Тапсырма. Мәтіндегі ақпаратпен танысыңыз, сұрақ қойыңыз және жауапты толықтырыңыз.

Тұқым қуалаушы патологиялардың емі мен профилактикасының ұстанымдары

Тұқым қуалаушы дерттердің алдын алу (профилактикасының) ұстанымдары келесі негізгі ережелерге сүйенеді.

Ø Қоршаған ортаны мутагендік ластанудан қорғау және олардың организмге түсуіне шектеу жасау үшін жағдайларды ұйымдастыру немесе адам организміне түсуін болдырмау.

Ø Мутагендердің организмге әсерінің залалды (негативті) салдарынан қақпайлау немесе қалқалау.

Ø Некеге тұруға шешім қабылдаған адамдармен немесе баланың туылуын күтудегі тұрғындармен ауру балалардың тууы мүмкін екендігін анықтау арқылы қауіп-қатерлік жөнінде генетикалық консултацияларды жүргізу. Бұл мәселе өте актуалды, егерде ең бомағанда ата-аналардың біреуі немесе өте жақын туысқандары тектік аурумен ауырса (ауырған болса) немесе әлпетсіздік (уродства) және де басқа аномалиялар дамыған жағдайда өте маңызды.

Ø Жақынтуыстықты некелерден қашу және тұрғындарға мұндай тұқымдастар арасындағы некенің зиянды екендігін түсіндіріп жеткізу.

Ø Салауатты өмір салтына жүгіну.

Ø Ұсыныстарды қолдап оны іс жүзіне асыру - балаларды жасырақ кезінде туу.

Ø Жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау.

Ø Криминалды түсік тастаудан және жүктілікті үзетін амалдардан аулақ болу.

Бүгінгі таңда қоршаған ортаның мутагендік агенттермен ластануы мен олардың организмге залалды әсерін шектеудің үш күрестік жолы ұсынылады:

· Технологиялық – өндірістік өнеркәсіпті тұйық циклға (қоқыссыз өндіріске) ауыстыру. Бұл ең қолайлы радикалды жол, бірақ барынша қымбат, іс жүзінде қарқынды транспорттық жағдайда және әртүрлі апаттардан сақтандырылуды мүмкін еместігінен, өйткені олардың кейбіреуінің салдары тіпті катастрофалықта (апаттықта) болуы мүмкін (мысалы, Чернобыл АЭС-нің апаты).

· Компоненттік - ортадағы мутагендерді анықтау және оларды аластау. Аса асқан шығынды, қымбат және оны іске асырудың жолы шектеулі, өйткені адамзат көптеген мутагендерден бас тартуға бүгінгі күні мүмкіндігі жоқ (рентгендік сәулені, радиоизотоптарды, цитостатиктерді, басқа да дәрілер және медицинада қолданылатын диагностикалық амалдардың қосымша мутагенді әсерлілерді пайдаланудан; ауыл шаруашылығында пестицидтерді, металлургияда кейбір химиялық қосындыларды, химиялық және коксохимиялық өндірісте қолданудан және т.б.).

· Компенсациялық - гендік аппараттың төзімділігін көтеру, мутациялық ықтималдығының жиілігін мутагендік ықпалдардың әсерін төмендету және пайда болған мутацияларды жою арқылы. Ең тиімді, болашағы бар, қоршаған ортаның ластанулық салдарымен күресте жиі қолданылатын жол.

Спонтандық және индуцирленген мутацияны басу үдерісін антимутагенез, ал ондай қасиетке иегер заттарды антимутагендердеп атайды. Антимутагендік қосыныдылар қатарына ДНҚ молекуласымен реакция түсуіне жеткізбей мутагендерді бейтараптайтын заттарды жатқызады; мутагендер шақырған ДНҚ молекуласының зақымданған жерлерін алып тастайтын, немесе оларға төзімдіктерін көтеруші; организмде жанама мутагендердің шынайы мутагендерге айналуына кедергі жасайтын заттар жатады. Қазіргі кезде осы қасиеттердің барлығына ие (немесе жартылай иегер) 200 - дей табиғи және синтетикалық қосындылар белгілі. Бұлар кейбір амин қышқылдары (аргинин, гистидин, метионин және т.б.), ферменттер (пероксидаза, НАДФ – оксидаза, каталазалар, глутаминпероксидазалар және т.б.), бірқатар дәрілік заттар (сулфаниламидтер, интерферон, анитоксиданттар және т.б.). Жоғары антимутагендік белсенділікке Е, С, А, К витаминдері иегер. Осы витаминдердің алдыңғы екеуі универсалды антимутагендерге жатады, олар мутагенездік жолдардың әртүрлі буындарын бөгеттейді; мутагендерді бейтараптайтын ферменттердің белсенділігін күшейтеді, жанама мутагендердің шынайы мутагендерге айналу үдерісін басады, мутагендердің ДНҚ зақымдаушы әсерінен қорғайды, бос радикалдардың белсенділігін басады, ДНҚ-*ның репарациялық үдерістерін белсенділейді, яғни, ДНҚ-ның генотоксикалық ықпалға төзімділігін күшейтеді. Көптеген көкөніс пен жеміс-жидектердің (капуста, алма, жалбыз, жасыл (болгар бұрышы) бұрыш, баклажандар, жүзім) елеулі антимутагендік қасиеттері бар. Олардың әсерінен мутагендердің уытты ықпалы бірнеше есе (4 – 11 есе ) төмендейтіні эксперимент жүзінде дәлелденген.

