Кесте 24. FDA ұсынған қауіп категориясы бойынша ДЗ жіктелуі

Қауіп категориясы Анықтамасы
А Жүргізілген бақылаулы зерттеулерде жүктіліктің барлық триместрлерінде ұрыққа қауіптілігі анықталмаған. Ұрыққа зақымдаушы әсері өте төмен
В Жануарларға жүргізілген зерттеулерде ұрыққа қауіптілік дәрежесі дәлелденбеген, ал жүктілерге бақылаулы зерттеулер жүргізілмеген немесе жануарларға зерттеу жүргізген кезде анықталған жағымсыз әсерлер жүктілерге жүргізген бақылаулы зерттеулерде байқалмаған (барлық триместрлерінде ұрыққа қауіптілігі анықталмаған)
С Жануарларға жүргізілген зерттеулерде ұрыққа қауіптілік дәрежесі дәлелденбеген, ал жүктілерге адекватты, бақылаулы зерттеулер жүргізілмеген, бірақ жүкті әйелдің өміріне қауіп төнген жағдайда қолдануға болады
D Ұрыққа қауіптілігі дәлелденген, бірақ жүкті әйелдің өміріне қауіп төнген жағдайда қолдануға болады (қауіпсіз препараттар көмектеспеген жағдайда, жүкті әйелде өміріне қауіп төндіретін аурулар болған жағдайда)
Х Жануарларға да, адамдарға да жүргізілген зерттеулерде қауіптілігі анықталған, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге қолдануға тиым салынады

Жануарларға да, адамдарға да жүргізілген зерттеулерде қауіптілігі анықталған, жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге қолдануға болмайтын ДЗ тізімі келесі кестеде көрсетілген (кесте 25).

Кесте 25. Жүктілік кезінде мүлдем қолдануға болмайтын ДЗ (FDA бойынша Х-категориясы)

ДЗ ДЗ қолдану салдарынан туындаған жағдайлар
Андрогендер Вирилизация, аяқ-қолдың қысқаруы, трахея мен өңештің аномалиясы, жүрек ақаулары
Диэтилстильбестрол Қынаптың аденокарциномасы, жатыр мойнының ақаулары, аталық бездің гипотрофиясы
Стрептомицин Саңыраулық
Дисульфирам Аяқ-қолдың ақаулары
Эрготамин Жүктіліктің кенеттен үзілуі, ОЖЖ қозуы
Эстрогендер Жүрек ақаулары, еркек жынысты ұрықтың феминизациясы, тамырлардың аномалиясы
Галотан Жүктіліктің кенеттен үзілуі
Йод Кретинизм, гипотиреоз
Метилтестостерон Әйел жынысты ұрықтың маскулинизациясы
Прогестиндер Әйел жынысты ұрықтың маскулинизациясы, клитордың ұлғаюы
Хинин Психикалық дамудың баяулауы, глаукома, зәр-жыныс мүшелерінің ақаулары, ұрықтың шетінеуі
Талидомид Аяқ-қолдың ақаулары, жүрек, бүйрек, АІТ ақаулары
Триметадион Жүрек, көз ақаулары, психикалық дамудың баяулауы

Жүкті әйелдерге ДЗ тағайындаудың негізгі қағидалары:

· ДЗ жүкті әйелге тағайындар алдында, мүмкін болатын қауіп пен пайданы таразыға салу;

· мүмкіндігінше жүктіліктің І-ші триместрінде ДЗ қолданбау;

· бірнеше ДЗ қосарлап қолданбау;

· ДЗ қолдану керек болған жағдайда минимальды эффективті мөлшерді тағайындау;

· мүмкін болса, жергілікті дәрілік формаларды қолдану;

· ДЗ қолдану барысында болашақ анамен ұрықтың жағдайын бақылауға алу.

Тест сұрақтары

1. Клиникалық фармакологияның негізгі міндеттері

А. жаңа фармакологиялық заттарды клиникалық зерттеу

В. ескі препараттарды клиникалық зерттеу және қайта бағалау

С. дәрілік заттарды тиімді және қауіпсіз қолдану әдістерін құрастыру

D. ақпараттық қызметті ұйымдастыру және әр түрлі мамандарға фармакотерапия жөнінде кеңес беру

Е. барлық жауаптар дұрыс

2. Тәжірибеде клиникалық фармаколог келесі сұрақтарды шешеді

А. белгілі бір науқасты емдеу үшін дәрілік заттарды таңдайды

В. белгілі бір науқастың физиологиялық жағдайы, қосалқы аурулары, жасы мен жыныс ерекшеліктеріне сай дәрілік заттың түрі мен мөлшерлеу тәртібін анықтайды

