (30-70%) салыстырмалы ылғалдылық ағзаға жоғары және төмен температуралардың әсерін жеңілдетеді.

Салыстырмалы ылғалдылығы 20% аспайтын, құрғақ ауа да адам ағзасына қолайсыз әсер етеді. Бұндай ауа мұрын-жұтқыншақтың кілегейлі қабығын құрғатады, жоғарғы тыныс жолдарының қабыну ауруларының дамуына әкеледі және бронх демікпесімен, жүрек қан-тамыр ауруларымен ауыратын науқастардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Бірақ, құрғақ ауа кейбір ауруларда, мысалы, бүйрек аурулары кезінде, курорттық ем түрінде қолданылады. Тері арқылы булануды күшейтіп, ол зәрдің бөлінуін төмендетеді және қабыну үрдісінің азайуына мүмкіндік береді.

Адам ағзасындағы жылу алмасу үрдістеріне ауа массаларының қозғалуы да үлкен әсер етеді. Оның әсер ету сипаты ауаның қозғалу жылдамдығына, температурасына және ылғалдылығына байланысты. Ауаның температурасы төмен болғанда, ауа қозғалысы конвекция жолы арқылы жылу беруді күшейтеді, себебі ол суық ауаның жаңа ағындарын үнемі теріге жанастырып отырады. Бұл кезде орташа (6-7 м/сек) желдің өзі де дененің салқындануына, ал өте күшті жел (9 м/сек асатын) үсуге әкелуі мүмкін. Сондықтан қыс кезінде желсіз ауа райы қолайлы болып табылады. Ауаның температурасы жоғары және ылғалдылығы төмен кезінде, әлсіз (1-5 м/сек) соққан жел, тердің бөлінуін жылдамдатып, жылу берілуін күшейтеді. Егер де, температурасы жоғары кезде, ауа су буларымен қаныққан болса, онда ауаның әлсіз қозғалысының, буланудың қиындауы салдарынан, салқындататын әсері болмайды. Жел жоқ кезде, ауаның жоғары температурасы, әсіресе, ол жоғары ылғалдылықпен бірге әсер еткен кезде, ыстық өтуіне әкеп соғуы мүмкін. Температурасы дене температурасынан асатын, күшті ыстық жел ауаның кез-келген ылғалдылығы кезінде қыздыратын әсер береді. Бұл әсері, булану арқылы жылу берілуінің күшейуінен салқындататын эффектісі қызған ауаның қарқынды ағындарымен жойылуына байланысты. Ауаның қозғалысы адамның жылылық жағдайына ғана әсер етіп қоймайды. Үзіліссіз, күшті соққан жел, тыныс алуды қиындатып, оның қалыпты ырғағын бұзады, жүрек қан тамырларының аурулары мен тыныс алу жолдарының аурулары бар науқастардың жағдайын нашарлатады. Адам ағзасының жүйкелік-психикалық сферасына да желдің әсері едәуір болуы мүмкін. Орташа, термиялық бейтарап жел, сергітетін әсер етеді, ал өте күшті соққан жел депрессиялық жағдайлардың дамуына әкелуі мүмкін.

Наши рекомендации