Тіс жұлынған соң кездесетін асқынулар

Қан кетуі.Тіс жұлынуы басқа оталар сияқты қан кетумен өтеді. Қан 4-5 минут шамасында өздігінен немесе тампон жәрдемімен тоқтайды.

Алайда кейбір жағдайларда қан кетуі тез арада тоқтай қоймайды, мұндайда біріншілік қан кету немесе отадан бірнеше сағат, бірнеше күн өткен соң екіншілік қан кету деп аталады.

Қан кету мерзімі, оның сипаты жергілікті және жалпы себептерге байланысты. Жергілікті себептердің бірі шырышты қабаттың жырылуы болып есептеледі, мұнда ірі артерия, көк тамыр-вена, қан тамырлары (таңдай, тіл, иек-менталь т.б.) жарақаттануы мүмкін.

Сүйек тінінің зақымдануы (тіс ұясы қабырғасының жарықшағы, тіс ұясы өсіндісінің өткелдері) көп мөлшерде қан кетуіне алып келеді, себебі сүйек қан тамырлары үңірейіп тұрады.

Өте сирек жағдайларда тіс жұлынғаннан кейін-ақ қан кетеді, бұл түбір гемангиомаға жақын жайласқанда болады. Мұндай жағдайда сыртқы ұйқы артериясын байламай немесе ісікті толығымен алып тастамай қан тоқтауы мүмкін емес.

Тіс ұясын тампондап, төменгі жақты жоғарғы жаққа қысып бинтпен таңып байлап ауруды ауруханаға жібереді.

Тіс ұясынан қан кетуіне алып келетін жалпы жағдайлар қанның ұю қасиетінің нашарлауы, қан тамырларының өткізгіштік қасиетінің ұлғаюы. Олардың қатарына: гемофилия, Верльгоф ауруы, цинга, лейкоз жатады. Жұқпалы аурулар (безгек, скарлатина, эндокардит).

Сондай-ақ қан қысымы жоғары немесе антикоагуланттар қабылдап жүрген адамдарда қан кетуі байқалуы мүмкін.

Қан кетуді болдырмаудың алдын алу үшін дәрігер науқастан бұған дейін тіс жұлдырғанда қан кетудің болған-болмағанын анықтап алуы керек. Анықтау барысында науқасты арнайы дайындау керек болса, операцияны ауруханада өткізген тиімді болады.

Жергілікті себептермен болатын қан кетулерді болдырмау үшін пародонт тіндерін көп жарақаттамай, тіс жұлу отасының барлық ережелерін мұқият сақтау қажет.

Жедел ағымды қабыну кезеңінде тіс ұясынан қан кетуі, қан тамырларының кеңеюі мүмкін. Ал кешеуілдетіп қан кетуі, тромбтың бұзылуынан (тіс ұясының қабынуы) болады. Жергілікті жансыздандыруда-анестезияда ерітіндіге адреналин қосылса, қан тамырлары тарылып ота кезінде оның тыйылуына ықпал жасайды, ал 1-2 сағаттан соң тамырлар кеңейіп ұйыған қанды ығыстырып шығарады. Осындай жағдайда қан кетуі мүмкін.

Б.Л. Павлов, В.В. Шашкин (1987) тіс түбірінің ұяшығынан қан кету кезеңін үш сатыға бөледі:

• Бірінші сатысы – қанның кету 20 минутқа созылады, қан сілекей түріне ұқсайды және ол қойылған тампонға сіңеді.

• Екінші сатысы- қанның кету 40 минутқа созылады, сілекей көп мөлшерде қан мен араласады.

• Үшінші сатысы - қанның кету бір сағат немесе оданда көп уақытқа созылады, ауыз қуысы қан мен толады.

Тіс жұлынғаннан кейін бірден пайда болса, онда оны біріншілік-деп атайды. Егерде қан кетуі отадан кейін (бірнеше сағат немесе тәуліктен) пайда болса, онда оны екіншілік-деп атайды.