Тұқым қуалаушы ауруларды емдеу үшін симптомдық, патогенездік, этиологиялық терапевтикалық ықпалдардың барлық түрлерінің әдістемелері қолданылады: дәрі – дәрмектік заттар, диетотерапия, физио, - бальнео, - климаттық терапиядан оталық әрекеттерге дейін түгелдей қамтылады.

Емдердің ішінде ең жиі қоладанылатыны симптомдық ем (тұқым қуалаушы емес ауруларда бұл әдістеме қосымшалық сипатта болады). Ал көптеген тұқым қуалаушы аурулар үшін жалғыз ғана симптомдық ем қолдануға мүмкіндік бар. Әсіресе жиі дәрілік заттар қолданылады: тұқым қуалаушы бас сақинасында аналгетиктерді қолдану; глаукома кезінде пилокарпинді; көптеген тері ауруларында ауру сезімін және қышынуды басатын арнайы майларды қолдану; муковисцидоз кезінде антибиотиктермен бірге басқа да дәрілерді қолдану, өйткені бұл аурудың бөлек бір түрінде бронхтардың экзокриндік бездері мол мөлшерде қою және тұтқырлы шырышты бөлуінен жаны қиналатындай көрініс байқалады.

Патогенздік ем, аурудың патогенезіне, оның патологиялық тізбегін үзуге бағытталған, есептелінген, ең тиімді және нәтижелі ем. Тұқым қуалаушы патологиялық формаларды емдеудің варианттары (нұсқалары) мынадай болуы мүмкін.

Ø Зат алмасуын жөндеу ( коррекциялау), жөнге салу:

· Мутантты геннің әсеріне байланысты зат алмасуының бұзылыстарынан организмде уытты заттарға айналуын болдырмау үшін науқастың рационынан (тағамынан) ондай заттарды (фенилкетонурияда фениланалинді, галактоземияда галактозды және т.б.) алып тастау немесе мөлшерін шектеуді жүргізу;

· Геннің мутациясына байланысты өнімнің өндірілуінің бұзылысының орнын толтыру (қантты диабеттің 1-ші түрінде инсулинді енгізу, гемофилияның лайықты формалық түріне қарай антигеомофилдік А немес В енгізу, қалқанша безінің гипофункциясында тиреоидтық гормондарды қолдану және т.б.);

· Организмде қарқынды жиналып қалатын зат алмасу өнімдерін аластау (ББД препараттарын қолдану, унитиол, Д – пениллинамина, гепато-церебралдық дистрофияда мысты организмнен шығарушы; подаграда несеп қышқылы тұздарын организмнен шығуын қамтамасыз етуші дәрілерді қолдану; кейбір кездерде сорбциалық детоксикалық әдістемелерді қолдануға тура келеді);

Метаболизмдік тежеліс, ингибиция (подаграда ксантиноксидазаның түзілуін басу үшін аллопуринол қолданылады, нәтижесінде несеп қышқылының концентрациясы төмендейді).

Ø Түзілуі бұзылған заттарды компенсациялау мақсатында науқастың рационына белгілі заттарды қосу.

Ø Тұқым қуалаушы ауруларды асқындыратын дәрілерді қолданудан бас тарту (мысалы, сулфаниламдтерді тотықтыратын салицил қышқылының өнімдерін, глюкоза -6-фосфатдегидрогеназа ферментінің тапшылығында малярияға қарсы препараттарды қолданбау).

Ø Тұқым қуалаушы патологиялық түрлерді емдеуде оталық (хирургиялық) емдік әдістеменің орны ерекше маңызды, ол емдерді бір жағдайларда симптомдық (жоғарғы еріннің жырығында коррекциялық операция) деп атасақта болады, ал басқа жағдайда – патогенездік (ретинобластома кезінде ісіктік өсуді алып тастау, толық ішектегі полипті ота жасау, жүрек аралық қалқа ақаулығын түзеу, поликистозда бүйрек трансплантациясын жүргізу және т.б.).

Ø Тұқым қуалаушы ауруларды этиологиялық емдеу гендік материалды едәуір «маневрлік әрекеттеуге» (генді алмастыру, мутантты генді өшіру, патологиялық генді қалыпты күйлік аллелге айналдыру үшін, мутацияны кері, қайтадан туындату және т.б.). Әзірше гендік инжинериямен эксперименттік зерттеулер жолында ғана айналысуда.

Ø Адаптациялық орталықты құру, ол үшін белгілі бір тұқым қуалаушы аурулардың көріністе болуын немесе симптомдарының күшейуіне болысатын қауіп-қатерлік факторлардың әсерін мейлінше шектеу немесе мүмкіндігі болса аластау. Мысалы, тектік гиперхолестеринемияда тағамдық рационынан холестерині мол өнімдерді аластау; пигменттік ксеродермияда күн инсоляциясын шектеу.

Негізгі әдебиет

1. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж

қосымша

2.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.

3. Т.Мелдеханов «Жалпы патофизиология», Мәскеу, 2016 ж.

Осымша

1.Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология, С-Петербург, 1995, книга 2, стр 11-21, 45-64.

2.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- С 251-316.

3.А.Н. Стрижаков, А.И. Давыдов и др. Избранные лекции по акушерству и гинекологии.-Ростов на Дону, 2000.

7. Бақылау (тесттер, ситуациялық есептер)

Наши рекомендации