Терорлық қауіп ж/е биологиялық қару қолдану негізіндегі тұрғындардың іс әрекеті.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

· 1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);

· 2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);

· 3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);

· 4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбір түрлеріне жалпы сипаттама

Террориз

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қылмыстардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі — терроризм. Заңда терроризм — адамдардың қаза болуы, елеулі зиян келтіру, не қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-ерекеттер жасау деп айқындаған. Бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалады. Сондай-ақ аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаймын деп қорқыту да терроризм әрекет ретінде қарастырылады.

Терроризм — адамдар топтасқан немесе құнды мүлік сақталатын жерлерде жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруды көздейді. Сонымен бірге терроризмге қарудың әр түрін, улы заттарды қолдану егер пұл әрекеттер адамның өміріне, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, топырақтың құнарлылығына және осыған ұқсас нысандарға қауіп төндіретін болса, халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін түрлі жүйелерді жою немесе бұзу, гранатометаданнемесе оқпен атылатын қарудың басқа түрінен оқ жаудыру; электр және су жабдықтарын істен шығару жатқызылады. Аталған әрекеттерді жасаймын деп қорқыту дегеніміз — бірынғай ниетті шын мәнінде жүзеге асыруды айғақтайтын әрекеттермен ұштасуы мүмкін терроризм актісін жасаймын деп тікелей айтуды көрсетеді, мысалы, жарылғыш заттарды сатып алу, жарылғыш қүрылғыларды орнату және т.б.

Террорлық әрекет жасаған сәттен бастап адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру, қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер аяқталған қылмыс деп танылады. Өлімнің немесе басқа да зиянды салдардың нақты туындауы терроризмі аяқталған қылмыс деп тану үшін талап етілмейді. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не билік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты — терроризмнің міндетті белгісі. Соған орай, террорлық әрекет жасаған адам қоғамды астаң-кестең қылуға, көптеген адамдардың өміріне, денсаулығына мүлкінің сақталуына және т.б. қорқыныш сезімін тудыртуға ұмтылады. Террорлық әрекетті дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен террорлық әрекеттің жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс-әрекетінде өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Террорлық әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау

Жарылыс, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттердің дайындалып жатқандағы туралы көрінеу жалған хабарлау халық арасында үрей туғызады, нерв жүйесіне әсер етіп, қорқыныш адамдардың көпшілік бөлігін жарылғыш заттарды іздеп, зиянсыз әрекет етуге итермелейді. Сондықтан осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікті бекіту әбден заңға сәйкес болып табылады. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған мұндай қылмыстар тек мемлекеттік басқару органдарының қалыпты қызмет етуіне ғана емес, сонымен бірге мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне, сондай-ақ жеке азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне де зиян келтіреді.

Мұндай зиян келтіру дайындалып жатқан террорлық әрекет туралы тиісті құқық корғау органдарына, мекемелер немесе кәсіпорындарға, сондай-ақ жеке азаматтарға көрінеу жалған хабарлаудан тұрады. Дайындалып жатқан террорлық әрекет туралы хабар түрлі нысанда және түрлі тәсілмен жасалуы мүмкін: ауызша, жазбаша,телефонмен, басқа адамдардың көмегі арқылы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, анонимді түрде және т.б. Айыпты адам өзінің көрінеу жалған мәлімет хабарлайтынын біледі және сол арқылы ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның әкімшілігін және қалың бүқарпнМ үрейлендіріп, қоркытқысы келеді. Бұл қылмыс құрамының міндетті белгісі көрінеу жалған мәлімет болып есептеледі. Ол адамның ойдан құралған мәліметінің шындықты жанаспайтынын білетіндігін білдіреді. Алайда соған қарамастан, ол қандай да бір себепке байланысты, оны біреулерге жеткізгісі келеді.

Биологиялық қару-микроорганизмдер мен уларды пайдалануға негізделген адамдар жануарлар мен осімдіктерді жаппай зақымдаушы қару. Биологиялық қарудың әскери қасиеті: дыбыссыз әсер етуі,әсерінің ұзақ болуы,қорғағыш қасиеті әлсіз нысандарға енуі,күшті психалогиялық әсері,қорқыныш,үрей,шу тудыру қасиеті және дайндалуының арзандығы.

Биологиялық қаруды қолдану әдістері;

-аэрозольді түрде қоршаған ортаның барлық нысандарын зақымдайды

-жұқпалы аурулармен зақымданған тасымалданғыш жәндіктер,кенелер,кеміргіштер арқылы

-жарылу арқылы

Биологиялық зақым ошағы-биологиялық заттарды қолдау кезінде аймақтың,адамдардың,жануарлардың және өсімдіктердің жұқпалы аурумен зақылдалуы

Биологиялық зақымдану ошағындағы халықтың іс әрекетіө; жұқпалы аурулардан қорғану,оны халықтың қабылдамау қасиетінің дәрежесіне байланысты,оған организмді шынықтыру,

егу жұмыстарын жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Жұқпалы ауруды жою ж/е таралуын шектеу үшін эпидемиологиялық ошақта обсервация ж/е карантин жүргізіледі.

Карантин – бактериологиялық зақым ошағын, оның аймақтағы адамдарды, жануарларды төңірегіндегі халықтан толық оқшаулауға және зақым ошағындағы ауруларды жоюға бағытталған әкімшілік-шаруашылық, санитарлық-гигиеналық, режимді-қорғау, эпидемияға қарсы, емдеу шараларының жүйесі.

Карантин ошағындағы жүзеге асырылатын негізгі шараларға мыналар жатады:

- зақым ошағын оқшаулау, бұл үшін ошақты қарулы түрде күзету;

- ауырған немесе ауыруы мұмкін адамдарды алдын ала анықтау, байланысқан адамдарды бақылауға алу, оларды оқшаулау және емдеу;

- шұғыл профилактикалық шаралар жүргізу (вакцинация) немесе егу;

- халықты және жасақтардың адам құрамын санитарлық тазартудан өткізу;

- киімді, аяқ-киімді, мүлікті, аймақты, ғимараттар мен техниканы дезинфекциялау;

- емдеу мекемелерін, кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыс тәртібін белгілеу;

- зақым ошағына кіруге, одан шығуға және мүліктерді алып шығуға тиіым салу;

- ошақта метептердің, клубтардың, кино-театрлар мен тұрмыстық қызмет көрсететін ұсақ кәсіпорындардың жұмысы уақытша тоқтатылады.

Обсервация – жұқпалы аурулардың тарауын болдырмауға бағытталған оңашалау-шектеу және емдеу, профилактикалық шаралар жүйесі.

Обсервацияны жүзеге асырғанда ауру аймағына кіруге және одан шығуға шектеулер қоюға берілгенімен, режим шараларының жүргізу қатаңдығы, карантин кезіндегіден сәл кем болады.

Мүліктерді зақым ошағына тасып әкелуге және одан шығаруға заласыздандырғаннан кейін рұқсат етіледі.

Карантин және обсервацияның мерзімі инкубация кезеңінің ұзақтығына байланысты және сонғы ауруды оқшаулау кезінен бастап саналады.

Наши рекомендации