Клиникалық диагностикасы. __________________________________________________________________Естен тану – бас ми қанайналымының бұзылысының әсерінен

Естен тану

__________________________________________________________________
Естен тану – бас ми қанайналымының бұзылысының әсерінен бұлшықет тонусының төмендеп, кенеттен басталатын уақытша естің жоғалуы.
__________________________________________________________________
Балаларда естен танудың ең жиі себептері:
1. Қантамырлардың нервтік реттелуінің бұзылысының салдарынан синкопе: вазовагальді, ортостатикалық, синокаротидті, рефлекторлы, ситуациялық, гипервентиляциялық синдром кезінде
2. Кардиогенді синкопе:
- брадиаритмиялар (Морган-Эдамс-Стокс ұстамаларымен II-III дәрежелі атривентрикулярлы блокада, синусты түйіннің жетіспеушілік синдромы)
- тахиаритмиялар (пароксизмальді тахикардия, QT интервалының ұзару синдромы, жыпылық аритмиясы);
-ірі қантамырлар немесе жүрек деңгейіндегі қанағыстың механикалық кедергілері (қолқа стенозы, қолқаүстілік гипертрофиялық стеноз, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі және т.б)
3. Гипогликемиялық синкопе.
4. Цереброваскулярлы және т.б.

Клиникалық диагностикасы

Естен танудың алдында синкопеалдылық жағдай болуы мүмкін (липотимия): жайсыздық сезімі, жүрек айну, есінеу, тершеңдік, аяқтағы әлсіздік, көздің қарауытуы, көзалдында шіркейлердің болуы, үдемелі бас айналу, құлақтағы шу, аяқ-қолдардың ұюы. Егер бала отырып немесе жатып үлгерсе ұстама толық дамымай, тек дыбыстың қатаюымен, есінеу, жүрек айнумен шектеледі.
Синкопалді жағдай естің жоғалуымен сипатталады бұл кезде бала байланысқа түспейді. Кенеттен бұлшықет тонусы төмендеп, беті бозарып, көз қарашықтары үлкейіп, пульс толымдылығы әлсіреп, АҚҚ төмендеп, жүрек тондары тұйықталып, жүрек соғу жиілігі мен ырғағы әр түрлі болуы мүмкін, тыныс алуы беткей болады. Терең естен тану кезінде (сирек жағдайда) аз уақытқа созылатын тоникалық тырысулар болуы мұмкін. Ес горизонтальді жағдайда тез қалпына келеді. Синкопальді жағдайдан кейін балаларда əлсіздік,бастың ауруы, терінің бозаруы мен артериялық гипотония сақталады.
Осылайша ес тану жағдайында негізгі белгілер болып: кенеттен дамуы; аз уақытқа созылуы (бірнеше секундтан 3-5 мин дейін); қайтымдылығы: естің тез және толық қалпына келуі – бала қоршаған ортаға бағдар ала алады; болған естен тану жағдайы есінде сақталады.
Ең жиі естен тануға мектеп жасындағы және жасөспірім кезіндегі вегето-қантамырлық дистониямен ауратын балалар бейім болып келеді. Ең көп тараған синкопе болып вазовагальді, ортостатикалық және синокаротидті болып табылады. Вазовагальді синкопені өршітетін жағдайлар (Ауырсыну сезімі, қандайда іс-шара алдында қорқыныш сезімі, қан көргенде, қапа бөлмеде ұзақ уақыт бойы болу және т.б); мұның негізінде вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің белсенділігінің күшеюінен перифериялық қантамыр тонусының кенеттен төмендеуі жатыр. Ортостатикалық синкопе қантамыр тонусының компенсаторлық механизмінің жетіспеушілігі бар балаларда горизонтальді қалыптан вертикальді қалыпқа өзгергенде дамиды. Синокаротидті синкопені өршітетің жағдайлар: басты кенеттен бұрау немесе алға еңкейту, мойын аймағының қысылуы, негізінен – каротидті синустардың жоғары сезімталдығы және ЖСЖ және/немесе АҚҚ рефлекторлы жиілеуі.
Кез келген нақты жағдайда бірден естен танудың басқа себептерін шығарып тастау керек. Құрысумен болатын терең естен тану ұстамаларын естен танумен, гиперсаливация, еріксіз зәр немес нәжіс шығарумен, анмезиямен жүретін эпилепсиядан ажырата білу керек.ЖСЖ, АҚҚ мен пульс тән емес.
Аорта стенозы, гипертрофиялық кардиомиопатия сияқты жүрек-қантамырлар жүйесінің ауруларында физикалық жүктемеден кейінгі естен танудың пайда болуы тән. Синкопенің ртитмогенді себептерінде науқастарда жүрек ырғағында «жүректің шалыс соғуы» байқалуы мүмкін. Кардиогенді генезді естен тануды тізімнен шығару үшін барлық жағдайда тамыр соғуын бақылап, мүмкіндік болғанша ЭКГ жедел түсіру керек.
Гипогликемиялық жағдай деп, егер ұстамалар тамақ қабылдаудың аралық уақыты ұзарып (мысалы, азанда) немесе ұстама балада артық физикалық немесе эмоциялық күштемеден кейін дамыса ойлауымызға болады. Постсинкопальді кезеіңнен кейін балада ұзақ сақталатын ұйқышылдық, бұлшықеттің әлсіздігі, бастың ауруы назар аудартады. Диагноз қандағы қант мөлшерінің 3,3 ммоль/л-ге төмендеуі немесе ex quvantibus терапиясымен дәлелденеді.
Жедел көмек:
1. Баланы горизонтальді жатқызып, аяқтарын 40-50˚ көтеру керек. Денені қысатын киімдерден босатамыз жағасын ағытып, белдігін болсату керек. Таза ауаға шығарамыз.

2. Рефлекторлы әсер ету шараларын пайдалану:
- бетіне су шашу немесе дымқыл сүлгімен бетіне басу.
- нашатыр спиртін иіскету

3. Ұзақ уақытқа созылған естен тану кезінде:
- 10% кофеин-бензоат натрий ерітіндісін 0,1 мл/өмір жасына т/а.
- кордиамин ерітіндісін 0,1 мл/ өмір жасына т/а

4. Айқын артериялық гипотензия кезінде 1% мезатон ерітіндісін 0,1 мл/өмір жасына т/і енгізу

5. Гипогликемиялық жағдайда 20-40% глюкоза ерітіндісін 2 мл/кг т/і енгізу

6. Айқын брадикардия мен Морганьи-Эдамс-Стокс ұстамасы кезінде алғашқы реанимациялық іс-шараларын: тікелей жүрек массажы, 0,1% атропин ерітіндісін 0,01 мл/кг т/і енгізу.
Функциональді генезді естен тану кезінде госпитализацияға көрсеткіш емес, бірақ органикалық себептерге күмән болса маманданған бөлімшеге госпиталиция жасау қажет.

Талықсу (коллапс)

__________________________________________________________________
Талықсу – қантамыр тонусының жедел төмендеуімен, қан айналым көлемінің төмендеуімен, мидың гипоксиясымен және өмірге маңызды қызметтердің ауырлауымен жүретін өмірге қауіп төндіретін жедел қантамыр жетіспеушілігі.
__________________________________________________________________

Талықсудың балалардағы ең жиі себептері:
1. Жедел инфекциялық патологиялардың ауыр ағымы (ішек инфекциясы, грипп, ЖРВИ, пневмония, пиелонефрит, ангина және т.б)
2. Жедел бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі
3. Гипотензивті дәрілерді артық мөлшерде қабылдау
4. Жедел қан кету
5. Ауыр жарақат.

Наши рекомендации