С. дәрілік затты енгізу жолын таңдайды

D. дәрілік заттардың жанама әсерлері мен басқа дәрілік заттармен өзара әсерлесу салдарынан болатын жағымсыз реакцияларды алдын-алу және дамыған жағдайда оларды жою

Е. барлық жауаптар дұрыс

3. "Фармакодинамика" түсінігіне не кіреді

А. дәрілік заттардың сіңірілуі

В. әсер ету механизмі

С. дәрілік заттардың ағзада түрленуі

D. дәрілік заттардың ағзадан шығарылуы

Е. дәрілік заттардың ағзада таралуы

4. Дәрілік заттардың рецепторлар деңгейінде өзара әсерлесуі қандай әсерлесуге жатады

А. фармацевтикалық өзара әсерлесу

В. элиминация деңгейінде фармакокинетикалық өзара әсерлесу

С. фармакодинамикалық өзара әсерлесу

D. ағза және жүйке деңгейінде физиологиялық өзара әсерлесу

Е. дұрыс жауап жоқ

5. Дәрілік заттардың сіңірілу, тасымалдану, биотрансформация және ағзадан шығарылу кезінде өзара әсерлесуі қандай әсерлесу түріне жатады

А. фармакокинетикалық

В. фармакодинамикалық

С. фармацевтикалық

D. физиологиялық

Е. физико-химиялық

6. Аддитивті әсер - бұл екі дәрілік затты қосарлап қолданғанда

А. олардың әрқайсысының қарапайым әсер суммасынан қарқынды әсер беруі

В. олардың суммасынан аз, бірақ әр-қайсысының эффектісінен көп әсер беруі

С. олардың әр-қайсысының әсерінің қарапайым суммасына тең әсер беруі

D. тек біреуінің фармакологиялық әсерінің күшеюі

Е. бір немесе бірнеше препараттардың фармакологиялық әсерін әлсіретуі немесе тежеуі

7. Потенцирлеу - бұл екі дәрілік затты қосарлап қолданғанда

А. олардың әрқайсысының қарапайым әсер суммасынан қарқынды әсер беруі

В. олардың суммасынан аз, бірақ әр-қайсысының эффектісінен көп әсер беруі

С. олардың әр-қайсысының әсерінің қарапайым суммасына тең әсер беруі

D. тек біреуінің фармакологиялық әсерінің күшеюі

Е. бір немесе бірнеше препараттардың фармакологиялық әсерін әлсіретуі немесе тежеуі

8. Суммация - бұл екі дәрілік затты қосарлап қолданғанда

А. олардың әрқайсысының қарапайым әсер суммасынан қарқынды әсер беруі

В. олардың суммасынан аз, бірақ әр-қайсысының эффектісінен көп әсер беруі

С. олардың әр-қайсысының әсерінің қарапайым суммасына тең әсер беруі

D. тек біреуінің фармакологиялық әсерінің күшеюі

Е. бір немесе бірнеше препараттардың фармакологиялық әсерін әлсіретуі немесе тежеуі

9. Сенситизация - бұл екі дәрілік затты қосарлап қолданғанда

А. олардың әрқайсысының қарапайым әсер суммасынан қарқынды әсер беруі

В. олардың суммасынан аз, бірақ әр-қайсысының эффектісінен көп әсер беруі

С. олардың әр-қайсысының әсерінің қарапайым суммасына тең әсер беруі

D. тек біреуінің фармакологиялық әсерінің күшеюі

Е. бір немесе бірнеше препараттардың фармакологиялық әсерін әлсіретуі немесе тежеуі

10. Антагонизм- бұл екі дәрілік затты қосарлап қолданғанда

А. олардың әрқайсысының қарапайым әсер суммасынан қарқынды әсер беруі

В. олардың суммасынан аз, бірақ әр-қайсысының эффектісінен көп әсер беруі

С. олардың әр-қайсысының әсерінің қарапайым суммасына тең әсер беруі

D.тек біреуінің фармакологиялық әсерінің күшеюуі

Е. бір немесе бірнеше препараттардың фармакологиялық әсерін әлсіретуі немесе тежеуі

11. Синергизм – бұл неге әкелетін препараттардың өзара әсерлесуі

А. әсердің күшеюіне

В. әсердің әлсіреуіне

С. әсердің бұрмалануына

D. барлық жауаптар дұрыс

Е. дұрыс жауап жоқ

12. Негізінде бір жартылай шығарылу кезеңінде ағзадан шығарылады

А. препараттың 25%

В. препараттың 50%

С. препараттың 75%

D. препараттың 90%

Е. препараттың 100%

13. Генетикалық негізделген энзимопатиялармен байланысты дәрілік заттардың ерекше реакцияларын қалай атайды

