Тапсырма. Мәтіндегі ақпаратпен танысыңыз, сұрақ қойыңыз және жауапты толықтырыңыз.

Адам денесінің микрофлорасы денсаулықтықалыпты жағдайда қолдап отыру үшін аса маңызды рөл атқарады. Қалыпты микрофлора – қоршаған ортамен тікелей байланыста болатын, тиісті құрамымен және адамдар мен жануарлар организміндегі белгілі бір биотопта (тері және шырышты қабаттарда) орын алуымен сипатталатын көптеген микробиоценоздар жиынтығы (микроорганизмдер бірлестігі). Адам организм және оның микрофлорасы динамикалық тепе-теңдік жағдайда (эбиозда) болады және бірегей экологиялық жүйе құрады.

Кез келген микробиоценоздың өзіне тән түрлері (блигатты, атохонды, индигенді, резидентті) болады. Микрофлораның осындай өкілдері адам организмінде кездеседіжәне де иесінің метаболизмінде және оның инфекциялы аурулардың қоздырғыштарынан қорғаудамаңызды қызмет атқарады. Қалыпты микрофлораның екінші құрамдасы – тарзиторлық (аллаахтонды, кездейсоқ) микрофлора. Микрофлораның факультативті бөлігінің өкілдері дені сау адамдарда жиірек кездеседі, бірақ олардың сапалық және сандық құрамы тұрақты емес және оқтын-оқтын өзгеріп отырады. Нақты микроб түрлері салыстырмалы тұрғыдан көп емес, оның есесіне саны бойынша әрқашанда мол болып келеді.

Қалыпты микрофлораның ең маңызды функциясы – оның колонизациялық резистенттілік қалыптастыруға қатынасуы (бөтен микрофлора мекендеуіне қарсы тұру). Колонизациялық резистенттілік түзу механизмі кешенді үдеріс. Ол қалыпты микрофлораның кейбір өкілдерінің ішектің шырыштықабатының эпителийіне адгезиялану қабілеттілігімен қамтамасыз етіледі, бұл кезде ішектің ішкі қабатының беткейінде қосымша қабықша пайда болып,инфекциялы аурулардың патогенді және шартты-патогенді қоздырғыштарының жайылуына кедергіжасалады. Колонизациялық резистенттілік қалыптастырудың басқа механизмі индигенді микроорганизмдердің өсіп-өніп көбеюін басып тастайтын бірқатар заттектер (органикалық қышқылдар, сутектің асқын тотығы және басқа биологиялық белсенді субстанциялар) микроорганизмдермен бәсекелестікке түсуімен байланысты.

Адам денесінің әртүрлі аймақтарында (биотоптарында) өзіне тән сапалық және сандық құрамы бойынша айырмашылығы бар микрофлорасы болады.

Тері микрофлорасы. Терінің микрофлорасының негізгі өкілдері коринеформды бактериялар, көгерткіш саңырауқұлақтар, споратүзуші аэробты таяқшалар (бациллалар), эпидермальдық стафилококктар, микрококктар, стероптококктар және Malassezia туыстастығының ашытқытәріздес саңырауқұлақтары.

Коринефромды бактериялардың өкілдері – спора түзбейтін грам-оң таяқшалар. Corynebacterium туыстастығының аэробты коринефромды бактериялары терілік қатпаршақтарда (қолтықша, бұтаралық) табылады. Басқа аэробты коринефромды бактериялар Brevibacterium туыстастығының өкілдері болып табылады. Олар көбінесе аяқ ұшында (стопа) кездеседі. Анаэробты коринефромды бактериялар өкілі – көбінесе Propionibacterium acnes мұрын қанаттарында, баста, арқада (май бездерінде) кездеседі. Жастардың гормональдық өзгеріске ұшырайтын шағында аталған микроб өкілдері жасөспірімдерде acne vulgaris пайда болуы едәуір рөл атқарады.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының микрофлорасы. Жоғарғы тыныс алу жолдарына микроорганизмдер араласқан шаң-тозаңдар түседі, микробтардың көпшілігі тежеліп мұрында және ауыз-жұтқыншақта жойылады. Мұндай жерде бактериодтар, коринефромды бактериялар, гемофильді таяқшалар, лакторбактериялар, стафилококктар, стрептококктар, нейссериялар, пептококктар, пептострептококктар, ж.б. өседі. Респираторлық арнаның мұрын-жұтқыншақтан көмей қақпашығына дейінгі бөлінгенде микроорганизмдер көбірек болады. Мұрын қуыстарында коринебактериялар стафилококктар (резидентті S. epidermidis) және де патогенсіз нейрессиялар, гемофильді таяқшалар кездеседі. Көмей, кеңірдек, бронхалар және альвеолар әдетте стерильді.

