Студент әрекетінің түрі және көлемі
ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Оқу-өндірістік практика
«Емшара мейірбикесінің көмекшісі»
Мамандығы: 5В130100 – «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі: 60
Курс: III
Семестр: VI
Қарағанды 2014ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра отырысында талқыланды
«____» _________2014ж.
Хаттама №___
Мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі
м.ғ.к., доцент __________________ С.К.Шуахбаев
Әдістемелік нұсқау «Жалпы медицина» мамандығының білім Комитетінде бекітілді
«____» _________2014ж.
Хаттама №___
Төрайымы: ______________ Е.М. Ларюшина
Практиканың мақсаты:
«Клиникаға кіріспе-2», «Жалпы хирургия» пәндерін өту барысында алған дағдысын бекіту, соматикалық (терапиялық) және хирургиялық бөлімінің емшара кабинетіндегі жұмыстың практикалық дағдыларын меңгеру.
Практиканың міндеттері:
. асептика және антисептика принциптерін іске асыру бойынша емшара кабинетін санитарлық-індетке қарсы режиммен қамтамасыз ету туралы білім мен іскерлікті бекіту;
. парентеральдық дәрі жіберу,венадан қан алу, жүйені құрастыру мен венаға инфузия жасау дағдыларын меңгеру мен бекіту;
. таңу бөлмесі мен кабинеттерінің жұмысымен танысу, десмургияның алғашқы дағдыларын меңгеру.
Қорытынды бақылау – дифференциялды сынақ
Қорытынды бақылауға жіберілу үшін толтырылған практика күнделігі, студенттің мінездемесі, практика жетекшісі қол қойылған. Күнделікті практиканың соңғы күні көрсетеді. Сол күні дифференциялық сынақ тапсырады.
Білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Бағаның сандық эквиваленті | Бағаның пайыздық құрамы | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттанарлық |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Студент әрекетінің түрі және көлемі
№ | Дағды мен іскерлік, бағалау критерийі |
Емшара кабинетінің санитарлық-эпидемияға қарсы шарамен қамтамасыз ету | |
Халаттың үстінен клеёнка фартук, қолғап киеді. | |
Дезинфекциялаушы ерітінді бар ыдыста және арнайы таза дайындайды. | |
Заттарды тазалаудың жүйелілігін сақтайды: шкаф, медициналық стол, мейірбике столы, орындық, тоңазытқыш, кушетка, білікше, терезенің алды, батарея, кран, раковина, есіктің тұтқалары, еден. | |
Жинағанна кейін 60минут бактерия жойғыш шамды қосады. | |
Емшара кабинетінің есігін қатты жауып, кварцтеу уақытында ішке ешкімді жібермейді. | |
Бактерия жойғыш шамды қосып кабинетті желдетеді. | |
Тазалауға арналған инвертарьды қолданғаннан кейін дезинфекциялайды. | |
Кварцтеу және емшара кабинетін тазалау журналына белгі қояды. | |
Бөлімнің жетекші мейірбикесі бекіткен жаппай тазарту кестесін сақтайды (7 күнде 1 рет) | |
Жуғыш заттарды қолданып кабинетті алдын ала ылғалдап тазарту. | |
Ғимаратты дезинфектантпен өңдейді. | |
Жиһаздары жылжытып қойып қабырғаларды, есіктерді, еденді, бұрыштарды, плинтусты, еденді периметр бойынша, сосын ортасын мұқият жуады. | |
Венадан қан алу | |