Ересек адамда қанның мөлшері 4,5-6 литрге, немесе 6-8% және дене салмағының 1/16 бөлігіне тең.
С.И. Лысенко (1991) тіс жұлынғаннан кейін қан кетуді үш дәрежеге бөледі:
• I дәрежесі – қан кету аз мөлшерде, қанды жоғалту қарқыны-15 мл/сағ дейін;
• II дәрежесі – қан кету орташа мөлшерде, қанды жоғалту қарқыны-15-тен

30 мл/сағ дейін;
• III дәрежесі – қан кетуі үдемелі, қанды жоғалту қарқыны-30 мл/сағ.

Ғалымдар Бельдюкевич М.А., 1978; Cheraskin Е., 1979, ауыз қуысынан қан кетуді идиопатиялық және и ятрогенді-деп екі топқа бөледі.

Идиопатиялық қан кету – бірден, кездейсоқ, Мысалы: ісік, қан ауруларында және пародонтоз ауруларының кейбір түрлерінде.

Ятрогенді – хирургиялық отадан кейін пайда болады.

Тіс жұлынған соң қан кетуін тоқтату әдістері.Әдебиеттерде қан тоқтатудың физикалық, биологиялық және химиялық әдістері баяндалған. Олар әдетте бірлесіп қолданылады.

Көрінуге келген науқастан алдымен қан кетудің себептерін анықтау қажет. Тіс ұясы ұйыған қаннан тазартылып, ауыз қуысы шайылып, қан кетіп жатқан орын анықталады. Қан жұмсақ тіндерден кетіп жатса, оның қан тамырлары байланады немесе тігіледі, жарақаттанған шырышты қабатына тігіс салынады.

Қан тамырын байлауға мүмкіншілік болмаған жағдайда, жарақатты құрғатып, тамырды гальванокаутермен немесе қыздырылған құралмен күйдіру арқылы немесе калий перманганатының ұнтақтары- кристалдары себілген тампон қою арқылы тоқтатады. Қан сүйектен кеткен кезде қысқыштармен оның қан ағып жатқан бөлігін қысып жұмсақ тіндермен жауып, шырышты қабатының шеттерін тігеді. Тіс ұясын кетгут түйінімен немесе қан тоқтатқыш губкамен толтыру арқылы қанды тоқтатуға болады. Осы айтылған әдістердің барлығы нәтиже бермеген жағдайда тіс ұясын 4-5 күнге тампондауға болады. Тампонды тіс ұясына орналастыруды оның түбінен бастайды, йодоформ қоспасына малынған ұзынша дәкені, қатпарлап нығыздап үстін 1-2 тігіспен тігеді. Тігістерді 4-5 күннен соң алады, сол кезде тампонды тіс ұясынан бітісе бітетін дәнекер-грануляциялық тін ығыстырып шығарады. Қан тоқтату үшін дәрі-дәрмектер қолданылады. 5-10 мл 10% хлорлы кальцийдің ерітіндісін, көк тамырға-венаға аскорбин қышқылы, күніне 2 мезгіл, 0,015-0,02 викасол немесе 1 - 1,5 мл 1% викасол ерітіндісін бұлшықетке жібереді.

Кейбір қан аурулары бар науқастарды тез уақытта ауруханаға жатқызып гематологпен немесе терапевтпен кеңесу қажет болады. Алдын ала қан кетіп жатқан тіс ұясын тампондап, қанның талдауын-анализін зерттеп және коагулограмманы анықтау қерек. Көп кешіктірмей қажеттілігіне қарай қанды тромбоциттерді, антигемофилді плазманы, изогенді сарысуды құю керек. Қан беретін адамнан-донордан қансыраған науқасқа-реципиентке тікелей қан құю өте тиімді болады. Қан құю екі мақсатты көздейді: біріншіден — қанды тоқтату, екіншіден қанды толықтау үшін.

Жергілікті жасалатын шаралар — ұяшықты гемостатикалық губкамен, биологиялық антисептикалық, тромбинді тампондармен, аминокапрон қышқылымен, гемофобинмен тығындау қанды тоқтату мақсатына бағытталады.

Қан тоқтату үшін қолданатын дәрі-дәрмектерге қысқаша мінездеме беру біздің пікірімізше артықшылық етпейді деген ниеттеміз.
Гемофобин – мөлдір-тұнық және бұлдырлау сұйықтық, қоңыр немесе сары-қоңыр түсті өзіндік айрықша иіске ие.