А.сенсибилизация

В.тахифилаксия

С.идиосинкразия

D.абстиненция

Е.әдеттену

14. Жанама әсердің А типіне сипаттама беріңіз

А. жиі және кез келген тұлғада кедесетін дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігімен байланысты болжанбалы реакциялар

В. сирек және сезімтал адамдарда ғана кездесетін болжанбайтын реакциялар

С. ұзақ терапиямен байланысты реакциялар (дәріге тәуелділік) мұндай реакция түрлеріне дәріге тәуелділік (токскомания, наркомания) жатады

D. дәрілік заттардың канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсерлері

Е. препараттағы әр түрлі фармацевтикалық қоспаларға байланысты реакциялар

15. Жанама әсердің В типіне сипаттама беріңіз

16. Жанама әсердің С типіне сипаттама беріңіз

А. жиі және кез келген тұлғада кедесетін дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігімен байланысты болжанбалы реакциялар;

В. сирек және сезімтал адамдарда ғана кездесетін болжанбайтын реакциялар;

С. ұзақ терапиямен байланысты реакциялар (дәріге тәуелділік) мұндай реакция түрлеріне дәріге тәуелділік (токскомания, наркомания) жатады;

D. дәрілік заттардың канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсерлері;

Е. препараттағы әр түрлі фармацевтикалық қоспаларға байланысты реакциялар

17. Жанама әсердің Д типіне сипаттама беріңіз

А. жиі және кез келген тұлғада кедесетін дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігімен байланысты болжанбалы реакциялар

В. сирек және сезімтал адамдарда ғана кездесетін болжанбайтын реакциялар

С. ұзақ терапиямен байланысты реакциялар (дәріге тәуелділік) мұндай реакция түрлеріне дәріге тәуелділік (токскомания, наркомания) жатады

D. дәрілік заттардың канцерогенді, мутагенді, тератогенді әсерлері

Е. препараттағы әр түрлі фармацевтикалық қоспаларға байланысты реакциялар

18. Дәрілік заттарды қосарлап қолданғанда қандай құбылыстар байқалады

А. әсерлердің суммациясы

В. тахифилаксия

С. идиосинкразия

D. әдеттену

Е. дұрыс жауап жоқ

19. Шығу тегі аллергиялық емес жанама әсерлерге тән

А. дәрілік затты терапевтік мөлшерде қолданғанда дамиды

В. дәрілік заттың фармакологиялық әсер спектріне жатпайды

С. олардың қарқындылығы мөлшерге тәуелді емес

D. дәрілік заттарды токсикалық мөлшерде қолданғанда дамиды

Е. олардың қарқындылығы мөлшерді жоғарлатқан сайын азайады

20. Шығу тегі аллергиялық дәрілік заттардың жанама әсерлеріне тән

А. дәрілік затты кез келген мөлшерде қолданғанда дамиды

В. дәрілік затты тек терапевтік мөлшерде қолданғанда дамиды

С. дәрілік заттың фармакологиялық әсер спектріне жатады

D. дәрілік затты бірінші рет енгізгенде дамиды

Е. барлық жауап дұрыс

21. Туа біткен кемістіктерге әкелетін жүктілік кезіндегі қолданған дәрілік заттардың әсері қалай аталады