Пациентке тексерудің мақсаты мен жлы туралы түсіндіріп, оның келісімін алады. Қажет болған жағдайда нұсқау береді және пациентті емшараға дайындау бойынша жадынама береді. Жарақтандыруларды дайындайды, жолдама мен пробирканы нөмерлейді. Отырған немесе жатқан күйде венепукция жасау үшін пациенттің ыңғайлы орналасуына көмектеседі. | |
Қолдарын жуып, кептіреді, арнайы киім мен қолғапты киеді. | |
Пациенттің шынтағының астына клеенка білікшені қояды. Қолдың жоғарғы үштен бір бөлігіне резеңке бұрау салып, бұраудың ілмегі төмен қарап, ал бос ұштары жоғары қарап тұратындай етіп байлайды (бұраудың астына сулық салады немесе көйлектің жеңін қайырып бұрауды орналастырады). | |
Пациенттің жұдырығын бірнеше рет жұмып-ашуын өтінеді. Жуандау венаны тауып алады. Шынтақ бүгілетін аймақтағы венаны 70% спиртке батырылған мақтамен немесе салфеткамен асептика тәртібін сақтай отырып кем дегенде екі рет ауыстырып тазалайды. | |
Венепункция жасайды. Иненің венаға түскеніне көз жеткізеді: поршеньді өзіне тартады. Бұрауды алмастан қанның қажеттң мөлшері жиналғанша поршеньді өзіне қарай тартады. | |
Инені венадан алмас бұрын бқрауды шешеді. Пункция жасалған жерді 70% спиртке батырылған стерильденген мақтамен (салфетка) басып, инені суырады. Шарикті 1-2 минут басып тұрады, сосын дезинфекциялаушы ерітіндіге тастайды. | |
Пациенттің орнынан тұруына немесе ыңғайлы қалыпта жатуына көмектеседі. | |
Тағанды мақтамен немесе поролонмен бекітіп контейнерге, сосын бикске орнатады. | |
Венаға дәрі жіберу | |
Қажетті жарақтандыруларды дайындайды. Пациентпен ізгі ниетті қарым-қатынас орнатады. Пациентке емшараның мақсаты мен жолын түсіндіріп, келісімін алады. | |
Маска киеді, гигиеналық тәсілмен қолды тазалайды, қолғап киеді. | |
Пакетті ашып шприцті жинайды, спиртпен екі рет тазартылған тампонмен ампуланың мойнын тазартады. | |
Дәріні шприцке сорып алады (дәрігер тағайындаған мөлшерді). Инені алып дезинфекциялаушы ерітінді бар ыдысқа салады. Венаға дәрі жіберуге арналған инені шприцтің басына кигізеді, ауасын шығарып, инеге қалпақша кигізеді. Шприцті науаға қояды. | |
Пациентті кушеткаға отырғызады немесе жатқызады. Веналық бұрауды салфеткамен жабылған иінге салады. Шынтақтың астына клеенка жастықты қояды. Венаны тексереді. Шынтақтың бүгілген жерін спиртпен екі рет сүртеді (тампондарды 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдысқа тастайды). | |
Шприцті алып, қалпақшаны алып тастайды. Шприцте ауаның жоқтығын тексереді, шприцті жоғары қаратып, канюляны сұқ саусағымен ұстап инені бекітеді. Венаны сол қолдың бас бармағымен басып, теріні тесіп, инені венаға параллель ұстай отырып иненің 1/3 венаға енгізеді. Поршеньді өзіне қарай тартып, қанның пайда болғанын көрсе бұрауды шешеді. | |
Шприцтің поршенін тарта отырып, дәріні ақырын енгізеді. Дәріні енгізіп болған соң, шприцті иненің жалғастырғышын ұстап тұрып суырады. Инъекция жасалған жерге спиртке батырылған шарикті қойып, пациенттен бұгуңн өтінеді. | |
Иненің қалпақшасын кигізбестен, шприцті инемен қоса қолданылған шприцтер мен инелерге арналған контейнерге тастайды. | |