Құрамы: Пектиндер (3%) және оған кальций хлорид (1%) пен хош иісті заттар қосылған Шиша ыдыстарда шығарылады. Қолдануы жергілікті және ішу үшін 2-3 шәйн қасық күніне 1-3 рет.

Аминокапрон қышқылы- фибриндердің ыдырауна қарсы-фибринолиз қолданатын және кининдерді тежегіш зат ретінде пайдаланады. Адам ағзасынан 4 сағаттан кейін кіші дәрет арқылы шығады. Қолдануы жергілікті, көк тамыр арқылы және ішу үшін. Фибриндердің ыдырау қарқыны көбейсе, онда 2-3 гр-нан күніне 3-5 рет (тәулік мөлшері - 10-15 грамм) 6-8 күн бойы. Ал көк тамырға 5%-ды ерітіндісі 100 мл-дейін. Егерде дәріні қайталап енгізу керек болған жағдайда - 4 сағаттан кейін пайдаланса болады.

Амбен (Памба) - фибриндердің ыдырауна қарсы-фибринолиз қолданатын зат. Өзінің химиялық құрамы және әсер етуі жағынан аминокапрон қышқылына ұқсас, айрықша белсенді. Қолдануы жергілікті, көк тамыр арқылы және ішу үшін. Дәрі көк тамыр арқылы ағым түрінде1% ерітіндісі

5-10 мл (50-100 мг) 4 сағат арылығында енгізіледі.
Амбен қосылған гемостатикалық губка – құрамы-қан беретін адам қанының плазмасы мен амбен және кальций хлоридтен тұрады. Кеуекті сорғыш зат ақ сары түстес.

Тромбин – дәрінің белсенділігі белсенділік бірлігі мен белгіленген. Тромбин ерітіндісін қолдану түрі тек жергілікті. Тромбин ерітіндісі залалсыздандырылған дәкелі тампонға немесе гемостатикалық губкаға сіңген күйінде қан кеткен тіс ұяшығына қойылады. Тромбин сіңген гемостатикалық губканы, тіс ұяшығына қалдырылады, ол кейіннен өз-өзінен сорылып кетеді.

Коллагенді гемостатикалық губка - коллагенді массадан дайындалған және оған фурацилин мен борды қышқыл қосылған. Құрғақ кеуекті масса сары түсті, тығыздығы жұмсақ, сұйықтық жақсы сіңіріледі. Тіс ұяшығында қалдырылғанколлагенді гемостатикалық губка өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Желатинді губка - құрғақ кеуекті масса ақ түсті, құрамында фурациллин бар. Тіс ұяшығында қалдырылғанжелатинді губка өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Фибриноген –қанның табиғи құрамы болып саналады. Қолдануы жергілікті және сонымен қатар көк тамыр арқылы. Дәріні суда ex tempore ерітіп ине арқылы +25°С-тен +35°С-ға дейін жылытып енгізеді. Ерітіндіні дайын болғаннан кейін 1сағат аралығында қолдану керек. Көк тамыр арқылы енгізген кезде мөлшері 0,8г-нан 8,0 г және оданда көп. Тәулік мөлшері - 2-4 грамм.

Изогенді фибрин жұқа қабығы – адам қанының плазмасынан алынған фибриноген және оған сіңген глицериннің сулы ерітіндісі. Тіс ұяшығында қалдырылғанизогенді фибрин жұқа қабығы өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Изогенді фибрин губкасы - кеуекті фибрин, адам қанының плазмасынан алынған. Құрғақ кеуекті масса ақ немесе қоңырлау түсті.Тіс ұяшығында қалдырылғанизогенді фибрин губкасы өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Канамицин қосындысы бар антисептикалық губка – құрамында желатин, канамицин сульфат қосындысы, фурацилин, кальций хлорид бар. Егерде тіс ұяшығында қабыну кезеңі болса, губканы күнделікті ауыстырып тұру керек. Тіс ұяшығында қалдырылған канамицин қосындысы бар антисептикалық губка өз-өзінен толығымен сорылып кетеді.

Желпластан – құрамы-мүйізді малдардың құрғатылғанқан плазмасы, канамицин моносульфат және ас желатинасынан тұрады. Ұнтақ түрінде шығарылып, оны дәке орамаға жағады.

Наши рекомендации