Истериялық ұстама синдромы
-жүріс-тұрыс театральдігі, жасандылық
-эгоцентризм
-өзіне деген аяушылық сезімін шақыру
-қатал жағдайларға көнбеушілік
-социальды дезадаптация
-басқа адамдармен жеңіл танысады, көпшіл
Емі:
Седативті препарат.
Эффект плацебо.
Психотерапия.
Нейролептик –Аминазин, жұмсақ-Неулептил.
29. 23 жастағы бозбала. 16 жасынан бастап себепсіз үрей пайда болып, есінен адасудан, ем-дауасы жоқ аурумен ауырып қалудан қорқыныш пайда болған, көңіл-күйі төмендеген, өзінің толымсыздығы жөнінде ойлар пайда болған. Айналадағылар оны мазақтап ол жөнінде талқылайтындай болып көріне бастады. Бұл жағдайға өзінің сыртқы бейнесіндегі ақауды себеп деп тапты. Айна алдында тұрып «өзінің ұсқынсыз бетін, жалпақ мұрын, қысық көздерін» көреді. Өз күйзелістерімен ешкіммен бөліспейді, достарымен қарым-қатынасты тоқтатты. Тұйықталған, жабырқаулы, ата-анасына эмоциональді суық, дұшпаншыл көзқараста.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Дисморфомания( Дисморфофобия) синдромы.Ойлаудың бұзылысы.
-физикалық жеткіліксіздік, ұсқынсыздық жайлы уайымдаулар
-көңіл-күйдің жабырқаулы төмендеуі
-өз күйзелістерін жасыру
-жалған ақауды түзетуге белсенді әрекет
-симптом Зеркала
-гипотимия
Емі:
Нейролептик
Антидепрессант (Амитриптилин,Нортриптилин)
30. 37 жастағы ер адамда конфликтті ситуация нәтижесінде қарқынды қозу және вазовегетативті көріністермен, сананың алдымен күрт тарылып, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған іс-әрекет мақсаттылығының жоғалуымен, эмоциональді реакция дамыды. Аталған реакция қозу кезеңінің толық естен шығуымен, терең ұйқымен аяқталды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Патологиялық аффект (Эмоция бұзылысына жатады).
-Кенет басталып, кенеттен аяқталады.
-Толық амнезия
-Жағдайға жауап ретінде дамиды.
Емі:
Нейролептик –Аминазин ( антипсихотикалық эффект)
31. 35 жастағы әйел, сатушы. Бала кезінен күдікшілдігімен, ұяңдығымен ерекшеленген. Тапсырмаларға өте ұқыпты қараған. Ерлермен қарым-қатынастан, әсіресе өзі танымайтын ер адамдардан үнемі алшақ жүруге тырысқан. Жұмысында таныс емес ер адам қолынан ұстап алғаннан кейін «оның тазалығы жөнінде» күдік пайда болды. Таныс емес ер адамдармен таңдаусыз контакттардың салдары жөнінде көп оқығандықтан бұл күдігі мерез ауруын жұқтыру қорқынышына ұласты. Өз күйзелістерінің негізсіздігін түсінеді, дегенмен олардан құтылуға күш-жігері жетпейді.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Обсессивті-фобиялық синдром. Жабысқақ невроз кездеседі.
-ауруға деген сындық көзқарас
-құтылуға талпыныстары
-күдікшіл,сенімсіз
-жабысқақ ойлар
Емі:
Психотерапия.
Нейролептик –Тизерцин, Терален.
32. 30 жастағы ер адам, бас-ми жарақатына байланысты емделіп жатыр. Госпитализацияның үшінші күнінде психикалық жағдайы өзгерді. Үрейлі, мазасыз, ұйқысы бұзылған. Қоршаған ортаны қате қабылдайды, персоналдарға, емдік процедураларға күдікпен қарайды. Артынан уақыт бойынша, қоршаған ортада болып жатқан оқиғаларды бағдарлауы бұзылды. Үйімде жатырмын деп есептейді, қозған, мазасыз, тоқтамастан бір нәрсені іздейді, ауадан қармайды, өзінен дәкені алып тастауға тырысады, дәке астында ақша бар дейді. Бөлімшеден қашуға тырысады. Жолдастарының дауыстарын естиді.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Делириозды синдром. Бас ми жарақатынан кейін дамыған.