Инъекция жасаған жерді тексереді. Егер қан шығып тұрмаса, спиртке батырылған шарикті қанмен контактіленген материалдарға арналған арнайы ыдысқа тастайды. | |
Пациентті палата мейірбикесі отырған жерге дейін шығарып салады. Столды сүртеді, қолғапты шешіп, қанмен контактіленген материальдарға арналған контейнерге тастайды. | |
Венаға тамшылы инфузия жасау үшін системаны толтыру және венаға дәрі-дәрмектерді тамшылы инфузиясын жасау | |
Пациентпен оңаша сенімді қарым-қатынас орнатады (егер ол есін білетін болса). Пациентке дәрілік ерітіндіні енгізудің мақсатын, емшараның жолы мен маңызын түсіндіреді, емшара жасау үшін пациенттен немесе оның туыстарынан келісім алады. | |
Қолды гигиеналық деңгейде тазалайды, стерильденген халат, маска, қолғап киеді. Тамшылап енгізу үшін бір рет пайдаланылатын системаны дайындайды. Салфетка, мақта шарик, пинцет салынған стерильденген науаны дайындайды. Инфузияға арналған дәрілік ерітінді бар сауытты. | |
Сауыттан металл қақпақшаны қайшының көмегімен шешеді. Сауыттың тығынын спиртпен екі рет тазалайды. Системадағы қысқышты жабады. Сауыттың түбңн жоғары қаратып тағанға іледі. Тамызғыны төңкеріп, инені қақпақшасымен бірге алады да, стерильденген науаға салады. Системаның ұшын төңкерілген тамызғыдан жоғары ұстап тұрып тамызғыны ерітіндімен толтырады. | |
Тамызғының сауытпен бір деңгейде болуын қадағалайды. Тамызғыны жартылай толтырады. Системаның ұшын төмен қарай жіберіп, түтікшенң еретіндімен толтырады, қысқышты жабады. Қалпақшалы инемен жабады. | |
Пациентті ыңғайлы етіп жатқызады. Пациенттің шынтағына клеенка жастықты қойып, венаны тексереді. Иінді салфеткамен орап, қолдың жоғарғы үштен бір бөлігіне веналық бұрау салады. Венаны тексереді. 70% спиртке екі рет батырылған іртүрлі мақталы шариктермен пункция жасайтын жерді сүртеді. | |
Системадан инені қақпақшасымен шешеді, сосын инеден қақпақшаны алады. Ине енгізетін жерден төменірек сол қолдың бас бармағымен венаны басып тұрады. Пациентке жұдырығын түюді ұсынады. | |
Канюляның астына стерильденген салфетканы салып, иненің ұзындығының 1/3 венаға енгізеді. Бұрауды алады. Системадағы қысқышты ашады. Системаның түтікшесін оң қолдың саусақтарымен қысады. Системаны иненің канюлясына жалғайды, салфетканы ауыстырады. Тамшылардың таму жылдамдығын қысқыштың көмегімен реттейді. Инені лейкопластырьмен бекітіп, ине енгізілген жерді стерильденген салфеткамен жабады. Венаға дәрі енгізу кезінде пациенттің жағдай мен көңіл-күйін бақылайды. | |
Инфузия аяқталған соң инъекция орнына тері антсептикалы мақта шарикті (салфетка) басып тұрып венадан инені суырады. Пациенттен шынтағын бүгуді өтінеді (шарикті бинтпен бекітуге болады). | |
Иненің қалпақшасын жаппастан, сақтық шараларын сақтай отырып науаға тастайды, сосын емшара кабинетіне келіп қолданылған инелер мен шприцтерге арналған контейнерге тастайды. | |
Венепукция және инфузия орындарын тексереді. Қан ағып тұрмаса шарикті анисептикпен бірге науаға тастайды. Қажет болған жағдайда инъекция орнына таңғыш таңады. | |
Инфузия біткен соң 40 минуттай паценттің жағдайын бақылайды,сосын посттағы мейірбекенің немесе палата мейірбекесінің бақылауына тапсырады. | |