А. мутагенді әсер

В. фетотоксикалық әсер

С. тератогенді әсер

D. эмбриотоксикалық әсер

Е. барлық жауап дұрыс

22. Дәрілік заттардың мүмкін болатын тератогендік әсері дамиды

А. жүктіліктің бірінші триместірінде

В. 4 және 6 айлар арасында

С. жүктіліктің соңғы кезеңдерінде

D. жүктіліктің барлық кезеңдерінде

Е. барлық жауап дұрыс

23. Бауыр ферменттерінің индукторлары болып табылатын дәрілік заттарды ата

А. барбитураттар, дифенин, диазепам

В. аминогликозидтер

С. пенициллиндер

D. жүрек гликозидтері

Е. циметидин

24. Дәрілік затты қайта енгізгенде қандай құбылыстар байқалады

А. потенцирлеу

В. дәріге тәуелділік

С. антагонизм

D. синергизм

Е. барлық жауап дұрыс

25. Дәрілік затты қайталап енгізгенде ағзада жинақталуы қалай аталады

А. функционалды кумуляция

В. материалды кумуляция

С. аддитивті эффект

D. биотрансформация

Е. биожетімділк

26. Дәрілік затты қайталап енгізгендегі тәуелділікке не тән

А. дәрілік затты қайталап қабылдауға талпыныс

В. дәрілік заттың белсенділігінің жоғарлауы

С. дәрілік заттың белсенділігінің төмендеуі

D. алғашқы әсерді алу үшін дәрілік зат мөлшерін төмендету қажеттілігі

Е. дәрілік затты қабылдауды тоқтатқанда абстиненцияның дамуы

27. Физикалық дәрілік тәуелділікті не сипаттайды

А. дәрілік затты қабылдағаннан кейін жағдайдың нашарлауы

В. дәріге тәуелділікті емдеу кезінде препаратты қабылдауды тез тоқтату мүмкіндігі

С. дәрілік затты қабылдауды тоқтатқанда абстиненцияның дамуы

D. аллергиялық реакциялар

Е. дұрыс жауап жоқ

28. Кумуляция- бұл

А. дәрілік затқа ағза сезімталдығының жоғарлауы

В. дәрілік затқа ағза сезімталдығының төмендеуі

С. дәрілік заттың ағзада жинақталуы

D. дәрілік затқа ағзаның ерекше реакциясы

Е. дәрілік затқа жылдам әдеттену

29. Идиосинкразия- бұл

А. дәрілік затқа ағза сезімталдығының жоғарлауы

В. дәрілік заттың ағзада жинақталуы

С. дәрілік затқа ағзаның ерекше реакциясы

D. дәрілік затқа аллергиялық реакция

Е. дәрілік заттың ағзадан шығарылуы

30. Дәрілік затты қайталап енгізгенде нәтижелілігінің төмендеуі байқалады

А. материалды кумуляцияда

В. функционалды кумуляцияда

С. гиперсенсибилизацида

D. әдеттенуде

Е. идиосинкразияда

Жауап эталондары

1 - Е, 2 - Е, 3 - В, 4 - С, 5 - А, 6 - В, 7 - А, 8 - С, 9 - D, 10 - Е, 11 - А, 12 - В, 13 - С, 14 - А, 15 - В, 16 - С, 17 - D, 18 - А, 19 - А, 20 - А, 21 - С, 22 - А, 23 - А, 24 - В, 25 - В, 26 - С, 27 - С, 28 - С, 29 - С, 30 - D.

Дебиет тізімі

1. Основы клинической фармакологии и рациональной фармакотерапии: Рук. для практикующих врачей / под общ. ред. Ю.Б.Белоусова, М.В.Леоновой. М.: Бионика, 2002.- 368 с.

2. Клинический проектный менеджмент: Уч. пос. / Ю.Б.Белоусов, А.И.Вялков, Д.Ю.Белоусов. -М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003.- 448 с.

3. Клиническая фармакология: Учеб. / Под ред. В.Г.Кукеса. – 3-е изд., перераб. И доп. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. – 944 с.: ил.

4. Клиническая фармакокинетика. Практика дозирования лекарств: Спец. выпуск серии «Рациональная фармакотерапия» / Ю.Б.Белоусов, К.Г.Гуревич. -М.: Литтерра, 2005.- 288 с.

5. Общая и частная клиническая фармакокинетика / под общ. ред. Ю.Б.Белоусова, К.Г.Гуревича. - М.: Ремедиум, 2006.- 783 с.

6. Клиническая фармакология: национальное руководство / под. ред. Ю.Б.Белоусова, В.Г.Кукеса, В.К.Лепахина, В.И.Петрова. - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009.- 976 с.

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар
Алғы сөз
Клиникалық фармакологияның міндеттері мен алға қойған мақсаттары
Жаңа дәрілік заттарға клиникалық зерттеулер жүргізудің әдістемелік жолдары
Фармакодинамиканың негізгі сұрақтары
Фармакокинетиканың негізгі сұрақтары
Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі
Дәрілік заттардың жанама әсерлері
Фармакогенетика негіздері
Дәрілік заттарды жас ерекшеліктеріне байланысты қолдану
Бақылау сұрақтары
Тест жауаптары
Әдебиет тізімі

ҚММУ-баспаханасында басып шығарылды

Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі ,40

Көлемі 5.4 есепті-баспа табағы

Кесте 24. FDA ұсынған қауіп категориясы бойынша ДЗ жіктелуі - student2.ru Кесте 24. FDA ұсынған қауіп категориясы бойынша ДЗ жіктелуі - student2.ru 100 дана

Кесте 24. FDA ұсынған қауіп категориясы бойынша ДЗ жіктелуі - student2.ru

Наши рекомендации