-Делирий сананың жедел күңгірттенуі.
-Уақыт, орын, кеңістік бойынша бағдар бұзылған.
-Кешкі уақытта күшейеді.
-Сахна тәрізді галлюцинациялар.
I саты. Гиперестезия, көңіл-күй өзгерісі (қорқыныш,үрей)
II саты. Көрген түс пен шындық өмірді ажырата алмау.
III саты. Шындық өмір толық галлюцинация, сандырақпен алмасады. 3 сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды (төсектік қозу). Проф.делирий.
Емі:Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)
Антипсихотикалық ( Транквилизатор-Седуксен)
33. 23 жастағы студенттің жүріс-тұрысында оғаштық байқала бастады. Баяу қимылдайтын болған, сөзін созып сөйлейді. Күн сайын бірнеше рет бірнеше секундқа мелшиіп қалады, осындай жағдайда ешнәрсені естімейді, сұрақтарға жауап бермейді. Науқастың өзі бұл бұзылыстарды байқамайды және есінде қалмайды.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Эпилепсияның кіші ұстамасы (абсанс)
Эпилепсия-пароксизмалды бұзылыстармен,психикалық үрдістің торпидтілігіне және типті мнестико-интелектуальды ақыл кемдігінің дамуына тенденция мен тұлғаның өзіне тән көріністерімен көрінетін созылмалы үдемелі психикалық ауру.МКБ 10 G4
Кіші ұстама-кенеттен қысқа уақытқа сана өшуі, тырысусыз ұстама,науқас құламайды, бірнеше секудқа созылады.Толығымен амнезияланады.
Емі:
-ЭЭГ
-Антиконвульсанттар
-Транквилизаторлар
34.30 жастағы ер адам, белгісіз бір халықаралық ұйым оны әртүрлі әртүрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлейтінін, өз ойларын оның басына салатынын, үнемі оны аңдып, басқаратынын сеніммен айтады. Сонымен қатар тек өзіне арналған дауыстарды басының ішінен еститінін айтады.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Психикалық автоматизм синдромы. Ойлау бұзылысы, Параноидты синдром. Кандинский-Клерамбо псих.автоматизм синдромы.
-Әсер ету сандырағы
-Психикалық автоматизм , соның ішінде идеаторлы автоматизм. Ойын басқа біреулер басқарады, басына бөтен ой салады, ойын оқып, тартып алады, мәжбүрлейді. Сенсорлы. Моторлы
Емі:
Нейролептик –Трифтазин
35. 18 жасар бозбала өз бетінің «ұсқынсыздығына» шағымданады. Мұрнының, құлақтарының «ақауын» түзету үшін өзіне косметикалық операция жасауды талап етеді. Көндіруге келмейді. Көмек көрсетілмесе өзіне қол жұмсаймын деп туысқандарын қорқытады.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы
Дисморфомания( Дисморфофобия) синдромы.Ойлаудың бұзылысы.
-физикалық жеткіліксіздік, ұсқынсыздық жайлы уайымдаулар
-көңіл-күйдің жабырқаулы төмендеуі
-өз күйзелістерін жасыру
-жалған ақауды түзетуге белсенді әрекет
-симптом Зеркала
-гипотимия
Емі:
Нейролептик
Антидепрессант (Амитриптилин,Нортриптилин)
36. 75 жастағы әйел, ми қантамырларының атеросклерозымен зардап шегеді, жалпы дәрменсіздікке, бвс ауруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Көңіл-күйі жабырқаулы, тежелген, өзін күнәһармын, өмір сүруге хақым жоқ деп есептейді. Ойы түзетуге келмейді. Астениялық, ипохондриялық жағдайда, суицидальді әрекет байқалған.
1. Негізгі синдром
2. Дәрігердің тактикасы