Күйіп қалған жерді өңдеу | |
Күйіп қалған жерді тексереді,көзбен көру арқылы термиялық күйіктің дәрежесін анықтайды, 1 дәрежелі күйікке күйіп қалған терінің гиперемиясы,қатты ауырсындыру тән екендігін айтады; 2 дәрежелі күйікте гиперемияланған теріде ішіндегісі мөлдір көлемі әртүрлі сулы бөртпелер пайда болады; 3 дәрежелі күйікте гиеперемия аймақтарында жарылған сулы бөртпелерден эпидемис үзіктерімен терінің ақ бөліктерң көрінеді; 4 дәрежелі күйік терінің бүрісуі. | |
Науқастың күйігінің көлемін «Тоғыздық тәртібі» бойынша анықтай алады (бас-9% дененің алдыңғы беті-9х2%, аяқ-18%, жыныс мүшелері мен бұтаралық-1%). | |
Науқастың қолын стерильденген клеенкамен жабылған манипуляция столына қойғызады. Таңғышты Эсмархтың стерильденген кружкасына құйылған антисептика ерідіндісімен сулайды. | |
Таңғышты қайшымен қырқады, қысқыштың көмегімен алып шылапшынға тастайды. Сосын манипуляция столындағы стерильденген тклеенканы ауыстырады. | |
Дәрігерге корнцангпен ішінде стерильденген хирургиялық пинцет пен қайшы, ерітіндіге салынған және құрғақ шариктер салынған бүйрек тәрізді шылапшын ұсынылады. | |
Егер науқас қатты ауырсынуды сезінсе, науқастың күйген жерін 2-3 минуторай үшін 1-2% новокаинға батырылған салфетка беріледі. | |
Жарақатты өңдегеннен кейін дәрігердің нұсқауы бойынша жаңа жақпа майы немесе дымқыл таңғышты таңады. Таңғышты әр саусаққа жеке- жеке қойып, №2 эластик торлы – түтікшелі бинтпен бекітеді. | |
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді. | |
Инфекцияланған жарақатты өңдеу | |
Науқасты таңу бөлмесіне алып келеді, астына іріңнің ағып кетуін ескере отырып клеенканы төсейді. Іріңнің және шайынды судың столға тамып кетпеуі үшін жараның астына бүйрек тәрізді шылапшынды қояды немесе лигнин не стерильденген мақтаның бірнеше қабатын төсейді. | |
Таңғышты алып, жараның айналасындағы теріні тазалаған соң, жараның үстіне бірнеше құрғақ дәке шариктерді бірінен кейін бірін басып сүртеді. Қолданылған шариктерді шылапшынға тастайды. | |
Жараны сутектің асқын тотығына батырылған бірнеше шариктердің көмегімен тазалайды. Сосын құрғақ шариктермен жараның бетінде пайда болған көпіршіктерді сүртеді. | |
Фурацилин ерітіндісіне батырылған шариктерді қолдана отырып жоғарыда аталған әрекетті қайталайды. Жараны стерильденген мақталы шариктермен сүртіп, кептіреді. | |
Қажет болған жағдайда дәке турунданы дайындайды. Ұзындығы 20-30 см турунданың бір шетін корнцангпен алып, пинцеттің көмегімен аспаптың ернеуін айналдыра орайды. 10%-дік натрий хлоридінің ерітіндісі бар банкаға салып, ерітінді сіңірілген соң алады. | |
Гипертониялық ерітіндіге батырылған турунданың үстіне осы ерітіндіге батырылған бернеше салфетканы қояды немесе суда еритін негізгі жақпамайды (левосин, левомеколь, сорбилекс) жағады. | |
Мардымсыз ірің бөліндісі болса және түйіршіктер пайда болса тітіркендіргіш әсері жоқ жақпамайларды қолданады: Вишневский жақпамайы, винилин (Шостаковский бальзамы), шырғанақ майы, коланхоэ, митилурацил жақпамайы, солкосирил-гель, синтомицинді эмульция, т.б. | |