Ас қорыту арнасы. Ас қорыту арнасының әр түрлі бөлімінде микрорганизмдердің сандық және сапалыққұрамы бірдей емес.

Ауыз. Ауыз қуысында сан-алуан микроорганизмдер мекендейді. Оған ауыз қуысындағы қолайлы жағдайлар (ас қалдықтары, тұрақты температура, ылғалдылық, анатомиялық қатпаршақтар болуы т.б.) әсер етеді. Анаэробтар анаэробтарға қарағанда 10-100 есе көп. Бұл жерде неше түрлі бактериялар мекендейді: бактериодтар, превотеллалар, порфиромонадалар, бифидобактериялар, эубактериялар, лактобактериялар, нейссериялар, спирохеталар, стафилококктар, пептококктар, пептострептококктар, вейлонеллалар ж.б. Анаэробтар көбінесе қызыл иек қалталарында және тіс дақтарында табылады. Оларға жататын туыстастықтар: Bacteroides, Prophyromonas, Fusobacterium т.б. Аэробтардан – Micrococcus spp., Streptococcus spp. және де Candida туыстастығының саңырауқұлақтары және қарапайымдылар (Entamoeba gingivalis, Trichomonas tenax) табылады. Қалыпты микрофлора ассоцианттары және олардың тіршілік өнімдері тіс өңезін құрайды.

Сілекейдің антимикробты компоненттері, әсіресе лизоцим, антимикробты пептидтер, антиденелер (секреторлы LgA) бөтен микробтардың эпителиоциттерге адгезиялануына жол бермейді. Екінші жағынан кейбір бактериялар полисахаридтер түзеді: S. sanguis және S. Mutansтіс беткейіне адгезиялауға қатысатын жасушадан тыс полисахарид (глюкандар, декстрандар) түзеді (сахарозаны айналдыру барысында). Микрофлораның тұрақты бөлігінің колонизациялануына шырышты қабаттың эпителиоциттерін жауып тұратын фибронектин әсер етеді (толық мәтіні дискідеберілген).

Өңеште іс жүзінде микроорганизмдер болмайды.

Асқазан. Асқазанда бактериялар саны 10/3 КТБ/мл-ден аспайды. Асқазан сөлінің рН қышқыл болатындықтан микроорганизмдер баяу өседі. Лактобактериялар (олар қышқыл ортаға төзімді) жиірек кездеседі. Кейде басқа да грам-оң бактериялар табылады: микрококктар, стрептококктар, бифидобактериялар, геликобактериялар.

Жіңішке ішек. Жіңішке ішектің проксимальды бөлігінде микроорганизмдер саны шамалы – 10/3 КТБ/мл-ден көп емес. Көбінесе лактобактериялар, стрептококктар және актиномициттер кездеседі. Бұл асқазан рН төменгі деңгейімен, ішектің қалпы қозғалғыш белсендігінің сипатымен, өттің антибактериялық қасиетімен байланысты болуы ықтимал.

Жіңішке ішектің дистальды бөлігінде микроорганизмдер саны арта бастайды – 10/7-10/8 КТБ/г-ға жетеді, бұл кездегі оның сапалық құрамын тоқ ішек микрофлорасымен салыстыруға болады.

Тоқ ішек. Тоқ ішектің дистальды бөлігінде микроорганизмдер саны 10/4-10/110 КТБ/г дәрежеге жетеді. Олардың арасында басымырақ кездесетіні анаэробтар, олар ас қорыту жолының осы бөлігінде аэробтарға қарағанда 1000 есе көп.

Облигатта анаэробтардан негізінде бифидобактериялар, эубактериялар, лактобактериялар, бактериоидтер, фузобактериялар, пропионбактериялар, пептострептококктар, пептококктар, клостридиялар, вейленоллалар кездеседі. Олардың барлығы оттегінің әсеріне сезімтал.

Аэробты және факультативті анаэробты бактериялардан энтеробактериялар, энтерококктар және стафилококктар кездеседі.

Ас қорыту жолында микроорганизмдер ішек қабатын ішінен жауып тұратын эпителийлық жасушалар беткейінде, эпирталардың мукозды гельді қабатының тереңдігінде, муккозды қабықшаның тереңдігінде, ішек қуысында және бактериялық биоүлбірлерде(биопленка)мекендейді.

Наши рекомендации