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді. | |
Жұмсақ таңғышты таңу | |
Жұмсақ таңғыштың науқасқа қажетті түрін анықтайды (циркулярлы, спираль тәрізді, шымырлатқыш, крест тәрізді, масақ тәрізді, т.б.). | |
Науқасты таңғышпен таңатын жері қозғалмайтындай және орауға ыңғайлы болатындай етіп жатқызады немесе отырғызады. Науқасқа қарама-қарсы тұрады. | |
Таңғышты шетінен бастап ортасына қарай (төменнен жоғары қарай) таңады, арнайы таңғыштарды қоспастан. | |
Таңғышпен таңуды таңғыштың шетінен бастайды. | |
Таңғыштың әрбір қабаты алдыңғы оралған жердің жартысын немесе 2/3 бөлігін жабатындай етіп таңу керек. | |
Таңғышты қос қолдап таңу керек: бір қолмен таңғышты тарқатып отырып, екінші оны түзетін, біртегіс етіп тарта отырып таңады. | |
Дененің конус тәрізді бөлігіне (бөксе, тізе, білек) таңғышты таңу кезінде, таңғыштың дұрыс таңылуы үшін таңғыштың әрбір 1-2 орамынан кейін оны айналдырып отырады. | |
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді. | |
Әйелдердің қуығын катетерлеу | |
Кез келген манипуляция немесе операция алдындағы дай катетерициялау алдынада да қолды тазартады. | |
Науқастың тізесін сәл бүгіп, шалқасынан жатқызады. Аяқтарының арасына несепке арналған ыдыс қойылады. Әйелдің астын кез келген дезинфекциялаушы ерітіндімен жуады, (мысалы, 1:1000 фурацилин ерітіндісімен), егер қынапта бөлінді болса бүркіп жуады. | |
Науқастың оң жағына тұрып сол қолымен жыныс мүшесінің еріндерін екі жақа қарай ашып, оң қолымен (жоғарыдан төмен анус бағытына қарай) сыртқы жыныс мүшелерін дезинфекциялаушы ерітіндімен мұқият сүртеді. | |
Оң қолына ішкі ұшы стерильденген вазелин майымен тазартылған катетерді алады, несеп шығару каналының сыртқы тесігін тауып, катетердің ұшын соған мұқият енгізеді. | |
Несеп өздігіннен шықпай қалған уақытта, қалдық несепті шығару үшін ішперденің алдыңғы қабырғасы арқылы қуықтың тұсын жайлап басады. | |
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді. | |
Ерлердің қуығын катетерлеу (жұмсақ катетермен) | |
Кез келген манипуляция немесе операция алдындағыдай катетеризациялау алдында да қолды тазарту. | |
Науқастың тізесін сәл бүгіп, шалқасынан жатқызады. Аяқтарының арасына несепке арналған ыдыс қойылады. | |
Еркектің мүшесін сол қолмен ұстап, ұшын дезинфекциялаушы ерітіндіге батырылған мақтамен сүртеді. | |
Пинцеттің көмегімен оң қолына катетерді алады, пинцет катетердің ішкі ұшына жақын орналасу керек. Катетердің сыртқы ұшын осы қолдың төртінші, бесінші саусақтарының арасына қойып, қысып ұстап тұрады. | |
Катетердің ішкі ұшына стерильденген вазелин майын жағады, несеп шығару каналының сыртқы тесігіне мұқият енгізеді. | |
Жайлап, бірден күш түсірмей каналдың бойымен жылжытады. Жыныс мүшесі алға қарай бағытталып тұру керек. | |
Несептің ағысы несеп шығару каналын жуып кету үшін катетерді несеп жықпай тұрып алады. | |
Емшара барысында науқасқа сұрақ қоюға мүмкіндік бере отырып жағымды, ілтипатты үнмен өз әрекетін түсіндіреді. |